Жасөспірім ағзасына темекінің әсері [Микробиология]
Автор статьи : Перуза Н.
Организация : Қорқыт Ата атындағы ҚМУ
Должность : Оқытушы
Дата : 26.12.2019
Номер журнала : 01-10-2020
Организация : Қорқыт Ата атындағы ҚМУ
Должность : Оқытушы
Дата : 26.12.2019
Номер журнала : 01-10-2020
Микробиология
Темекі (Nicotiana) – алқа тұқымдасына жататын, құрамында есірткі бар бір және көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда оның 3 түрі: кәдімгі темекі, мәдени темекі, махорка өсіріледі. Темекінің құрғақ жапырағының құрамында 1,09-3,7 %никотин, 17,1-18,9 %күл (органикалық заттар), 4,9-17,6 %көмірсулар,2,2-3,7 % азот, 0,1-1,3 %эфир майлары және органикалық қышқылдар, шайырлар бар. Құрғатылған жапырағынан мүштікке салатын папирос, сигарет, сигарлар дайындалады. Темекі — өте улы, құрамында алколойдтар, әсіресе есірткі заттары көп өсімдік.
Жыл сайын дүние жүзінде темекі шегудің салдарынан 4 млн. адам қайтыс болады екен. Бүгінде жер шарында 1,2 млрд. адам темекі шегетін көрінеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша, 1997 жылы темекіден 3 млн. адам қайтыс болған болса, бұл көрсеткіш жыл сайын 33 %өсіп отырған. Ал, Қазақстанда қазіргі уақытта 5 миллионға жуық адам темекі шегеді екен.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебіне жүгісек, егер жағдай өзгермесе, онда таяу жылдарда жарты миллиард адамның түбіне темекі жетуі мүмкін көрінеді.Темекі тартатын адам күніне орта есеппен 200 рет, айына 6 мың рет, жылына 72 мың рет ішке түтін сорады. Қызығы сол, темекі шегуді о баста «ойнап» бастаған 100 адамның 80-і біртіндеп тұрақты шылымқорға айналады. Қазір темекінің мыңнан артық зияны бар екені мәлім болып отыр. Сондықтан, темекі шекпейтіндер оған жоламай-ақ қойсын, шылымқорлар одан құтылудың жолын қарастырсын.
Әлемде темекінің зияндылығын дәлелдейтін 50 мыңнан астам кітап басылып шыққан. Медицина ғылымының докторы Л.В.Орловскийдің баяндауынша, темекі шегетіндер стенокардиямен 13 есе, миокард инфарктымен 12 есе және асқазан жарасымен 10 есе жиі ауырады.
Темекі шегетін әрбір жетінші адам қан тамырларының (әсіресе аяқтың) қатерлі ауруы – эндартеритпен ауырады.
Адамдар тартатын темекінің түтіні тәнге зиянды және улы заттардың жиынтығы болса, олардың ең қауіптісі – никотин, синиль қышқылы, көмір қышқылы, сірке қышқылы, азот, эфир майы және өкпе рагіне ұшырататын әртүрлі радиоактивті элементтер (бензпирен, полоний, висмут, т.б.). Никотин ең улы. Салмағы 16-20 келі итке бір тамшы, жылқыға 7-8 тамшы никотин берсе, олар бір минуттың ішінде-ақ өліп қалады. Адамды да бір тамшы никотин сеспей қатырады. 1 тамшы никотин 10-12 тал сигаретте болады. Тек темекі тартқанда адам ағзасы никотинді төте қаннан емес, тыныс жолымен қабылдай-тындықтан адам бірден уланып өлмейді.
Есірткі тобындағы затар, көкнар өсімдігінен алынады. Олардың түрлері морфий, героин, кокаин т.б. Бұл заттардың ортақ ерекшелігі өте қысқа уақытта, өте аз мөлшері, микроскоппен көрілетін мөлшерінің өзі де құмарлық туғыза біледі
Осы заттарды қолданғандар да күйгелектік,ашушоңдық, ұйқысыздық басқа да қалыпсыз күйлер байқалады. Бұдан тыс, асқазан, ішек аурулар, бауырдың үлкеюі мен майлануы, бүйрек аурулары, қан аздық, тері де дақ пен жаралар болады. Көз бұлшық еттері жансызданады.
