Оқушының талдау дағдысын жетілдіру жолдары [Казахский язык]

Автор статьи : Назымгуль Р.
Организация : Өскемен қаласыхимия -биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
Должность : Қазақ тілі мен əдебиеті мұғалімі
Дата : 06.06.2018
Редакционная коллегия: онлайн нұсқада ғана жариялауға рұқсат етілген

Тірек сөздер мен үлгілерді қолдану арқылы оқушының талдау дағдысын жетілдіру жолдары Қaзaқcтaндық бiлiм бeру caлacындa eлeулi өзгeрicтeр әлeмдiк экoнoмикaдa жәнe 21-ғacырдa тaбыcты бoлу үшiн, әрбiр aзaмaтқa қaжeттi бiлiм мeн дaғдығa тeрeң әceрiн тигiзу мaқcaтындa жacaлып жaтыр. Қазіргі таңда оқу сауаттылығы, тілдің функционалды қызметі тілді игерудің басты дағдыларына айналып отыр. Демек оқушы мәтіннің мазмұнын ғана біліп, түсініп қоймай, мәтінді талдау, пайымдау, ақпараттарды іректей алу, оны қолдану жағына да көбірек мән беруі тиіс. Осы орайда біздің, Өскемен қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің, орта буындағы оқушылары жоғарыда аталған тілдік дағдыларды қаншалықты тілдік пәндерде де, тілдік емес пәндерде де қолдана алып жүр деген сұрақтың туындағаны да заңды. Әсіресе осы зертеу тақырыбына негіз болған алдыңғы жылдардағы сыртқы жиынтық бағалау қортындысы да аталған мәселеге әлде де тереңірек, тиімдірек қарастыруға себеп болды. Мектеп оқушыларының біршама жоғары көрсеткіш көрсеткенімен, бірінші тілді оқушылардың мәтіді талдау дағдыларын дамыту бағытында әлі де болса жұмыс жасау қажеттілігі туындап отырғаны байқалды. Оның үстіне көптеген тапсырмалар дәл осы талдау дағдысына негізделгендіктен, осы дағдыны арттырудың қандай тиімді жолдарын табуға болады немесе қолданып жүрген әдістеріміздің қайсысының тиімділігі жоғары деген мәселенің өзектілігі айқындала түсті. Осы мақсатта қазақ тілі, орыс тілі, тарих пәндері мұғалімдері жинала келіп, мәтінді талдауға дағдыландырудың тиімді әдістерді ортаға салғанымызда дайын үлгіні көрсете отырып, тірек сөздер негізінде берген тапсырмалардың тиімділігі артады деген пікірлер көбірек айтылды. Аталған мәселе төңірегінде оқушылардан сұрағанымызда да көпішілігің жауабы осы аталған тәсілдің тиімділігін айтты. Алайда үлгіні көрсете отырып, тірек сөздерді пайдалану арқылы мәтін талдауға дағдыландыру шынымен де тиімді ме, тиімді болса кімдерге, қандай деңгейлі оқушыларға оңтайлы болмақ, оның артық-кемі қандай деген сұрақтар аталған тәсілдің тиімділігін зерттеуге сұранып тұрды. Сондықтан қазақ, орыс тілінің мұғалімдері мен тарих пәнінің мұғалімі аталған мәселені сабақта қалай қолдануға болады және «Тірек сөздер мен үлгілерді қолдану арқылы оқушының талдау дағдысын жетілдіруге бола ма?» деген әдістің тиімділігін зерттеу мақсатында тізбектелген сабақ жоспарын біріге құрып зерттеуге келістік. Алғашқы сабақты қазақ тілі пәнінің мұғалімі . өткізді. Сабақты жоспарлауда 3 тапсырма негізге алынып, соңғы үшінші тапсырмаға көбірек мән берілді. Себебі дәл осы үшінші тапсырмада оқушылар кілт сөздерді пайдалана отырып, талдау үлгісі негізінеде жасалынған алгоритм кестеге сай мәтінді жеке талдау керек болған. Сабақ соңында әр мұғалімнің жеке талдауында көрсетілгендей АВС деңгейлі оқушылар тапсырманы орындай алған. Алайда С деңгейлі оқушы талдауында тірек сөздерді қолданғанымен, алгоритм негізінде жасалған үлгіні пайдалана алғанымен сөйлемдерді байланыстыруында, баяндауыштарды қолдануында кемшілектердің жиі кездескені байқалды.

Осыған орай келесі өткізетін қазақ тілі пәнінің мұғалімі сабағына төмендегідей ұсыныстар берілді:

  1. 1. Мәтін талдауда үлгі мен талдау алгоритмін топта талдауға көбірек уақыт, көңіл бөлу;
  2. 2. Тірек сөздерді АВС деңгейлі оқушыларға саралап құрып, әсіресе ВС деңгейлі оқушыларға баяндауыштарға сілтеме бере отырып құрастыру;
  3. 3. Тапсырманы жұпқа және жекелей беру (жеке жұмыста қаншалықты тиімді екендігін бақылау мақсатында);


