Кел, ойнайық [Физическое воспитание]
Организация : Павлодар облысы Баянауыл ауданы №1Майқайың жалпы орта білім беру мектебі
Должность : Дене шынықтыру пән мұғалімі
Дата : 25.04.2019
Издатель : Алия Х., Автор
Номер журнала : 17-2023
Түсінік хат. Қазақстан егеменді ел болғалы тарихта қалған мәдениет, ұлттық әдеп ғұрыптар қайта жаңғыртылуда. Олар өздерінде өте бай мәліметтер қамтиды, олардың ішінде ұлттық ойындар да бар. Ұлттық ойындар ғасырлар бойы жастардың белсенді өмір жағдайларын қалыптастыру құралы ретінде келе жатқан мәдени мұра. Ойындар – тарихи жинақталған қоғамдық құбылыс. Ойын өзі-өзінді тану, демалу, шынығу және ортақ әлеуметтік тәрбие құралы ретіндегі спорт түрі. Ойын мәдениет элементі болғандықтан, қоғамға байланысты дамиды. Ол адамдардың әр түрлі қажеттіліктерін орындай отырып, өзгереді. Ойындық іскерлік тек мәдениет элементі ретінде ғана емес, сонымен қатар тәрбие беру нышаны ретінде де қолданылады. Ойын адам мәдениетнің асыл қазынасы. Олар әр түрлі, әр түрде, әр бағытта болады. Оны зерттеумен тарих та, этнографияда, антропология да, педагогика да, денені шынықтырудың теориясы мен методикасы да айналысады. Көптеген ойындардың ең басты белгісі – ойлау қабілеттілікпен мінезі жатады. Әр ойыншының алдында белгілі бір мақсат тұрады: ойынның ойналу тәртібіне байланысты ең басты мақсатты орындау, нәтиже беру. Ойын - өте эмоционалды іскерлік, сондықтан ол балалар мен жастарды тәрбиелеуде үлкен орын алады. Жастар мен балалардың арасында кең таралған ойын түрі – қозғалыс көп жасалатын ойындар. Қозғалыс жасалатын ойындар балалар мен жастардың денелік тәрбиесі, сонымен бірге спорттық ойындар мен басқа спорт түрлеріне дайындық ретінде саналады. Халық педагогикасында ойындар іскерліктің бір түрі ретінде үлкен рөл атақарады. Ойындар үлкендердің тәрбиелеу, оқыту мақсаттарында қолданылады. Сонымен қатар ойындар қарым-қатынас құралы ретінде де пайдаланылады. Көптеген қазақтың ойындары оқушылардың белсенді өмір жағдайларын қалыптастыру құралы ретінде жалпы білім беретін мектептердің оқу бағдарламасына енгізілген. Мазмұнына қарай бүкіл халық ойындары ой-қабілеттің белсенді жұмыс істеуін, жан-жақтылықтың кеңейюін, қоршаған әлем жөніндегі түсінікті тудырады.
Бағдарламаны жүзеге асыру мерзімдері (оқыту ұзақтығы,кезеңі) Жылына-33 сағат Аптасында-1 сағат Ұзақтығы-40 минут
Мақсаты: Халық педагогикасының адам, отбасы, өскелең жас ұрпақты тәрбиелеу туралы арман-мақсаттарын, орныққан пікірлерін, ұсыныстарын қамтып көрсететін педагогикалық идеялар мен салт-дәстүрлері өткен мен қазіргінің арасындағы байланысты көрсетеді. Ол тарихи даму барысындағы әлеуметтік мәні бар ақпаратта (білім, білік) т.б. жиналып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Ең алдымен, халық педагогикасы өскелең ұрпақтың еңбек пен өмір сүру бейнесінің негізі болып, оларды келешектегі қызметіне дайындайды. Біздің халықтық педлагогикада еңбек тәрбиесі өте ертеден бастау алады.
Міндеттері: - Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жастарға үлгілі, өнегелі тәрбие беру - қазіргі міндеттердің бірі. - Оқушыда жалпы адамзаттық құндылықтар мен адамның айналадағы дүниемен жеке тұлғалық қатынасын (этикалық, эстетикалық, адамгершілік тұрғысынан) тәрбиелеу мақсатын халқымыздың мәдени рухани мұрасының, салт-дәстүрінің озық үлгілерін оның бойына дарыту арқылы жүзеге асыруға болады. Осымен байланысты бағдарлама халқымызға тән әдептілік, қонақжайлық, мейірімділік, т.б. сияқты қасиеттер, табиғатқа деген қарым-қатынасындағы біздің халыққа тән ерекшеліктер. -Жас ұрпақ өз халқының мәдениетімен, асыл мұраларымен ұлттық әдебиеттер арқылы танысып келеді. Ұлттық ойындар тәрбие құралы деп таныған. Ойынды сабақта қолдану оқушылардың ой-өрісін жетілдірумен бірге, өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізе білу құралы.