Темекіні тұтатқаннан кейін, оның құрамындағы улы заттар, шылым шегу арқылы өкпеге енгеннен кейін денсаулыққа айтарлықтай қауіп төндіреді. Ол улы заттар, ауыз және өкпе арқылы қанның құрамына өтеді. Бұл заттарды үш топқа бөледі: никотин, смола заттары және ысты газ. Сонымен қатар темекі түтінінде синилдік қышқыл, канцерогенді және радиоактивті изотоптар бар.
Темекі түтінінің құрамында 12 000 жуық заттар мен химиялық қосылыстар бар. Оның 196 — улы және 14 наркотик тәріздес.
Темекі құрамында болатын никотин өсімдіктектес улы заттарға жатады. Мысалы, никотині бар шыны таяқшаны құстардың (шымшық, көгершін) тұмсығының ұшына тигізер болсаңыз, олар бірден өлетіні байқалған. Қоян никотиннің 1/4 тамшысынан, ит 1/2 тамшысынан көз жұмады. Ал адамның көз жұмуына 2-3 тамшы жетеді екен. Күніне 20-25 темекі тартқан адамның қанына никотин үздіксіз түседі. Сол себепті шылымқұмар күнделікті никотинді ағзасына бірден емес біртіндеп енгізгендіктен, бірден өмірмен қош айтыспайды. 30 жыл ішінде шылымқұмар адам 20000 темекіні немесе 160 кг. табакты қолданады екен мүмкін. Мұндай жағдайлар әр елдерде орын алды. Мысалы, ірі ғалым, фармаколог Н. Крафковтың еңбектерінде жас жеткіншектің ең бірінші рет темекі тартып көріп, бірден соның себеп-салдарынан көз жұмғаны жазылған. Францияда “Кім барлығынан көп шылым шегеді?” атты байқаудың екі жеңімпазы 60-тан аса темекі тартып, бірден қайтыс болса, қалған қатысушылар жедел түрде ауыр халде ауруханаларға жөнелтілген. Сондықтан улы заттар адам денсаулығына ғана емес, сондай-ақ өміріне де қауіпті екенін ескерген жөн.
Үнемі темекі түтініне булығып тұрған үйлер мен бөлмелерде тұратын балалар тыныс алу жолдарының ауруларына жиі шалдығатыны байқалған. Ата-аналары шылымқор балалар өмірлерінің бірінші жылында өкпе ауруларына жиі шалдығады. Табак түтіні ауада ұзақ сақталатындықтан, баланың өсіп-жетілуіне қажетті күн көзінің ультракүлгін сәулелерін қабылдауына кедергі келтіреді. Бала 5-9 жасқа келгенде өкпенің бұзылуы анықталған. Профессор С. Гавалов 2 мыңнан аса баланы қарау нәтижесінде темекі тартатын отбасыларда тәрбиеленген балалардың тыныс органдарының өткір аурулары болатындығын дәлелдеген. Ал темекіге әуестілігі жоқ отбасылардың балалары дені сау екендігі байқалды.
Темекі – құрамында никотин (nicotiana) және төрт мыңға жуық улы зат бар.Темекі өсімдігінің майдаланған, құрғатылған және қолдануға дайын күйдегі жапырақтан жасалады. Тұқымы өте майда болғандықтан, алдымен көшеті өсіріліп, сосын егістік жерге отырғызылады. Темекі – жапырағында танин, желім, шайыр, крахмал және алколоидтар бар. Ең көп мөлшерде никотин алколоиды бар. Никотин сульфат тұздары ауыл шаруашылығында құрт-құмырсқаны өлтіру үшін қолданылады. Темекінің түтіні ағзаға зиянды және улы заттардың жиынтығынан тұрады. Бұлардың ішінде ең қауіптісі – никотин, синиль қышқылы, көмір қышқылы, сірке қышқылы, азот, эфир майы және өкпе рагіне ұшырататын әртүрлі радиоактивті элементтер (бензепирен, полоний, висмут, т.б.).
