Қазақ тілі сабақтарындағы тіл дамыту жұмыстарының маңызы [Казахский язык]

Автор статьи : Динара М.
Организация : Экономика және ақпараттық технологиялар колледжі
Должность : Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы
Дата : 18.01.2017
Номер журнала : 02-08-2017

     Тіл ғасырлар бойы ата – бабамызбен бірге жасасып келеді. Тіл қатынас құралы болудан айрылған жұрт ұлт болудан қалады. Бұны адамзат тарихы дәлелдеген. Тілдің құдіреті оның міндетті қызметінде. «Қазақ тілі еш уақытта өзімен көршілес халықтың тілдерінен сорлы болып, қатардан қалып өмір сүрмегендігі, өз сыбағасын ешкімге жібермегендігі мыңдаған жыл тарихында айқындалған» - деп Б.Момышұлы ағамыз айтқандай, ана тіліміздің қолданылу аясының тым тар шеңберде қалып қоймауы үшін, өзге тілдерге сорлы болмауы үшін бәріміз де тіл мәселесіне бей – жай қарамауымыз керек. Қазіргі таңдағы әлеуметтік жағдайларды ескере отырып, жеке тұлғаны қалыптастыруда білім мен тәрбие ұштасқан тұста ғана оқу үрдісі нәтижелі болады. Жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеуде ұлттық санасын оятып, тілін дамытып және білім беруді тиімді әдістемемен жандандыра түсіп дамыта оқу керектігі туындап отыр. Оқушының тілін дамыту – қазіргі кезде оқу – тәрбие ісіндегі басты мәселе. Біздің елімізде қазақ тілі мемлекеттік тіл. Соған орай оқу орыс тілінде жүретін дәрісханаларында егемендік еліміздің мемлекеттік тілі – қазақ тілін оқыту өмірлік зор маңызға ие. Орыс дәрісханаларындағы қазақ тілі сабағының білімдік дәрежесі бүтіндей басқа. Өйткені, орыс топтарындағы қазақ тілін оқытудың әдісі де, оған қойылатын талаптары да өзгеше. Мақсаты-оқушыларды қазақша сөйлей білуге үйрету болады да, сол сөздерден сөйлем құрау үшін грамматикалық ережелер, анықтамалар сөз үйретудің техникасы ретінде қарастырылады. Қазақ тілін нәтижелі үйрену үшін оның оқыту әдістемесін жетілдіре түсіну – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін маңызды мәселесі. Міне, заманымыздың тілек – талабы білім мазмұнын жаңартумен бірге, оны өмір мұқтажына орай дамытып, оқытудың жаңаша әдіс – тәсілдерін қолданудың мүмкіндіктерін арттыруды күн тәртібіне қойып отыр. Осындай мәні мен маңызы зор өзекті мәселелердің бірі – оқушылардың тілін дамыту процесі. Себебі оқушылардың берілген білімді саналы түрде ұғынып, ойының дәлдігі, өмірге көзқарасының қалыптасуы, өз бетінше білім алуға дайындығы, басқа ғылым негіздерін меңгеру нәтижелері ана тілінде сөйлеу деңгейіне байланысты. Сондықтан да оқыту процесі нәтижелі болу үшін оқушыларға ана тіліміздің қыр – сырын ауызша сөйлеу тілінде де, жазу мәдениетінде де ерекше ұғындыруымыз қажет – ақ. Оқытушы сабақты дұрыс жоспарлап, мақсатын нақты белгілеп алмайынша дегеніне жете алмайды. Сабақтың мазмұнын, құрылысын, дәлдігін, жұмыс жүргізу тәсілін мұқият ойластыруы қажет. Сабақты жоспарлауға қандай негізгі талаптар қойылады. Олардың жобасы төмендегідей: - Оқушылардың сабаққа бар зейінін аударып және ықыласпен, ынта-жігермен тыңдауын ұйымдастыру. - Сабақтың тақырыбына сай мақсатын нақтылай білу. - Оқытушының тақырыпты терең және жан-жақты меңгеруі. - Мұғалімнің материалды жеткізу шеберлігі, сезімі,тиімді әдіс-тәсілдері. - Көрнекі құралдардың нақтылығы, әсерлігі, мазмұндылығы. - Мысалдардың