Жоғары оқу орындарында әлеуметтану пәнінің оқытылу ерекшеліктері [Социология]
Әлеуметтану – қоғам дамуының жалпы және дамуының ерекше заңдылықтары туралы ғылым. Әлеуметтану қоғамды тұтас жүйе ретінде қарастырады және ол қоғамды зерттеудің бір түрі. Жоғары оқу орындарында әлеуметтануды оқыта бастағанына аз болған жоқ. Әлеуметтануды оқыту 1990 жылдардың басынан басталады. ЖОО да аталған пәнді оқытудың мақсаты – қоғамдағы бейтаныс адамдар мен ұйымдардың арасындағы қарым -қатынастарды жаңа тұрғыдан түсінуге және әлеуметтік мәселелерді зерттеуге ұмтылу. Себебі, қоғамдық мәселелердің себебін түсіндірмей, немқұрайлылық таныту қордаланған мәселелерді шешуге мүмкіндік бермейді. Оны жан-жақты сараптамадан өткізбейінше, мәселелерді шешуде қиындық тудырады.
1990 жылдардың басынан әлеуметтік мәселелерге назар аударылып,әлеуметтану пәні ЖОО -да оқытыла бастады. Себебі, қоғамдағы жаңадан туындаған мәселелер мен әлеуметтік өзгерістер жаңадан міндеттер жүктеп, университет қабырғасында әлеуметтік процестер мен әлеуметтік құбылыстарды арнайы құралдар арқылы ғылыми жағынан зерттеуді талап етті. Уақыт өткен сайын, қоғам өзгеріп, қоғамда жаңа әлеуметтік топтар мен соған сәйкес, жаңа әлеуметтік қатынастар пайда болуда. Егер, жоғары оқу орнына дейін мектеп оқушысы қоғамды арнайы «Адам және қоғам» немесе «Қоғамтану» пәндері арқылы оқып-танысса, ЖОО-да студент ретінде қабылданған білім алушы қоғамды ғылыми жағынан зерттеп, өз ойын білдіру арқылы, тіпті, арнайы әлеуметтік эксперименттер жүргізу арқылы қоғамдағы процесттердің қайдан пайда болғанын біліп қана қоймай және өз ойын айта алады. Әдетте, мұндай зерттеулер университет қабырғасында, қоғамдық орындарда немесе жабық жерлерде, жеке және топтық болып жүргізілуі мүмкін. Сондай зерттеулердің көпшілігінің ішінде сауалнама тарату арқылы қоғамда кең тараған жағымсыз құбылыстар, мысалы, нашақорлық, сыбайлас жемқорлық, жұмыссыздық т.б. мәселелерді зерттеу кеңінен таралған. Студенттерге осы тақырыптағы зерттеу жұмыстары әдетте, білім алушының өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру арқылы беріледі және студенттер осындай типтегі тапсырмаларды орындауға студенттер белсенді және тиімді атқарады.
Қорыта айтқанда, әлеуметтануды оқыту қоғамға жастарды бейімдеуде және өздерінің үлесін қосып, әлеуметтанудың алдында қойылатын жаңа зерттелетін мәселелерге жаңаша көзқарас қалыптастыруға септігін тигізеді.
Қолданылған әдебиеттер:
- Дж. Ритцер, Дж. Степницки. «Әлеуметтану теориясы». – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018. – 856 с.
- Р. Синглтон, Б. Стрэйтс Әлеуметтік зерттеу әдістері. оқу құралы.- Oxford University Press,2017.