Көзіңе көрінгеннің бәрі есеп [Математика]
Тақырыбы: Көзіңе көрінгеннің бәрі есеп Мақсаты: Оқушылардың нақты ғылымдарға деген қызығушылығын, оқып – үйренудегі белсенділігін, танымдық қабілетін дамыту, отан сүйгіштікке, әсемдікке, тапқырлыққа тәрбиелеу. Көрнекілігі: бейдж, үшбұрыш белгісі, жетондар, кеспе қағаздар, тақырып, шарлар Барысы: Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, осы залға жиналғандар! Математиканың жанкүйерлері. Бүгін, біз мұнда математика ғылымының қыр – сырымен танысу үшін. Сұрақтарға жауап беру үшін. Көңілді дем алып, күліп , ойнау үшін жиналдық. Топтарға ойыншылр қабылдауымыз қажет. Сұрақтар:
- Құмырадағы гүлдің болмауын қандай цифр білдіреді?/0/
- Математикада S әрпі нені білдіреді? /аудан/
- 700 санының жартысы нешеге тең? /350/
- 7,28 бөлшегі қандай бөлшек?/ ондық/
- Миллиард санында неше нөл жазылады ?/9/
- Шеңбердің центрінен шеңбердің бойына дейінгі қашықтық?/радиус/
- Біз қанша цифрды білеміз?/10/
- Тік бұрыш неше градус /90/
- Ең кіші төрт таңбалы сан /1000/
- Бөлшек сызығының үстіне жазылған сан қалай аталады? /алымы/
Қанып сандар сырына, Шықсақ білім шыңына. Деп алаулап жүрегі Қосқан әуен жырына, Математиктер жасасын!- Олай болса топтарға бөлініп алайық. Фигуралар , амалдар арқылы «Фигуралар» тобы, «Амалдар» тобы жиналған оқушылар 2 топқа бөлінеді. Араларымыздан өзімізге топ басшы сайлап алайық. Және де сол ойыншыға бағынамыз. Топтарға ескерту: Егер де кімде-кім сайыстың шартын бұзса және сұрақтарға уақытынан бұрын жауап берсе, үшбұрыш белгісі беріледі.Бұл командалардың 1 ұпайының түскендігін білдіреді.
- Көз мөлшері
Оқушы дәптерінің ұзындығы неше см? 17см Партаның ұзындығы неше см? 146см Пілдің салмағы қанша? 2 тоннадан 7 тоннаға дейін Ат қанша жүкті алып жүре алады? 300 ден 800 кг Берілген бұрыш қанша градус? Берілген қиындының ұзындығы қанша? Оқушы дәптері қанша г? 35г
- Математикалық рулетка
- Жай сан деп қандай санды атаймыз?( 1-ге және өзіне ғана бөлінетін сандар ) 2. Алымы бөлімінен кіші бөлшек (дұрыс бөлшек) 3. Натурал сандар? (санау үшін қолданылатын сандар) 4. Қарыс ?( бас бармақ пен ортаңғы саусақ ұштарының арақашықтығы) 5. Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті?(көбейткіштердің орнын ауыстырғаннан көбейтіндінің мәні өзгермейді) 6. Қандай өрнекті әріпті өрнек деп атайды?( Құрамында әрпі бар өрнекті әріпті өрнек деп атайды.) 7.Айырмашылығы тек таңбаларында ғана болатын сандар?(қарама-қарсы сандар) 8. Ең кіші жай сан? (2)
- Берілген шаманың 1/100 бөлігі?( процент)
- Он бір түйе, бес жылқы, Екі сиыр, бес ешкі Екі қоян,үш түлкі, Таба алмасаң бос күлкі (28)
- Бір бала 40 жол өлеңді жаттап жатыр, әр жолды жаттау үшін 3 минут уақыт кетеді. Осы бала қанша уақытта ұмытад, егер жаттағанын екі есе тез ұмытатын болса? (60 минут)
- Бүтін бөліктен және бөлшек бөліктен тұратын сан (аралас сан)
- Өз саныңды тап.
