Жаңартылған білім беру мазмұны - қазіргі заман талабы [География]

Автор статьи : Саят Е.
Организация : Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Мичурин орта мектебі" ММ
Должность : География пәнінің мұғалімі
Дата : 01.12.2017
Редакционная коллегия: онлайн нұсқада ғана жариялауға рұқсат етілген

2017-2018 оқу жылынан бастап 5 және 7 сынып оқушылары жаңартылған білім мазмұнына көшті. Білім беру мазмұнының ерекшелігі оқушыларды екі әдіспен бағалайды: қалыптастырушы және жиынтық бағалау, сонымен қатар оқу мақсаттарының сыныптан сыныпқа көшкен сайын шиыршық тәрізді күрделенуінде болып отыр. География пәні бойынша оқу дағдылары жалпы пәндер сияқты "Блум таксономиясының" сатысы бойынша жүзеге асырылады. Сыныпта оқушылардың деңгейі әр түрлі болуына байланысты тақырыптың жалпы мақсаты болады соған сай әр мұғалім өзінің оқушыларының деңгейін ескеріп оқу мақсаттарын үш түрлі деңгейге бөледі яғни саралайды. Саралау әдісі әр оқушының қабілеттерін ескере отырып жасалады. География және жаратылыстану пәні бойынша сабақтардың барлығы да жалпы республикаға ортақ ұзақ мерзімді жоспарға сүйеніп құрылады, ұзақ мерзімді жоспардан орта мерзімді жоспар құрылады. Орта мерзімді жоспарға сай әр мұғалім өзінің қалауынша қысқа мерзімді жоспарды жасайды. Жаратылыстану пәнінің білім беру мазмұнының бұрынғыға қарағандағы басты айырмашылығы-тәжірибеге бағытталған, өмірмен байланысты оқу мақсаттары жасақталып отыр. Сонымен қатар 5 сынып оқушысы жаратылсытану пәнінде жаратылстану ғылымдарымен байланыс жасау үшін физика, химия, биология сынды пәндермен ықпалдастық жасайды.Ықпалдасудың мақсаты оқушы алған білімдерін өмірде ұтымды пайдалануында, оны дұрыс қолдануында болып отыр. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқитын оқушы, қазіргі 7 сыныптағы география пәні бұрынғы бағдарламаға қарағанда оқушының алған білімдерін талдауға, өңдеуге және гипотеза шығаруға бағыттап отыр. Мәселен бұрынғы оқу бағдарламасы бойынша оқушылар 7 сыныпта "Литосфера" бөлімі бойынша жалпы теориялық білімді алып оны кескін картаға салып шектелсе, ал жаңа бағдарлама бойынша теориялық білімді тәжірибеге бағыттау мақсатында "Литосфера" бөлімі бойынша картаны пайдаланып "Жер бедерінің қималарын" түсіруге үйретеді, қималарды түсіру кезінде оқушы математика және информатика пәндерінде алған білімдерін де пайдалана алады, сонымен қатар литосфералық тақталардың қозғалысы салдарынынан қандай зардаптар болуы мүмкін екендігін анықтап болжам жасауға үйретеді. Қорытындылай келетін болсақ қазіргі Отандық білім беру саласы әлемдегі озық елдердің білімімен қалыс қалмау үшін ең үздік әдістерді кіріктіріп жатыр.Еліміздегі әр оқушының мектеп қабырғасында алған білімдерін шектеп қалмай оны өмірде пайдалануға үйретеді.