Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі [Математика]

Автор статьи : Акгуль А.
Организация : ММ"Мичурин орта мектебі"
Должность : Математика пәнінің мұғалімі
Дата : 06.11.2017
Номер журнала : 01-07-2017

Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі - әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жүзеге асыруға, жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар – шығармашылық, белсенділік, жауаптылық, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Бұл талаптарды жүзеге асыру үшін оқушы білімін бағалауда мүлдем жаңа бағытта жұмыс істеу қажеттілігі туындайды. Бүгінгі күні оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау — оқу үдерісінің маңызды да салмақты бөлігі болып табылады. Сол себептен, зерттеу іс-әрекеттерін кеңінен қолданып, оқушылардың жетістіктерін бүгінгі күннің талабына сай жаңаша бағалау жүйесі қажет етіледі. Бұл жерде оқушылар өзін-өзі бағалау, бірін-бірі бағалау, топтық бағалауда оқу үдерісінің белсенді қатысушысы бола алады. Өйткені, дәстүрлі бағалау процесінде мұғалім оқушыға жауап бергені үшін немесе сабақ оқымағаны үшін және оқушы жетістігі басқа оқушы жетістігімен салыстырмалы түрде бағаланып келген болатын. Сол кезде оқушы қаншалықты әділ баға алғанын білмей келді, күмәнмен қарды. Бұл жағдайда білім алуға деген қызығушылықты жоғарылатуға мүмкіндік жасайтын бағалаудың нақты критерийлері, мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс болмады . «Бағалау» терминінің өзі «жақын отыру» дегенді білдіреді.( МАН 57- бет). Ал, бағалаудың жаңа әдісінде оқушы бағаны қандай критерийлер бойынша алғанын, келесі сабақтарда қандай критерийлерге көңіл бөлу керектігін ұғынады. Бұл жүйеде оқушының нәтижесімен бірге іс-әрекеті де бағаланады. Одан басқа оқушыларды бағалауда мұғалім түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана алады. Біріншіден, оқушының қызығушылығы артады, екіншіден, мұғалімнің жұмысы да жеңілдейді (оқушылар бірін - бірі бағалау, топпен бағалау, топты бағалау әдістерін қолданғанда) Формативті бағалау оқушылардың қай кезеңде, қай бағытта екенін анықтау және одан да зор жетістікке қалай жету керектігін жоспарлау үшін қолданылады.

