Мамандығым - мақтанышым [История Казахстана]
Мамандыққ таңдау – өміріміздің бір кірпішін дұрыс қалау. Ең қиын мамандық адам болып қалу. Хосе Хулиан Марти
Мамандығым –мақтанышым. Демек, мамандығыма, өмірімнің бір кетік кірпішіне мақтана аламынба? Қазіргі таңда мамандық таңдау, таңдаған мамандық бойынша жоғары білімді, білікті маман атанып қызмет атқару міндеткерлікті, жауапкершілікті қатаң талап етеді. Әрбір адам баласының алдында болашаққа деген нық сенім мен жарқын үміт кішкене бала кезден қалыптасады. Сондай болашаққа деген сеніммен үміт менің де бала кезімде жетегімнен алды. Ұстаз болу, шәкірт тәрбиелеу, үлгі болу арманым, мақсатым болуының бірден-бір себебі – асқар тауым Әкешім болды. Бала күнімнен аға буын өкілдерінде, тарихшы, технолог, құқық қорғау қызметкерлері, тракторшы, тіпті ғалымның өзін тәрбиелейтін, білім нәрін беріп, оқумен сусындататын «ұстаз» деп ой –санама түйді. Міне, менің өмірдегі бір кірпішім – мамандығымды таңдауымның себепкері осы еді. Мамандықтың ең қиыны – адам болып қалу болса. Ұстаздық – ол адам бола отырып, адам тәрбиелеу. Барлық адамдарды адам етумен қоса алғанда, барлық мамандық иелерін тәрбиелейтін, білікті маман дайындайтын ол – мұғалім. Мамандығым –мұғалім. Осы бір қастерлі екі сөзде тұңғиық терең бір ой жатыр. Ұстаздық ету өмірімнің бір басты бөлшегі. Өмірімді киелі мектепсіз елестете алмаймын. Күнделікті өміріміздегі әрбір жексенбі, яғни бір демалыс күніміздің өзі алдағы оқушыларға білім нәрін беруге арналады. Кемеңгер, алғашқы ұстаз Ыбырай Алтынсариндай болу, тарихта алтын әріптермен «ұстаз» есімі ойылып тұрып орын алуы әрбір ұстаздың арманы болар. Менің де өмірімдегі үлгі тұтар кейіпкерім, ұстаздарымның ұстазы, еліміздегі алғашқы білім ордасы мектептердің ашылуының негізін салушы осы – Ыбырай Алтынсарин бабамыз. Мен тарих пәнінің мұғалімімін. Яғни, адамзат баласының жер анаға 1 млн 750 мың жыл бұрын пайда болған күнінен Айға зымыран ұшырған күніне, әр бір сәт сайын болған, бастан кешірген қилы тарихы жайында терең білім беремін. Осындай қилы заман тарихы жайлы білім беру, мұғалімдік мен үшін үлкен мәртебе, шаттық сезімін сыйлайтын мақтаныш. Асыра сілтеймін деп те ойлау мен үшін қасірет болар. Себебі әлемді тану, өз-өзіңді тану бәрі-бәрі мұғалімнен бастау алады. Мұғалім – қоғамның зиялы мүшесі. Қоғамдағы мұғалімнің орны қазіргі таңда алаңдарлық мәселеге айналып бара жатқаны, «мұғалім мәртебесі» мені қатты алаңдатады. Бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан- жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз.