Ойынға топ араласып қатысады. Әр ойыншының арқасына әр түрі сандар ілінеді. Ойынға қатысушылар арқаларында қандай сан бар екенін білмейді. Жүргізуші ойыншылардың арқаларына тағылған сандардың қосындысын айтады. Қалған ойыншылар өздерінің арқаларына тағылған санды табуы қажет. Ол үшін басқа ойыншылардың арқаларындағы сандарды қосып , берілген саннан алып тастауы қажет. Мысалы: 10+6+4+10+3+7+5+5=50 40,44,46,40,47,43,45,45
- Жаңылыспа
Ойынға қатысушылар қатарға көрермендерге қарап тұрады. Жүргізуші қатысушыларға қарап тұрады және араға уақыт салып сандарды айтады. Ойын шарты бойынша ол сан 3-ке(2 немесе 4,5 ) бөлінетін болса, ойыншылар жоғарыға оң қолдарын көтереді. Кім қателессе сол ойыннан шығарылып отырады. Ойын қатарда 2-3 ойыншы қалған кезде аяқталады. Олардың әрбіреуіне 1 ұпайдан беріліп, топқа есептеледі. Мысалы: 3-ке бөліне ме? 195 ия 62 жоқ 57 ия 100 жоқ 5-ке бөліне ме? 120 ия 132 жоқ
- Жауабын ізде!
Мұғалім тақтаға бағандап қосуға, азайтуға, көбейту және бөлуге мысалдар келтіріп жазады. Мысалы: 156-39=117 87+58=145 231-83=148 339:3=113 38∙4=152 Топ басшылары тақтаға арқаларын беріп тұрады. Мұғалім мысалды көрсетеді.Топ мүшелері сол есепті шешеді. Ең бірінші тапқан топ қол көтереді. Жауабын айтады. Тақтада тұрған ойыншылар есептердің ішінен шешімі сол болатын есепті табуы қажет. Кім бірінші айтады соған бір ұпай беріледі. Ойын бірнеше рет қайталанады.
- Өз орныңды тап
Ойынға 2 кеспе қағаздар жинағы дайындалады. Кеспе қағаздарында есептер берілген . 1 минут уақыт берілді. Мұғалім белгі берген кезде ойыншылар қатар болып тақта алдына есептері өсу ретімен тұра қалуы тиіс . Қай топ бірінші және дұрыс тұрса сол есептеледі. Берілетін есептер: 118-113=5 43-38= 5 225-218= 7 224-217= 7 38-25=13 61-48=13 56-31=25 69-44 =25
- Телефоншылар сайысы
Қатысушы топтар түзу сызық бойында, бір –біріне параллель тұруы қажет. Жүргізуші ең бірінші тұрған әр топтың бір мүшесіне бір жаңылтпаштан айтып шығады. Белгі берілген кезде бірінші топ мүшесі екінші топ мүшесінің құлағына сыбырлайды, солай соңына дейін жалғасады. Қой топтың соңғы мүшесі бірінші хабар алады , сол дауыстап жаңылтпашты айтады. Жеңіске тез хабарды жеткізген және дәлме-дәл жеткізген топ жетеді.
1-топтың жаңылтпашы Кім сызғышсыз? Біз сызғышсызбыз. Сызғышсыздарға Сызғышсыз сызғыз 2-топ жаңылтпашы Жоғалды бес шыбыш Жоқ әлі еш сыбыс Жоғалды бес шыбыш 8. Эстафеталық домино Әр топ мүшелері бірінің артына бірі тұрады. Жүргізуші белгі берілген кезде топ мүшелері кезек-кезек тақтаға барып тақтадағы парақшаға өз доминоларын құрастырып шығуы қажет. Домино бөліктерін қай топ бірінші құрастырады және дұрыс құрастырылуы қаралады. 9. Берілген цифрларды тап Өзі кіші және құйрықты, үрмейді , тістемейді, сыныптан сыныпқа көшірмейді. (2) Не деген сан акробат? Егер баспен тұрса тұрса ол, жартысы 3-ке азаяр. (9) Екі шеңбер шексіз ол, егер айналса өзгермейді тіптен ол. (8) 10. «Есептеп көр, ерінбе!» Әр шаршы 4 бірдей бөлікке бөлінген. Сіздерге тапсырма осы шаршыны құрастыруымыз қажет . Топ мүшелері шаршы құрастырып жатқанда көрермендермен жұмыс. Тез санап шығу. | |||||
Ең белсенді топ Ең белсенді топ басшы Ең белсенді оқушы Ең белсенді жанкүйер Математика-толған тәртіп, мағына мен мән Математика-толған тамаша заңдылық пен сән Математика-толып жатқан терең сыр Шетсіз, шексіз дариядай бейне бір-дей келе сайысымызды аяқтаймыз.