Курстың бейінді оқытудағы орны мен рөлі. Ойнамайтын бала жоқ. Ойынға қызықпайтын адам жоқ. Көңiл көтермейтiн адам, сауық құрмайтын халық жоқ. Үлкен де, кiшi де ойнап көңiл көтередi, бiр нәрсеге берiле қызығады, әр жетiстiктен қанағат табады. Ал қызығу, қуану, қанағаттану - өмiрдi тамашалаудың көрiнiсi немесе өмiрде сауық құрудың нышаны. Ойын-сауыққа үлкен-кiшiнiң бәрi де әуес. Айтпағымыз, өмiр кейде ойын-сауыққа ұқсас, ойын-сауықсыз адамның өмiрiн көз алдыңа елестете алмайсың. Ойынның тарихы тереңде, көне дәуiрден басталады. Оның қалыптасу кезеңдерi мен тарихы өз алдына әңгiме. Ойын халықтың өмiр сүру салтынан, өмiр сүру үшiн күресiнен туындаған қажеттiлiктiң бiрi. Ойын-сауық еңбектiң мазмұны мен құралына орай түрленген, жетiлген. Қазақ — ойын-сауықшыл халық. Бүгiнде қазақтың 100 ден аса ойын түрлерi мәлiм. Қазақ “баланы жастан” дегенде, ойын-сауық арқылы жасөспiрiммен тәрбиелiк жұмысты ертерек және жас ерекшелiктерiне қарай жүргiзудi пайымдайды. Ойынсыз ұрпақтың кiм екенiн, халықтың қандай екенiн бағалау екiталай. Адам мен ойын түйiндес, түбiрлес. Ойын-сауық қазақтың әдет-ғұрпына үнемi және айқын ықпал еткен. Ұлттық ойындар өмiрдiң еркiндiгi, кедергiсi мен мақсаты анықталынады. Ұлттық ойын — жеке адамның даму қажеттiлiгiн арттырады, қарсыласпен татуласу немесе оны жеңу жолдарын iздестiредi. Шаруашылықтағы қимыл-әрекеттi осы биiк мақсатқа көтердi. Ойын — адам ойлану және дене қабiлетiнiң бәсекесi, қарсыласпен ашық жарыс. Оның мақсаты — жеңiске жету, ойындағы адамның қабiлет күшiнiң үстемдiгiн көрсету, дәлелдеу. Сондықтан баланы жастан ұлттық ойынға баулу.
Материалдарды іріктеу және құрудың негізгі қағидалары. Жасалынып жатқан жаттығулардың бір түрлі міңезінен немесе жоғары темптен шығарылған зейін тұрақтылығы бұзылған кезде, ойындарды жаттықтыруға қосқанда, шұғылданушылардың зейінің жоғарлатады және жұмыскерлікті қалпына келтіреді. Техникалық әрекеттерді меңгеру үрдісі, дене сапаларын тәрбиелеуі спортшының көңіл-күйінен, оның құмарлығынан тікелей байланысты. Ойыншыларда астеникалық (жағымсыз) эмоциялардың пайда болуында жаттықтыруды жарамды әрекеттер коэффиценті едәуір төмендейді. Бұған жасалынатын жаттығуларға бұлшықет әрекетінің міңезі мен ритмі, өзінің әрекеттік құрамы бойынша ұқсамайтын, қиындығы аз ойындарының кіруі, шұғылданушыларда сценикалық (жағымды) эмоцияларын тудыруға әсер етеді. Бір әрекет түрінен басқасына ауысқаны, сайысу элементі, ойындағы еркін тандау әрекеті қарқынды демалыстан кейін қарқынды жаттықтыруды жалғастыру үшін «екінші демін» ашуға рұқсат ететін сияқты. Сабақтар үрдісінде ойындарды ақылмен қолданғанда, бұларға бүкіл жаттықтыру циклы бойынша қызығушылық сақталып тұрады. Қазақтың ұлттық ырықты ойындарында зейін және эмоционалды қалпын жоғарлату үшін, дәстүрлі түрде үлкен денелік күш салулар және өткір конфликт жоқ. Ойынды сабаққа кіргізу уақытын дәлме дәл анықтауы өте маңызды. Кейде ойын, жақсы көңіл-күйді сақтау үшін, жаттықтырудың дене қызығу бөлігіне және аяқ шеңіне қосылады. Бірақ ойынды сабақта жоспарлаусыз өткізу мүмкін. Ұсынылған мысалды ұлттық ырықты ойындары: «Тұйғындар мен қарлығаштар», «Түйілген орамал», «Ақсүйек» және басқалары әрине шұғылданушылардың назарын жинақтауға және сабақты жандандыруға көмектесетін ойын материалының бай арсеналын тауыстырмайды. Қайта жоғарыда айтылған ойындар көбінесе қандай да бір тапсырманы шешуге бағытталған (эмоционалдық тонусты, назарды жоғарлату және басқалар) және әрбір ойын көп немесе аз шамасында ойнаушыларға жиынтықтік әсер ететін туралы назарда ұстау қажет.
