Ойын технологиясы [Английский язык]

Автор статьи : Нұрзина Б.
Организация : Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Жасқайрат ауылы, Шүкір Еркінов атындағы орта мектеп
Должность : Ағылшын тілі пәні мұғалімі, Педагог - сарапшы
Дата : 31.03.2021
Редакционная коллегия: разрешена только онлайн публикация

«Ағылшын тілі сабағында ойын технологиялары негізінде оқушылардың оқу – танымдық іс – әрекеттерін белсендіру»

Дәстүрлі оқытуда балада білім, білік, дағды алуға қажетті ақыл – сана бар деп есептеп, сол ақылға сай дайын білімді құю керек деген көзқарасқа, ал жаңаша оқыту бала бойындағы табиғи қабілеттерді жаңа белестерге көтеруді мақсат тұтатын принциптерге негізделген. Дәстүрлі оқыту әдістемесінің білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде толық меңгеруге кепілдік бермейтінін мектеп тәжірибесі көрсетіп отыр. Сондықтан, жаңартылған әдістемелік жүйенің оқыту процесінде іске асу үшін оны технологияландыру қажеттігі туындады. Жақын болашақтағы Қазақстан Республикасының дүниежүзілік процессте алатын орны - оның үкіметі мен халқының Қазақстанды материалдық емес, парасат – пайымға негізделген, әрі ғылымды мол қажет ететін материалдық өндірістері басымдамыған мемлекетке айналдыру жөнінде алдына стратегиялық мақсат қоюға бел байлауымен айқындалады. Сондықтан, мұғалімдер қауымына зор жауапкершілік, үлкен міндет жүктеледі. Мұндай міндеттерді шешу мұғалімдерден мектептерде оқушыларға беретін ғылым негіздерін олардың болашақ іс – әрекетінің берік негізі болатындай етіп оқытуды, оқу - тәрбие процесін, білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың әдіс – тәсілдері мен әр алуан құралдарын қолданудың тиімділігін арттырады, оқытудың жаңа технологиясын меңгертуді, педагогикалық жаңалықтарды тәжірибеге батыр енгізуді талап етеді.

Бастауыш сыныптарда оқу тәрбие процесінде жаңа технологияларды, соның ішінде кеңінен таралған ойын технологиясын дұрыс пайдалану мұғалімнің шеберлігін көрсетеді.

Күнделікті бір сарынды, дәстүрлі сабақпен оқушыларды қызықтыра алмайсың, керісінше жалықтырып аламыз. Күнде дәстүрлі сабақ өткізу арқылы, қалаған нәтижеге жетуге болмайды. Ойын арқылы ағылшын тілін үйрету барысында кездесетін қызықсыз тақырыптарды жеңіл, оңай меңгертуге болады. Ағылшын тілі сабағында ойын технологиясын пайдалану арқылы оқушы құзыреттілігі дамиды.

Оқытудың нәтижесі ең алдымен танымдық іс – әрекеттің әр түрлі түрлерін немесе оның жекелеген элементтерін: ұғымдарды, әр  - түрлі ақыл - ой әрекеттерін қалыптастыру болып табылады. Бұл танымдық іс - әрекетті тиімді қалыптастыру оқу процесінің тиімділігін дәлелдейді. Ойын – балалар әрекетінің бір түрі. Оқушыларды оқыту және тәрбиелеу мақсатындағы қарым – қатынастың әдісі мен құралы. Ойын барысында баланың жеке қабілеттері, дағдылары дамиды. Ойын әрекеті есту, ойлау мен қиялдаудың дамуына, барлық таным процесіне әсерін тигізеді. Бастауыш мектепте оқыту процесінде дидактикалық ойындар әрі оқу, әрі ойын қызметін қатар атқарумен ерекше орын алады. Н. К.Крупская «Қандай ойын болмасын баланы әр нәрсеге үйретеді. Ең бастысы, баланы мұқияттылыққа, еңбекке, жолдасымен ынтымақта болуға үйретеді» - дейді.

Оқыту процесінде бастауыш сынып оқушыларының оқу - танымдық іс – әрекетін белсендірудің тиімді жолдары мынандай:

  1. Танымдық дидактикалық ойындар.
  2. Көрнекіліктер.

Оқыту әдістерінің үш түрі бар:

  1. Дидактикалық міндет.
  2. Танымдық қабілетін арттыру.
  3. Оқудың тиімділігін арттыру.

Дидактикалық ойындар оқыту формасы ретінде екі мазмұндық сипатқа ие болады, оқу (тану) және ойнау (серігу). Мұғалім ойын барысында әр мезетте әрі мұғалім, әрі ойынның мүшесі болады алады. Мұғалім оқыта отырып ойнатады, ал балалар ойнай отырып оқуға мүмкіндік алады.

Қазіргі кезде оқу процесінің тиімділігін арттырып, оқушылардың белсенділігін көтеру мақсатында ойын әдісі бірнеше бағытта қолданылып жүр:

-оқу пәнінің бір тақырыбын немесе бір бөлімін өткенде;

- тұтас ойын сабағы немесе сабақтың кіріспе, мазмұнды меңгерту, алған білімдерін бекіту, тексреу кезеңдерінде қолданылады.