өмірмен байланыстылығы, баланы ойлантуға, сөйлетуге, тәрбиелеуге ықпалы. - Топпен, жеке оқушымен жұмыстың жандылығы, әртүрлігі. - Студентке теориялық жағынан меңгергенін іс-тәжірибеде, күнделікті сабақта қолдана алуы. - Студенттердің алдына проблема қойып, оны ізденіске бастау. - Сабақты басқа пәндермен, өнер салаларымен үйлесіміне, ұқсастығына қарай түрлендіру. - Студенттердің шығармашылық белсенділігін арттыратын өз бетінше жұмыс беру. - Бағалау, оның тәрбиелік мәні. - Үй тапсырмасы уақытында түсіндіріп, үлгісін беру. - Осылардың ең бастысы-сабақтың жүйелігі. Оқытушының іскерлік сапасына төмендегідей талап-міндеттер қойылады: - Сабақтың мақсаты айқын болуы. - Материалды жан-жақты әрі түсінікті баяндауы. - Басты мәселені бөле көрсетуі. - Аудиторияны пәнге қызықтыру. - Мәселе қозғап, пікір-сайыс туғыза білу. - Баяндау тәсілі жүйелі әрі қисынды болуы. - Сөйлеу мәдениетінің тартымдылығы, сөздерді анық айтуы. - Алған материалдардың өмірмен байланысты, әрі тәрбиелік мәнінің маңызды болуы. - Студенттерге еркін жұмыс істетуі. - Сабақта дидактикалық материалдардың жеткіліктілігі. - Көрнекі құралдардың барлығы. - Техникалық құралдар қолданылуы. - Үйге тапсырма уақтылы, әрі дұрыс берілуі. - Студенттермен жеке жұмыстар жүргізілуі. - Студенттердің қателері дер кезінде түзетіліп отыруы. - Бағалау нормалары сақталып, әділ бағалануы. Сабақты жоспарлағанда оқыту, үйрету, тәрбиелеу, дамыту шарттарын ескеруіміз керек. 1. Оқыту, яғни білім беру мақсаты. Ғылыми-теориялық жағынан не айтуға тиіспіз. Ол қандай мөлшерде,қалай қабылдату керек. 2. Үйрету. Осы білгенін студент практикада қолдана ала ма. Ережеге байланысты тапсырманы студент қиналмай орындауы керек. 3. Тәрбиелеу. Ендігі бір жауапты кезең–тәрбиелеу, екінші әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы студенттерді көптеген қасиеттерге, имандылыққа, шеберлікке, еңбекке, тапқырлыққа тәрбиелеу. 4. Дамыту студенттердің логикалық ойлауын қамтамасыз ету. Ой-өрісін шындай отырып,өмірге көзқарасын қалыптастыру. Бойындағы өнерін танып, бағыт-бағдар беру. Ғылымға қызықтыру. Студентке беретін тапсырмаларда дәлелдейтін, түсіндіретін, пікірмен келісетін, келіспейтін, ұсыныс енгізетін, сын көзбен қарайтын, бір сөзбен айтқанда, баланы жан-жақты ойландыратын жұмыстар болуы керек. Сөйлеуге және дұрыс жазуға үйрету – бір-бірімен тығыз байланысты процесс. Бірақ сөйлеуге үйрету әрдайым жазуға үйрету процесінің алдында келетіні ескеруіміз қажет. Тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыру – оқушылардың ойлау қабілеті мен сауаттылығын арттырады. Бұл жұмысқа төмендегідей талаптар қойылады: оқушыларға әдеби тіл нормасын игерту. сөздерді орфоэпиялық нормаға сай айтқызу. оқушының сөздік қорын молайту. сөздерді өзара дұрыс байланыстырып, ойды жүйелеп айтуға үйрету. Тілі жақсы дамыған оқушы ойын дәл жеткізеді, оқуды да ойдағыдай меңгереді. Тіл дамыту – ой дамыту. Тіл – ойлау құралы. Белгілі педагог К.Д.Ушинский оқушының ана тілінің білім алуда басты құрал екендігін айта келіп «Өзінің ана тілінің мазмұнын, мағынасын жете түсінбеген, оны ауызша және жазбаша сөйлеу дағдысында дұрыс мәнінде қолдана алмаған баланың басқа пәндерді дұрыс түсінуіне қабілеті жете бермейді, бұл оның бүкіл өміріне зияның тигізеді» деген еді. (К.