Оқыту әдісі,түрі,сабақтар режімі. Еңбек үрдістерінен шыққан сауықтар, яғни адамдардың тәжірибелік әрекетінен және ойындардың пайда болу туралы теориясы сөзсіз болып келеді. Ойындар халықтың еңбектік, рухани әрекетін және тұрмыстың көптеген жақтарын қамтыған, қайсына бұлардың көптігі көшпенділі ортада пайда болуы және көшпенділер-малшылардың материалдық мәдениетін және дүние көзқарас ерекшеліктерін көрсетіп аз деңгейінде емес әсер етті. Уақытымен, материалдық өмір қоғамының өзгеруімен, ойындардың мазмұны мен қалыптасуы өзгереді. Ойындар, сауықтар және дағдылар көмегімен жастарда ойдық және денелік қабілеттері өндірілетін, яғни олар өмірге керек болып қалуына үйренетін. Қоғамның шаруашылық әрекетімен байланысты ойындар ең кең функцияларын жасайтын (мысалы жамбы ату, аударыспақ, бәйге, қазақша күрес және басқа ойындары). Ойындардың бір бөлігі салт-дәстүрлік функциялы болатын, бірақ кейін бұлардың көбі өзінің алғашқы мағынасын жоғалтып, қайта туып дамыған (мысалы, көкпар, аламан бәйге). Бірақ осы алғашқы ойы қазақтың ойындарын басқа халық ойындарынан айрықша етеді. Ұлттық ойындар үйретуде мынадай әдіс-тәсілдер қолданылады: әңгімелеу, көрсету, түсіндіру, үйрету. Ең басты сабақты дұрыс ұйымдастыру, алға қойған мақсат пен міндетке жету.
Күтілетін нәтиже. Қазақтың ұлттық ырықты ойындарының барлық байлығының және оларды қолдануының ғасырлық дәстүрлердің, сонымен қатар ерекше бағалы ұлттық ырықты ойындардың қазіргі замандағы дене шынықтыру - спорттық жұмысын еңгізуінің ғылыми жазылуы және терең оқытуы керек. Ұлттық ойындар әр түрлі тарихи кезеңдерде халық тұрмысының және мәдениетінің нақты және объективті көрінісі болып келеді. Ұлттық ырықты ойындары дене тәрбиесінің құралы ретінде кең қолданады. Ұлттық ойынның тарихи қалыптасқан компоненттері (мазмұны, түрі және әдістемелік ерекшеліктері) оны дене тәрбиесінің эффективті құралдарының бірі сапасында қолдануға рұқсат береді. Бұл мұраны дұрыс қолдануы адамдардың қазіргі заманда өміріндегі өсіп келе жатқан ұрпақтардың, жастардың денелік және рухани тәрбиесін қолдайды және белсенді өмір жағдайларын қалыптастырады.
Ақбайпақ. Бұл ойын да «Айгөлек» секілді жасыл көгалдарда, алаңдарда ойналады. Ойнаушылардың саны неғұрлым көп болғаны дұрыс. Өйткені ойын өте қызықты өтеді. Жасына, жынысына қарамай ойнағысы келгендердің бәрі ойынға қатыса алады. Ойын ережесі: жиналғандар жүресінен дөңгелене отырады. Ал орталарына бір баланы көрсетпей жауып тастайды. Осы кезде інген ботасын іздеп боздап келген бетінде ойыншының иығына отыра кетеді. Сол сәтте ойыншы: - «Ақ иығымның үстіндегі кім?» – дейді. Інген: - «Ақбайпақ!» Ойыншы: - «Нең жоқ?» Інген: - «Ботам жоқ». Ойыншы: - «ботаң көлде бетін жуып жатыр». – орнынан тұрып 4-5 адымдай жерге барып келіп отырып кетеді. Екіншісіне барып отырады. Ол да солай: - «ботаң шөмшек теріп жүр»,- дейді. Келесі ойыншы: - «ботаң ұйықтап жатыр», - дейді. Келесі ойыншы: - «ботаң ұйықтап жатыр», - дейді. Осылайша барлық ойыншының иығына отырып болған кезде, ойнаушылар ботаны тастай беріп, әркім өзінің ботаға бергенін айтып, бірі: - «су бердім», екіншісі:- «бу бердім», үшіншісі: - «таяқ бердім», тағысы-тағы, солай деп… жан-жаққа бытырап қаша жөнеледі. Сонда ғана жаны тауып ботасын көрген інген енді кім не берді одан сұрай бастайды. Сөйтіп ботаның айтуымен оған жөдеп тамақ бермегендер, інгеннің әмірімен жазалана бастайды. Яғни, ән салып, би билейді, әйтеуір өнер көрсетеді. Осылайша інген мен ботаның рөлін басқа біреулер ойнайды.
