Жаңартылған білім беру мазмұнындағы бейнелеу өнерінің ең басты қадамдары [Изобразительное искусство]

Автор статьи : Данияр Ш.
Организация : Павлодар облысы Баянауыл ауданы №1Майқайың жалпы орта білім беру мектебі
Должность : Бейнелеу өнері пәні мұғалімі
Дата : 07.02.2018
Издатель : Зауреш К., Автор
Редакционная коллегия: онлайн нұсқада ғана жариялауға рұқсат етілген

Бейнелеу өнері әлемді эстетикалық және рухани түрде меңгеруге және тұлғаның өз ойын білдірудің бір тәсілі болып табылады. «Бейнелеу өнері» пәні оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, кеңістік-образдық ойлауын, рухани-адамгершілік құндылықтарын, қоршаған ортаны эстетикалық, эмоционалдық түрде қабылдауларын қалыптастыруға бағытталған. Түрлі өнер салалары бойынша көркем білімдер мен дағдыларды қалыптастыру,   әлемнің біртұтас бейнесін қалыптастыруға, оқушылардың көркемдік қабілеттерін, кеңістікті және көру арқылы қабылдауларын, елесті, есте сақтау, зейін мен қиялды дамытуға негіз болып табылады. Көркем және басқа түрлі материалдар, құралдары мен тәсілдерін қолдану оқушылардың сенсорикасын, қолдың моторикасын және көзбен нақты мөлшерлеуін дамытады. «Бейнелеу өнері» пәні бағдарламасының мақсаты – оқушылардың шығармашыл тұлға ретінде өз ойын білдіруі және қалыптасуы негізінде рухани-адамгершілік мәдениетін дамыту, кеңістік-бейнелі көркем ойлауы мен білім негіздерін қалыптастыру. Функционалды сауаттылықты дамыту мақсатында оқушыларда коммуникативтік құзыреттілік негіздерін Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары қалыптастырады. 1-сыныптан бастап қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде оқыту арқылы Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары үш тілде білім беру саясатын жүзеге асырады. Үш тілде оқыту сөйлеу әрекетінің төрт түрін дамыту (тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым) арқылы коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. «Бейнелеу өнері» пәні оқыту тілінде (қазақ/орыс тілі) жүргізіледі. Мектептердегі үштілдік саясаты тілдерді оқыту әдіс-тәсілдерін, тілдік және өзге пән мұғалімдерінің рөлдерін белгілейді. Тілдік саясатты жүзеге асыру «Бейнелеу өнері» пәні бойынша оқу бағдарламасының келесі бөлімдерінен көрініс табады:

  1. «Бейнелеу өнері» пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер» тармағында (5-тармақ) пәнді меңгеруге қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдері ұсынылған.
  2. «Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту» тармағында (8-тармақ), мұғалімдердің «Бейнелеу өнері» пәні арқылы ауызша және жазбаша коммуникация дағдыларын (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) қалай дамытатыны көрсетілген.


«Оқушылардың оқу жетістігін бағалау туралы» тармағында (9-тармақ) бағалау тілі, моделі және түрлері белгіленген. Оқу бағдарламасы мақсаттарының бірі – тұлғаны әлеуметтендіру, яғни түрлі аудиториямен тиімді тіл табыса алатын азаматтарды тәрбиелеу. Осы мақсатқа жету үшін оқушылардың іскерліктерін қолдауға және бағалауға өзінің пікірін сенімді жеткізетін, ынталандыратын және қолдайтын ортаны құра отырып, қарым-қатынас дағдыларын дамыту қажет. Өз ойын сауатты жеткізу арқылы оқыту үдерісінде оқушыларға сыныптастарымен, мұғалімдермен, көпшілік аудиториямен ауызша және жазбаша түрде қарым-қатынасқа түсе білу дағдыларын, қажетті жағдайда ақпараттық құралдарды пайдалана отырып оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандырудамын.