Жаңартылған білім мазмұны жағдайында бастауыш әскери даярлықты ұйымдастырудың өзекті мәселелері [Начальная военная и технологическая подготовка]

Автор статьи : Айдын Б.
Организация : ШҚО,Тарбағатай ауданы,Тана мырза орта мектебі КММ
Должность : Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы
Дата : 13.02.2020
Редакционная коллегия: онлайн нұсқада ғана жариялауға рұқсат етілген
«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» Н.Ә.Назарбаев

Республикамызда орта білім саласы бойынша оқыту мазмұны жаңартылып, жаңартылған білім беру жүйесіне көшу мақсатында жаңа буын оқулықтарының негізінде жасалған бағдарламалар орта мектептің жаңа жүйеге көшуін, әрбір мұғалімнен жаңаша жұмыс істеуін, батыл шығармашылық ізденісін, оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттыруды талап етеді. Сондықтан, мұғалім өз білімін жан-жақты жетілдіре отырып, оқушыны қызықтырып оқыту керек екені даусыз мәселе. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландыруының негізіне айналуы тиіс. Бұл мәселе мектептерге байланысты айтылып тұрғандығы белгілі. Еліміздің болашағы орта мектептен толық қанды сапалы білім алған, оның бағдарламасын толық меңгерген баладан, яғни оқушыдан шығары анық. Өйткені, ертеңгі ел тізгінін ұстар азаматтар бүгінгі мектеп оқушысы. Мектепте жұмыс атқаратын әрбір мұғалімнің алдына қазіргі таңда қойылатын талап өте зор болып отыр. Мұғалім, өзінің инновациялық іс-әрекетін қалыптастырып, оны меңгеріп, сол жаңа педагогикалық техналогияларды меңгерген, өз практикасында қолданған әрбір мұғалім өз сабағын нәтижелі даму жағынан көре алады.Бүгінгі заманның,қоғамның талабына ере білсе ғана,жаңашыл мұғалім өз мақсатына жете алады. Еліміз өркениетті елдер қатарынан орын алып, ұрпағымыз қоғам қажеттілігіне сай болып жатырса – бұл ұстаздар еңбегі. «Мұғалім – мектептің жүрегі» демекші, оқушыға білім нәрін себуші жүректің қызметі сапалы болса, жемісі де шырынды болмақ. Қазіргі заман талабына келсек, ұстаз алдында тұрған жүк ауыр десек те болады. Ұстаздың жан-жақтылығы, үнемі ізденіс пен шығармашылық жолындағы талабының болуы шәкірт жүрегіне бірден-бір жол салады. Ондай ұстаздан шығармашыл, құзіретті және жаңа үлгідегі мұғалім күтіледі.Ал жаңаша мұғалім тәжірибенің өзгеруіне, яғни білімнің өзгерісіне талпыныстағы ұстаз. Осы үлгідегі өзгеріске бағытталған ұстаз келбеті менен де табылу керек екенін түсіндім. Педагогика саласындағы өзекті мәселе- орта білім берудің жаңа үлгісін құру, қоғамдағы нәтижелілігін арттыру және барлық жерде қолданысқа енгізу. Білім мен ғылымды дамыту бағдарламасының сапасы мен оқытушылардың біліктілігін арттыруға, сонымен қатар оқушылардың сыни ойлау, жаңа ақпарат іздеу, командада жұмыс істей білу, ақпараттық- коммуникативтік технологияларды қолдану секілді машықтары мен коммуникативтік дағдыларын баса назар аударуды талап етеді. Бірақ, ең алдымен бұған мұғалімдерді машықтандыру қажет. Орта білім беруде білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың тиімді тәсілі- жаңа форматты ұстаздар дайындау. Жаңа форматта біліктілікті арттыру жүйесінің мақсаты- жаңа педагогикалық білімдер мен технологияларды қолданумен қатар, оларды әзірлеуге, жүргізіліп жатқан реформаларда өзіндік кәсіптік қызметіне рефлексивтік өзгерістер енгізуге қабілетті педагогтың кәсіби біліктілігін дамыту болып табылады. Қазіргі кезеңде жаңа форматты ұстаздар дайындау мұғалімдерді 3 деңгейлік курстардан өткізу арқылы жүзеге асырылуда. Мен де осы курста білім алып жатқан ұстаздар қатарынанмын.