Экономика пәндерінен жаңа технологияларды тиімді пайдалану [Экономика]
Автор статьи : Жанат Д.
Организация : Учреждение «Колледж «Мирас»
Должность : Оқытушы
Дата : 22.10.2022
Номер журнала : 02-15-2022
Организация : Учреждение «Колледж «Мирас»
Должность : Оқытушы
Дата : 22.10.2022
Номер журнала : 02-15-2022
Өзектілігі. Жаңа технологияларды оқу үдерісіне пайдалану ерекшеліктері қарастырылған. Қазіргі таңда оқу үдерісіне «жаппай» енгізіліп жатқан инновациялық технологиялар көкейкесті мəселелердің тоғысында пайда болып, оқу үдерісіндегі əдістемелерге жаңаша тұрғыдан қарап, оны үздіксіз жаңғыртуға бағытталады. Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру. Инновациялық технологияны пайдалану — өмір талабы.
Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде оқытушылардың инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Өйткені, жаңа педагогикалық технологияны меңгеруге оқытушыларды даярлау – оларды кәсіби білімін көтеруге дайындау аспектісінің бірі және педагогтың жеке тұлғасын қалыптастырудың үрдісіндегі іс-әрекеттің нәтижесі болып табылады.
Қазіргі күні инновация деп көбінесе жаңа технологияларды, әдістер мен құралдарды жасау және қолдануды айтса, сонымен бірге жаңа идеяларды, процестерді бірлікте жетілдірудің де жүйесі.Сондықтан оқыту мен тәрбиедегі жаңа технология инновациялық идеяларды енгізу, жаңарту нысаны болып табылады
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдында қойылып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру.
Инновациялық оқыту технологияларын теориялық жəне ғылыми-қолданбалы бағыт тұрғысынан зерттеу арқауы етіп оларды оқу процесін жетілдіру бағытында қолдану мəселелерімен Б.Əбдікəрімұлы, В.П.Беспалько, Д.М.Жүсібалиева, В.В.Егоров, М.В.Кларин, В.М.Монахов, Г.К.Нургалиева, Қ.Қ.Қабдықайырұлы, Ж.А.Қараев, Г.К.Селевко, Ш.Таубаева, Л.А.Шкутина жəне т.б. ғалымдар айналысты.
Инновациялық оқыту технологиялары студенттердің білім, іскерлік, дағдысын қалыптастырып, оқытудағы тұлғалық бағдарлы жəне жекелеп оқыту тұрғыларының мəні жайында түсінік беру, қазіргі педагогикалық жаңа енгізулермен таныстыру, жаңа типті білім беру орындарындағы ізгілікті білім беру жүйесін құрудың басты тұрғыларының мəнін ашуды көздейді.
Қазіргі таңдағы оқу-тәрбие процесіндегі жаңа технологияландыру бірнеше міндеттерді жіктейді.
- Ақпараттандыру және инновацияларды ұйымдастыру, жаңалықтарды іздестіру.
- Оқу-тәрбие процесінде жаңалық енгізулерді алғашқы байқаудан өткізу, ұйымдастыру және кеңес алу.
- Оқу тәрбие процесінде инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану.
- Ойынды дайындау.
- сценарийін дайындау;
- жоспар құру;
- жалпы сипаттау; - мазмұнын меңгеру;
- материалмен қамтамасыз ету.
- Ойынға кіріспе:
- проблемалық мақсат қою;
- шарттарын білу; - топ құру;
- рөлдерді бөлісу;
- регламент белгілеу; - жалпы түсінік беру;
- тиісті консультация беру.
- Топтық жұмыс:
- əдебиеттермен жұмыс;
- тренинг; - ойлану;
- ойыншылармен жұмыс.
- Топ аралық жұмыс, пікірталас:
- топтардың жұмыстарын баяндауы;
- нəтижені қорғау;
- пікірталас туғызу.
- ойынға қорытынды жасау;
- талдау, рефлексия;
- баға - қорытындылау, жинақтау; - ұсыныстар беру.
