Оқушылардың ағылшын тілі пәні бойынша сөйлеу және оны тыңдаудағы қиыншылықтары [Английский язык]

Автор статьи : Жансейіт С.
Организация : Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ
Должность : студент
Дата : 27.04.2020
Номер журнала : 02-15-2022
Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында «Шетел тілін оқытудың басты мақсаты — оқушыларға шетел тілінде қарым-қатынас жасауды базалық деңгейде игерту» деп көрсетілген. Өйткені қазіргі нарық жағдайында шетел тілін, оның ішінде ағылшын тілін меңгеру, шетел тілінде сөйлей білу өмірдің өзекті мəселесіне айналды. Сондықтан өсіп келе жатқан ұрпаққа шетел тілін оқытуда əр түрлі əдістемелік жаңа тəсілдерді түрлендіре, күрделендіре түсу қажеттілігі туындап отыр. Әрбір оқушы – ертеңгі жас маман, қазіргі заман талабына сай ағылшын тілін меңгеруді алдына мақсат етіп отыратыны бізге белгілі. Себебі, қазіргі заманда ағылшын тілі «XXI ғасырдың», халықаралық бизнес, қазіргі ғылым мен технологиялар тілі мәртебесіне ие болды. Ағылшын тілі – бүгінде халықаралық қатынастың, ғылым мен техниканың, бизнес пен журналистиканың барлық салаларында кеңінен қолданылып келе жатқан тілдердің қатарына жатады. Сол себептен ағылшын тілі – халықаралық тіл дейміз. Бүгінгі күні зерттеушілер ағылшын тілінде сөйлеушілердің саны 1,2-1,5 млрд арасында деп тұжырымдайды. Ағылшын тілі – жер бетіндегі ең көп қолданылатын тіл. Ағылшын тілі әлемнің 75 елінде ерекше орын алады, ал 19 елде ол мемлекеттік тіл болып табылады. ХХ ғ. 60 жылдардан бастап ағылшын тілі кеңінен тарала бастады. Ағылшын тілі БҰҰ, ЮНЕСКО, Бүкіл әлемдік Денсаулық сақтау ұйымы сияқты және басқа да көптеген халықаралық ұйымдардың ресми тілі болып табылады. Ағылшын тілі — əлемдегі тілдер арасынан көркемдігі мен бейнелілігі, тазалығы мен сөздік құрамының молдығы жөнінен дамыған тілдердің бірі. Ауызша сөйлеу және оны тыңдау адам арасындағы қарым- қатынасты атқарады. Ағылшын тілінде қатесіз тыңдауды үйрету үшін қолданылатын оқыту əдісінің мазмұны оқушының тілдік қарым-қатынаста жинаған білімінің, қалыптасқан дағдысының, игерген шеберлігінің жиынтығына байланысты. Ауызша сөйлеуге және оны тыңдауға үйрету мoнолог жəне диалог түрінде жүзеге асырылады. Мoнолог жəне диалог түрінде сөйлеу іскерлігі, біліктілігі қарым-қатынас əрекетінің, ақпараттық, регулятивтік, əдептік жəне сезімдік-бақылау сияқты атқаратын қызметіне байланысты анықталады. Шетел тілін оқытуда қалыптастыратын негізгі дағды - ол сөйлеу дағдысы. Тіл адамдардың қарым-қатынас құралы болғандықтан, ол сөйлеу әрекетінің арқауы болып табылады. Тіл ұлт пен ұлтты жақындастыратын өзгеше қатынас. Тілмен сөйлесу адамзат баласы үшін тысқары бір дүние емес, ол ішкі құбылыс. Сөйлеу тек адамға ғана тән. Адам тіл арқылы бір-бірімен қатынаса алады. Қазіргі таңда, еліміз өз егемендігін алып, дербес мемлекет ретінде танылуда. Сондықтан, еліміздің өркениетін көтеру мақсатында шетел тілдерін меңгеру, шет елдермен қарым- қатынас орнатудың маңызы зор екендігін көрсетіп отыр. Бұл дегеніміз қазақстандықтар үшін, жастар үшін ағылшын тілін үйрену – ғылымды, экономиканы, бизнесті одан әрі дамыту қажеттілігін туындатып отыр. Білім – адамзат