Д.Ушинский. Человек как предмет воспитания, т.v, 1949. стр.13). Тіл дамыту барысында жаңа сөздермен өткізілетін жұмыс арқылы өтетіні белгілі. Қазақ тілін үйрену барысында ауызекі тілде сөйлеуді меңгеруге қандай көңіл бөлсек, жазба тілді дамытуға сондай көңіл бөлуіміз керек. Себебі қазір республикамызда іс қағаздарының қазақ тілінде жүргізілуіне үлкен мән берілуде. Міне, сондықтан да біз күнделікті сабақ барысында оқушылардың тек сөйлеу дағдысын дамытуға ғана көңіл қоймай, сонымен бірге олардың сауатты жазуға үйренуіне жағдай жасаймыз. Осы мақсатта жүргізілетін жұмысымыз 2 кезеңге бөлінеді: Жазба жұмыстарының алғашқы немесе бастапқы кезеңі. Жазба жұмыстарының арнайы немесе негізгі кезеңі. Жазбаша сауаттылықты дамыту барысында негізгі орын мазмұндама мен шығармаға беріледі. Негізінде жұмыстың бұл түрлерін сабақтың басынан бастап қолданған тиімді. Жазба жұмыстарының нәтижелі болуы олардың алдыңда өткізіліп отыратын мынадай дайындық процесіне байланысты: Әр түрлі жаттығулар орындау; Сөйлем элементтерін ауыстыруға арналған жаттығулар; Берілген үлгі бойынша жаңа сөйлем құрау; Диалог құру; Монолог құру; Шағын көлемді мәтін мазмұнын айтып беру; Сурет бойынша әртүрлі жұмыс жүргізу; Сұрақ – жауап жаттығуларын орындау. Оқушылардың жазба тілін дамытуда, сөздерді байланыстырып сөйлем құрастыруда алуан түрлі мазмұндама, шығарма жазу жұмыстары басты тілдік материалдар болып саналады. Осы жазу жұмыстарына байланысты көңіл бөліп ескеретін жайт, оқушылардың мазмұндама мен шығарма жұмыстарына дайындалу және жазу орындарына мынадай түрлерге бөлуімізге болады: а) сыныпта; ә) үйде; б) сыныпта-үйде; в) үйде-сыныпта. Қазақ тілін оқытуда ұйымдастыру процесінде мазмұндама мен шығарма жұмыстарын осылай топтастырудың маңыздылығы жоғары. Бұл ең алдымен, оқушылардың жазу жұмыстарына дайындықтарын белгілі оқу кезеңдеріне бөліп – бөліп орындауларына мүмкіндік береді. Тіл ұстарту сабақтарының табысты болуы көбінесе мұғалімдердің сыныпта және оқыту әдістемесімен айқындалады. Сонымен бірге тіл ұстарту сабақтары оқушылардың шығармашылық дамуына мүмкіндік туғызып, төмендегідей дағдыларды қалыптастырады: өз ойын, пікірін жеткізе білу; байқампаздығын дамыту; құбылыстарды шынайы бағалай білу; ой өрісін, ұғымын кеңейту; ізденгіштікке ұмтылуы; «өз сөзін» айту мүмкіндігін қалыптастыру; толық фантазиялық еркіндігі; орфографиялық сауаттылықты нығайту. Тіл үйрену, тіл ұстарту адамның ойлау қабілетімен тығыз байланысты. Ойлау қабілетін дамытудың негізгі әдістерінің бірі жаттығу жұмыстарын тиімді ұйымдастыру болып табылады. Жаттығулар екі топқа бөлінеді: 1. Тілдік жаттығулар, 2. Сөйлеу жаттығулары. Екінші тілді үйрету ісінде сөйлеу жаттығуларының атқаратын рөлі зор. Әдетте сөйлеу жаттығуларына сөйлем құрастыру, мәтінмен жұмыс істеу, деңгейлік тапсырмалар беру, мазмұндама, шығарма жаздыру, сұхбат құрастыру, т.б. жатады. Мәтінмен жұмыс істеу. Сабақ барысында оқушылардың сөйлеген сөздерінде жиі кездесетін кемшіліктерге көңіл бөлсек, баланың сабақ үстінде айтайын деген ойын анық жеткізе алмауы, яғни мәтінге байланысты мазмұнын айтуда бір деректі айтып бітпей жатып басқасына ауысып кетуі немесе керексіз сөзді орынсыз қолдануы (мысалы: жаңағы, сосын, яғни, сөйтіп, т.