Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін мақал, жұмбақ, жаңылтпаш арқылы дамыту [Дошкольное образование]
Организация : Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданы адами- әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «Ай-Жарқын» бөбекжай балабақшасы ЖШС
Должность : Тәрбиеші
Дата : 07.03.2023
Издатель : Альфия Ө., Автор
Номер журнала : 17-2023
Ата- бабамыздан қалған мәдени мұра – халықтың ауыз әдебиеті. Ал, халықтың шығармалар заман талабына сай жаңғырып, толығып отыратын бірден-бір жасампаз мұра. Халықтың өмір тәжірибесі нәтижесінде ой елегінен өткізіп, аз сөзінде мәнді тұжырым болуы халық педагогикасындағы үлкен шеберлікті көрсетеді. Оның ішінде мақал, жұмбақ, жаңылпаштар баланың тілін дамытып, ой-өрісін кеңейтетін бірден-бір құрал деуге болады.
Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының жаңа нұсқасы жасалып, 2009 жылы қолданысқа енгізілді. Жаңа стандарт бойынша мектепке дейінгі баланы тәрбиелеу мен оқыту,әр алуан іс-әрекетті ұйымдастыру арқылы жүзеге асыру көзделген .
Әр тәрбиеші балаға тәлім-тәрбие бере жүріп,белгілі бір проблемалық тақырып бойынша баланың әрекетіне зерттеу жасайтыны белгілі.Ол баланы да, тәрбиешіні де алға ұмтылдырып, мақсатына қол жеткізуге көмектеседі.
Ересектер тобында көркем әдебиетті оқыту барысында өзекті мәселенің бірі болып табылатын мақал, жұмбақ, жаңылпаштар арқылы тілін дамытуда жас маман ретінде жүргізілген өз тәжірибеммен бөліспекпін.
Тақырып таңдаудағы негізгі мақсатым: мақал, жұмбақ ,жаңылпашты жаттауға ынта-ықыластарын, құлшыныстарын арттыру үшін қызығушылығын ояту жұмыстар арқылы өз бетінше, топпен, ұжыммен жұмыс жасауға дағыландыру.
Жұмыс жасауға қолайлы орта жасай отырып, сөз құдыретін ұғынуға, көркем сөйлеуге, шешендік өнерге баулу;
Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін балаға тақырып беріп, соған сәйкес мақал айту немесе өз ойынан жұмбақ құрау тапсырмасы берілсе, бала қаншалықты қызығып, шығармашылықпен айналысуы мүмкін?
Мақал, жұмбақ, жаңылпашты бала қызығушылығын арттыра отырып, оқытуға негізделген жұмыс: баланың қалауына ерік беру; жаттаған жұмбақ, мақал, жаңылпаштармен оқу, оқу іс-әрекет барысында шектелмей тыс уақытта не уақытта әңгіме-диалог, пікірлесу жұмыстарын ұйымдастыру; түрлі сауалнамаларға жауап алу;күнделікті жоспарға тиісті жаттауға ерекше көңіл бөлу, өз бетінше, ұжыммен жұмыс қарқынын жоғарлату; дайын дүние бере салмай баланы ойландыруға, ізденуге жетелейтін жұмыс түрлерін жетілдіру; мүмкіндік болса,техникалық құралдарды қолдану; әр бала өз жұмысы мен әрекетіне ғана баға беріп қоймай, өзге де балалардың жұмысына баға беруге үйрету; сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу үшін мақал, жұмбақ, жаңылтпаштарды түрлі кейіпкерлердің тілінде және автор рөліне ене отырып сөйлеуге үйрету; мақал, жұмбақ, жаңылтпаштарды қолданып,түрлі көріністер көрсету;
Тақырыбымның алғышарты ретінде мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда мақал, жұмбақ, жаңылтпаштардың жанрлық ерекшелігін зерттедім.
Балабақшадағы балалар ойын, еңбек әрекетінде бір-бірімен келісе алмай, тәрбиешіге шағым айтатын жиі кездеседі.
Ал, жаңылтпаш жаңылмай сөйлеуге үйретеді. Баланың тілін ширатып, дұрыс сөйлеуге жаттықтырады.