қазынасы, халықтың білімділігі – ел байлығының ең маңызды бөлігі. Тәрбиелеу мен оқыту жүйесінде білім арқылы ең озық мәдениет пен дүние таным қалыптасады. Сонымен қатар оқушылардың ағылшын тілінде ауызша сөйлеу қабілеттерін дамыту бағытында түрлі іс-әрекет ұйымдастыруға болады. Шетел тілі пәні бойынша оқушы ереже мен ұғымдар анықтамасын тек жаттап алғаннан гөрі, оларды іс жүзінде саналы түрде қолдана алуы қажет. Түрлі тапсырмалар мен жаттығулар арқылы теориялық білімді шыңдауға болады. Мысалы, белгілі бір мәтін бойынша жұмыс істеу үшін мынадай жаттығулар беріледі: Мәтінді қатесіз, дауыс ырғағын сақтай отырып оқу; Мазмұнын түсіну; Тірек – сызба сөздері арқылы баяндау; Мазмұнын түсінуі бойынша сурет салып, суреттеу. Келесі жаттығу түрі – сөйлеуге үйрету. Диалогты сөйлеуде – студенттер сұрақ – жауап, өтініш айту, нұсқау беру және тағы басқа жұмыстары ретінде қарапайым іс-әрекеттерді жасай алуы тиіс. Балалар бөлік элементтерден жаңа, тұтас жағдай құрай алуы керек. Оқушылар жалпы арнаулы сұрақтарды қоя алуы, әр – түрлі сұрақтарға жауап бере алуы, өтініш, бір нәрсемен келісетінін немесе келіспейтіндігін білдіре алуы керек. Қазіргі кезеңде пән мұғалімдерінің кеңінен қолданып жүрген тілдік жаттығуларының бірін кіргізуге болады. Тілдік жаттығудың мақсаты – сабаққа деген бетбұрыс туғызу. Тілдік жаттығу барысындағы мұғалімнің жылы дауысы, сұрақтардың алдын-ала ойластырылып тапсырмалардың дұрыс жоспарлануы мұғалім мен оқушының арасындағы жақсы қарым – қатнас туғызып, алдағы сабақтың нәтижесін жоғарлата түседі. Шағын шығарма жазу оқушылардың тек жазу, тілді тусіну, сөйлеу қабілеттерін арттырып қана қоймай әр баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына себеп болады. Бұндай шығармаларды көп уақыт алмай 5 минуттық жазу ретінде өткізу әбден мүмкін. Шығарма тыңдау барысында диалогтағыдай баланың жіберген қателеріне емес, оның идеясына, өмірлік тәжірибесін сипаттай білу қабілетіне көбірек назар аударған жөн. Қазіргі кезде ағылшын тілін меңгеруде (тыңдау арқылы) оқу фильмдерін көру, үнтаспалар тыңдау жəне тағы басқа мүмкіншіліктері өте көп. Шетел мамандарының сөйлеуімен жазылған үнтаспалар, бейнефильмдер көптеп саналады. Тыңдау қабілетін үнтаспа көмегімен дамыту үшін арнайы бейнежаттығулар мен аудиомəтіндер қажет. Осы орайда мəтінді тыңдау, оқып отырудың мəні зор. Тыңдауға үйренуді сөйлеумен бетпе-бет отырып тыңдаудан бастаған жөн. Аудиториялық сабақтарда оқытушының сөйлеуі, бейнефильмді көрсете отырып, оқытушының оқуы оқушы үшін үлкен өнеге, үлгі болады. Тыңдауға үйрету шетел тілім оқытудың ең қиын аспектісі болып саналатындықтан, ең негізгі мақсат — естігенін түсіне білуге үйрету. Түсінуді тексерудің ең басты бөліктерін — сурет арқылы, екіншіден — жазбаша жауап беру арқылы жүргізуге болады. Бірақ оқушылардың тыңдаудағы қиындылығын жылдам әрі тиімді шешу үшін көптеген педагогтар ағылшын тіліндегі фильмдерді көруді ұсынады. Көріп біткен фильм бойынша төмендегідей жұмыс түрлерін орындауға болады:
  1. Жазбаша жоспар құру, мəтінге ат қою, сөз тіркестерін жазу.
  2. Ауызша мəтіннің қысқаша мазмұнын беру, толық мазмұнын беру.
  3. Бір кейіпкерді таңдап, диалог құру.