Іскерлік ойын – нақты объектілер мен жағдайларды қарастыратын, алған білімді нәтижелі түрде дамыту құралы болатын имитациялық модель. Іскерлік ойын – кәсіби түрдегі шығармашылық ойлау қабілетін дамыту құралы, ойын барысында адам мамандандырылған жағдайларды талдау және жаңа кәсіби тапсырмаларды шешуге үйрену қабілеттеріне ие болады. Берілген барлық анықтамаларда іскерлік ойынның негізгі құраушысы–мамандықтың нақты бір қызмет түрін модельдеу екендігіне көз жеткіземіз.
Іскерлік ойындар әлеуметтік немесе экономикалық сипаттағы нақты бір жағдайды (ситуацияны) шешуде үйренушілердің өзара әрекеттесуін қалыптастырады (имитациялайды, модельдейді). Егер рөлдік ойындарда қатысушылар әдетте әртүрлі әлеуметтік мүдделері бар қоғамдық топтар (немесе субъектілер) рөлдерін орындаса (өкімет, оппозиция, орта бизнес, зейнеткерлер, студенттер, т.б.), өндірістік ойындарда олар бір әлеуметтік топ немесе бір мүдде аумағында қалып отырады. Іскерлік ойындар технологиясын тиімді пайдалануда өз тәжірибемен бөліскім келіп тұр. Сабақ беретін бірнеше топта осы технологияны пайдаландым. «Маркетинг және менеджмент негіздері» пәні бойынша Аударма ісі мамандығының А-201 тобында «Менеджер деген кім және олар не істейді?» деген сұрақ қойылды. Осы сұрақ бойынша студенттер ойын технологиясының элементтерін пайдалана отырып, менеджер мамандығы бойынша рольде көрсете білді. Сабақта жаңа әдіс-тәсілдер (өмірмен байланыс) пайдаланды. Дайындық кезеңі бойынша студенттерге әр түрлі рольдер бөліп берілді: 1. Менеджердің қоғамдағы ролі, яғни сауда орнында клиенттермен қарым-қатынасы, өзін-өзі ұстауы, сөйлеуі туралы көрсетті. 2. Менеджердің клиентке тауарларды ұсынуы болды. 3. Менеджердің қазіргі кезеңі, салыстырмалы сипаттама берді. 4. Бір бөлігі бақылаушы, сыншы болып қатысты. Ойынды жүргізу кезеңі бойынша студенттер белсенді қатысып, менеджердің қандай болуы керектігін өз ойларын жеткізе білді. Топтардың жұмыстары баяндалды, жұмыстарын қорғады және пікірталас тудырды. Талдау жəне қорытындылау кезеңі бойынша ойынға қорытынды жасалынды және бағаланды: 1. Топ бойынша 95%, 2. Топ 85%, 3. Топ 72%, 4. Топ 75%. Іскерлік ойын технологиясы топ бойынша нәтижесі: білімді игеру: 80%, жалпы қатысқан студенттер: 83,3%. «Экономика негіздері/ Основы экономики» пәні бойынша «Бастауыш білім беру мұғалімі» мамандығының НО-202 тобында «Тауар және оның қасиеті, ерекшелігі» тақырыбында тапсырма берілді. Қатысқан студенттер өз тауарларын сату, яғни сатушының ролін көрсетті. Қатысқан студенттер қызмет көрсету мен тауарларды ұсынды: 1. Сусындар сату. 2. Кондитерлік өнімдерді сату. 3. Кітаптар сату. 4. Бала күтуші қызметін көрсету. 5. Сурет салу қызметі. 