Оқушыларды жаңа заман мамандықтарына баулу - заман талабы [Казахская литература]
Біз өмір сүріп жатқан кезең - әлемнің жаңаша құрылу кезеңі болып табылады. Себебі сан ғасырлар әлемнің даму қарқыны жүздік пайызбен алсақ, әр онжылдықта 30-40% өзгерісті құраса, соңғы онжылдықта әлемнің технологиялық саладағы даму 70-80%-ға артып отыр. Бұл статистикалық мәлімет қай жерден алынған? Бастауын көрсету қажет.
Қазіргі кезде Қазақстанда жоғары оқу орнын бітіргендердің 70 %-ы өз мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Бұл дегеніміз-босқа кеткен қаржы, уақыт. Себебі мектеп бітіруші жастардың үлкен мәселесінің бірі- мамандық таңдаудағы қиындық. Мамандық таңдауда қандай негіздерге сүйену керектігін білмеу. Күн сайын бір мамандық өзгеретін заман қажеттілігіне қарай осы мәселенің шешімін табу жолдарын қарастыру үшін 10-сынып оқушыларына арналған «Мамандық таңдау-маңызды іс» (ХХІ ғасырда сұранысқа ие мамандықтар) деп аталатын авторлық бағдарламаны жасап, өз мектебімде қолданыстан өткіздім. Авторлық бағдарлама туралы толығырақ жазып, қолданылған әдебиеттер тізімінде көрсетіңіз.
«2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы»: Әдістемелік нұсқау хатындағы «Мектеп түлектерінің болашақ мамандығын таңдауының тиімді шараларының бірі – білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға кәсіптік бағдар беру жұмысы. Кәсіптік бағдар беру мектептегі оқу-тәрбие үрдісінде, білім алушылармен сабақтан тыс және мектептен тыс жұмыстар арқылы жүзеге асырылады,»-деген ұсынымды негізге ала отырып жасалған бағдарлама өз жемісін берді. Авторлық бағдарламаның жүктеме көлемі аптасына - 1 сағат, оқу жылында 34 сағат; Авторлық бағдарламаны жазу себебім, 10-11-сынып оқушыларының мамандық таңдауда дағдарысқа түсуі, өз ақылы мен сезімдерін, ата-анасы мен ортасының, қоғамның сұраныстарын өлшей алмауы, өз мүмкіндіктерін, қабілеті мен білімін нақты анықтай алмауының жиі кездесуі. Ақпараттық рессурстар жеткілікті болғанымен, оларды оқушылардың сараптап, талдап, дұрыс шешім шығара алу қажеттілігінен туындады. Осы тақырыптағы бағдарламаға сұраныс үлкен, мектеп бітіруші сынып оқушылары үшін (9-11-сынып) өте қажетті, себебі олар таңдаған мамандықтар заман сұранысынан шығып кетеді немесе заманауи мамандық түрлері, олардың артықшылықтары туралы ақпарат аз. Бұл бағдарлама оқушылардың осы сұранысын қанағаттандырады. Бағдарламаның мақсаты оқушыларға мамандық таңдаудың тиімді жолдарын ұсына отырып, қазіргі кездегі өзгеріп жатқан мамандықтар мен болашақта өзгеретін мамандықтар жайлы, болашақ жаңа мамандықтардың мүмкіндіктері жайлы білім беріп, мамандық түрлері жайлы ақпараттарды игере отырып, ойларын талдап, бағалау жасап, қорытынды жасап, дұрыс шешім шығаруға үйрету болды. Мақаланы үшінші жақта ғана жазыңыз. Оқуға ыңғайлы және біркелкі болады.
Осы мақсатты жүзеге асыру үшін алдыма мынандай міндеттерді қойдым:
- мамандық таңдауда басшылыққа алатын негіздемелерді анықтау;
- мамандық таңдаудағы әлемдік және ұлттық тәжірибелерді ұсыну;
- болашақта жойылып кететін мамандық түрлерін анықтау;
- жасанды интелект ауыстыратын мамандық түрлерін білу;
- әртүрлі салада пайда болатын пайдалы мамандық түрлерін анықтау, талдау,
- оқушының мамандық таңдаудағы сұрақтарын шешуге қолдау жасау.
Бағдарламаны жүзеге асыру барысында тақырыптар оқушыларға өте қызықты да тартымды болғанын айта кеткім келеді. Курсты өту нәтижесінде.
- оқушы мамандық таңдаудың негіздемелерін білді, қолданды;
- мамандық таңдаудағы құндылықтарды басшылыққа алды;
- болашақта жоғалып кететін мамандық түрлерін, оның жоғалу себептерін білді;
- жаңадан пайда болатын мамандықтардың себебі мен салдарларын, мүмкіндіктерін талдай отырып меңгерді;
- жаңа мамандықтардың әр сала бойынша түрлерін, олардың артықшылықтарын түсінді;
- жаңа мамандықтар бойынша әлемдік табысқа жеткен отандастарымыздың еңбектерін бағалай алды;
Оқушыларға осы бағдарлама негізінде алған білімдері болашақта заман талабына сай дұрыс мамандық таңдауға, оқушылық кезеңнен нақты мақсаттар жолында жұмыс жасауға, өмірден өз орындарын дұрыс табуға көмектесетініне сенімдімін.
Қолданылған әдебиеттер:Абай «Шығармалар жинағы», 1,3- том
- «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы»Бас редакциясы, 1998 жыл
- Пол Таф «Балалар Табысқа Қалай Жетеді?»
- Юрген Саленбахер «Жеке бренд жасаңыз. Мүмкіндіктерді қалай табуға, дамытуға және ерекшелеуге болады?»