б.) сияқты ауызша сөйлеу тіліндегі қателарді көптеп кездестіреміз. Байқалған кемшіліктерді ескере отырып, оқушының ойлау мен сөйлеу дағдыларын жетілдіру жолдарындағы ізденістерде оның «тірі тіл» неғұрлым түсінікті, жинақты, нақты болғанын талап теіп, өз ойын дәл айтуын қадағалап отыру керек. Оқушының оқуға деген ынта ықыласын, қызығушылығын жойып алмау мақсатында кез – келген тапсырманы берер кезде: БІРІНШІДЕН, оның оқушы ұғымына сәйкес, түсінікті болуын ескеру. Себебі, «оқушының түсінбей қалған сөзі – топастықтың алғашқы бастамасы» деген нақыл сөз бар. Мысалы: калькуляторда бір сан қате болса, сол санмен орындалған есептеу әрекетінің нәтижесі де әрқашан қате болып шығады. Міне, тап осы сияқты оқушының түсінбеген сөзге қате мағына немесе балама тауып, нәтижесінде сөйлемді қате түсінуі жиі кездеседі. (Мысалы: ағашты аралау – сөздің кесу деген мағынасын, көшені аралау – жүру деген мағынасымен шатастырады). ЕКІНШІДЕН, берілетін тапсырманың тәрбиелік мәніне көбірек көңіл бөлу. ҮШІНШІДЕН, қандай да болсын берілген тапсырма оқушы қызығушылығын оятатындай деңгейде болу керек. Егер оқушы бір нәрсеге қызықса, онда оның табиғатына білсем, білгенімді айтсам деген талпынысы күшейе түседі де, сөйлеуге деген қажеттілік туады. Жоғарыда жазылған ой қорытындыларына сүйене отырып, оқушының ауызша сөйлеу тілін дамыту жолдарын мұғалімдерге іздестіру қажет. Тіл дамыту жұмыстарындағы пәнаралық байланыс Мектептегі тіл дамыту жұмыстарының ең тиімді жолдары пәнаралық байланысқа иек арту болып табылады. Соның ішінде әдебиет пәні мен қазақ тілі пәндеріндегі тіл дамыту жұмыстарын жеке дара қарастырмай, үнемі, жие түрде, бірлікте, бір мақсатта жүргізіп отырған нәтижелі, жемісті болмақ. Тіл байлығының ұғымы кең. Ал қазақ тілі мен әдебитіндегі тіл дамыту жұмыстарын мынандай мақсаттар негізінде жүргізуге болады: аз сөзге терең мағына сыйғызу (нақтылық, дәлдік); ойын бейнелі, көркем айшықты да шешен оралымдарды пайдалана отырып жеткізу (ауызша да, жазбаша да); ауызекі сөйлеу тіліндегі мәнерлілік, айқындық, нақтылық, дәлдік, жүйелілік, еркіндік; жазба тілдеріндегі жатықтық, сөздерді түрлендіре пайдалану, шешендік сауаттылық, жазу мәдениетіне қойылатын талаптарды меігеру; көркем әдебиеттен алған білімдерін қазақ тілі сабақтарында, қазақ тілінен алған білімдерін әдебиетте пайдалана білу. Пәнаралық байланыстар арқылы мынандай жазба жұмыстарын жүргізіп, тіл дамыту технологиясын жетілдіруге болады. Шығарма арқылы тіл дамыту Шығарма – суреттеме Басты белгілері Өнер түрлерінің туындыларына (бейнелеу, сәулет, т.б.), табиғат, қала, ауыл көріністеріне жазылады. Негізгі талаптар: шағын, тұжырымды көркем тілмен жазылу. Ең бастысы – көріністі бейнелі сөзбен дәл бере білу. Шығарма – суреттемені шығарма сипаттаудан ажырата білген жөн. Суреттеменің басты белгісі – көрініс, суретті бейнелі сөзбен дәл көрсету болып табылады. ШС жазғызу бұрыннан да бар. Бірақ, қазіргі технология талаптарын басшылыққа алу керек, яғни суреттеме жазғыза отырып білімнен түсінік, түсініктен қолдану, қолданудан анализ, анализден синтез, синтезден оқушының өзіндік бағалауынадейін білім деңгейлерін шығармашылық деңгейге дейін сатылай көтеруді мақсат ету. Шығарма – рецензия (талдау) Рецензия – латынша бағалау