Менің тамамдаған курсым «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» деп аталатын 1 деңгейлік курс. Бұл курстан өткен мұғалімнің сабақ беру мазмұнында көптеген өзгерістер орын алады. Сабақтар форматы, оларды өткізу әдістемесі өзгертіліп, тәжірибелік- бағдарланған тәсілге баса назар аударылады. Дүние жүзіндегі көптеген мұғалімдердің іс- тәжірибесінен тұрақты орын алған бұл оқыту жұмысын ұйымдастыру мен жоспарлаудың негізгі қағидаттарын қолдану орынды да нәтижелі екендігін дәлелдейтін фактілер бүгінгі таңда ғылыми- педагогикалық әдебиетте жеткілікті деңгейде кездеседі. Оқытудың жаңа тәсілі бағдарламасынан күтілетін нәтиже- оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел- уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір- көзқарастары жүйелі дамыған, тәуелсіз, сандық технологияларды қолдануда құзырлылық танытатын оқушыны қалыптастыру. Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауында өткен ғасырдың отызыншы жылдарында сауатсыздықпен күрес жүргізілгендей, компьютерлік сауаттану жөніндегі ауқымды іске азаматтарды тарту қажеттігі айтылған және мемлекеттік қызметке жаңа қызметкерлерді қабылдау кезінде компьютерді, интернетті және электрондық поштаны қолдана білу дағдысы мен міндетті талап етілетіндігі атап көрсетілген. Осыған байланысты ХХІ ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттеріді шешу көзделіп отыр. Олар – компьютерлік техниканы, интернет, компьтерлік желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру. Өздеріне жүктелген міндетті ойдағыдай жүзеге асыру үшін Жаңартылған мазмұндағы бағдарламаны игерген мұғалімдерге тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлап өткізу, сонымен бірге әріптестерінің қажеттіліктеріне қарай коучинг ұйымдастырып, бір әріптесіне тәлімгер болу қажет болады. Өз мектебінің мұғалімдерін қоғамдастыққа тартып, олармен бірлесіп жұмыс істейді. Бағдарламаны игерген мұғалімдер алға ілгерілеу бар ма екендігін қадағалап отыру үшін, өзгеріс енгізу барысында туындаған кедергілерді жою мақсатында қолдау көрсетуге және бұл өзгерістердің оқыту тәжірибесіне ықпалын бағамдауға жауап береді делінген. Коучинг - бұл әріптестердің (коуч пен әріптесі) құпия, белсенді және жасампаз өзара әрекеттестік үдерісі. Оның барысында қолданыстағы оқыту тәжірибелерін бірлесіп ойластыру, идеялармен алмасу, коуч тарапынан рефлексиялық диалогқа тарту негізінде екінші мұғалім өз жұмысының жекелеген салаларын жетілдіру, оларды тереңірек дамытып, анағұрлым жоғары сапалықдеңгейге көтеру және іске асыру жөнінде шешім қабылдау мақсатында кәсіби білімін, игерген дағдылары мен тәжірибесін жетілдіреді делінген. (М А Н,87 бет) «Бетпе-бет» кезеңінде алған теориялық білімімді, практика жүзінде қолдану жұмысымды болжам кезеңінде,одан кейінгі жоспарға өзгерістер еңгізу кезінде және жұмысты орындау кезінде пайдама жараттым. Алдын ала жоспарлағандай болмай , коучинг сабағымның жоспарына аздаған өзгерістер еңгізген соң,мектеп директорына бекіттіріп алып, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарымен алдағы жұмысымның жайы туралы пікірлесіп, менің коучинг тақырыбымның кімдердің қажеттіліктерін өтеуі мүмкін? деген сұрақ төңірегінде ой бөлісіп,коучинг сабаққа қатысатын мұғалімдердің тізімін жасадық. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарының ұсынысымен коучингке қатынасатын сегіз мұғалімнің есімі белгілі болды.Коучинг жоспарын пысықтап,жан-жақты дайындық жұмыстарын жүргіздім. Коучинг сабақтың ресурс материалдарын дайындап,тағы не қажет болуы мүмкін? деген сұрақ төңірегінде ой толғаттым.Коучинг өткізетін күні мен сағатын белгілеген соң,өткізер уақыт таяғанда бойымда біраз қобалжу пайда болды. Бұл ең алдымен бұрын ешқашан өзім де,тіпті мектепте де коучинг шараның алғаш рет өткізілгендіктен бе деп ойлаймын.Мектепте түрлі семинарлар,шеберлік сыныптардың өткізілгені белгілі,дегенмен де коучингтің олардан өз айырмашылығы бары шындық.Қандай іс-шара өткізсең де,олардың сәтті өтуі ең бірінші ортадағы психологиялық ахуалға байланысты дейді психолог мамандар. Бұл тұжырымның тегін айтылмағаны белгілі.Сондықтан мен ең алдымен әріптестерімнің арасында көңілді психологиялық ахуал орнатқым келді,және сол ахуалды орнаттым деп ойлаймын. Коучинг сабақтың тура ұстаздар мерекесі қарсаңында жоспарлануы ,менің ұстаздарды алдын –ала мерекелерімен құттықтап, көңілді «Ұстазым» әнін тыңдатудан бастадым. Әріптестерімді стикер қағаздар арқылы екі топқа бөлдім.Коучинг сабағымды бірден «Миға шабуыл» әдісі арқылы тақырыпқа шығу барысын ашу үшін топтарға « ҚМЖ дегеніміз не?», «ҚМЖ құрылымы қандай » сұрақтары берілді. Әр жұмысты орындамас бұрын , мақсатын хабардар етіп, уақытын белгілеп отырдым. Әрбір топ осы екі сұрақ төңірегіңде постер қорғады.Әріптестеріме көмек ретінде қажетті ресурстар тараттым. Коучинг сабағымды «Қысқа мерзімді жоспарлау» (ҚМЖ) тақырыбындағы презентация көрсетумен жалғастырдым. Алдын ала дайындалып қойған презентация арқылы әріптестеріме ҚМЖ туралы теориялық түсінік бердім. Презентация арқылы ҚМЖ құрылымын талдап бердім. Қатысушылар өздері алып келген жоспарлармен презентациядағы жоспарды салыстырды.Қатысушыларға екінші тапсырма тағы да топтық жұмыс түрінде берілді. Топтық жұмыс «Айналмалы бекеттер» деп аталды.Мұнда қатысушылар топта практикалық тапсырманы орындады.Қатысушыларға қысқа мерзімді жоспардың шаблоны (ҚМЖ) таратылып берілді.Мұғалімдер топта жұптасып қысқа мерзімді сабақ жоспарларын құрды.Құрған сабақ жоспарларын мен таратқан дайын қысқа мерзімді сабақ жоспарларымен салыстырды.Топ мүшелері өздері дайындаған қысқа мерзімді сабақ жоспарларын айналмалы бекеттер арқылы екінші топ мүшелеріне түсіндірсе,керісінші екінші топ мүшелері бірінші топ мүшелеріне өз жұмыстарын түсіндірді.Және дайындалған қысқа мерзімді сабақ жоспарларын (ҚМЖ) өздерінің сабақтарына пайдаланып жүрген дәстүрлі сабақ жоспарларымен салыстырды. Қатарынан екі топтық жұмыс орындалған соң,әріптестерімді сергітіп алу мақсатында «Картоп өңдеу» ойынын ұйымдастырды. Бұл ойынды «Бетпе-бет» кезеңінде тренерімнен үйренген болатынмын.Енді сол үйренген сергіту ойынымды практика жүзінде пайдаланып көру мүмкіндігі туды.Әріптестерім шеңберде тұрып картоп өңдеудің түрлі қимылдарын көрсетті.