         Педагогикалық ойындардың жалпы ойындардан басты айырмашылығы - оқытуда алдына белгілі бір педагогикалық нәтиже көздейтін мақсат қойып және оның оқу – танымдық сипат алуында. Ойын арқылы оқыту сабақ барысында оқушыны оқу әрекетіне қызықтырып, ынталандырады. Оқу процесіндегі ойын арқылы оқыту технологиясының орны мен ролін анықтау, ойын мен оқу элементтерін үйлестіре білу көбінесе мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты.

Оқу - тәрбие жұмыстарына кіргізілген ойын – әрекетінің негізгі ерекшеліктері:

  1. Ойын оқушының психикалық процестерін қалыптастырады: сезу, қабылдау, түйсіну, есте сақтау, назар аудару, сөз сөйлеу.
  2. Ойын – еркіндік бастамасы негізінде құралады.
  3. Шығармашылық қабілеттерінің дамуына керекті мүмкіндіктер туады.
  4. Ойын кезінде оқушылар терең қанағаттанушылық пен қуаныш сезіміне бөленеді.

Дидактикалық ойындардың басқа ойындардан ерекшелігі оның негізгі мақсаты – баланы оқыту, олардың ойлау қабілеттерін жаттықтыру және дамыту, игі қасиеттерді тәрбиелеу. Қазіргі уақыттағы сабақ үдерісінде қойылып отырған талаптардың бірі - оқушылардың коммуникативті сөйлеу біліктілігін дамыту мақсатында   сабақ үдерісінде ойын түрлерін, коммуникативті ойындарды қолдану.

Сабақтың басында ұйымдастырылған ойын оқушының қызығушылығын оятады, оларды ұжымдастырады, ортасында ұйымдастырылған ойын тақырыпты меңгеруге бағытталады, сабақтың аяғында ойын ізденіс сипатына ие болады. Бірақ ойын сабақтың қандай кезеңінде ұйымдастырылса да қызықты, түсінікті болуы – оқушылардың іс –әрекетінің әр түрлі болуына баулиды. Ойынды ұйымдастыру формасы оның түріне байланысты болуы тиіс. Сабақ барысында оқушы зейінін сабаққа аудару, ауызша сөйлей алу және жазу дағдысын қалыптастыру, пәнге деген қызығушылығымен өз бетінше жұмыс жасай алу қабілетін дамытуда дидактикалық ойындардың үлесі зор десек болады. Мәтінді мазмұндауға үйрету, жоспар құруға, белгілі бір суретке тақырып қоя білуге, сол суретке қарап сөйлем құрауға, мұғалімнің көмегімен өздерінің ойларын, қызықты іс-әрекеттерін әңгімелеуге үйрету дидактикалық ойындарды ойнау барысында қалыптасады. Ойын арқылы оқушының білімі мен бейімін, жеке тұлғалық қасиет-қабілеттерін арттыру мүмкіндіктері зерттеледі.

Ағылшын тілін оқытуда ойын түрлерін мынадай мақсаттарда қолдану тиімді:

  1. Алфавитті дұрыс меңгеру;
  2. Орфографияны дұрыс оқыту;
  3. Дұрыс оқу дағдысын қалыптастыру;
  4. Лексиканы меңгеру;
  5. Оқушының ойын дамыту, дұрыс жазу, дұрыс айту, білу дағдыларын қалыптастыру.

Таңдап алынған ойындар оқушылардың сөз байлығына, тіл қорына сай болу керек. Осыған сәйкес кез келген ойынды өткізу үшін алдын-ала жоспар құрып, оқушылардың жас ерекшеліктері мен деңгейлеріне қарап ойынды жеңілдетіп немесе күрделендіріп, жоспар құрып алған жөн.

Білім алушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден білім алушылардың сабаққа деген қызығушылығын көтеру болып табылады.

Ойын түрлерін пайдалану мынадай нәтижеге жеткізеді

  1. Грамматиканы жақсы меңгереді;
  2. Оқу мен жазу дағдылары қалыптасады;
  3. Бала бойында тілді үйренуге деген талпыныс пайда болады;
  4. Басқа елдің мәдениетіне, өміріне деген қызығушылығы туады;
  5. Сөздерді дұрыс айтуға ұмтылады;
  6. Шығармашылық қабілеттері артады;
  7. Жылдам жұмыс істеуге дағдыланады;
  8. Білім алушының жеке қабілеті анықталады;
  9. Білім алушы топ жаруға ұмтылады;
  10. Сыни ойлау қабілеті дамиды;
  11. Өздігінен жұмыс істеуге үйренеді;
  12. Сөздік қоры кеңейеді, сол арқылы тыңдап – түсіну, сөйлеу дағдылары ерте жастан қалыптасады;
  13. Өзара сыйластыққа үйренеді;
  14. Ойынның ережесін бұзбау, яғни, тәртіптілікке баулиды;