ШР-ның бір түрі – оқыған көркем шығармаларына талдау жазу (сын да, жақсы пікір де). Дегенмен, рецензия жұмысына баулу, оқушының оқыған шығармаларына деген өзіндік пікірін қалыптастыруға түрткі жасау өте дұрыс. Өз көзқарасы бар, тілі дамыған шығармашылық тұлға қалыптастыруда бұл жұмыстың маңызы ерекше. Екінші түрі - өздері жазған шығармаларын бір – біріне оқытып, тексертіп, сол бойынша рецензия жазғызу (ауызша да орындатуға болады). Қазақ тілі: Есімше. Әдебиет: Абай өлеңі («Құлақтан кіріп, бойды алар») Шығарма – рецензия мақсаты: Абайдың («Құлақтан кіріп, бойды алар» өлеңіндегі есімшелер мен көсемшелердің орнын саралау. Көмек нұсқау Абайдың ән мен күйге, әнші мен тыңдаушығақояр талабына өз пікіріңді білдір (әдебиет оқулығындағы сұрақтарға қара). Есімшелерді, көсемшелерді теріп алып, олардың өлеңдегі орнын саралауға тырыс, өзің олардың қайсысың қалай өзгертер едің? Мысалы: Абай «Дүние ойдан шығады» дейді. Шығады деген етістікті ұшады деген етістікпен ауыстыруға болатын сияқты. . . . Ұжымдық оқу технологиясын пайдалана отырып, жұптық, топтық жұмыстар арқылы бір – бірінің жазған шығармасын, тіпті осы рецензиясын талдауларына болады. Бұл жұмыс ауызша да, жазбаша да орындалады. Жұмыс соңында рецензия жазылады. Шығарма – аннотация Аннотация – (латынша – ескерту) көркем шығармаға қысқаша тұжырым жасау. Басты мақсат – кітаптың не туралы жазылғанынан хабар беру, оқырмандарды қызықтыру. Аннотация үлгісі кітап авторы, аты ол туралы басқа да мәліметтер қысқаша тұжырымдама кітапқа баға, пікір беру ұсыныстар, т.б. ША-ны сыныптан тыс оқып жүрген шығармаларына жазғызу тиімді. Аннотация сол көркем шығарманы еске сақтауда пайдалы болып келеді. Әдебиет: С.Торайғыров «Мен - қазақ» өлеңіндегі зат есімдер. Көмек – нұсқау. Ең алдымен өлеңде қандай мәселелер көтерілген, соны жаз. Сондай – ақ әр шумақта не айтылады, соған тоқтал. Ақынның өз пікірі, жүрек соғысы қай шумақта қалай көрінеді, соны ажырата біл. Зат есімдерді теріп ал. Аннотацияларда соны пайдалан. Ескерту. Аннотация рецензия – талдау емес. Оның мақсаты көркем туындыда не айтылады, соны түсіне білу екенін ұмытпа. Мазмұндама дегеніміз – белгілі бір шығарманың, мәтіннің мазмұнын ауызша немесе жазбаша түрде баяндап беру. Оқушыларға жаздыруға болатын мазмұндаманың мынадай түрлерін көрсетуге болады: Дайын әңгіме бойынша мазмұндама Сурет бойынша мазмұндама Кинофильм бойынша мазмұндама. 1. Мазмұндаманың бұл түрі атына лайық, белгілі бір алдын ала дайындалған әңгіме бойынша жаздырылады. Дайын әңгіме бойынша мазмұндама жеңілден ауырға, белгіліденбелгісізге көшу принципімен жүргізіледі. 2. Сурет бойынша мазмұндама Мұнда балалар суреттің мазмұнын түсінуге үйренеді. Мазмұндаманың бұл түрін бірнеше топқа бөлуге болады. Дайын сурет бойынша мазмұндама Мұғалім алдын ала дайындалған сурет береді, ал оқушылар сурет бойынша мәтін құрайды. 3. Кинофильмдер бойынша мазмұндама Кинофильм соңғы жылдарда мектеп өмірінен берік орын ала бастады. Кино оқушылар арасында оқу – тәрбие жұмысын жақсарту жолындағы ықпалды құралдардың біріне айналып отыр. Фильм көрсетілер алдында оқушылардың көңілін сол фильмде болатын оқиғаға аудару үшін кіріспе әңгіме айту керек және оқушыларды экран материалдарын игеруге бірте – бірте үйрету қажет.