Жұмыстың мұндай түрі ағылшын тілін тыңдап түсіне білу мен сөйлеуге үйретеді. Ағылшын тілін тыңдап түсіне-білуге үйрену үшін тек ұнтаспа ғана емес, сонымен бірге бейне-фильм жəне диафильмдердің көмегіне сүйенуге болады. Ағылшын тілінде тыңдап түсіну қабілеттері дамып жетілгеннен кейін, радиобағдармаларды тыңдауға немесе көркем жəне деректі фильмдерді көрсету арқылы оқушылардың білімдерін нығайтуға болады. Сонымен бірге сынып ішінде ойнайтын ойындар мен іс-əрекеттер арқылы да тыңдауды дамытуға болады. Мысалы, ойынды сабақ үстінде жаңа сөздерді қайталау үшін, өтілген жаңа сабақты еске түсіру үшін қолданған жөн. Ойындар оқушылардың танымын кеңейтіп, білім мен білік шеберліктерінің жан-жақты қалыптасуына, дамуына, тілдік материалдарды жақсы біліп, сөз іскерліктерін меңгеруіне көп көмектеседі. Ойындар оқушылардың танымын, ақыл-ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып, олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді, əрі пысықтауды көздейді. Бұл ойындар балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пəнге қызығушылығын оятып, ынта-ықылас қоюына баулиды жəне оқушылардың зейінін, ойлау қабілеттерін дамытады. Ойындар арнайы мақсатты көздейді жəне нақты міндеттерді шешеді. Ойынды сабақтың əр кезеңдерінде, тақырыбына қарай мұғалім өзі таңдап алып, қолданып отырады. Сынып ішінде мынадай ойындарды ойнауға болады: What’s in the bag? Around the world, Order Race, Question race, Bingo, Go fish т.б. Ағылшын тілін үйрету барысында музыканың ықпалы зор. Ән тілдік қарым-қатынас құралы ретінде жаңа сөздер мен сөз тіркестері құралып оқушының сөздік қорының молаюына ықпал етеді. Ән,өлең тыңдау кезінде таныс лексика оқушы есінде тез жатталады. Шет тілінде ән айтып үйрену барысында оқушы дыбыстарды дұрыс атап үйренеді, сөйлемге дұрыс екпін қояды. Әнмен жұмыс барысында оқушының көңіл – күйі көтеріліп, тілге деген қызығушылығы арта түседі. Сабақ барысындағы әндер мұқият жас ерекшелігі ескеріліп таңдап алынуы тиіс.Сонымен қатар электронды оқулықтардың пайдасы өте зор.Сабақта электронды оқулықтарды пайдалану арқылы оқушының шығармашылық қабілетін арттыруға, ізденісін ұлғайтуға, танымдық көзқарасын қалыптастыруға, өзіндік жұмыстарды тез орындауға машықтанады. Оқушыларға музыка арқылы тыңдау үйрету кезінде колонкаларды қолданған дұрыс. Себебі колонкаларды қолдану арқылы оқушылар диктордың айтқан сөздерін анық әрі жақсы еститін болады. Тілдік жаттығудың мақсаты — сабаққа деген бетбұрыс туғызу. Тілдік жаттығу барысындағы мұғалімнің жылы дауысы, сұрақтардың алдын ала ойластырылып тапсырмалардың дұрыс жоспарлануы мұғалім мен оқушының арасындағы жақсы қарым-қатынас туғызып, алдағы сабақтың нəтижесін жоғарлата түседі. Əдетте оқып болғаннан соң түсінік айтылады жəне жаттығулар жасалады. Сөйлей алудың əдістерімен қорытындыланады. Əңгімелесу балалардың логикалық ойлауын, тілдің қалыптасуына, қорытынды жасауға көмектеседі. Оқушылардың ағылшынша тыңдау дағдысын қалыптастыру үшін сөйлеудің дұрыс үлгісін көрсету керек. Оқушының тыңдау дағдысын қалыптастыру үшін: сөзді, сөз тіркестерін дұрыс айтуға үйрету, мəтінді, өлең сөздерді айтқанда дауыстың анық болуын қадағалау, сұрақтарға жауап беру, дұрыс сөйлеуге үйрету, сұрақ қоя білу мен əңгімені бастау, жалғастыру, аяқтай білу қабілетін қалыптастыру сияқты жұмыстар қатар жүргізіледі. Сондай-ақ берілген мəтіннің мазмұнын айту мен сөйлеу үлгілерін сауатты түрде құрастыра білуге, диалог арқылы сұхбаттасу сияқты жұмыстар кеңінен жүргізіледі. Осындай жұмыс кең түрде жүрген тұста оқушының тыңдау ерекшелігі күннен күнге дамып, жан-жақты артып отырады. Ал бұл оқушының тыңдау дағдысын қалыптастыру үшін: оқушы меңгерген