2-айналымдағы сабақты талқылау барсында оқушылардың тапсырманы әлдеқайда жүйелі, үлгіге сай орындай алғандығы бірден көрінді. Тіпті алдыңғы сабақта байқалған стильдік қателіктердің де біршама азайғаны анық. Әсіресе ВС деңгейлі оқушылардың жауаптары, егер оқушыларға таныс емес мәтінді жазғандарын ескергенде, әжептәуір жүйеленген, сөйдемдері жақсы байланысқан. Алайда осы тұста бұрын байқала қоймаған мәселе туындады. Мысалы, оқушылар талдау үлгісін өте жақсы қолданған, дегенмен екі талдаудың да жанры бірдей еді, ал тірек сөздердің дайын күйінде қолданғандығы олардың өз бетінше жауап бере алуы мүмкіндігн шектеуі мүмкін деген болжам айтылды. Сондықтан келесі сабақта тірек сөздерді алмастыратын, оларға балама бола алатын бірнеше нұсқаны ұсынуды жөн санадық. Себебі оқушы мәтінді өңдей алуы тиіс. Ал тірек сөздер оған кедергі болмауы тиіс. Оның үстіне келесі сабақта перифразаға, ақпаратты өңдей алу жаттығуларына да көбірек мән беруді жөн деп санадық. Осы ұсыныстарды негізге ала отырып құрылған сабақты орыс тілі пәнінің мұғалімі өткізді. Сабақ жоспарға сай, жүйелі өтті. Нәтижесінде расында да А деңгейлі оқушы ақпаратқа көбірек мән беріп, өңдей алды. Талдау дағдысы өте жақсы көрініс тапты. Ал ВС деңгейлі оқушылардың талдауы да, тілдік қолданысы да қалыптасқанын анық көруге болады. Ең бастысы оқушылардың тірек сөздерді қолдану барысында шаблонға түспей, тиімді тіркестерді таңдау мүкіндігінің болғандығы ұтымды болды. Расымен де оқушы дайын үлгіні ғана емес енді өзінің таңдауына да жол ашылды. Талдау барысында оқушылардың біршама қалыптасқандығы анық байқалғанымен бұған бір-біріне ұқсас үлгідегі тапсырмалардың болғандығы да себепші болуы мүмкін деген күмәнді пікірлер де айтылды. Осы болжамды зерттеу үшін тарих пәнінің мұғалімі өткізетін 4-айналым сабағына төмендегідей ұсыныс жасадық: 1. Мәтінді талдамас бұрын ұқсас мәтінге дайын талдау үлгісін ұсыну, топта талдату; 2. Мәтінді жеке талдатып, SWOT кестесіне лайық жауапқа сілтеме беретін бірнеше тірек сөздерді белгілеу; Нәтижесінде А деңшейлі оқушы үлгі негізінде өте жоғары деңгейде, тіпті өз аргументтерін де негізге ала отырып талдай алғанды айқын көрінді. Ал В деңгейлі оқушының тірек сөздерді пайдалана отырып жасаған талдауы дұрыс әрі бұрынғыға қарағанда жылдармырақ талданғандығы байқалды. С деңгейлі оқушы болса, ол да кестеге сай агументтерді дұрыс іріктеп, жай орындаса да жауабында жалпылықтан, нақтылыққа қадам жасағаны көрінді. Оны терминдерді, негізгі оқиғаларды дұрыс іріктегенінен анық бауқаға болатын еді. Бір сөзбен айтқанда оқушылар тапсырманы талапқа сай орындай алған. Төрт циклді сабақты зерттей отыра, сабақты жетілдіре, талқылай отыра үлгі мен тірек сөздер арқылы оқушылардың мәтін талдау дағдыларын жетілдіруге, қалыптастыруға болады деген ортақ қорытынды шығардық. Расымен де дайын үлігіні талдата отырып оқушының талдау туралы түсінін қалыптастыру оңтайлы болғаны анық көрінді. Қай сабақта болса да өз көргенін түсініп басқа контекстте дұрыс бағыт таба алды. Ал тірек сөздерге келетін болсақ, тірек сөздерді негізсіз ұсына берудің барлығы тиімді бола бермейтінін, тіпті кей жағдайларды кедергі де бола алатындығын айтауға болады. Демек зерттеуімізде көрсетілгендей тірек сөздердің қызметі бағыттаушылық, қалыптастырушылық қызмет атқаратынын қатаң түрде ескеруіміз тиіс. Дайын тірек сөздерді беріп жазған жауабынан дағды толық қалыптасты деуге болмайды. Осы тұста дайын берілген 2-сабақтағы баяндауыштарды атап өтуге болар еді. Тіпті тірек сөздердің өзінде де оқушыға таңдау беру керек. 3-сабақтағы перифразамен жасаған жұмысты нақты мысал ретінде атауға болады. Яғни тірек сөздер дұрыс қолданған жағдайда ғана оқушының талдау дағдысын қалыптастыратын тиімді тәсілдердің бірі бола алатындығына көзіміз жетті. Әсіресе В, С деңгейлі оқушылар үшін маңыздылығы көбірек болды. Қорытындылай айтқанда үлгі арқылы, оны талдау арқылы жасаған тапсырмаларды тәжірибелік тұрғыдан толықтыратын болса, тиімділігі өте жоғары болады. Себебі оқушылар үлгі негізінде дұрыс бағытта талдай алды. Ал тірек сөздерді қолдану В, С деңгейлі оқушылар үшін маңыздырақ болғанын айта кету керек. Себебі оқушылар тірек сөздер негізінде талдап қана қоймай талдауларын байланыстыра, пайымдай отыра жаза алды. Демек үлгі және тірек сөздерді де оқушылардың талдау дағдысын қалыптастыруға болатын тиімді тәсілдердің қатарына қоюға толық негіз бар.