XXI ғасыр – білімділер ғасыры. Мәңгілік Елге – Мәңгілік Білім беру шарт. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн. Мөлдіреген әрбір балаға білім беру үшін қазіргі заман мұғалімі Мәңгілік Елдің болашаған қалыптастыратындығын ұмытпаған жөн. Алдымыздағы қара домалақтар ертеңгі таңда еліміздің тасын өрге домалататындар болғай. «Шабытыңды шарықтат, сонда ғалам сен үшін бұрын қамал тұрған жерлерден жол ашады», - деп атақты ағылшын ойшылы Джозеф Кэмпбелл айтқандай, заманауи талаптарға, заманның ілгерілеуіне , үдерістері мен технологияның, инновацияның шарықтауына сәйкес білікті, білімді азаматтарды тәрбиелеу біздің, яғни мұғалімдердің құзыреттілігінде болғандықтан мамандығымызға бар шабыт- жігерімізбен кірісуіміз заңды деп ойлаймын. Шарықтаған шабытпен, терең ойлы ұстаздан білім алған жас болашақтарымыздың алдында кез келген қамал қалай ашылмасқа?! Олай демек қазіргі заманның жастарына «заманына қарай бөркіңді ки» демек сөз ойға келеді. Шәкірті қандай болса, ұстазы сол алдындағы шәкіртінің көңілінен шығатындай білім бере алатын кемеңгер, дана болуы шарт. Осы орайда Абай Құнанбаевтың: Ақырын жүріп анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға, - деген өлең жолдары еріксіз ойға оралады. Әр шәкіртіміз өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны емес пе!? Қазіргі заманғы білім беру саласы қызметкерлерінің алдында тұрған басты мәселе- жаңа формацияның жаңа ұстазын қалыптастыру. Жаһандану дәуірі – әлемдегі елдердің бәсекелестік жағдайында халықаралық деңгейде өзара кірігу үрдістерінің жандану дәуірі де болғандықтан, білім – пайдалы инвестиция саласы ретінде еліміздің экономикалық, әлеуметтік, саяси даму тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Елбасымыз : «Біз білім-ғылым саласында бәсекеге қабілетті болмасақ, өз мақсатымызға жете алмаймыз. Барлығы мектептен, ал Қазақстан үшін ауыл мектебінен басталады», - деген болатын. ХХІ ғасыр ұлттық бәсеке, ақпараттық сайыс, инновациялық технологиялар , күрделі экономикалық реформалар сияқты көріністерімен ерекшеленеді. Сол кезеңге сай интеллектуалды , дені сау, ой өрісі жоғары дамыған, халықаралық деңгейге сәйкес , тағылымы терең, ой өрісі кең, білімі бар азаматты тәрбиелеу әр мұғалімнің міндеті. Мұғалім – барлық білім беру жүйесінің негізі, жаны және жүрегі. Мұғалімнің негізгі басты мақсаты – рухани бай, іздемпаз, адамгершілігі мол адамды қалыптастыу болып табылады. Қазіргі заманғы мұғалімдер информатор, бақылаушы, тексеруші, жазалаушы қызметін тастап, керісінше, ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш, ақпараттандырушы, шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болу керек.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Ұстаздықтың алдына қойған міндет өте ауқымды: білім жүйесін іштей қайта құру және сол арқылы бүкіл қоғамдағы ағарту жүйесінің барлық аймағын өзгерту. Ол үшін ішкі қайта құру қажет: құрылымдық, қызметтік, құндылық. Жаңа ұрпақ мұғалімдерінің , андрагогика мен акмеологияның, психологиялық педагогика мен гумандық педагогиканың міндеті – білім жүйесінің ішінен қайта құрудың мүмкіндіктерін іздестіру адами рухани бастаулардың тазалығын тексеру. Мұнда этика мен адамгершілік дүниені біртұтас қабылдауға бағытталған рух философиясының рухани ісі. Ұстаз өзінің адамгершілік этикалық парызын орындауға тиіс. Білімді түрлендіруде, білім беру үдерісін реформалауда зерттеуші мұғалім жаңа фармация мұғалімі ретінде орталық тұлға болып табылады. Қазіргі заман мұғалімі - рухани дамыған әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шағырмашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты » деген. Қилы, қиын тұстары көп болса да, әрбір күндік дайындықты, заманға сай үдерістермен білімді жетілдіруді талап ететін, менің- Аристотель, Әбу Насыр әл Фараби, Қожа Ахмет Яссауи , Ыбырай Алтынсарин сынды адамзаттың асылдары негізін қалаған барлық мамандықтардың бұлақ көзін ашатын, жер дүниенің тыныс тіршілігімен , жеті жұрттың тілімен, ділімен, жаратылыспен таныстыратын мамандықтардың падишасы- «ұстаздық» мамандығын таңдағаныма еш өкінерім жоқ. Қорытындылай келе, мұғалім бақыты- білімді ұрпақта, абыройлы еңбекте дер едім. «Шәкіртсіз – ұстаз тұл» демекші , оқушыларым барда, мен де бармын.