Әр оқушы өздігінен Оқушылар бір – бірінен жұмыс істеуге қалмауға тырысады. дағдыланады

Оқушының жеке Әр оқушы өз деңгейімен қабілеті анықталады бағаланады.

Рөлдік ойындар арқылы оқушылардың сөздік қорын, тілін дамыту. Оқушылардың әдеби сөйлеу дағдалары мен біліктерін қалыптастыруда және меңгерген тілдік заңдылықтар мен ережелерді тәжірибеде орын қолдануына арналған рөлдік ойындар оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын туғызумен қатар олардың тілдік қатынасқа түсу белсенділігін арттырады. Оқушының тілін дамытуда, сөйлеу мәдениеті мен ой өрісін, дүниетанымын жетілдіруде рөлдік ойындар тиімді нәтиже береді. Сабақта оқушылардың рөлдік ойындарды ойнау барысында іс - әрекеті әлеуметік сипат алады. Оқушылардың тілін дамытуда рөлдік ойындар қолдану жұмыстары мынадай бағытта жүргізіледі: - сөздік қорды молайту; - байланыстырып сөйлеуге үйреті. Рөлдік ойындар оқушылардың шығармашылық ойлауын қалыптастыратын, өз пікірін екінші адамға (аудиторияға) толық жеткізуін жетілдіретін тиімді тәсілдердің бірі. Бұл тәсіл арқылы оқушылардың әдеби сөйлеу дағдылары қалыптасып, оларды шығармашылыққа баулиды. Осы мақсатта мақал – мәтелдердің тақырыбын айқындап, мақал – мәтелдерді өмірдегі жағдайларда қолдану кезіне мәтін құрау тапсырылады. Сол үшін «Мақалды дұрыс қолдан» ойыны жүргізіледі. Ойынның мақсаты: оқушылардың сөздік қорын молайту, оқушыларға халықтың асыл – маржаны мақал – мәтелдерді меңгерту. Ойын ойнату барысында әрбір оқушыға әртүрлі мақал – мәтелдер жазылған кеспе қағаздар таратылып беріледі. Берілген бір сөзді қатыстырып мақал құрау тәсілі. «Мақалды тап» ойыны. Мұғалім сынып оқушыларын екі топқа бөледі. әрбір топтың алдыңа келіп, бір сөз айтады.қай топ осы сөз кіріктірілген мақал – мәтелдерді көп тапса, сол топ ұтқан болып есептеледі. Мысалы, мұғалім бірінші топтың алдыңа келіп, тіл деді; оқушыларға тілге байланысты мынадай мақал – мәтелдер айтуға болады: Өткір тіл – дарын, Ұзын тіл – жауың. Тіл – тас жарады, Тас жармаса, бас жарады. Келісті сөз алтын, Жемісті жұмыс алтын т.б. Мақал – мәтелдерді табу оқушылардың тілін дамытумен қатар олардың әсерлі сөйлеу дағдыларын да қалыптастырады. Оқушылардың сөйлеу тілінде мақал – мәтелдер көп болса, олардың тілдік қарым – қатынасқа түсу түрткілері артады. Сөйлеушінің сөзінде орынды қолданылған мақал – мәтелдер тыңдаушыға да әсер етеді. Нәтижесінде сөйлесіп тұрған адамдардың арасында жағымды жағдай қалыптасады. «Сөзді тап» ойыны. Мұғалім оқушыларға бір сөзі түсіп қалған мақал – мәтелдерді таратып береді. Мысалы, Су ішкен . . . . түкірме. Ауру қалса да . . . . . қалмайды. Қайтып кірер . . . қатты жаппа. Екі . . . таласса, бір қарғаға жем болар. Бірлік түбі - .... тірлік. Тозған ... топтанған қарға алады деген мақал – мәтелдер жазылған кеспе қағаздарды оқушыларға таратып береді. «Дұрыс тап» ойыны. Мұғалім алғашқы қатарлары жазылған мақал – мәтелдері бар кеспелерді оқушыларға таратып береді. Жақсы байқап сөйлер, . . . .. Қолы қимылдаған адамға кедейлік жоқ, . . . . . Мұндай ойындар оқушының ой жалғастыру, сөйлемді дұрыс құрау дағдыларын жетілдіреді. Хат жаздыру. Оқушыларды шығармашылыққа дайындайтын бірден – бір өз бетінше орындайтын жұмыс түрі – хат жаздыру. Хат жазу - өз бетінше дербес орындалатын және сапалы мәтін құра білуге, өз ойын дәл әрі логикалық байланыстабере білуге жаттығудың бірден – бір адамға қажетті үлкен мәні бар жазба жұмыстарының бірі. Бұл жұмыс түрінің білімде де сауатты адамдар өмірінде қажеттілігіне оқушалдың көзін жеткізе отырып, тәрбие алу, білім толықтыру үшін де пайдасы зор демекпін. Мұғалім оқушыларды хат жазуға үйретуде мынадай жайттарды түсіндіріп айту керек: А) Хатты әңгімелесу түрінде жазуға болады, бірақ ауызекі тілінде біз көбінесе анықтау, түсіндіру, толықтыру, қайталау секілді амалдарды жиі қолдансақ, ал оған қарағанда хат жазу жинақтылықты талап етеді. Ә) Сонымен қатар, оқушылардың жалпы ойы сөйлем арқылы беріледі, ал сөйлем байланысты сөздерден құралады, сондықтан да хат жазуда ой желісі мүмкіндігінше қысқа және анық, түсінікті болуы керек. Б) Әдетте, хат жазғанда алдымен хат жазып отырған адамға тікелей қатысты ойлар айтылады, сонан кейін барып хатты жазушы немесе басқа адамдар жайында айтуға болады. В) Хат иесіне дұрыс жетуі үшін конвертті дұрыс толтырып, мекен – жайды сауатты, әрі анық жазу керек екенін ескерту қажет. Хат жаздыру жұмысын жолдастарына, ата - әжелеріне, үй ішіне, туған – туыстарына, жақын таныстарына жаздырудан бастаған дұрыс. Оқушылар жұмысқа кіріспес бұрын ең бірінші, өздеріне мына сұрақтарды қоюға дағдыланулары керек: кімге жазам? не жайлы жазғым келеді? Не жайында жазуға болатынын мұғалімдер оқушыларды естеріне салып, нұсқау берулеріне болады, атап айтқанда: өз бастарынан кешкен қуанышын, ренішін; өмірінде болып жатқан қызықты, таңғажайып оқиғалар; алға қойған жоспарлары; қаласы, мектебі, достары жайлы; көмек, ақыл – кеңес сұрау; белгілі адамдармен болған кездесулерден алған әсері; өзіне қажетті бір нәрсені сатып алу, т.б. Сұхбат. Сөйлеу жаттығуларының ішіндегі ең негізгі түрі – сұхбат құрастыру. Оқулықтарда сұхбат құрастырудың сұраққа жауап беру, берілген жауапқа сұрақ қойғызу, сұхбатты жалғастыру тәрізді түрлері жие қолданылады. Алайда бүгінгі күні қазақ тілді аудиториялық тапсырмаларды пайдаланудың мәні ерекше. Әсіресе, заң мамандығына байланысты өтілетін «Тергеуші», «Сарапшы», «Қорғаушы», т.б. мәтіндерді өту барысында ситуациялық тапсырмалар беру арқылы оқушыларға мынадай сұхбаттар құрастыртуға болады: «Тергеуші мен айыпкер», «Тергеуші мен куәгер», «Тергеуші мен жәбірленуші», «Қорғаушы мен айыпкер», т.