Айгөлек. Қазақтың ұлттық ойындарының ішіндегі халық арасында ең көп таралғандарының бірі осы «Айгөлек» ойыны. Бұл ойынды жасыл желек атқан көктемде, күн ұясына отырып шілденің аптап ыстығы қайта бастаған жазда, тіпті салқын самалды қоңыр күзде де ашық алаңдарда ойнай беруге әбден болады. Ойынға жиналған жігіттер мен қыздардың саны неғұрлым көп болса, соғұрлым қызықты өтеді. Халық арасында кең тараған бұл ойынға балалар мен жасөспірімдер, жас жігіттер мен бойжеткендер де қатыса алады. Ойын ережесі: кешке жиналғандар өзара тең екі топқа бөлінеді. Олар қаз-қатар қол ұстасып, құлаштарын керіп, арасы бір-бірінен 15-20 қадам қарама-қарсы екі сызықтың бойында тізіліп тұрады. Екі жақтың ойыншылары орталарынан бір-бір жігіттен бөліп, ойын басқаруды соларға тапсырады. Содан соң бір топтың кезек алған ойыншылары барлығы бір дауыспен өлеңдетіп: Айгөлек-ау, айгөлек, Айдың жүзі дөңгелек. Теміршіден дем шығар, Үзеңгіден тер шығар Ақтерек пен көктерек Бізден саған кім керек? – десе, екінші топтың ойыншылары оларға былай жауап қайтарады: Айгөлек-ау, айгөлек, Айдың жүзі дөңгелек. Теміршіден дем шығар, Үзеңгіден тер шығар Ақтерек пен көктерек Бізге мұнда Бекбай керек. Осы аты аталған ойыншы жүгірген бетімен шақырған қарсы қатардағы ойыншылардың біреуінің арасынан келіп қолдарына бұзып өтуі керек. Егер бұзып өте алмай қалса, онда қарсы жақтың қатарында қалады, ал бұзып өткен жағдайда сол екі ойыншының қайсыны ұнатқанын өз тобына алып кері кетеді. Осылайша екі топтың біреуінің ойыншылары таусылғанша ойнай береді, болмаса белгіленген уақыт аралығында қай топтың ойыншылары көп болса, сол жағы жеңіске жетті деп есептелінеді.
Ақсерек-көксерек. Халық арасында айгөлек ойынының екінші түрін «Ақсерек-көксерек» деп атайды. Ел ішінде көп тараған бұл ойынды жасөспірімдер мен бозбалалар, жігіттер мен бойжеткендер ашық аспан астында ойнай береді. Ойын ережесі: ойнаушылардың өзара келісуі бойынша топ тең екіге бөлінеді. Әр топтағы жастар 20-30 адым қашықтыққа барып, қолдарын мықтап ұстап қарама-қарсы қатарға тұрады. Екі топтың да қатарының оң жақ басында топ басқарушылар тұрады. Өзара келісім бойынша топ басқарушылардың біреуі: - «ақсерек – көксерек, бізден сізге кім керек» – дейді. Екінші топ басқарушы: - «сізден бізге бәленше керек»,- деп кез келген бір ойыншының атын атап шақырады. Шақырылған ойыншының мақсаты сол, тұрған жерінен жүгіріп шыққаннан екпіндеп келіп ағынмен ұстасып тұрған екі қолды үзіп өтуі (қай жерде, қай қолды барып үзеді – еркі өзінде) керек. Егер үзіп өтіп кетсе, онда сол екі ойыншының қай көңіліне жаққанын өз тобына алып келеді. Ал қолды үзіп өте алмай қалса, онда барған тобында қалады. Қай топ өз қарсыластарын, өз тобына бұрын қосып алса, сол топтың ұтқаны. Сөйтіп өздері күні бұрын тағайындаған жүлдені алады. Осындай тәртіппен ойын жалғаса береді.
Ұшты-ұшты. Ойынды жастардың сауық кештерінде, көгалдарда, ашық алаңдарда ойнауға болады. Ойнаушылардың саны көп болса, ойын соншалықты қызықты өтеді. «Ұшты-ұшты» ойынына ересектермен қатар балалар да қатысса, қызықты өтеді. Ойын ережесі: бір жігіт ортаға шығып жиналғандарды дөңгелекте, не болмаса өзіне қаратып бір қатарға отырғызады. Содан кейін, ойынның ойналу тәртібін түсіндіреді. Сөйтіп ойынды бастайды (ойын жүргізуші өзіне барлық ойыншыны көріп тұратындай жағдай жасауы керек). Ойын жүргізуші – «ұшты-ұшты-ұшты, бөдене ұшты» деп қолын көтереді, сол кезде ойнаушылар тыңдап отырады да ұшатын затқа олар да қолдарын көтереді, ал ұшпайтын затты ұшты деп қолын көтерсе, ойын жүргізушімен бірге қолдарын көтерген ойнаушылар жаза тартады, ал ұшатын затты айтқанда, қолдарын көтермей қойса, онда да жаза тартады, сондықтан ойын жүргізушінің әр айтқан сөзіне өте сақ болу, қырағы болу қажет. Ойын жүргізуші ұшатын затпен ұшпайтын затты ұйқастырып айтып ойыншыларды ылғи да жаңылдырып отыруға тырысады. Тіпті көпшілікке таныс емес құстардың атын айтып та, ұшатын жәндіктердің атын айтып та, жаңылдыруға болады. Мысалы, «ұшты-ұшты кекілік ұшты, ізінше кекіл ұшты, қарға ұшты – сырға ұшты, көбелек ұшты – ебелек ұшты, тауық ұшты, уық ұшты, қаршыға ұшты – қанжыға ұшты» деп жалғаса береді. Алданған ойыншылардың жазасы сол, олар көпшіліктің ұйғаруымен өлең айтып, би билеп, домбыра тартады, тіпті болмаса мақал-мәтел, жаңылтпаш, тақпақ айтады. Алданушылар көбейген сайын ойын қыза түседі, ендеше ойын жүргізуші мен ойнаушылардың арасындағы бірін-бірі аңдушылық та күшейе түсіп, отырғандардың ішек-сілесі қатып күлкіге көміледі.
