Жаңа технологияларға сүйене отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру [Основы начального образования]
Автор статьи : Адеми С.
Организация : Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы "Антоновка орта мектебі " КММ
Должность : Бастауыш сынып мұғалімі
Дата : 03.02.2019
Номер журнала : 01-10-2020
Организация : Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы "Антоновка орта мектебі " КММ
Должность : Бастауыш сынып мұғалімі
Дата : 03.02.2019
Номер журнала : 01-10-2020
Основы начального образов...
Қазіргі білім берудің басты мақсаты — шығармашыл тұлға қалыптастыру. «Жаңа технологияларға сүйене отырып шығармашылық қабілеттерін дамыту»тақырыбындағы жасап жатқан жұмысым қазіргі таңда өзекті тақырыптардың бірі деп ойлаймын. Бұл тақырыпты таңдап алу себебім, жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану оқушылардың қызығушылықтарын арттыруға қаншалықты тиімді болатынын өз тәжірибемде көргім келді. Мақсатым: Бастауыш сынып оқушыларына білім беруде оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолданудың тиімділігін анықтау, осы әдіс-тәсілдер арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту,танымдық қызығушылықтарын арттыру.
«Шығармашылық» сөзінің төркіні – «шығару», «іздену», «ойлап табу» дегенге саяды. Демек, бұрын тәжірибеде болмаған жаңа нәрсе ойлап табу, жетістікке қол жеткізу деген сөз. Әр мұғалімнің алдындағы ізгі мұраты — өз пәнінен білім беріп қана қоймай, әр баланың «менін» ашу, «менді» шығармашылық тұлғаға жетелеу. Бұл жұмыста осы әрекеттердің нәтижесін көру үшін жүргізілетін жұмыстар жайлы баяндалады.
Оқушыларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің басты талабы. Осы талап тұрғысынан алғанда оқу –тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі әдіс-тәсілдерін іздестіру жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы ерекше.
Шығармашылық сабақтардың жоспарын жасауда оқушының шығармашылық әрекетінің бағдарына сәйкестендіріп, олардың қабілетері, ескерілуі тиіс. Оқушылардың шығармашылық әрекетін тудыратын сабақтарды өткізу жоспары мен кезеңдерін қарастырамыз.
1. Шығармашылық қабілет деңгейін анықтау (топтау, бақылау, қалыптастыру)
2. Оқушы мүмкіншілігіне сай шығармашылық тапсырмаларды әдістемелік тұрғыда жүйелітүрде орындату.
3. Қызығушылық және шығармашылық пен таным белсенділігін арттыру.
4. Оқушының шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеуді кезең бойынша сатылап дамыту.
5. Кездесетін қиындықтар мен қарама — қайшылықтарды есепке алып зерттеу.
6. Мұғалім өз ісіне іздемпаздықпен қарап, сабақты шығармашылықпен өткізу.
Бастауыш сынып оқушыларында жаңа, өзі білмейтін іске деген қызығушылық басым болады. Ондай істер баланың бар ақыл – ойын, ішкі күштерін жұмылдырады және ерекше қуат береді. Ал, сол баланы шығармашылыққа үйрету үшін мынадай жағдайларды ескеру тиіс:
- мұғалім ең алдымен, сыныпта шғармашылық көңіл – күй тудыру үшін баланың назарын бір нәрсеге бағыттауы керек;
- әрбір шығармашылық тапсырманы ұсынудың мазмұны баланың жас ерекшелігіне, қызығушылығына үйлесу керек;
- қолайлы жағдай жасау;
- шығармашылық бағытқа баланы жүйелі, сапалы түрде қалыптастырып отыру.
Мұғалім оқушы үшін тек ұстаз ғана емес, сенімді досы болуы тиіс. Егер мұғалім шығармашылықпен айналысатын болса, балалармен пікір алмасатыны заңды. Шығармашылықты тежейтін үш нәрсе бар:біріншісі- «сәтсіздікке ұшыраймын, қолымнан еш нәрсе келмейді» деген тыс қорғаныш сезімі, екіншісі- өзіне-өзі тым риза болмаушылық сезімі, үшіншісі-жалқаулық. Ондай жағдайда баланы құтқарудың жолы жағдай жасау, қолдау және дұрыс бағыт беру.
Бастауыш мектепте шығармашылық қабілеттіліктері оқу әрекетінде көрінеді. Оқу әрекетінде мұғалім мен оқушы тығыз байланыста болуы керек. Ол үшін мұғалім бар күш – жігерін, педагогикалық шеберлігін оқушы бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашуға, үйлесімді дамытуға бағыттауы, шығармашылық жағдай жасауы қажет. Менің байқағаным, бастауыш сыныптарда шығармашылықпен жұмыс істеуге үйренген оқушы жоғарғы сыныптарда шығармашылық жұмыстың қай түріне болсын бейім болады және дұрыс жол табу үшін дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге тырысады. Оқушы не нәрсені болса да білуге құмар, қызыққыш, қолымен ұстап, көзбен көргенді жақсы көреді. Оқушылардың қызығуын арттыру жақсы ұйымдастырылған сабаққа байланысты. Сондықтан әрбір сабақта бұрыннан белгілі мәліметтерді қайталай бермей оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін іздестіру қажет, мысалы:
Оқушыларды шығармашылық іс-әрекетке баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыра түсу үшін әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады:
1. Балаларға белгілі тақырыпта әңгіме оқып, оқушыларға басқаша аяқтауға кілт боларлық сюжет ұсыну;
2. Әңгіменің, ертегінің сюжетін бастап беру, аяқтауды оқушыларға тапсыру;
3. Ертегіні ұжым болып тыңдау;
4. Ұнатқан кейіпкерлеріне мінездеме беру;
5. Қиялдау арқылы сурет салғазу, рөлмен ойнату;
6. Арнайы тақырыпта пікірталас тудыру.