Темекі құрамындағы улы заттардың саны 70-тен 300-ге дейін жетеді. Алайда, темекі шегу кезінде улы заттар одан сайын арта түседі. Өйткені, темекі тұтатылғанда, тем¬пература 600-ден 900 градусқа дейін көтеріледі де, жаңа улы заттар мен өнімдер түзіледі. Осылайша темекінің құрамындағы улы заттар саны төрт мыңға дейін көбейеді.
Жыл сайын дүниежүзінде темекі шегудің салдарынан 4 млн. адам қайтыс болады екен. Мұны жыл бойына күн сайын 25 ұшақ апатқа ұшыраған жолаушылардың санымен салыстыруға болады. Бүгінде жер шарында 1,2 млрд. адам темекі шегетін көрінеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) дерегі бойынша, 1997 жылы темекіден 3 млн. адам қайтыс болса, бұл көрсеткіш жыл сайын 33 пайызға өсіп отырған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебіне жүгінсек, егер жағдай өзгермесе, онда таяу жылдарда темекі жарты миллиард адамның түбіне жетуі мүмкін. Бұл келеңсіз мәлімет үрейлендіріп, үркіту үшін емес, нақты дерек. Егер жарнамалық тұрғыда насихат жасауға тыйым салынбаса, ғасыр соңына дейін жер бетінде 1 млрд. кісі темекінің құрбанына айналмақ. Әлемде әр 13 секундта бір адам, әр 65 секундта бес адам темекі кесірінен көз жұмады.АҚШ-та темекі салдарынан өлген адамдар саны төрт соғыста яғни, I,IIдүниежүзілік соғыста, Корея мен Вьетнам соғысында өлген американдықтардың санынан асып түскен.
Эксперимент кезінде, темекі түтінің иіскеген 70% — тышқандарда, өкпе қатерлі ісіктері пайда болғаны белгіленді. Шылым шекпейтіндерге қарағанда, шылым шегетін адамдарда, қатерлі ісіктер 20 реттен аса жиірек болады. Адам неғұрлым көп шылым шексе, соғұрлым онда осы қиын аурудан өлу көбірек мүмкіншілігі бар.
Статистикалық зерттеулер, шылым шегетін адамдарда басқа да органдарда- ас қазан, көмей, бұйректе, қатерлі ісік жиі кездесетіні көрсетті. Шылым шегетіндерде, трубканың мүштегінде жиналып қалатын канцерогендік экстракт әсерінен, төменгі еріннің қатерлі ісігі жиі болады. Созылмалы қабыну нәтижесінде бронхалар кеңейеді, содан қиын салдары бар бронхоэктаза – пневмосклероз болады, өкпенің эмфизема, жеткіліксіз қан айналымына апаратын, өкпе жүрегі деп аталатынға әкеп соғады. Осы құмарпаз шылым шегушінің сыртқы түрін анықтайды:қарлықан дауыс, ісіңкі беті, ентікпе.
Шылым шегудің туберкулез пайда болуында да аса ролі көп. Сонымен ауратын 100-адамның 95-і ауру алдында, шылым шеккен. Жиі шылым шегушілер жүректерінің ауруын сезеді. Ол стенокардияның дамуымен, жүректің былшық етін азықтандыратын, қан тамырының тырысып қалуына байланысты (жүрек қан тамырының жеткіліксізі).
Шылым шекпейтіндермен салыстырғанда, инфаркт миокарда шылым шегушілерде 3 реттен аса жиі кездеседі. Шылым шегу, көбінесе ер адамдарды зақымдаушы, аяқ тамырлары қатты тырысуының ең басты себебі болуы мүмкін. Бұл ауру тамақ ішудің бұзылуына, гангренаға және нәтижесінде аяқты ампутациялауға апарады. Темекі түтініндегі заттардан сондай-ақ, ас қорытқыш тракт, бірінші кезеңде тістер және ауыздың шарышты қабығы азап шегеді.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Ордабеков С. Медициналық валеология. Тараз, 2005
2. Алиакбарова З. М. Мектеп гигиенасының негіздері. – Алматы, 2012
3. М.Алиакбарова Мектеп жасындағы балалардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасының негіздері. Алматы, 2013
4. Обреимова Н. И.,Петрухин А. С.Основы анатомии, физиологии и гигиены детей и подростков. – М. , 2000