Орамал тастау. Ойын көгалдарда, үлкен бөлмелерде өткізіледі. Ойынға екі бүктеліп есілген орамал керек. Той-думанға, кешке келгендердің бәрі қатыса алады. Ойнаушылардың саны неғұрлым көп болса, ойын да соғұрлым қызықты өтеді. Ойын ережесі: ойнаушылар тең екі топқа бөлінеді де арасы 10 адымдай белгіленген екі сызықтың бойына қарама-қарсы қатарға тұрады. Ойын жүргізуші қолындағы орамалын бірінші топтың өз жағындағы шеткі ойыншыға береді. Ол өзінің қарсыласының біреуіне тастайды да «қа» – деп дауыстайды, ол қағып алып «ғаз» – дейді, болмаса «ла» – дейді. Сонда «қағаз», «қала», тағы басқа сөздер шығады. Айтылатын сөз екі буыннан ғана тұруы керек, мысалы: «са» - деп дауыстаса – «садақ», «сақа», «сабын», «сарын» сияқты сөздер айтылуы керек. Орамалды қағып алған ойыншы сол бірінші буынның сөзі шығатындай екінші буынын уақытында тауып айтылмай қалса, онда ортаға шығып өнер көрсетеді. Енді орамалды қарсыластар тобына өзі лақтырады. Осылайша ойнаушылар орамалды бір-біріне лақтырып, ойынды жалғастыра береді.
Атқаума. Ойынды 6 бала үш-үштен бөлініп ойнайды. Бір бала қолымен өзінің оң қолын білезігінен қысып ұстайды. Қарама-қарсы тұрған бала да сөйтеді. Содан кейін оң қолдарымен бірін-бірі сол қолдарынан ұстайды. Үшінші бала көзі таңулы күйінде екі баланың айқасқан алақанына отырады. Қолдасып ұстаған балалар: - «Атқаума, атқаума»,- деп қаумалай көтерген бойы мөлшерлі жерге дейін жетеді. Бір бала: - «Ақ сандық, көк сандық»,-дейді. Оған көзі таңулы бала: - «Көк сандық, көк сандық»,- деп жауап береді. - «Аспанда не бар?» - «Жұлдыз бар». - «Жерде не бар?» - «Құндыз бар?» Қаумалап келе жатқан балалар: «Бақа, бақа, балпақ, Басың неден жалпақ? Бұтың неден талтақ, Көзің неге тостақ?» Бұған көзі таңулы бала былай жауап береді: - «Темір телпек көп киіп, Басып содан жалпақ. Теуіп жауды қашырдым, Бұтым содан талтақ. Қарауылда көп тұрдым. Көзім содан тостақ!». Қаумалап тұрған екі бала: - «Мына жерде шөл бар, Мына жерде ел бар. Мына жерде көл бар»,- қолдарын ағытып жібереді. Отырған бала құлап түссе, айып тартады. Құламай тіке тұрып қалса, екі бала қайтадан көтеріп жүреді. Ойын осылайша әрі жалғаса береді.
Соқыртеке. Ойынға қатынасушылар жиылып, алқа-қотан тұрғаннан кейін, бір қыздың жас шыбық беріп, ортаға шығарады. Ол: «Қараңғыда көзім жоқ, Тиіп кетсе сөзім жоқ. Қайда кетсе қалқа жан, Жетектейтін өзің жоқ. Қолға түскен құтылмас, Қала бермек көзім боп», - деп таяғын өзі болжаған тықыр, дыбыс естілген жаққа қарай соза береді. Айнала тұрған ойнаушылар қашып жүріп: «Соқыр-соқырақ, Оң көзіңе топырақ. Топырағын алайын, Тотиятын салайын Саған бір ем табайын», -деп келіп, «соқыр текеге» тиіп қашып жүреді. Осылай ойнап жүргенде «соқыр текенің» қолына түскен ойнаушы ұтылады да, екеуі орын ауыстырады. «Соқыр теке» мен оны түрткілеп қашып жүрушілердің өрісін мөлшерлеп сызып қояды.
Мысық пен тышқан. Ойын кең алаңда, үлкен залда, клубта ойналады. Ойынға 10-нан 20 адамға, одан да көп ойыншы қатнысуға болады. Ойнаушылар дөңгелене қол ұстасып тұрады. Ойынға қатынасушылар өз араларынан екі адамды ортаға шығарып, оның бірін «тышқан», екіншісін «мысық» етіп белгілейді. «Тышқан» шеңбер ішінде қалады, ал «мысық» оның сыртында тышқанды аңдып жүреді, оны ұстауға тырысады. Ойнаушылардың міндеті – «мысық» «тышқанды» ұстаймын деген кезде ұстасқан қолдарымен оның жолын бөгеп, «тышқанды» ұстатпауға күш салу. «Мысық» қапылыста ішке кіріп кетсе, «тышқанды» сыртқа шығарып, «мысықты» ұстап қалу керек. Егер «мысық» сыртқа шыға қалса, онда «тышқанды» ішке кіргізіп, «мысықты» сыртта қалдырады. Осылайша бірін-бірі қуып жүріп «мысық» «тышқанды» ұстайды. Ұстаған бойда «тышқан» ролінде ойнаған ойыншының орнына басқа бір адамды шығарады. Ал «мысық» болып ойнаушы да өз орнына басқа ойнаушыны ұсынып, топқа қосылады. Ойынды осы тәртіппен ойнай беруге болады. «Мысықтың» жолын бөгегенде, оның киімінен ұстап немесе итеруге болмайды, тек ұстасқан қолдарын жоғары көтеріп, не төмен түсіріп тұрады.