Формативті бағалау күнделікті сабақта үлкен роль атқарады, себебі күнделікті оқу жетістіктері мен кері байланыс оқушыларға өз оқуы туралы қортынды жасауға және нәтижені жақсарту үшін керекті шешім қабылдауға ықпал етеді.Формативті бағалау оқушының әр сабақтағы іс - әрекетін бағалайды. Бұл жерде оқушының сабақтағы белсенділігі, еркін өз ойын білдіруі, сыныптастарына көмектесуі, бірлесіп жұмыс жасауы т.б.жатады. Формативті бағалау баға қоюмен жүзеге асырылмайды. Мақтау, мадақтау, жылы шырай таныту, қолдау көрсету, ынталандыру формативті бағалаудың түрлері болып табылады. Формативті бағалау оқыту кезеңінде күнделікті қолданылады және сабақ барысында оқушылардың оқу танымдық әрекетіне басшылық жасайды. Формативті бағалау мұғалімнің жалпы немесе жекелеген оқушылар жұмысына жүйелі түрде бақылау жасау көмегімен жүргізіледі. Бағалаудың бұл түрі оқушылардың сынып немесе үй тапсырмаларын өз бетінше орындауға деген ниеттері мен берілген тапсырманы орындауға деген олардың қызығушылығы мен жауапкершілік сезімін ынталандыруда үлкен маңызға ие болады. «Мақсат – жетiстiктiң желкенi» - дегендей, менің алға қойған мақсатым - оқыту орыс тілінде жүретін мектептерде мемлекеттік тілді меңгерту, осы тілде ойлау, сөйлеу, сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру, сөйлем құрылысын меңгерту болғандықтан. Мен өз тәжірибемде көбінесе оқушылармен бірлесіп, ұйымдасып, топтасып жұмыс жасауға көңіл бөлемін. Өйткені оқушы шағын топтарда немесе жұппен жұмыс жасауда, бірлесіп үйреніп, ортақ мәселелерді талқылай алады. Сонымен қатар барлық сабақтар барысында формативті бағалаудың келесі түрлерін қолданамын: Фишкалар тарату - Қол шапалақтау немесе мадақтау; - Стикерге бағалау; - " 2 жұлдыз, 1 тілек"; - "Мақсат ағашы" арқылы бағалау; - Өзін - өзі бағалау; - Жұпта бірін -бірі бағалау; - Топта бірін - бірі бағалау. - "Сұқ саусақ" белгісі арқылы бағалау; - «Алақан» белгісі арқылы бағалау Фишкалар немесе фигуралар (жұлдызша, төртбұрыш, үшбұрыш) арқылы оқушылардың берген жауаптарын бағаладым. 5-6 сынып оқушыларының арасында фишка алуға қызығуышылықтары жоғары болды. Фишкаларды алған оқушылар бір-бірімен салыстырып, бір-біріне жеткісі келіп, бәсекелестік пайда болды.Қызыл (3-ұпай)және сары (4ұпай) фишкаларды алып қалған оқушылар жасыл (5-ұпай) фишканы алғысы келіп, тырысатыны байқалды, дегенмен де қызыл фишкаға да қол жетіп қуанған оқушылар да болды.Формативті бағалау кезінде бұрыңғыдай неге маған осы баға, оған ана баға деген оқушы болмады, сабақ соңында оқушылар өздерінің қаншаға жауап бергендерін біліп, бағаларын айтып шығып, «Табыс баспалдағы», «Алақан» тренингісі арқылы керібайланыс жасап, өздерінің білім дәрежелерінің қай деңгейде екенін ұялмастан айтып, келешекте неге көңіл бөлу керек екенін түсінді. Ал топ мүшелерінің фишкаларын біріктіріп есептеп, көшбасшы болған топты анықтауға ыңғайлы болды. «Екі жұлдыз, бір тілек» бағалауы топтар арасында постер жасап, қорғаған кездегі топтардың жасаған жұмыстарының сапалылығына, мәтіндерінің дұрыс құрастырылғанына көңіл аударып, кемшіліктерін таба білуге үйретеді. Бас кезінде формативті бағалау бойынша өздерін бағалау қиындау болды. Бір - біріне жалтақтап, сенімсіз танытты. Бір- бірін бағалаған уақытта бір - біріне сенімсіздік танытып, ренжігендерін де байқадым. Сондықтан мен қандай да бір жұмысты бағаламас бұрын оқушылармен бірлесіп, бағалау критерийін құрастырған соң, әділ баға қойылатын болды. Осы кезден бастап, бағалау критерийінің оқушылар үшін маңызды екенін түсіндім. Бағалау критерийі - дегеніміз ұсынылған талаптарға сәйкес бір нәрсені бағалау бойынша шешім қабылдау ережесінің негіздемесі. Әр критерийдің дескрипторлары (әрбір нақты жұмыс үшін) болады, онда мектеп тапсырмасының орындалу нәтижесінің дұрыстығы туралы нақты түсінік беріледі. Дескрипторға сәйкес бағалау оқушының қойған мақсатына жетуін анықтайды. ( Глоссарий) Критериалды бағалау бүгінгі білім беру жүйесінде зор маңызға ие. Өйткені қазір оқушылардың білімділігі ғана басты рөлде емес, басты рөлде оқушының құзіреттілігін, оның жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынаста болу, өзін-өзі дамыту, өзіндік білімін көтеру сияқты мақсаттар қойылған. Критериалды бағалау бұл мақсаттар мен міндеттердің барлық талаптарына сай ойластырылған. Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі:

  1. алдын-ала ұсынылған бағалау шкаласы;
  2. анық, айқындылығы;
  3. бағаның әділдігі;
  4. өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі


