Қашықтықтан оқыту жағдайында спорт сабақтарын ұйымдастырудың тиімді жолдары [Физическое воспитание]
Организация : Абай атындағы ЖББМ КММ
Должность : Дене шынықтыру пәні мұғалімі
Дата : 04.06.2024
Номер журнала : 18-2024
Қазақстандағы білім беру жүйелерінің кұрылымдарында елеулі өзгерістер болып жатыр. Қазіргі замандағы технологиялық жетістіктерге негізделген қашықтықтан білім беру жетекші рөл атқарады. Дүние жүзі бойынша қашықтан білім беру жүйесін ұйымдастырудың басты мақсаттарының бірі - оқушылардың оқу бағдарламалары бойынша білім алуларына жағдай туғызу. Білім беру ресурстарын өзара алмастыру жағдайында болашағы зор жаңа істерді өркендете түсуге мүмкіндік бере отырып, басқа елдермен көзқарастар жүйелерінің бір арнаға тоғыстырылған идеяларымен қаруландыру болып табылады. Бүгінгі таңда ақпараттық қамтамасыз ету жүйесіне мән бермейінше, білім берудің ақпараттық технологияларын, дәлірек айтқанда, электрондық оқулық және бейнефильмдерді, басқа да электрондық басылымдарды қашықтықтан оқытудың кез келген алға басуы мүмкін емес. Білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі бағыты XXI ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың біртұтас ақпараттық жүйесін құру арқылы жоғары тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады. Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану аркылы дамыта оқыту, кашыктыктан оқыту, дара тұлғаға бағыттап окыту максаттарын жүзеге асыра отырып, оку-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.
Қашықтықтан оқыту – бұл тыңдаушылар мен оқытушылардың бір-бірінен кеңістікте алыстатылған оқу формасы. Қазіргі жаңа ақпараттық технологиялар арқылы тыңдаушылардың өзара белсенді ақпаратпен алмасуын қарастыратын және жоғарғы дәрежедегі технологияларды (аудио-визуальды кұралдар, дербес компьютерлер, телекоммуникация құралдары, т.б.) пайдаланатын оқу пәндері бойынша ұйымдастырылатын оқу процесі. Қашықтықтан білім беру форматы негізінде теледидар арқылы «Балапан», «Ел Арна», «Қазақстан» телеарналары арнайы мамандандырылған интернет-платформалары арқылы өткізілетін сабақтар бізге өздерінің эфирлік уақытын ұсынды. Бұл формат жүйелер оқушыларға өткен сабақты немесе бұрын талқыланған тақырыпты қайта қарауға, сондай-ақ онлайн-сабақ өткізуге, кері байланыс орнатуға, жеке дара оқыту мен тапсырмаларды орындауға зор мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл формат тестілеу жұмыстарын өткізуге және алған білімдерін бағалауға мүмкіндік жасайды. Бұрын мұндай компаниялардың білім беру контентіне қол жеткізу ақылы болса, осы кезеңде біздің балалар барлық керек ақпаратты және платформаларды тегін пайдалана алды.
Әр мұғалім оқушылардың ғана алдында тұрмағанын әрдайым естен шығармау керек. Өйткені әр тапсырманы оқушы ата-ана, туған-туыстарымен бірге талқылайды. Соған байланысты мұғалім сабағын мұқият дайындауы керек. Кейбір жағдайда оқушыларға қаағанда ата-аналардың абыржуы мен жоқтан кінә іздеуі орын алады. Сондықтан мұғалімнің ата-аналармен ынтымағы күшейіп, байланысы артуы керек. Оқушының үйінде жұмыс орны өзіне қолайлы жерде ұйымдастырылуы қажет. Оқушы үйінде жұмыс режимін сақтауы маңызды. Мысалы оқушы уақытымен оянып, уақытымен тамақтануы, бір пәннен тапсырманы орындап болғаннан соң 10 минутқа үзіліс жасауы, белсенді дем алуы сияқты қажеттіліктерді ата-аналары мұқият қадағалауы керек. Ал танымдық телеарналарды жібермей қарау шарт.
Осы орайда заман талабына сәйкес дамып келе жатқан логикалық спорт ойындарына көңіл бөлу керек. Нақты айтатын болсақ, Атамыз Абай ойнаған италиялық дойбы және халықаралық шахматтар турнирлері. Бұл спорттық ойындарға онлайн тіркеліп, қалаған уақытта қатысуға болады. Дойбы ойынына https://doiby.zti.kz порталы арқылы тіркелуге болады. Ал, шахмат турнирлеріне https://chess.zti.kz порталы арқылы тіркелу жүргізіледі. Әр тренер тіркеліп, өз юниорларын қатыстыра алады. Кибер қарсыласты жеңген жеңімпаздарға ереже бойынша кибер разрядттар беріледі. Сонымен қатар, әр ай сайын онлайн турнирлер жүргізіліп, юниорларға Спорт басқарламалары арқылы 5 түрлі разряд беріледі. Әр ата-ана жергілікті халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы құжаттарды рәсімдей алады. Осындай мүмкіндікті жіберіп алмай әр ата-ана балаларын тіркеп, логикалық бейімділіктерін дамытуға болатынын білгені маржан. Бұл портадар баланың әр жетістігін тіркеп, статистикасын көрсетіп, барлық құжаттыран да онлайн бере алады.
Европа елдерінің қашықтықтан оқыту жүйесіне көшкеніне көп уақыт болды. Спорт алаңында кибер ойындар олада жақсы дамыған. Олар үшін қашықтықтан оқыту қалыпты жағдай. Бүгінгі біздің қолданып отырған Zoom, Classroom бағдарламалары он жыл бұрын қолданыла бастады. Бұл бағдарламаларда екі мыңға адам жұмыс істейді. Біздегі басты кемшілік ұстаздар мен оқушыларда емес. Басты қиындық туғызғаны интернет желісінің баяу болуы, сол арқылы бағдарламардың ақау беруінің дау тудырған еді.
Қорыта келгенде заман талабына сай білім беру, үнемі жаңалықтан құр қалмау, дамыған елдердің ізімен ілгерілеп отыру міндет болып табылады. Қазақстанныңтехнологиясы озықелдерден көшбойы қалыпқоймау саясатыныңоң нәтижесіде жетерлік. Соның бірітөтенше жағдайкезінде қашықтықтаноқытуды ақпараттыққұралдар арқылыигеріп теледидар, интернет, түрлібағдарламалар арқылыіске асыруыболды. Болашақұрпақ үшінжасалған дұрысқадамдардың бірідеуге толықнегіз бар.