Мектепке дейінгі білім беруде жаңа технологияны пайдаланудың тиімді жолдары [Дошкольное образование]

Автор статьи : Гулсара Е.
Организация : "Бес-Тау XXI" ЖШС №40 "Балдәурен"
Должность : Тәрбиеші
Дата : 07.02.2023
Номер журнала : 01-16-2023

Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі ұлттық даму стратегиясымен тығыз байланысты. Жаңа заман баласы ертеңгі еліміздің болашағы. Олай болса, балабақшадағы тәрбиелеу мен оқыту баланың ғана емес, еліміздің де жарқын болашағының кепілі. Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет. Әрине, ол үшін мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуында педагогтардың педагогикалық технологияларды қолдана білу сауаттылығынада байланысты. Қоғамдағы қазіргі даму кезеңінде мектепке дейінгі мекемелердегі білім беру жүйесінде оқыту, тәрбие беру үрдісін технологияландыру - басты мәселенің бірі. Осыған орай мектепке дейінгі мекемелердің тәжірибесіне оқыту мен тәрбиелеудің әр түрлі технологиялары жасалып енгізілуде. Білім беру жүйесінде педагогикалық технологияны қолдану, келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау әрбір педагогтың міндеті болып табылады. Білім беру жүйесінде қолданылып жүрген педагогикалық технологиялар: ынтымақтастық педагогикасы, білім беруді ізгілендіру, ойын арқылы оқыту, проблемалық, модульдік оқыту, тірек сигналдары арқылы оқыту, дамыта оқыту. Осы тұрғыда біздің балабақшамыз оқу- тәрбие жұмыстарын жүргізіп жатыр, ұжымның алдына оқу-тәрбие процесінің жан-жақты ізденіс жұмысы үнемі жүргізіліп отырылуы алға қойылды.

Педагогикалық технологияларды өнімді пайдалануды қалай іске асыруға болады? Жаңа технологияларды мектепке дейінгі мекемелерге бейімдеу үшін жағдай жасау. Әрбір баланың деңгейін тексерудің және тәрбие-оқу үрдісін технология қағидаларына сәйкес жоспарлаудың жаңа үлгілерін әзірлеп, жұмысқа енгізу. Педагогтардың теориялық іздене-ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру. Бұл кезең тәрбиешілердің инновациялық технологиялары саласындағы кәсіби педагогикалық құзыреттілігін дамытуға, сондай-ақ, дайындалған ортаны инновациялық педагогикасының қағидаларына сүйеніп жасалаған дидактикалық материалдармен бағытталуы тиіс. Әр жас топтарында бағдарлама материалының мазмұнын игеру бойынша мониторингті ұйымдастыру, мектепке дейінгі ұйым мен отбасының өзара ықпалдастығын арттыру көзделеді. М.Монтессори әдісі бойынша балада өзінің мүмкіндіктеріне сай дамуға деген қызығушылық, жаңа білімді тануға деген құштарлығын, жауапкершілігін оятады. В.В. Воскобович технологиясы Ойынның негізі – ол құрастыру және (ойжұмбақ) ертегі кейіпкерлермен бірлесіп бейнелер беру болып табылады. Мнемотехника технологиясы деген жаңа ақпаратты мағынасына қарай балама жасап игеру дегенді білдіреді. Бұл технологиямен қатар, балабақша ұжымы денсаулық сақтау технологиясына көп коңіл бөледі. Диагностикалық мәліметтер бойынша мектепке дейінгі мекемедегі дене шынықтыру-сауықтыру жұмысына аса назар бөлу керектігі анықталды. Денсаулық сақтау технологиясы балабақшада күнделікті пайдаланылады. Атап айтқанда, таңертеңгілік жаттығу, сергіту сәті, қимылды ойындар, ауамен шынығу, жуыну дағдылары, нүктелі массаж, спорттық ойындар, ырғақты қозғалыс, саусақ жаттығу арқылы балалардың дене бұлшық еттерін, ептілігін, икемділігін, дене сымбаттылығын қалыптастыру басты назарда. Жалпы балабақша педагогтары тәрбиелеу мен оқыту үрдісін жаңғырту барысында, инновациялық технологияларды тиімді қолданып, оқу қызметін шеберлікпен көрсете біледі. Кәзіргі таңда балалардың қызығушылығын планшеттегі түрлі ойындар қызықтырды, әр бала өз бетінше планшетпен еркін жұмыс жасап, тапсырмаларды