1. Мәтін, ертегіні, әңгімені өз ойларымен аяқтау.
Бастауыш сынып балаларының қиялы әдеттегіден тыс, ерекше. Олар шындық өмірді қиялдағымен біріктіре отырып, өзі ойлап тапқан дүниеде өмір сүруі мүмкін. Олар ағаштардың немесе хайуанаттардың сөйлесетініне сенеді. Бұл жастағы балалар естіген ертегі – әңгімелер желісімен өзі де оларды құрастыра алады. Сондықтан оны аяқтаудың түрлі жолдарын қарастырады.
2. Белгілі мақал негізінде әңгіме құрастыру.
1. Мәтін бойынша мақал құрастыру.
2. Елестету.
Берілген мәтіндегі бір көріністі көз алдарына елестету. Оқушылар тыныш отырады, көздерін жұмып, әрбір мен айтқан нәрсені елестетуге тырысады.
1. Табиғат құбылыстарына, заттарға жұмбақтар құрастыру.
2. Әңгімелерді салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қою.
3. Шығарма, мәтін құрастыру.
- тақырып бойынша
- жоспар бойынша
- тірек сөздер бойынша
1. Өлең құрастыру
- дайын өлең жолдарының бір, екі жолдарын беру
- дайын ұйқастарды ұсыну
1. Кейіпкерлерге мінездеме беру
2. Рөлге бөліп оқу.
3. Шығарманың мазмұнына сурет салғызу.
4. Логикалық ойлауын дамытатын ойындар.
5. Автор туралы толық мағлұмат жинап, реферат жазғызу.
Мұғалім үнемі оқушыға шығармашылық қабілетін дамыту жолдарын нұсқап отырса, онда балалардың өздері де ізденіске түседі.Шығармашылық қабілетті бүкіл сабақта дамытуға болады.
Қазақ тілі сабақтарында әр түрлі тапсырмаларды түрлендіре беріп отырудың пайдасы көп. Мысалы: Хабарлы сөйлемді сұраулы сөйлемге,болымды етістікті болымсыз етістікке айналдыр немесе тірек сызба арқылы сөйлемдер құрастыр деген сияқты тапсырмаларды үнемі беріп отырса, оқушының ой қиялының дамуына әсер тиеді. Бастауыш буында шығармашылықтың алғашқы сатысын іс – әрекет және ойын арқылы бастаған дұрыс.
Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. Шығармашылық жолына түскен бала ізденіп қана қоймайды, тұлға ретінде шыңдалады..
Мұғалім оқушыларға шығармашылық іс – әрекетін ұйымдастыру мақсатында түрлі танымдық тапсырмалар дайындауда мынадай талаптар қойылады:
• Шығармашылық тапсырмалар түрлі деңгейде болуы;
• кезекті тапсырма бұрын берілген тапсырмамен байланыста және бір жүйеде болуы;
• білім мен біліктерін жетілдіретіндей болуы;
• тапсырмалардың қарапайымнан күрделіге өзгеруі;
• оқушының жеке қабілетін ашатындай болуы;
Нәтижесінде:
1. Бала оқулық көлемінен шығып ойланады.
2. Шығармашылық жұмысын қорғап, пікір айта біледі.
3. Тәжірибелік жұмыстарға қызығып, зерттеу іс – әрекетін жүргізді.
4. Алған білімін өмірде тиімді пайдалана білуге үйренеді.
5. Оқушының өз бетінше білім алуға деген құштарлығы оянады;
6. Шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыланады;
7. Оқуға ынта-ықыласы артады;
8. Бір-бірінің ойын, пікірін сыйлауға үйренеді;
Мен әр сабағымда оқушының алдына проблема қоюға, және сол проблемаларды тікелей қазіргі өмірмен байланыстыруға тырысамын.
Шығармашылық қорытындысы бойынша ғылыми жұмысқа қабілетті оқушылар іріктеліп, белгілі бір тақырып бойынша ғылыми жұмыстар беруге болады.
Көрсетілген әдіс-тәсілдер бастауыш сыныптарға тиімді екендігіне көзім жетті. Осыларды пайлану арқылы оқушының білімге деген қызығушылығын оятып, терең ойлау қабілетін, белсенділігін қалыптастыруға болады. Оқушыларым көптеген балаларға арналған шығармашылық конкурстар мен олимпиадаларға: «Ұстаз нұры», «Жарыс», «ҚИО», «Ұстаз тілегі», «Intolimp.kz»,«Ақбота»,«Нұрлы көжек» т.с.с қатысып,жүлделі орындарды иеленіп жүр.Бұған дейін оқушы мұғалім мен оқулыққа ғана бағынатын болса, енді ол сыни тұрғыдан ойланып, өз ойын дәлелдей алатын тұлғаға айналды. Оқушылардың тілі, ойы, еркін сөйлеуі дамып, топпен жұмыс істеу кезінде бір-бірін тыңдай білуге үйренді.
Қолданылған әдебиеттер:
1. ҚР Білім туралы Заңы. Астана. 2004 жыл.
2. Н. Ә. Назарбаев «Біздің халқымыз жаңа өмірге бейімделуі керек»
// «Егемен Қазақстан». 31 тамыз. 2000 жыл.
3. Б. А. Тұрғынбаева Дамыта оқыту технологиялары. Алматы. 2000 жыл.