6. Сыйлықтар жасау дүкені. Студенттер тауарлар мен қызметтерге сипаттама берді, оның маңыздылығын түсіндірді. Тауарға деген сұранысты арттыру жолдарын, тауардың бағасы, қызмет көрсету түрлерін атап өтті. Талдау жəне қорытындылау кезеңі бойынша ойынға қорытынды жасалынды және бағаланды: 1. «Сусындар сату» -Қатысушы 85%, 2. «Кондитерлік өнімдерді сату»- Қатысушы 92%, 3. Кітаптар сату - Қатысушы 75%, 4. Бала күтуші қызметін көрсету 90%, 5. Сурет салу қызметі- Қатысушы 75%, 6. Сыйлықтар жасау дүкені -Қатысушы 80%. Іскерлік ойын технологиясы топ бойынша нәтижесі: білімді игеру: 55%, жалпы қатысқан студенттер: 65%. «Есеп және аудит» мамандығының УА-202 тобында «Менеджмент және маркетинг негіздері/Основы менеджмента и маркетинга» пәні бойынша «Маркетингтік зерттеулер» тақырыбында іскерлік ойындар технологиясын пайдаландым. Топ 3 командаларға бөлінді. 1. «Рахат», 2. «Баян сұлу», 3. «Марсель». Топтарға келесі тапсырмалар берілді: «Фирманы құру», «Интеллектуалды жаттығу», «Басқарушының экономикалық ойлау қабілеттілігін тексеру», «Маркетингтік зерттеу», «Сатып көру», «Сауалнама жасау», «Маркетингтік идеология». Іскерлік ойындар технологиясында менеджердің, маркетологтің ролін көрсете білді. Тапсырманы орындау барысында студенттердің сабаққа белсенділігі, қызығушылығы артты. Әр топ өнімдерін жарнамалап, оларды сипаттап көрсетті. Талдау жəне қорытындылау кезеңі бойынша ойынға қорытынды жасалынды және ұпай түрінде бағаланды: 1. «Рахат»- 58, 2. «Баян сұлу»- 48, 3. «Марсель»- 49. Іскерлік ойын технологиясы топ бойынша нәтижесі: білімді игеру: 89%, жалпы қатысқан студенттер: 78%. Қатысушылардың мұндағы басты мақсаты – қойылған кәсіби мәселені (проблеманы) шешу, сол себепті де олар тиімді әрі нәтижелі шешім келтіру тұрғысынан бәсекеге түседі, жарысады. Демек, іскерлік ойын дегеніміз сабақ аумағындағы кәсіпқойлардың (кәсіпкерлердің) жарысы. Тұлғаның өзін-өзі көрсете білуі мен дамуын байқадым. Студент өздігімен ақпарат, фактілер, түсінік, ой, идея тұжырым құрастырады. Рефлексия арқылы өзін-өзі «түрлендіруге», өзінің тұлғасын өзгертуге ынталандырады. Іскерлік топтардың мақсаты - теориялық білімдердің қандай деңгейде игерілгендігін және оларды қолдана білуді көрсету, проблемаларды жеке және бірлесе отырып шешу дағдыларын қалыптастыру. Қазіргі заман талабының өзі студентті бірінші орынға қою, яғни оқытушы сабаққа бағыт беруші болып, студент алдын — ала берілген тапсырмалар арқылы сабақ түсіндіріп, өздік, өзіндік талдау жасап, бірін — бірі бағалап, өз ойларын толық жеткізіп, білім беруші рөлін алады. Осы заманғы білім беру ісінің өзекті мәселесіне студенттерге түсетін ауыртпалықты жою, олардың бойында оқуға деген қызығушылықты, белсенділік пен өз бетінше жұмыс істеу қабілеттерін арттыру, өмірге деген көзқарас қалыптастырып, алған білімін өмірлік жағдайда қолдана білуіне жол ашу жатады. Қорыта келгенде, кез келген педагогикалық технология философиялық негізде қаралады. Сондықтан, бірінші кезекте, білім әлеміне еніп жатқан инновациялық технологияларды реттеу, жүйелеу және сұрыптау қажет. Әдебиеттер тізімі:- «Қазақстан-2050» даму стратегиясы
- М.Валиева «Жаңа педагогикалық технологиялар» Əдістемелік нұсқау, 2002 жыл
- Ізденіс және даму перспективалары. Әдістемелік оқу құралы. Алматы, 2016 жыл.
- Білім. Таным. Тәрбие. Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал. №1, 2016 жыл.
- «Қазақстан кəсіпкері» журнал №10, 2010ж