Музыка сабағында шығармашылық белсенділікті арттыру әдістері мен тәсілдері [Музыка]
Организация : Қызылорда қаласы. Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектебі
Должность : Музыка пәні мұғалімі
Дата : 07.11.2023
Номер журнала : 01-16-2023
Оқушылардың музыкаға деген қабілеттерін дамыту мақсатында жұмысты ұйымдастырудың замануи формалары мен әдіс-тәсілдерін қолдану Қазіргі қоғам жеке адамнан прогрессивті ойлай алатын белсенді әрекетті, жан-жақты болуды талап етеді. Өйткені адамның қоғамдағы алатын орны, атқаратын қызметі сол қоғамның дамуымен тікелей байланысты. Қоғамда «орындаушы» адамнан гөрі «шығармашылық» адамға деген сұраныстың көп екендігін қазіргі өмір талабы дәлелдеп отыр. Музыкалық білім беру – тұлғаға біртұтас жан – жақты әсер ететін факторларының бірі. Адамның жаңа құндылық бағдарын және дүние танымдық принциптерін қалыптастыруда көркем шығармашылық маңызды рөл атқарады. Музыкалық тәрбие – тұлғаны қоғамның музыкалық мәдениетіне қатыстыру үрдісі. Музыкалық тәрбие жүйесі жалпы және арнайы музыкалық педагогиканың әдістер кешенімен негізделеді. Музыкалық тәрбие – жастардың музыкалық талғамын қалыптастырудың мақсатқа бағытталған жүйесі ретіндедамыту, музыкаға эмоционалдық сезімін, оның мазмұнын түсіну және терең толғану қабілетін тәрбиелеу, халықтық тәрбиенің құрамдас бөлігі. Музыка сабақтарында балалар жан-жақты даму барысында алдына көптеген мақсаттар қоя біледі. Дəлірек айтсақ, балаларды музыканы тыңдай білуге үйрету, оны тұтастай қабылдау, сезіну, музыкалық мəнерлікке баулу, дыбыстардың типін түсіну жəне музыкаға қызығушылығын арттыру. Педагогика ғылымы мен практикасында уақыт талаптарына сәйкес сабақты өткізудің түрлі жолдары қарастырылып, оны жетілдіруде қыруар ізденістер жүзеге асырылды. Сабақта ұйымдастыруда оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіру, ақыл-ойын дамыту, шығармашылықты өздік ізденіске баулу және т.б. проблемалар бойынша толассыз ғылыми ізденіс жұмыстары жан-жақты жүргізіліп келеді. Атап айтсақ: Өнер пәні ретінде музыка сабақтарын ұйымдастыру проблемалары жөнінде О.А. Апраксина өз еңбектерінде тұжырымды пайымдаулар жасады. Оның пікірінше, музыка мектеп пәні ретінде өзге сабақтармен ортақ ұқсастығы бар болуымен қатар, оған мынадай ерекшеліктер де тән:
- Өзге пәндер сияқты музыка сабақтарының құрылымы да психологиялық-педагогикалық белгілі бір қажетті заңдылықтарға сүйенеді;
- Өзге пәндерді оқыту кезеңі сияқты музыка сабақтары, атап айтар болсақ,
- жалпы дидактикалық принциптерге негізделіп, сол бағытты ұстанады;
- Музыка пәнін оқыту өзге пәндермен және ұйымдастыру формаларымен байланысты болады;
- Ұйымдастыру формаларының әртүрлілігіне қарамастын, музыка сабағы бір тұтастықта болуы тиіс;
- Өзге пәндермен ортақтастығы – онда негізгі оқыту әдістері де қолданылатындығында.
- Теориялық білімді игерту мен жаңғырту және жаңа жағдайға іс жүзінде лайықтап қолдануға үйреткенде ғана оқушылардың алған білімімен біліктілігі шынайы да нақтылы қалыптасады.