Қап киіп жарысу. Ойын көгалды жазық далада, клуб немесе дене шынықтыру залдарында өткізіледі. Ойын ашық алаңда өткізілгенде оған қатынасушылар 50м-дей жерден сөре жасайды. Ойын залдарда өтетін болса, сөре оның мүмкіншілігіне қарай жасалады. Жарысатын жердің ені бір жарым метрдей болады және 4-5 қатар жолақ жол созылып қойылады. Жолдың қақ ортасына жарысатын адамдардың санына сәйкес етіп кенеп қаптың аузын ашып қою керек. Ойын басқарушының командасы бойынша сызықтың бірінші басында қатарласып тұрған ойнаушылар жарысып жүгіре бастайды. Жолында жатқан қапқа жетуімен, екі аяғын оның ішіне тығып, тез киіп, екі қолымен жоғары көтеріп, ілгері секіріп жарыса береді. Мұндағы мақсат – сызықтың екінші басына алдымен жету. Осы тәртіппен ойын қайталана береді. Оған барлық талапкерлер кезектесіп қатынасады. Бұл ойын әр түрлі тәптіппен өткізілуі де мүмкін. Бұл ұсынып отырылған ойынның ең онай түрі.
Тартыс. Ойын жасыл алаңда, спортзалда (маттарда немесе кілемде) өткізіледі. Саны 4-тен бастап 30-ға дейін жететін ұлдар, жасөспірімдер мен бозбалалар ойнайды. Ойнаушылар тең күштері бойынша екі құрамаға бөлініп, жұптасып тұрады. Әрбір құраманың бірінші жұптарында “жоғарғысы” өз серіктесінің арқасына отырады. Белгі бойынша жұптар бір-біріне жақындайды және «жоғарғылар» бір-бірін құлата бастайды. Ойнаушылардың біреуі денесінің әрбір бөлігімен жерге тигізсе, онда бұл жұпқа ұтылыс саналады. Бірінші жұптардан кейін екінші жұптар және т.б. күреседі.
Арқан тартыс. 8-10 метр ұзындығы мықты арқанды алады. Арқан ортасынан орамалды байлайды. Осы орамалдан бастап 1-1,5м қашықтықта екі жаққа да жылжып орамалдар байлайды. Ойнаушылар екі топқа (10-15 адамнан) бөлінеді. Бөліну реті осындай: ойнаушылар бой ұзындығы бойынша қатарға тұрады, кейін жүргізушінің белгісі бойынша оң жақтан бастап сол жаққа қарай саналады, жұп сандылар орында қалады, ал тақ сандылар алға шығады, сонымен екі құрама болып шығады. Қатысушылардың саны 10-нан кем болмау керек. Алдын ала жерде немесе едеңде түзу көлденең сызығын жасайды. Арқанның ортасындағы орамал байланған жерін осы сызықпен сәйкес келу керектей тартып қояды. Кейін, екі топтың ойнаушылары орамал ортасынан бірдей қашықтықта байланған жерден бастап, арқанды қолға алады. Жүргізушінің белгісі бойынша екі жақ арқанды өзіне қарай тартады. Арқанды аз жағына қарай тартып алуы ойын тапсырмасы болып келеді. Ойын аяғында ұтылғандар жеңімпаздардың алдында ән айтып билеу керек.
Сақина салу. Ойында саны 10-ға жететін оқушылар қатысады. Қатысушылар шеңбер бойынша қатарға отырады. Алақандарын бір-біріне қысып, қолдарын алдында, тізе үстінде ұстайды. Жүргізуші (жіребе бойынша) шеңбер ортасында тұрып, өз алақандар арасында сақинаны (тиынды) салып, өз алақандарымен сақинаны олардың алақандарын ашып салған сияқты боп, солай бүкіл қатысушыларды өтеді. Сақинаны біреуге салып, ол бірнеше қадамға артқа қарай кетіп: “қайда менім сақинам?” – деп айтады. Сұрақты естіген соң, сақинаның иесі тұру керек. Оң жақта отырған көршінің тапсырмасы оны (сақина иесін) ұстау керек. Егер сақинаға ие болып жүрген ойнаушыны көршісі ұстай алмаса, онда көршісін жазалайды, ал егер сақина иесі тұра алмаса, онда оны өзің жазалайды. Жаза әр түрлі болуы мүмкін: жеңімпазды арқасына отырғызып жүріп келу, бір аяқпен секіру, билеу, ән айту және т.б. Жазаланған тапсырманы жасағаннан кейін жүргізуші болады және ойын жалғаса береді.