Критериалды бағалау сабақтың өн –бойында жүзеге асып отырады. Алдымен топтық жұмысты бағалауда өте тиімді. Өйткені топ жұмысын критерийлермен бағалау жұмыстың нәтижелілігіне және оқушылардың өзара бағалау арқылы өз пікірлерін ортаға салып, еркін жеткізуіне алып келеді. Өз пікірін еркін айту, өзгелердің жұмысына өзіндік бағасын беру өмірге бейімділіктерін арттыра берері сөзсіз. Бағалау парағы топқа тапсырмамен бірге ұсынылатын болғандықтан, оқушылар өзге топты бағалар алдында өз тапсырмаларын орындауда сол критерийді басшылыққа алады. Мұндай бағалау кезінде өзіңді басқа адаммен салыстыру шарты жоқ, сондықтан критерий түрлері бойынша мүмкіндігіңді бағалап, жетістікке жету жолдарын қарастырады. Бағалау критерийі қазақ тілі мен қазақ әдетиеті сабағында мәтінмен жұмыс, диктант, мазмұндама, мәнерлеп оқу, тест, шығармашылық жұмыстарды бағалау кезінде өте ыңғайлы.Мысалы: Жаңа сөздермен танысқан уақытта екі минут оқып, естеріне сақтап қалған сөздерді бір - біріне жатқа айтып, содан соң сөздік дәптерге жатқа жазу,

  1. барлық сөз түгел, қатесіз, әдемі, таза жазылса - 5 ұпай
  2. Бір сөз жетіспесе,1-түзету енгізілсе, әдемі, таза жазылса - 4 ұпай
  3. Екі сөз жетіспесе, 3-4 түзету енгізілсе - 3 ұпай
  4. 3 сөз, қатесіз таза жазылса - 2 ұпай


Ештеңе жазбаса – 0 деген ұпайлар қойылып бағалау критерийі бойынша бір-бірінің дәптерлерін тексеріп, баға қойып, қойған бағасын не үшін қойғанын айтып беріп отырды. Бұл жұмыста оқушылар есте сақтау қабілетін дамытуға, сауатты жазуға , тексерген уақытта мұқият болуға, бір –бірін адал бағалауға үйренді. Ауызша мәтінмен топта жұмыс жасаған кездегі бағалау критерийі: - Мәтінді толық орыс тіліне аудару-5 ұпай - Мәтіннен ең басты (ключевые) сөзді табу – 5 ұпай - Дұрыс нақты жоспар құру – 5 ұпай - Мәтін бойынша сұрақтар дайындау – 4 ұпай Бұр критерийлер бойынша оқушылар топ ішінде өздеріне тиісті жұмысты бөлісіп алып, тиісті берілген бір уақыт ішінде орындауға үйренеді. Жазба жұмыстарды (диктант) орындаудағы бағалау критерийі.

  1. Еш қатесі жоқ, жазуы анық, таза жазылған, азат жол сақталған, түзету жоқ-10 ұпай
  2. Тазалығы талапқа сай, оқушының екі түзетуі бар, тыныс белгіден 2 қате жіберілсе-5 ұпай
  3. Тазалығы талапқа сай емес, каллиграфиялық қателер кездеседі, оқушының


3 түзетуі бар. Емледен 7, тыныс белгіден 5 қате жіберген - 3 ұпай

  1. Қойылған талаптарды орындай алмады - 0


Грамматикалық тапсырманы орындаудағы бағалау критерийі

  1. Оқушы жұмысты орындады. Талдау жүйесін сақтады, қатесіз орындады және жазуды дұрыс рәсімдеді -5 ұпай
  2. Оқушы жұмысты орындады, Жүйелі талдау жасады, бірақ сөз табының белгілерін анықтауда қателер жіберді – 3 ұпай
  3. Оқушы жұмысты орындады, бірақ , талдау ретін бұзды. Сөз табының белгілерін анықтауда қателер жіберген жоқ – 2 ұпай
  4. Қойылған талапты орындай алмады - 0


15 ұпай - «5» 8 ұпай   - «4» 5 ұпай   - «3» Бұл критерийлерге сүйене отырып, оқушылар сауатты, жазуға үйренеді. Кей кезде осы берілген критерийлерге қарап отырып, дәптерлерін тапсырмас бұрын өздерінің қателерін байқап «а, менің бағам «4»немесе «3» болады» - деп, кейбір балалар өздеріне алдын ала баға беріп жатады. Ол дегеніміз, яғни, оқушылар өздерінің жіберген қателерін, түзетулерін байқап үйренгендерін байқауға болады. Дәстүрлі бағалау кезіне «Маған неге «3», менің қатем аз ғой» - деген келіспеушіліктер болатын. Сабақ соңында кері байланыстардан «Табыс баспалдағы», «Алақан», «Бағдаршам», «Сөйлемді аяқтау» түрлерін орыс тілінде аламын. «Сөйлемді аяқтау» сабақ соңындағы кері байланыс