Сергіту сәтін жасап алған соң сабағымыздың қорытынды кезеңіне қадам бастық. Бекіту кезеңі «Еркін талқылау» әдісі арқылы жүргізілді. Бұл тапсырма да топта орындалды.Бұл кезеңде ҚМЖ құрылымдарын жеке жеке талдау болды.Мұнда төмендегі іс-әрекеттер орындалды: 1. Сабақ мақсатын анықтау,2.Тілдік мақсаттарын анықтау, 3.Бағалау критерилерін анықтау,4.Дескриптор құру,5.Рефлексия жасау болды.Нәтижесінде мұғалімдер ҚМЖ құруды үйренді,құрылымдарын анықтай алады, рефлексия жасайды.Мұғалімдерге ҚМЖ ның әрбір құрылымын құруға тапсырма бердім де орындап болған соң, экраннан дұрыс құрылымын көрсетіп,өздері дайындаған нұсқамен салыстыруды ұсындым. Әрбір жұпта өздері жасаған ҚМЖ нұсқаларын қорғады.Бір-бірінің жұмыстарымен салыстырды.Бекіту кезеңін қорытындылаған соң,қатысушылармен кері байланысқа түстім.Кері байланысты «ББҮ» кестесін толтыру арқылы жүргіздім.Мынадай сұрақтар берілді: 1. Бүгінгі сабақ жайында не айтасыздар,2.Алған материал тәжірибеңізге маңызды деп ойлайсыз ба?,3. Не үйрендіңіз?. Осы сұрақтарға қатысты қатысушылар өз ой-пікірлерін білдірді.Осы кері байланыстың нәтижесінде келесі коучинг жұмысының тақырыбын анықтадық.Оны кәсіби қоғамдастық аясында жоспарлап қойдық және кейіннен өткіздік.Бүгінгі менің жұмыс тәжірибемде алғаш рет өткізген коучинг жұмысымды қорытындылап,рефлексия жасадым: Коучингке қатысушы мұғалімдердің топта жұмыс істеу белсенділіктері төмен болды.Себебі бұрын мұндай сабақтарға қатыспағандықтары,өздерінің тапсырмаларды орындауда қателіктер жібердім бе деген өздеріне деген сенімсіздіктері әсер етті ме деп ойладым. Топта жұмыс істеу дағдылары Жалпы қорытындылай келе: «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасын игерген барлық мұғалімдер оқу көшбасшылары деп саналады, яғни олар өзінің оқыту тәжірибесіне өзгеріс енгізу және мектептегі әріптестеріне коучинг және тәлімгерлік жүргізумен қатар, оқуды аяқтаған соң озық тәжірибелермен басқа мектеп мұғалімдерімен бөлісу мақсатында өңірлік, республикалық, тіпті халықаралық деңгейде мектептермен ынтымақтастық орнатып, қоғамдастық аясында тәжірибе алмасуды ұйымдастырады деп күтіледі делінсе, (М А Н,108 бет) осы айтылғандарды орындауда өз қолымнан келгенінше жұмыс жасадым деп ойлаймын.Менде алты аптада сәтті өткен коучинг пен тізбектелген сабақтар,сәтсіз болғаны қоғамдастық жұмысын толық жолға қоя алмадым.Егер мен тәжірибені қайтадан өткізер болсам,сәтсіздікке ұшыраған жұмыстарымды қайтадан жаңаша жоспарлап өткізер едім. Менің болашақта жасар қадамдарым: 1. Мектеп әкімшілігінің назарын кәсіби қоғамдастық жұмысына аудару.2.Зерттеу тобының жұмысын ширату,кемінде айына екі рет жұмыс тобының отырысын өткізіп отыру.3. Оқушыны зерттеу (Lesson Study) ісін қолға алу.4. Коучинг сабақтарды жиі өткізу. (екі аптада бір) 5.Мектептегі өзгерістерге белсене араласқан ұстаздарды ынталандыру шараларын жоспарлау.6.Мектептегі көшбасшы мұғалім ретінде әріптестеріме үнемі әдістемелік-шығармашылық көмек көрсету.