белсенділікпен орындады. Балалар планшетпен жұмыс істеу барысында қауіпсіздік техникасын да толық меңгергенін байқатты. Сонымен қатар, жұп болып, кішігірім топ болып, ойнайтын драмалық, қимыл қозғалыс, сюжетті рөлді, үстел үсті ойындарын ұйымдастыруда ынтымақтастық технологиясы әдіс-тәсілдерін қолдану өте тиімді екені, балалардың дербес, тәрбиешінің басқаруынсыз ұйымдаса білу, тапсырманы бөлісе білу ерекшеліктері айқын көріне бастады. Жаңа технологияларды пайдалану кезінде балада өзінің мүмкіндіктеріне сай дамуға деген қызығушылық, жаңа білімді тануға деген құштарлығы оянады, өз әрекетінің нәтижесіне жауапкершілік сезіммен қарайды. Технологияларды қолдану барысында кеңістікті бағдарлау, ойлау, есте сақтау, байқағыштық, шығармашылық қабілеттерін дамытамыз, қол саусақ моторикасын дамытуға, затты бір-бірімен салыстыра білуге,талдау жасауға, баланың өмірге бейімділігін күшейтеміз. Сәбилердің сөздік қорларын байыту, сөздің дыбыстық жағын дұрыс айтуға үйрету, таным қабілетін, шығармашылығын дамытуға жақсы әсер етеді. Жаңа технологияларды пайдалану барысында балабақша ұжымы балалармен, ата-аналармен ынтымақтастықта жұмыс жасайды, ата-аналармен байланыс, қарым-қатынас күшейеді, себебі қосымша қажетті құралдар ата-аналардың көмегімен дайындалады. Сонымен қатар, мектепке дейінгі мекемелерде инновациялық білім беру құралдарын қолданудың да маңызы зор. Инновациялық білім беру құралдарына: аудио, видео, құралдар, компьютер, интерактивті тақта, интернет, мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар, мен оқу әдістемелік кешендер, инновациялық сайт және тағы басқалары жатады. Мультимедиялық оқулықтар арқылы тәрбиеші уақытты тиімді және ұтымды пайдаланады. Қорыта келіп айтатын болсақ аталған педагогикалық технологиялар мен инновациялық құралдар балабақшада балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп, әр сатыға балалардың қабылдау мүмкіндіктеріне сай пайдалануға болады.Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі ұлттық даму стратегиясымен тығыз байланысты. Жаңа заман баласы ертеңгі еліміздің болашағы. Олай болса, балабақшадағы тәрбиелеу мен оқыту баланың ғана емес, еліміздің де жарқын болашағының кепілі. Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет. Әрине, ол үшін мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуында педагогтардың педагогикалық технологияларды қолдана білу сауаттылығынада байланысты. Қоғамдағы қазіргі даму кезеңінде мектепке дейінгі мекемелердегі білім беру жүйесінде оқыту, тәрбие беру үрдісін технологияландыру - басты мәселенің бірі. Осыған орай мектепке дейінгі мекемелердің тәжірибесіне оқыту мен тәрбиелеудің әр түрлі технологиялары жасалып енгізілуде. Білім беру жүйесінде педагогикалық технологияны қолдану, келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау әрбір педагогтың міндеті болып табылады. Білім беру жүйесінде қолданылып жүрген педагогикалық технологиялар: ынтымақтастық педагогикасы, білім беруді ізгілендіру, ойын арқылы оқыту, проблемалық, модульдік оқыту, тірек сигналдары арқылы оқыту, дамыта оқыту. Осы тұрғыда біздің балабақшамыз оқу- тәрбие жұмыстарын жүргізіп жатыр, ұжымның алдына оқу-тәрбие процесінің жан-жақты ізденіс жұмысы үнемі жүргізіліп отырылуы алға қойылды. Педагогикалық технологияларды өнімді пайдалануды қалай іске асыруға болады? Жаңа технологияларды мектепке дейінгі мекемелерге бейімдеу үшін жағдай жасау. Әрбір баланың деңгейін тексерудің және тәрбие-оқу үрдісін технология қағидаларына сәйкес жоспарлаудың жаңа үлгілерін әзірлеп, жұмысқа енгізу. Педагогтардың теориялық іздене-ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру. Бұл кезең тәрбиешілердің инновациялық технологиялары саласындағы кәсіби педагогикалық құзыреттілігін дамытуға, сондай-ақ, дайындалған ортаны инновациялық педагогикасының қағидаларына сүйеніп жасалаған дидактикалық материалдармен бағытталуы тиіс. Әр жас топтарында бағдарлама материалының мазмұнын игеру бойынша мониторингті ұйымдастыру, мектепке дейінгі ұйым мен отбасының өзара ықпалдастығын арттыру көзделеді. М.