Мүмкіншілігі шектеулі оқушыларды еңбекке баулу [Инклюзивное образование]

Автор статьи : Айнур А.
Организация : Сарқан қаласының облыстық зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты
Должность : мұғалім
Дата : 18.09.2020
Редакционная коллегия: онлайн нұсқада ғана жариялауға рұқсат етілген

Мектептің оқу жүйесінің негізі - сабақ. Сабақ жоспары - мұғалімнің сабақ өтудегі негізгі қаруы. Қазіргі кезде дидактикада, әсіресе, жеке пәндерден сабақ беру әдістемесінде оқыту, үйрету, білдіру, әдістерінің проблемалары талас туғызып жүргені баршаға мәлім. Мүмкіндігі шектеулі оқушыларды еңбекке баулу сабағының ерекшелігі жоғарыда айтылғанындай сабақ жоспарын күнделікті қайталанатын жаттанды әдістен бөлек ұйымдастыру талап етіледі. Бұл сабақтың басқа білім сабағынан артықшылығы оқушының көруге, ұстауға, үйренуге деген бейімділігі, белсенділігі. Белсенділік дегеніміз - оқушылардың танымдық және шығармашылық әрекетін дамыту. Егер оқушылар алғашқы сабақтан бастап-ақ мұғалімнің сабағына белсенді қатынасса, онда оқушының білімге деген құштарлығы, ынта-ықыласы, төзімділігі, іскерлігі,-ізденімпаздығы, дүниетанымдық көзқарасы арта түсетіні анық. Осыдан келіп, оқушылардың белгілі бір кәсіпке бейімделуіне жол ашылады. Бұл кәсіпке бейімділікті танымдық әрекеті мен ақыл-ойын жетілдіру белсенділігін арттыру арқылы жүзеге асырып отырады. Үлгермейтіндер мен қабылдауы баяу оқушыларды оқыту технология пәнінде еңбек тобын құрып арнайы бағдарламамен жеке оқыту жақсы нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Мұғалімнің басты міндеті еңбек сабағында оқушылардың қабілеттеріне қарай топтап, сабақ жоспарын құру. Даралап оқыту үлгермейтін оқушылардың технология пәнінде көрсетілген оқу бағдарламасын меңгеруіне мүмкіндік береді. Өйткені, үлгермейтін оқушылар еңбек тәсілдерін қалыптастыратын теориялық білімнің аздаған бөлігін ғана меңгереді. Даралап оқыту үшін бір қатар зерттеушілер жеке тұлғаның қандайда бір басым қасиетіне қарай топтастыруды ұсынады. Осыған орай танымал орыс ғалымы В. Воронкова оқушылардың оқу үлгерімін өзіне тән басым қасиетінің сипаты болатын төменде көрсетілген төрт топқа бөледі:

  1. Бірінші топқа – өз беттерімен жұмыс жасайтын, мұғалімнің тапсырмасын түсінетін, қойылған сұрақтарға дұрыс жауап беретін оқушыларды.
  2. Екінші топқа – оқуға қарым-қатынасы дұрыс емес, тапсырманы жалпылай әзер түсінетін, қойылған сұрақтарға шала жауап беретін оқушыларды.
  3. Үшінші топқа – оқуға қабілеті жоқ; оқу жұмыстарының іскерлік-дағдылары дұрыс қалыптаспаған, қойылған сұрақтарға көмекпен жауап беретін оқушыларды.
  4. Төртінші топқа – еңбек ете білмейтін; оқу-танымдық қызығушылығы жоқ, қойылған сұрақтарға жауап бере алмайтын оқушыларды жатқызады.

Мұғалім осы топтарды сабақ бастамас бұрын ұйымдастырады. Қажетті оқулығын, еңбек пәніне қажетті еңбек құралдарын түгелдейді, арнайы жұмыс киімдерін кигізіп, тексереді. Содан кейін сабақ өтуді бастайды. Жаңа материалды түсіндіруді мұғалім басты мақсат етіп қойса, онда ең алдымен оқушыларға жаңа сабақтың материалына: сұрақ - тестік картчкаларын, инструкциялық, операциалық, графикалық сызбаларды, технологиялық көрнекті және техникалық құралдарды орынды пайдалана отырып оқушы назарын жаңа білімді меңгеруге арнайды. Мұғалім жаңа сабақты түсіндіруде оқулықтағы материалдарды сабақ өтер алдында қалай пайдаланатынын өзі жазған жоспарында оның тартымды, әрі қызықты етіп өткізуін ойластыру керек. Мұғалім сабақ жоспарын жасау үшін ең алдымен бағдарламалық материалдарды, қайта қарап күнтізбеге ғылыми тұрғыдан талдау жасай білуі керек. Оқушылардың әрбір сабақтың ғылыми незігін ұғынуы, мұғалімнің білім байлығының көптігіне көп ізденіп, қажымай-талмай еңбектенуіне тікелей байланысты. Сабақ жоспарын жасауда уақыт ережесін ерекше ескеруді жөн деп санаймын. Уақыт нормасын, енгізу оқушылардың тапсырылған жұмысты қанша мерзімде орындау қажеттігі жөнінде толық түсінік болады. Сонда оқушылар тапсырылған жұмысты өз мерзімінде орындайды. Бұл үшін әрбір мұғалімге «Технология» бөлім саласы бойынша стандартты, тұжырымдаманы, бағдарламаны, соған сәйкес жазылған оқулықты оқып, оны жете түсіну талап етіледі. Қазіргі кезде оқулықтағы материалдарды оқушыға ескі әдіспен баяндай беру сабақтың жаңа тақырыпты түсіндіруі мұғалімнің 5 минут көлеміңде нұсқау берумен шектеледі. Сабақтың 25-30 минуты өз бетінше берілген тапсырмаларды талдау, ойлану, жаңа ұғым, жаңа түсінік қалыптастыруға оған жетудің жолдарын іздес- тіруге назар аударылады. Мысалы: 1) Еңбек сабағын өткізудің мақсаты: Біріншіден: сарамандық (практикалық) жұмыстары оқушылардың біліміне негіздеп құрылады. Яғни, сабақ қорытындысы берілген затты жасай, орындай білуге үйрену. Технология пәнінен шеберханаларда өтетін тәжірибелік сабақтарда қажеттілікті қалыптастырудың бір бағыты құрал жабдықтармен жұмыс істеу дағдыларын меңгертіп сапалы бұйымдар жасау болып табылады. Ол үшін мұғалім сабақтың басында оқушылар жасайтын жаңа заттар мен бұйымдардың сұлбасын , оның оқып-үйренудің жоспарын, технологиялық картасын, өткен сабақтарда бұрын жасаған бұйымдарымен байланысын, бастапқы материалдан дайын өнім жасағанға дейінгі іс-әрекеттің негізгі кезеңдерін жан-жақты түсіндіріп беруі тиіс. Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырып қарқынды еңбек әрекеттеріне жұмылдыруда мұғалімнің әрбір сабақтың мақсатын дұрыс қоя білуде маңызды рөл атқарады. Сабақтың жоспарында бұйымды жасаудың технологиялық картасы меңгерілуге тиісті еңбек әрекетінің тәсілдері мен іскерлік-дағдылардың тізімі түрінде берілуі тиіс. Екіншіден: сарамандық жұмыс барысында оқушыға тапсырылған өңделетін материалдардың қасиетін, құрылысын, аспаптардың, механизмдердің, машиналардың, т.б. қолданылу мақсатын меңгереді. Сондықтан оқушы жұмысын бағалағанда, олардың бағдарламалық материалдарды қаншалық меңгергендігін ескерген дұрыс.