Осындай жолмен қалыптасқан білім мен біліктіліктің танымдық маңызы да зор болады. Мен осы бағытарда сабақты түрлендіруде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып сабақты жаңаша түрде ұйымдастыруды жүзеге асырып келемін. Музыка пәнінің басқа пәндерге қарағанда көптеген ерекшеліктері бар. Мұнда негізінен оқушының қабілеті, бейімділігі баса назарда болуы керек. Дегенмен де оқушыларды бейімдеу, қабілетін дамыту, музыкаға деген қызығушылығын арттыру жақсы ұйымдастырылған сабаққа байланысты. Сондықтан оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру үшін сабақта тақырыпқа байланысты музыка түрлерінің шығу тарихы, музыка түрлері дамыған елдерде, музыканың әр саласындағы белгілі композиторлар өмірімен, Қазақстандағы, әлем елдеріндегі композиторлар мен музыка жұлдыздары, тағы да басқа музыка туралы толық мәліметтер беріп отыру — мақсат. Сонымен бірге оқушыларға бұқаралық ақпарат құралдары, журналдардың, тағы басқа, әлем елдеріндегі атақты композиторлар және мәдени жаңалықтарға шолу жасап отыру қажет. Оқушыларға ойын технологиясы арқылы ұйымдастырылған сабақ, қызықты да қонымды, шығармашылығының артуына оң әсерін тигізеді. Оқыту мен тәрбиелеудегі жаңаша әдіс-тәсілдерді біліп ғана қоймай, оны әр сабақта тиімді пайдалана білу қажет. Мысалы: «Саусақ жүйесі» ойыны арқылы, нотаның бес сызықта жазылатынын түсіндіре отырып, ноталардың атын атап орындау; «Әуенді тап!» орындалған шығарманың авторын немесе атауын атайды немесе жас ерекшеліктеріне сай төменгі, жоғарғы дыбыс екендігін анықтайды; «Жалғастыр!!» оқушы өз ойынан құрастырған музыкалық әуенді немесе музыкалық шығарманы, келесі оқушы жалғастыруы қажет; «Дыбыстық картиналар» естіген дыбыстардан суреттер құрастыру; «Жаңғырық» әдісі әннің мелодиясын немесе нота атауын бірінші топ айтса, екінші топ қайталайды; «Алдына ала шолу өткенге оралу әдісі» Аталған әдістің мәні ол жаңа тақырыптағы бұрынғы өтілген сабақтардағы материалдарға сүйене отырып қайталау. Баланың ноталақ сауатын ашу, жоғары және төменгі дыбыстардың дыбысталуын сезіну, есту қабілетін арттыруда сольфеджио және гормония сабағының ықпалы ерекше. Қазіргі таңда сольфеджио және гармония пәндеріне арналған қазақ тіліндегі оқу-әдістемелік құралдар жоқтың қасы. Сольфеджио және гармония сабақтарында халық әндері, қазақтың музыкалық фольклоры, Қазақстан сазгерлерінің шығармаларын пайдалана отырып, ұлттық өнерге деген сезімдерін, қызығушылықтарын, шығармашылықтарын эстетикалық, туған еліне деген сүйіспеншілігін арттырамыз. Музыка пәнінің басты мақсаты қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт дәстүрін, өнерін қадірлейтін, оның өмірмен байланыстылығын түсінетін, эстетикалық және музыкалық танымы дамыған, рухани бай жеке тұлғаны тәрбиелеу. Өзара тақырыптарды қорытындылайтын сабақтарда оқушылардың білімін тексеру және бекіту жұмыстарын жасап отыру қажет. Жаңа технологияларды енгізу және білімді тексеру барысында тест тапсырмаларына және оның формаларына деген қызығушылық туды. Тест оқушылардың білім, білік деңгейлерін объективті түрде бағалауға мүмкіндік береді. Мұғалім тест тапсырмаларын өзі құрастыра білген кезде ғана тестке деген қажеттілік артады. Қорыта келе, әр сабақта мұғалім түрлі әдіс тәсілдерді тиімді қолданса, баланың дүниетанымдық белсенділігін, өз бетімен шығармашылығын шыңдауға, өзгенің пікірін тыңдай алуға, ұлттық құндылықтарды бағалауға, білім білік дағдыларының дамуына әсер етеді. Сол арқылы ұжымда бірлесіп жұмыс жасау, өз пікірін еркін айту, білімінің нақты, жауапгершілікті, шығармашылықта шыңдауына үйренеді.
Қолданылған әдебиеттер:
- Музыкалық тәрбие беру әдістері. Алматы.1995 жыл
- Қ.Жарықбаев «Психология». Алматы.1980 жыл.
- О.Есенәлі «Эстетикалық тәрбиеге- айрықша назар».
- Музыка әлемінде №2-3 2010 жыл