лексикалық материалдар бойынша талқылауға қатысып, мəтін бойынша тыңдағанын еркін жеткізе білуге дағдыланады. Қойылған сұрақтарға тез жəне нақты жауап беру жəне сурет бойынша əңгіме құрастыру, əр түрлі жағдаяттарға байланысты сұрақ қоя білу мен схема бойынша сөйлемдер құрастырып, қатесіз айту жұмыстары басты рөл атқарады. Себебі тыңдап отқан оқушылар сөздерді қатесіз естуі қажет. Қорыта айтқанда, қазақ мектептеріндегі 9-сынып оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру үшін тиімді əдістерді пайдаланып, əр түрлі жаттығулар орындатудың маңызы зор екендігін байқадық. Тілді үйретуде «қарапайымнан күрделіге қарай» принципін ұстану қажеттігін түсіндік. Адамдар тілді қолданғанда «Нені?», «Қалай?», «Қайтіп?» деген сұрақтарға жауап беру үшін пайдаланады. Енді осыны үйрету мақсатында қолданса, үйретуші мен үйренуші үшін екеуара тиімді тəсіл болары даусыз. Үйретуші толып жатқан тілдік құбылыстардың қайсысын бірінші, қайсысын кейінірек оқытуда құрылым жəне мағына бойынша басымдыққа ие бола алса, үйренуші де дəл солай таңдау мүмкіндігіне ие бола алады. Ауызша сөзді түсіну адамның естіген сөздерінің мағынасына талдау жасап, аяқталған ойды білдіруіне, ойша жинақтау қабілетіне байланысты болады. Ағылшын тілі пəні мұғалімдері қазіргі кезде ағылшын тілін оқыту сапасын жақсарту мақсатында тіл үйретуде əлемдік озық тəжірибелерді, жаңа технологиялар мен əдістерді барынша қолдануда. Ауызша сөйлеуді үйретуде əр түрлі технологияларды пайдаланған тиімді. Мысалы, қазіргі білім беру үдерісінде еніп жатқан инновациялық технологияларды басшылыққа алып, практика жүзінде ауызша сөйлеуді іске асыруға болады. Яғни, біз деңгейлеп саралап оқыту технологиясында білім алушыларға деңгейлік тапсырма беру арқылы əр баланы ауызша сөйлеуге үйретеміз. Балалар сөйлеу арқылы өз ойындағысын жеткізу үшін, ең біріншіден, оқушылардың сөздік қорын байытып, содан соң жаңа өткен сөздердің есте сақтап жəне де əр жағдайда қандай мағынаны беретінін түсіндіру қажет. Кейін осы жаңа сөздері бар фильмдер көрсету, өлеңдер тыңдату, диалог жəне монолог құрастыру арқылы жұмыстар жүргіздік. Ұжымдық, топтық білім беру технологиясы түрінде ауызша сөйлеуге үйрету оқушылар мен мұғалімдер, оқушы мен оқушы арасында іске асырылады. Біріншіден, олар бір-бірімен ауызша тілдесу арқылы қарым-қатынаста болса, екіншіден, ұжым арасында еңбек етуге үйренеді. Дегенмен əр ұстаз қандай технологияны таңдаса да ең алдымен өзі сол технологияны жете түсініп, меңгеруі тиіс. Өйткені техникалық құралдардың əрқайсысын жете білу жəне меңгеру — оқушы үшін ең қажетті шарт. Сонда ғана оқушылар ауызша сөйлеуге үйреніп, олардың сөйлеу дағдылары қалыптасып, сөйлеуге жаттығады. Қолданылған әдебиеттер тізімі:
  1. Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. — Астана: ҚР БжҒМ, — 5-б.
  2. Жұмаева Э.С. Ағылшын тілін оқытудағы жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігі. —Қызылорда: Санат, 2012. — 20–24-б.
  3. Қойшығұлова Л. Ағылшын тілін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолдану // Ағылшын тілін оқыту əдістемелігі. —2014. — № 1. — 44, 45-б.
  4. Брекеева А.С. Жаңа білім беру əдісі // Ағылшын тілін оқыту əдістемелігі. — 2014. — № 1. — 10–13-б.
  5. Бақытов А., Жұманова Р. Шетел тілін үйренуде тілдескіш оқу құралдарының тиімділігі // Мектептегі шет тілі. — 2011. — № 4. — 23–25-б.
  6. Бакишева Л.Б. Шетел тілі сабағында ойын технологиясын қолдану // Мектептегі шет тілі–Иностранный язык в школе. — 2011. — № 4. — 7, 8-б.
  7. Альмухамбетова Г.К. Влияние стратегий технологии критического мышления на раскрытие творческих способностей учащихся // Респ. пед. журн. «Мастер-класс». — 2011. — № 5. — С. 3–6.