Монтессори әдісі бойынша балада өзінің мүмкіндіктеріне сай дамуға деген қызығушылық, жаңа білімді тануға деген құштарлығын, жауапкершілігін оятады. В.В. Воскобович технологиясы Ойынның негізі – ол құрастыру және (ойжұмбақ) ертегі кейіпкерлермен бірлесіп бейнелер беру болып табылады. Мнемотехника технологиясы деген жаңа ақпаратты мағынасына қарай балама жасап игеру дегенді білдіреді. Бұл технологиямен қатар, балабақша ұжымы денсаулық сақтау технологиясына көп коңіл бөледі. Диагностикалық мәліметтер бойынша мектепке дейінгі мекемедегі дене шынықтыру-сауықтыру жұмысына аса назар бөлу керектігі анықталды. Денсаулық сақтау технологиясы балабақшада күнделікті пайдаланылады. Атап айтқанда, таңертеңгілік жаттығу, сергіту сәті, қимылды ойындар, ауамен шынығу, жуыну дағдылары, нүктелі массаж, спорттық ойындар, ырғақты қозғалыс, саусақ жаттығу арқылы балалардың дене бұлшық еттерін, ептілігін, икемділігін, дене сымбаттылығын қалыптастыру басты назарда. Жалпы балабақша педагогтары тәрбиелеу мен оқыту үрдісін жаңғырту барысында, инновациялық технологияларды тиімді қолданып, оқу қызметін шеберлікпен көрсете біледі. Кәзіргі таңда балалардың қызығушылығын планшеттегі түрлі ойындар қызықтырды, әр бала өз бетінше планшетпен еркін жұмыс жасап, тапсырмаларды белсенділікпен орындады. Балалар планшетпен жұмыс істеу барысында қауіпсіздік техникасын да толық меңгергенін байқатты. Сонымен қатар, жұп болып, кішігірім топ болып, ойнайтын драмалық, қимыл қозғалыс, сюжетті рөлді, үстел үсті ойындарын ұйымдастыруда ынтымақтастық технологиясы әдіс-тәсілдерін қолдану өте тиімді екені, балалардың дербес, тәрбиешінің басқаруынсыз ұйымдаса білу, тапсырманы бөлісе білу ерекшеліктері айқын көріне бастады. Жаңа технологияларды пайдалану кезінде балада өзінің мүмкіндіктеріне сай дамуға деген қызығушылық, жаңа білімді тануға деген құштарлығы оянады, өз әрекетінің нәтижесіне жауапкершілік сезіммен қарайды. Технологияларды қолдану барысында кеңістікті бағдарлау, ойлау, есте сақтау, байқағыштық, шығармашылық қабілеттерін дамытамыз, қол саусақ моторикасын дамытуға, затты бір-бірімен салыстыра білуге,талдау жасауға, баланың өмірге бейімділігін күшейтеміз. Сәбилердің сөздік қорларын байыту, сөздің дыбыстық жағын дұрыс айтуға үйрету, таным қабілетін, шығармашылығын дамытуға жақсы әсер етеді.

Жаңа технологияларды пайдалану барысында балабақша ұжымы балалармен, ата-аналармен ынтымақтастықта жұмыс жасайды, ата-аналармен байланыс, қарым-қатынас күшейеді, себебі қосымша қажетті құралдар ата-аналардың көмегімен дайындалады. Сонымен қатар, мектепке дейінгі мекемелерде инновациялық білім беру құралдарын қолданудың да маңызы зор. Инновациялық білім беру құралдарына: аудио, видео, құралдар, компьютер, интерактивті тақта, интернет, мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар, мен оқу әдістемелік кешендер, инновациялық сайт және тағы басқалары жатады. Мультимедиялық оқулықтар арқылы тәрбиеші уақытты тиімді және ұтымды пайдаланады. Қорыта келіп айтатын болсақ аталған педагогикалық технологиялар мен инновациялық құралдар балабақшада балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп, әр сатыға балалардың қабылдау мүмкіндіктеріне сай пайдалануға болады.