Түйілген орамал. Ойынға мектеп жасындағы балалар қатысады. Бұл үшін ортасынан байланған ақ орамал керек. Ойын жазылуы. Қатысушылар шеңберге тұрады. Ойынды басқарушы немесе жүргізуші бастайды. Шеңбер ішінде орналасып, ол орамалды әркез ойнаушаға лақтырады және өзі сонын артынан қуалайды. Орамалды ұстағаннан кейін, ойнаушы орамалды басқарушы (жүргізуші) ұстап алмастай басқа ойнаушыға жылдам беру керек. Ойнаушылар орамалды әр уақытта бір-біріне бере береді. Орамалды жіберіп алған жүргізуші болады. Жүргізуші орамалды өзі ұстап алып, жаңа жүргізушіні қоя алады. Ойын біткеннен соң орамалды бір ретте түсірмеген ең жақсы ойнаушылар белгіленеді. Ережелер: 1. ойнаушылар орамалды тек үстінен ғана береді. Бұл ережені бұзған жүргізушімен рөлімен ауысады.
- орамалды берген кезде ойнаушылар шеңберден шықпау керек, содықтан оны белгілеп қою керек.
- орамалды лақтыруға да болады. Егер жүргізуші ұстап алса, онда оның орнына кім лақтырды, сол барады.
Бестас. Ойын, еңбек құралдары ағаш, тас, сүйектер қызмет еткен уақытында Қазақстан аумағында көшпенділі тайпалар арасында кең тараған. Бұл үлкендердің ең басты сауығы болды. Қазақстанның көптеген облыстарында ойын үйлену той дәстүріне кіретін. Егер күйеу жігіт жағынан ойнаушы жеңіске жететін болса, онда келің үшін қалындықты бермейтін, ал егер келің жақтағы өкілі жеңіске жетсе, онда күйеу жігіт қалындық төлейді. Осы ойынның бірнеше варианттары бар. Қазіргі уақытта жастар арасында кең таралғаны төменде айтылады. Ойын далада, бөлмеде, спортзалында өткізіледі. Қатысушылар саны 5 адамға дейін жетеді. Осы үшін 5 домалақ тас (асықтар) керек. Ойын жазылуы. Ойынға қатысу кезегі жеребімен анықталады. Барлығы шеңбер бойынша орналасады. Ойынды бірінші бастайды және ережені бұзбағанша дейін ойнай береді. Сосың ойынға екінші кіріседі, кейін үшінші және т.б.. Бәрі бір қолмен ойнайды. Бірінші әрекет. Ойнаушы едеңге 5 тасты лақтырады, біреуін тандап оны бір қолмен жоғары лақтырады және осы лақтырған қолмен едеңде жатқан бір тасты қолға алып, алдын ала лақтырылған тасты лақтырған қолмен ұстап алады, яғни бір алақанда екі тас болады. Едеңнен алынған тасты жеке қояды. Сосың қайтадан бір тас жоғары лақтырылады және екінші, кейін үшінші және төртінші едеңде жатқан тастарды дәл солай бір қолмен жинап алады. Екінші әрекет. Тастар жанжаққа лақтырылады. Бір тас жоғары лақтырылады, едеңнен лақтырылған қолмен енді екі тас көтеріледі және осы лақтырған қолмен лақтырылған тасты ұстайды. Сосың келесі екі тас осылай едеңнен көтеріледі. Үшінші әрекет. Тастар жанжаққа лақтырылады. Біреуі жоғары лақтырылады, енді едеңнен үш тас көтеріледі. Екіншеде қалған бір тас көтеріледі. Төртінші әрекет. Бүкіл тастар қолда. Біреуі жоғары лақтырылады, қалғандары едеңге қойылады, ал лақтырылған тас қолға ұсталынады. Кейін біреуі жоғары лақтырылады, едеңнен төрт тас көтеріледі және лақтырылған тас ұсталынады. Бесінші әрекет. Бір тас жоғары лақтырылады, қалған төрт тас қолда болады. Ойнаушы лақтырылған тасты ұстағанша, көрсету саусағымен 3 рет немесе 5 рет (келісім бойынша) едеңге тигізеді. Алтыншы әрекет. Төрт тас тік төртбұрыш бұрыштары бойынша (20х20см жақын) орнатылады. Біреуін жоғары лақтырып жіберіп, ойнаушы бүкіл жердегі тастарды жинап алып, лақтырылған тасты лақтырған қолмен ұстап алу керек. Жетінші әрекет. Тастар жанжаққа лақтырылады. Біреуі жоғары лақтырылады, қалғандары бір-бірден, басқа қолдын алақанына жиналады және лақтырылған тас лақтырған қолмен ұсталынады. Сегізінші әрекет. Тастар жанжаққа лақтырылады. Біреуі жоғары лақтырылады, бір тас едеңнен көтеріледі және лақтырылған тас ұсталынады. Ойнаушының қолында екі тас болады. Біреуін ойнаушы жоғары лақтырады, ал екіншісін едеңде жатқанымен ауыстырады және лақтырылған тасты ұстап алады. Осылай лақтырып, ол тастарды бір жерге жинайды. Ақырғы тасты лақтырып ұстаумен төрт тасты қолға жинайды. Тоғызыншы әрекет. Бірінші әрекет жасалынады, бірақ лақтырылған тасты ұстаған кезде қалғандары бір-біріне соғылмау керек. Оныншы әрекет. Бірінші әрекет жасалынады, бірақ лақтырылған тасты ұстаған кезде ол едеңнен тасқа соғылу керек. Он бірінші әрекет. Сол жақ қолмен үлкен және ортаңғы саусақтарға тіреліп ойнаушы арықты жасаған сияқты. Оң жақ қолмен сол жақ қол арқылы тастарды лақтырады. Біреуін тандап, сол жақ қол арқылы жоғары лақтырады, сосың «арық» арқылы өткізеді. Осы әрекетте ереже бар: ойнаушы лақтырылған тастан басқа тағы бір – «үлкен» («нәби») тасты тандайды. Бұл ең алыс немесе ең жақын тас болуы мүмкін, бұл туралы ойын алдында келіседі. Ол «арықтан» ең соңғы болып өткізіледі. Он екінші әрекет. Алдынғы бүкіл әрекеттерді бітіріп, ойнаушы өзіне екі әдіспен ұпайлар қосады. Бірінші әдіс: бес тасты жоғары лақтырады, сосың оларды алақан сыртымен ұстайды, тағы да бір рет лақтырады және оларды үстінен ұстайды. Әрбір тас 10 ұпайға бағаланады. Егер ойнаушы бүкіл бес тасты ұстаса, онда ол елу ұпай алады. Екінші әдіс: ойнаушы қолын сыртқа шығарып, бүкіл тастарды жоғары лақтырады, сосың алақанын ашып, оларды астынан ұстайды. Әрбір тас үшін 10 ұпай алады. Ережелер: ойнаушылар тастарды едеңнен алған кезде, басқа тастарды қолмен тигізбеу керек. Егер ереже бұзылса, ойынды келесі ойнаушы жалғастырады. Әрқашан ойнаушы қай жерде қателесті, сол жерден ойынды жалғастырады.