б. Енді осы тақырыптар бойынша берілетін ситуациялық тапсырмалардың бірнешеуін мысалға келтірейік: Тергеушіге орта жастағы әйел келді. Ол баласының жоғалғандығы туралы айтты. Тергеуші мен жәбірленушінің арасында қандай әңгіме болуы мүмкін? Ойнап жүрген жерінен 5 жасар Т. Деген баланы белгісіз біреу ұрлап кеткен. Баланың бір ер кісімен кетіп бара жатқаның көрші үйде тұратын С. Деген азамат көрген. Сіз тергеуші ретінде куәгермен қалай әңгімелесесіз? Қылмыскер пәтерге ұрлыққа түсіп жатқан жерінен ұсталған. Тергеуші мен айыпкер, қорғаушы мен айыпкер арасындағы сұхбатты құрастурыңыз. Сұхбат кемінде екі адамның арасындағы сөзге байланысты құрылғандықтан, сөйлеу түрі түрліше болып келеді. Сөйлеушінің хабарына қарай қандай сұрақ – жауап түрлерін ұйымдастыруға байланысты берілетін ситуациялық тапсырмалар да түрленіп отырады. Демек, тіл ұстарту сабақтары оқушылардың шығармашылық дамуына жағдай туғызатын сабақтар болуы тиіс, өйткені іздену, зерттеу дағдылары шығармашылық жазба жұмыстарын орындау үстінде қалыптасады және бұл жұмыстар олардың тіл байлығын, білім деңгейін, сана – сезімін, сауаттылығын танытады. Қорытындылай келе тіл дамыту жұмыстары мынадай бағытта жүргізілсе деймін: Мұғалім сабақты түсіндіру барысында оқушымен қарым – қатынас жасағанда әсерлі сөйлеп, тыңдаушысын өзіне қаратып баурап алуы, яғни тіл мәдениетінің өте жоғары болуы шарт; Өтілетін мәтіндерді, орындалатын жаттығу жұмыстары, иллюстративтік материалдар оқушының ұғымына таныс және жеңіл болуы; Тіл дамытуда мақал – мәтелдер, мысалдар, өлең – жыр, ойнақы қызықты әңгімелер, шешендік сөздер іріктелініп алынуы керек; Лексикалық жұмыстарды жие жүргізу; Сөздік жұмысын жүргізу, жаңа сөздерді үйрете отырып, оны іс жүзінде қолдана білу; Фразеологизмдердің жеңіл түрімен сөйлемдер құрату және ауызекі сөзде қолджана білу; Оқушыны әдеби тілде ауызша сөйлетуге және жазбаша сауатты жазуға үйрету. Қазақ тілі сабақтары бойынша жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарында жоғарыда айтылған ұсыныстар ескерілсе. Сонымен, тіл ұстарту мен тіл дамытуға қатысты мәселелерді жинақтай келгенде мынадай тұжырымдар айтуға болады: Оқушыларға қазақ тілін оқытудағы негізгі мақсаттардың бірі – тіл дамыту. Бұл тек қазақ тілінің ғана объектісі емес, басқа пәндерге де ортақ нәрсе. Олай болса, тіл дамыту жұмыстары – оқушылардың барлық пәндер бойынша, ауызша, жазбаша тілін дамытып, сөздік қорын қалыптастыруға бағытталған біртұтас, бірлескен іс - әрекеттер арқылы іске асырылатын күрделі процесс. Тіл дамтыту шаралары оның әдістемесін жетілдіріп, сындарлы қалыптастырғанда ғана дұрыс нәтижелер береді. Тіл ұстарту жұмыстарының негізгі мақсаты оқушыларды ауызша және жазбаша түрде өздерінің және өзге біреудің ойын грамматикалық және стилистикалық дұрыс, мазмұнды да мәнді білдіруге қаруландыру болып табылады. Әр студентті «Кішкентай жазушы» етіп тәрбиелеуде тіл ұстарту сабақтарының мақсаты кең және жұмыс түрі шексіз. Оқушылардың тілін дамыту жұмыстары олардың болашағы үшін үлкен мағыналық маңызға ие.