Осы бағыттағы жұмыстарымды болашақта да жалғастырам деген ойдамын. Еліміздің болашақта көркейіп өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Қазіргі кездегі білім беру ісінің нысаны – жас ұрпақтың біліктілігін ғана қалыптастырып қоймай, олардың бойында бүгінгі күнге лайықты өмір сүріп, Отанына , еліне қызмет етуге қабілетті тұлғаны қалыптастыру. Отанымызды қорғау ісі – Қазақстан Республикасының бүкіл халқының ісі. «Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы заңда Отанды қорғау және Республика Күштерінде қызмет ету Қазақстан Республикасы азаматтарының халық пен мемлекет алдындағы Конституциялық парызы болып табылады деп көрсетілген».[2] Қазіргі уақытта армия мен флоттың жаңа қарумен және техникамен жарақтануына байланысты жас жауынгерлерді оқыту мен тәрбиелеу міндеті едәуір күрделенеді, қысқа мерзім ішінде қазіргі қаруды меңгеру, өзінің тәуелсіздік демократиялық Отанының лайықты қорғаушысы болу – күрделі іс, сондықтан әрбір жасөспірім мектеп қабырғасынан бастап өзін әскери қызметке дайындауға, өз Отаны Тәуелсіз Қазақстан халқы алдындағы азаматтық жауапкершілігін ұғынуға тиіс. Орта оқу орындарда бастауыш әскери дайындық курсын меңгеру – жастарға Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына қызмет етуге дайындалуына көмектеседі. Оның бағдарламасы шақырылған жастарды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қазіргі заманғы қару мен әскери техника қысқа мерзімде меңгеріп алу үшін жас сарбазды дайындау көлемінде әскери істі оқып – үйренуін көздейді.Жалпы алғашқы әскери дайындық пәнінің (АӘД) жаңартылған оқу мазмұнында өзінің аталуын,бүкіл тұрпатын өзгертуі бүгінгі заман талабы дер едім.Себебі көптеген дәстүрлі пәндердің оқытылу бағдарламаларын өзгертіп қайта құрылуына сай,біздің оқытатын пәннің де жаңа ақпараттық заманда өз өзектілігін сақтауы үшін өзгерістерге ұшырауы заңдылық..Жаңартылған орта білім мазмұнында енді алғашқы әскери дайындық (АӘД) пәні ,алғашқы әскери және технологиялық дайындық (АӘТД) өзгеруі қалыпты жағдай дер едім. Пәннің жаңартылған білім мазмұны аясында өз өрісін кеңейтуі,пәнге деген оқушының қызығушылығын одан әрі күшейтіп,оқушы алатын білім ақпаратының көлемі бұрынғыдан да арта түспек.Пәнге бағдарламасына қосылған өзгерістер,пәннің оқытылу өзектілігін күшейтпесе,әлсіретпесі анық.Қазіргі жас ұрпақтың пән аясындағы бұрынғы білімін одан әрі тереңдетіп,әскери робототехника негіздері,жаңа технологиялық қарулар,түрлі компьютерлік бағдарламалармен басқарылатын техникалар жөнінде тың ақпараттар мен түрлі теориялық және практикалық білім алуы қазіргі уақыт үшін өте қажетті сұраныс-талап деп айтар едім. Жалпы біздің пәнге еңгізілген жаңартылған орта білім аясында еңгізілген өзгерістерді игеру және болашақ отан қорғаушылар бойына сіңіру бүгінгі АӘД пәні оқытушы-ұйымдастырушысының басты міндеті болмақ. Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Айбын журналы № 2,3 2008 ж
  2. Сарбаз газеті  2014ж
  3. АӘД оқулығына арналған көмекші құрал.
  4. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика., Астана-1998.
  5. Сабыров Т. Оқушылардың оқу белсенділігін артыру жолдары.
  6. Мұғалімге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015
  7. «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» ҚР Педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы.
  8. «Алғашқы әскери дайындық» (10 сыныпқа арналған оқулық) Мектеп баспасы,2006
  9. «Сыныпта сындарлы әңгімені ынталаландыратын стратегиялар». «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015