Мен әр баланың жаңылыс айтқан дыбыстарына үлкен мән беріп, бірнеше рет қайталатып, дұрыс сөйлеуге бағыттап, ата-ананың көмегін қоса пайдалану арқасында 2,3 апта аралығында бала бұрынғысымен салыстырғанда анық сөйлеуге машықтана бастады. Мен ата-ананың үйде жаңылпаш жаттатуды өтіндім. Ал, жаңылпашты балалардың қай дыбысты шатастыратынына байланысты бердім.
Жаңылтпаш – көркем поэтикалық туынды болғандықтан баланың ойы мен қиялын ұштаумен қатар оған эстетикалық тәрбие беріп, көркем сөз табиғатына баулиды. Әрине, астарында жатқан ойды аңғару, ой қорытындысын жасау алғашқы кезде балаларға қиындық тудырды. Бірақ, өзім түсіндіріп қана қоймай, ата-ананың бірлескен көмегінің нәтежесінде балалар астарлы мағынаны ұғынуға дағдылана бастады. Бұл бір жағынан, баланың ақыл-ойын, санасын, тілін, логикасын дамытса,екінші жағынан, рухани этикалық және эстетикалық тәрбие береді. Мен жаңылтпашты баланың тілін ширатуда түрлі мақсатты көздедім. Мысалы, дыбыстарын анық айтуды қадағалаймын. Сөз мағынасын ауыстырмай, дәл түсіну үшін.
Жаңылтпаш ашық оқу қызметінде оқытумен қатар ұйымдастырдым. Мұнда баланың жаңылтпашты айтып беруіне ғана көңіл бөлмей, жаңылмай, неше рет қайталағанын да ескердім.
Балалардың ойы мен тілін дамытуда ең басты орын алатын жұмбақтар болып есептеледі. Жұмбақтың қамтымайтын тақырыбы жоқ. Оның әр сөзі баланы ойландырып, ол сөздің мағынасын түсінуге,есте сақтауға көмектеседі.
Жұмбақ белгілі зат пен құбылыстың ең негізгі қасиеттерін жинақтап, баланы ойлануға мәжбүрлейтін ой жаттығуы. Ол баланы байқағыштыққа, көңіл зеректігіне, көп қасиеттердің ішінен ең мәндісін ажырата білерлік талғампаздыққа үйретеді. Бала жұмбақ ретінде суреттелген заттың көлеміне, түр-түсіне қарап оның қай зат екенін айтуы керек. Мысалы, бір бала төрт аяғым бар, қолым жоқ, мұрным қолым болады, мен немін? кім табады?-деп сұрағанда, балалар ойланып, оның піл екенін айтады.
Өйткені, балалар зообаққа барғанда пілді көрген, ойыншық пілмен ойнаған. Бұл арқылы балалар піл сөзін естерінде қалдырады.
Жұмбақ табиғат құбылыстарының тек өздеріне тән ерешеліктерін, қайталанбас қырларын астарлы түрде көрсетеді. Ол оқытудың жанама тәсілі. Бұл тәсілдің маңызы мынада: баланың ойлауын талдау, салыстыру, қорытындылау. Мен жұмбақты оқытуды ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінен тыс уақыттарда да жүргіземін, сол арқылы баланың логикалық ойлауының жүйелі дамуына әсер етемін.
Балабақшада мақал, жаңылтпаш, жұмбақ - балаларды тәрбиелеудің кешенді құралы.Халықтың асыл мұрасын дәріптеп, бала бойына сіңіру арқылы оны дара тұлға ретінде дамытуға мүмкіндіктер ашылады. Сан ғасырлар бойы Халық педагогикасының шыңдалған, өмір тәжірибесінде сұрыпталып, бекіген қағидалары бала тәрбиесіне қалтқысыз қызмет етуде.
Мен көркем әдебиет оқу қызметінде халық ауыз әдебиетінің үлгілері арқылы балалардың ой-өрісі мен сөйлеу тілін дамытып келемін. Сондықтан, ауыз әдебиеті үлгілерінің бүгінгі білім мазмұнында алатын орнын сараптай келе, оны жетілдіру, әдебиет үлгілерін сұрыптау керек.
Қорыта келгенде, жаңа технологияны пайдалана отырып, заман талабына сай бала тәрбиелеудің нәтижесінде көркем әдебиеттен білім деңгейін біршама жоғарлатады. Мақал, жұмбақ, жаңылтпаш балаларды әділдікке, тапқырлыққа, сезімталдыққа, достыққа, батылдыққа, жанашырлыққа, шыншылдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелейді.