Орыс тілді мектептердегі оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту жолдары [Казахский язык]
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беру мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында тұлғаны жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу мен оқытуды қамтамасыз ету қажет. Соның міндеттерінің бірі, білім алушылардың білімін толықтыру, білім алушының тұлғалық үйлесімді қалыптасуы, функционалды сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігінің дамуы үшін қолайлы, жалпыадамзаттық, ұлттық құндылықтарға негізделген білім беру ортасын құру туралы айтылған. Қазіргі уақытта халықаралық стандарт талаптарына сай оқушыларды оқыту үдерісінің басты мақсатының нәтижесі білім беру жүйесінде функционалдық сауаттылықты қалыптастыру болып табылады. Функционалдық сауаттылық дегеніміз — жеке тұлғаның әлеуметтік және саяси және тағы басқа қызметтерде өзінің белсене араласуы және өмір бойы білім алуына ықпал ететін негізгі фактор. Әр тұлғаның бүгінгі жаһандану заманынының талабына ілесіп отыруы. Мұнымен қоса функционалдық сауаттылық адамның мамандығына, жасына қарамастан үнемі өзін-өзі дамытып отырғанында. Оған белсенділік, шығармашылық, қандайда жағдайда болмасын өзі шешім қабылдай алатын, дұрыс мамандық таңдап, содан нәтиже шығаратындай қабілеттіліктің болуында. Осыған қарай кез –келген уақытта бар білімін қолдану мақсатында тілдік қарым-қатынастың қажеттілігі керек. Оған әрине қазақ тілінен алған білімнің ықпалы зор. Осыған байланысты мектептерде қосымша факультатив ретінде оқу сауаттылығы курсы 2021 жылдан бастап біздің мектепте жүргізіле басталды. Факультативтің маңыздылығын түсіну үшін, көптеген ақпараттармен таныса отырып, «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні оқу бағдарламасы бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын негізге ала білімалушылардың қазақ тілі мен әдебиет пәнінен алған білімдерін толықтыруға, оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыруға, сыни тұрғыдан ойлай алуына, шығармашылық жұмыс жасай алуына және тіл байлығын молайтуға бағытталып дайындалды. Мақсаты, орыс тілді мектептердегі оқушылардың елге, тілге деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, мемлекеттік тілді өз қажеттіліктеріне қолдана алатын, ұлттық мәдени құндылықтарды бағалайтын , тіл арқылы танымдылығын арттыру. Коммуникативтік тәсіл арқылы білім алушылардың оқу сауаттылығын дамыту, яғни мәтіндерді түсіну, алған біліміне рефлексия жасай білу, игерген тілді өз мақсаттарына пайдалануға бағытталған. Міндеті - мемлекеттік тілді терең меңгеру, термин және кәсіби сөздермен жұмыс жасай алу, тірек сөздер арқылы мәтін мазмұнын айта білу, мәтін түрлерін ажырата білу, сипаттау, болжау, коммуникативтік қарым-қатынасқа еркін түсе алу. Курс барысында оқу сауаттылығының үш аспектісі іске асады: Түсіну қабілеті (мәтінді оқу, түсіну) Пайдалану қабілеті (ақпараттарды қолдану, өмірлік тәжірибемен байланыстырады) Ойлау қабілеті (өз ойы, шығармашылық жұмыстары, қорытынды жасайды, сыни талдау жасайды) Курс нәтижесінде: Кез келген мәтін бойынша ойын жинақтау дағдысы қалыптасады; әр түрлі тақырыпта әр түрлі формада жазба жұмыстарын орындай алады; кез келген мәтінді өңдей отырып, өз қажетіне пайдалана алады; ойлау және сөйлеу қабілеттері дамиды; шығармашылық жұмысқа қызығушылықтары артады. Жоғарғыда айтып өткендей, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін қазақ тілінен оқу сауаттылығын дамыту керек. Оқу сауаттылығы- оқушылардың жазба мәтіндерді түсінуі және қолдануы, мәтін талдау барысында ойлануы, оқушыларға тілді меңгерту үшін тиімді әдіс-тәсілдерді қолданумен байланысты. Оқу сауаттылығының негiзi — мәтінмен жұмысты толық қалыптастыру болып табылады. Қазақ тілi сабақтары тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларының ерекшелiктері арқылы жүзеге асады. Сондықтан күнделікті сабақты дағдылар ерекшелігін ескерiп құру, оқу сауаттылығын арттыруда маңызды роль атқарады. Берілген көмекші құралда 34 мәтін жинағы бар. Өйткені тілді меңгеруде мәтіндердің маңызы зор. Мәтіндер оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, әр түрлі тақырыптарда жинақталды. Мәтіндермен жұмыс жасауда бірінші оқылым дағдылары оқу сауаттылығын дамытуға ықпалы бар. Стильдерді , жаңа ақпаратты тауып оқу, жаңа сөздерді контекстке назар тауып оқу, болжамдарды дәлелдеу, т. б. Бұл дағдыларды іске асыру мақсатында әр берілген тапсырмалар оқу мақсатына байланысты икемделіп ұсынылды. Мұғалім дағдыларды іске асыру үшін мәтін мазмұнын болжауға байланысты сұрақтар қою, салыстыра отырып сұрақтар беру, ғылыми анықтамаларды қайталай отырып, мәтін мазмұнын терең меңгертуге, оқылымнан кейінгі тапсырма: мәтінде көтерілген мәселеге, ақпараттарға байланысты талқылау сұрақтарын беру, жаңа сөздерді қолдана отырып, жауап беру, салыстыру, тірек сөздер арқылы өз ойын айтуға үйрету мақсатында ұйымдастырылуы қажет. Мысалы, бір оқиғаны сипаттап беру немесе оқиғаға баға беру. Сонымен қатар сұрақтар оқушылардың өмірлік тәжірибесімен де байланысып, өз көзқарастарын білдіруге мүмкіндік бере алатындай жасалады. Оқу сауаттылығын қалыптастыру үшін түрлі жаңа технологияларды пайдаланылады. Сондай технологиялардың бірі – оқу және жазу арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту технологиясы болса, сонымен қатар жаңа әдістер болып табылады. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының стратегиялары оқушыларды әр түрлі әрекеттерді орындауға міндеттейді:ой әрекеттері белсенді болады, талқылауға белсенді қатысады, ойлаудың салдарынан өз ойларын жауапкершілікке алады, пікірлерін құрастыра біледі. Мәтіндер бойынша берілген тапсырмалар оқушылардың деңгейіне қарай берілді. Бірінші тапсырма мәтін мазмұнын меңгереді, сұрақтарға жауап береді, болжайды, ізденеді. Екінші тапсырмада– мәтін мазмұнын меңгереді, талдайды, қолданады, сұрыптайды, салыстырады. рефлексия жасай алады, мәтін түрлері мен құрылымын ажыратады. Төртінші тапсырмада - мәтінді түсінеді, салыстырады, мәтіннен алған жаңа ақпаратты сұрыптай алады, түрлі тапсырмаларды орындауда қолдана алады, мәтін идеясын өмірмен байланыстырады, рефлексия жасап, ой қорытады. Оқушылардың жас ерекшеліктері мен олардың әлеуеттік қажеттілігін ескере отырып, оларға тиімді әдісті қолданған тиімді. Сабақ мақсатында белгілі дағдыны дамыту көзделсе , онда әдісті ыңғайлап өзгертуге болады. Берілген мәтіндер мазмұны жағынан алшақ емес, бір-бірімен байланысты, жинақталып оқушылардың жас ерекшелігіне қарай өңделді. Оқу сауаттылығы түсiнiп оқудан басталып, оқушылар мектеп аясында және мектептен тыс уақытта нені оқитынын, қандай мақсатпен оқитынын білуі қажет. Қорыта келе, көмекші құрал әріптестерге де, оқушыларға да тиімді болмақ.