Кеңестік Қазақстандағы әліпбидің реформалары [Казахский язык]

Автор статьи : Диана М.
Организация : Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Унверситеті
Должность : Магистрант
Дата : 15.05.2020
Редакционная коллегия: онлайн нұсқада ғана жариялауға рұқсат етілген

Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған кезден бастап қазақ лингвистері мен зиялы қауымның арасында латын әлипбиіне көшудің пайдасы мен зияны туралы пікірталастар жүргізіле бастады. 2006 жылдың 24 қазанында өткен Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІІ сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақ әліпбиін латынға көшіру жөніндегі мәселеге қайта оралу керек. Бір кездері біз оны кейінге қалдырған едік. Әйтсе де латын қарпі коммуникациялық кеңістікте басымдыққа ие және көптеген елдер, соның ішінде посткеңестік елдердің латын қаріпін көшу кездейсоқтық емес. Мамандар жарты жылдың ішінде мәселені зерттеп, нақты ұсыныстармен шығуы тиіс. Әлбетте, біз бұл жерде асығыстыққа бой алдырмай, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін зерделеп алуымыз керек» , - деген болатын. Бұл мәселе ХХ ғасырдың басында-ақ қозғалған болатын. Елде жаппай сауатсыздықты жою мен оған қатысты шаралар орын алған тұста, түркі халықтарының әліпбиін өзгерту жолға қойылды. Аталған істі қолға алған большевиктер үкіметінің бұл саясатына В.И. Лениннің өзі араласып, латын әліпбиіне көшу «Шығыстағы революция» саналады. Бірақ бұл онсыз да сауатсыз халықтың әліпби реформасына көшуі ауыр тиді. Елде жергіліктендіру (коренизация) саясатымен бірге, латын әліпбиіне көшіру науқаны саяси тұрғыда қолға алынды. Алайда, кеңестік биліктің бұлсаясаты түркі халықтарының интелегенциясы мен мұсылмандары тарапынан үлкен қарсылыққа ұшырады. Өйткені, 1920 жылдары қазақ, татар, өзбек, башқұрт және қырғыз халықтарының араб жазуына негізделген әліпбилері реформаланып жатқан болатын. Кеңес үкіметінің бастапқы жылдарында тек қана түркі халықтарын ғана емес, сонымен бірге орыс тілін де латын әліпбиіне көшіру мәселесі де көтерілген болатын. 1919 жылы ағарту ісі жөніндегі халық комиссары А.В. Луначарский: «... барлық осы елді мекендеп отырған халықты жаппай латын әліпбиіне көшіру қажет» дегенді айтқан болатын. Осы пікірге орыс сөзін қолданушылар қоғамы бірден қарсылық көрсетті. Олар бірден комиссия құрып, сол арқылы «латын әліпбиіне көшіру шетелдіктерге орыс тілін үйретуді қиындатып жібереді» деген мәлімдеме жасады. Нәтижесінде орыс әліпбиін латынға ауыстыру бастамасы көтерілмей жатып, бірден тоқтатылып тасталды . Бірақ осыған қарамастан қазақтың зиялылар қауымы әліпби өзгерісіне араласып, өз пікірлерін білдірмеумен бірге бұл реформаның бел ортсында болды. Яғни, ХХ ғасырдың басында орын алған латын әліпбиіне көшу мәселесі мен онда орын алған қиыншылықтарды көрсету, қазақ зиялыларының атқарған жұмыстарын нақтылау жұмыстың өзектілігін нақтылай түседі.