Жауынгерлі әтештер. Жерде диаметрі 2м шеңбер сызылады және екі құрама саппен бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Капитандары тағайындалады, қайсылары шеңберге өзінің ойнаушысын жібереді. Әрқайсысы бір аяғын бүгеді, қолдарын арқасына қарай бүгіп қояды және белгі бойынша сайыс қатысушылары бір-бірін екінші аяққа тұрмауға тырысып иықпен және денесімен шеңберден итере бастайды. Қолдарын арқа жағынан алуға болмайды. Бүкілі әтештер рөлінде болғанша ойын жалғаса береді, капитандар ақырғы сайысады. Қай құрамада жеңіске жеткендер көп болса, сол жеңімпаз аталады. Егер екі ойнаушы (жұптағы) шеңбер сыртында болып қалса, онда сайыс тең деп аяқталады. «Ордағы қасқыр» Алаң ортасында ұзындығы 10 және иені 1м бейнеленген қасқыр шұңқырын сызады. Ойынға қатысушылардың үштен бір бөлігі шұңқырда тығылып қасқырларды бейнелейді. Қалғандары алаңның бір жағында жиналады. Бұлар «қозылар» мен «лақтар». Жүргізушінің белгісі бойынша олар қасқыр шұңқырын секіріп, алаңның басқа жағына өтеді. Осы уақытта «қасқырлар», «қозылар» мен «лақтарды» ұстап алуға тырысады. Ойын шарты бойынша «қасқырлар» шұңқыр сызығынан шығуға болмайды. Ал «қозылар» мен «лақтар» бұл сызықты баспау керек, сонымен қатар шұңқырды әрине басуға болмайды. Егер басып кетсе, ұсталынған болып саналады. «Қасқырлар» мен «қозылар», «лақтар» саны теңелсе, ойын тоқтатылады және шұңқырға ойнаушылардың басқа үштен бір бөлігі тығылады, сосың «қасқыр» рөлін ақырғы той ойнатады. «Білек сыңасу» Бір қол белде, басқасы шыңтақ буынында бүгілген, үстел үстінде қарсыластын қолын алақанынан ұстап, вертикалды тұрған қалпынан, бұйрық бойынша қарсыластын қолын үстелге жатқызу керек. Құралдар: қазақ үстелі, шыңтақ астына жастық, едеңге көрпе.
Пайдаланған әдебиеттер
- Төтенаев А. Г. Қазақтың ұлттық ырықты және спорттық ойындары. – Алматы, 1995. – 83 б.
- Кедрина Т. Я., Гелазония П. И. Большая книга игр и развлечений для детей и родителей. – М. : Педагогика-пресс, 1992. – 68 б.
- Клещев Ю. Н. Спортивные игры : учебное пособие для ВУЗов. – М. : Высшая школа, 2000. – 142 б.
- Клещев Ю. Н. Игры народов СССР. – М., 2000. – 75 б.
- Коротков И. М. Подвижные игры во дворе. – М. : Знание, 1990. – 97 б.
- Қозыбаева М. К., Левшин А. И. Описание казахско-киргизских орд и степей. – Алматы : «Санат», 1996. – 153 б.
- Ляха В. И. Физическое воспитание учащихся. – М., 2001. – 98 б.
- Наурыз : жаңарған сал-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар. – Алматы : РИК, 1996. – 40 б.
- Подвижные игры : учебное пособие для инвалидов. – М. : Физическая культура и спорт, 1990. – 208 б.
- Салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрып. – Алматы : РИК, 1996. – 40 б.
- Спорттық Қазақстан. – Алматы : Қазақстан, 1990. – 260 б.
- Харабуги Л. М. Теория и методика физического воспитания. – М., 1991. – 158 б.