Инновациялық технология мұғалімнің кәсіби шеберлігін дамытудың негізі [Химия]

Автор статьи : Жанар Ш.
Организация : Құрманғазы атындағы саз колледжі
Должность : химия және биология пәндерінің оқытушысы
Дата : 21.02.2016
Номер журнала : 03-13-2021

ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар. Заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін білікті мамандар ұсынуы маңызды. Оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс...

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан халқына жолдауы», «Қазақстан - 2050» «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»!

Ұлы педагог Ушинский: «Мұғалім білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, іздеуді тоқтатса, мұғалімдігі де жойылады» деген болатын. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында «Білім беру жүйесінің басты – міндеті ұлттық және азаматтық құндылықтар мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желіге шығу делінген. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бір әдісі - жаңа технология негіздері болып табылады, яғни инновациялық технологиялар.

Қазіргі білім беру жүйесіндегі жаңа педагогикалық технологиялардың танымалдыққа ие: саралап оқыту; дамыта оқыту; деңгейлеп оқыту; шоғырландырып, қарқынды оқыту; модульдік оқыту; блок-модульдік оқыту; жобалап оқыту технологияларымен қатар, тікелей ақпарттық – коммуникациялық технологиялар көмегімен жүзеге асырылатын: компьютерлік технология; мультимедиа технологиясы; қашықтықтан оқыту технологиясы; желілік технология; интернет технология; интерактивтік технология деп аталатын түрлерін білім берудегі инновациялық технологиялар тобына жатқызамыз. Барлық жаңа технологияның алдымен қоятын мақсаты - білім алушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылықтарын қалыптастыру болып табылады.

Қазіргі білім беру саласындағы инновациялық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан- жақты білгір маман болу мүмкін емес. Инновациялық технологияны меңгеру мұғалімнің зейін-зерделік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген ұстаздық келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектесетіндігі һақ. Инновацияны жете түсініп, инновациялық әдіс-тәсілдерде мектеп өміріне кеңінен енгізу жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алудың бірден-бір шарты болып табылады.  Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық —психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Бұл заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқытудың озық технологиялары мен инновациялық әдістерді сабақ үрдісінде тиімді пайдалана алатын білігі мен білімі жоғары ұлағатты ұстаз болу керек деген сөз.[1] Ұстаздық жолды ұстанған тұлға үшін педагогикалық шеберлікті жетілдіру негізгі мақсат болып саналады. Өйткені мұғалімнің шеберлігі шәкіртті қалай, қалайша оқыту үшін оның психологиясын білу; екінші жағынан, оқытып- тәрбиелеудің әдіс- тәсілдерін, жолдарын терең білу және оны қолдана білу мен астасып жатқан мәселе. Тәжірибеде осы талаптарға сай мұғалімдер шеберлігі қалыптасып жетіледі. Атақты педагог- ғалым В. Сухомлинский «Мұғалімдік мамандық- бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым- шытырығы мол жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады»- деп ұстаздық өнерге ерекше баға берсе, қазақ ағартушысы Ы. Алтынсарин «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім- мектептің жүрегі» дегені бекер айтылған сөз емес. Педагогикалық шеберліктің негізгі балалардың өз еркімен дамуына жол ашу, оқу – тәрбие процесінде оқушылармен педагогикалық ынтымақтастықта жұмыс атқарудың формаларын, әдістерін дамыту, шәкіртке деген қамқорлық пен сүйіспеншілікті арттыру, жұмыс әдіс- тәсілдерін жаңаша жандандыра түсу педагогикалық шеберліктерінің басты сипаты болып табылады. Сондықтан әр бір мұғалім күнделікті сабағына өмір талабына сай дайындалып педагогикалық технологияларды кеңінен пайдалануы тиіс. Ол заман талабы. Мұғалімнің шығармашылық жұмысы ең бірінші сабаққа даярлықтан басталады, яғни, өтілетін сабақың жоспарын құру, оны өткізу әдстемесі, оқушылардың қабілеттерін, жас ерекшеліктерін ескере отырып, иллюстрация, техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды пайдалану. Мұғалімнің осы шығармашылық әрекеті арқылы оқушының шығармашылық қабілеті қалыптасады. Ал, шығармашылық қабілеттер шығармашылық елес, шығармашылық ойлау арқылы жүзеге асады. Оқушыны шығармашылық ойлауға, жылдамдыққа, икемділікке, тапқырлыққа үйрету ол мұғалімнің әр сабағында қалыптасып отыратыны анық.  Сабақта, жалпы білім беру мекемелерінде оқушыларға ыңғайлы және жайлы жағдай жасалу қажет, сонда ғана оқудан жақсы нәтиже шығады, ол тұлға ретінде жан - жақты дамитын болады. Қазіргі білім берудегі жаңа әдістер оқушының өз бетінше білім алуына, танымдық белсенділігін арттыруға, шығармашылығын қалыптастыруға, кез - келген мәселе жөнінде өз пікірінің болуы және оны дәлелдей алуы тағы сол сияқты ықпал ететіндігі белгілі. Осы жаңа әдістерді қолдану кезінде педагогикалық - психологиялық талаптарды біріктіре отырып, оқушының оқу материалын терең игеруіне жағдай жасау қажеттілігі ескерілуі тиіс. М. Жұмабаевтың “Педагогика” деген еңбегінде “Сабақ барысында мұғалім оқушыға тақырыпты жеткізу үшін алдымен балаға жаңа беретін білімді жат күйінше емес, баланың бұрынғы таныс біліміне байлап берсін” делінген. Қазіргі кезде қолданылып жүрген әдістерде бала бұрынғы өзі білетін нәрсенің ерекшеліктерін саралап, оның жетістігі мен қажеттілігі арқылы жаңа білімді алуға ұмтылады. [5] Мен өз сабағымда жаңа технологиялардың барлық түрлерін, соның ішінде ақпараттық – коммуникативті технологияны тиімді пайдаланып келемін.   Мысалы, химия сабағында ақпараттық технологияны пайдаланып сабақтың тиімділігі мен сапасын арттырып, ақпараттық - коммуникативтік технологияны барлық деңгейлерде жүйелі пайдалану арқылы оқушының сабақтарда алынған ақпаратқа талдау жасай білуге, ақпаратты дұрыс таңдау жауапкершілігін қалыптастыруға және өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыруға үйретудемін. Мектепте компьютерлік технологияны қолдану оқушы шығармашылығын арттыруда белсенді роль атқарады. Жеке оқушының компьютерде жұмысты сауатты орындауы, ақпарат көздерін ала білуі дара тұлғаның қалыптасуына әсер етеді. Компьютер оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса барлық сабақтарды компьютер арқылы жүргізу-оқу үрдісін белсендіруге, проблеманы шешуге және шешім қабылдай білуге, оқушының өзін өзі бақылауына мүмкіндік туғызады әрі оқушы ерекшелігін ескере отырып оқытуды жүзеге асырады. Оқытушы сабақты дұрыс жоспарлап, мақсатын нақты белгілеп алмайынша көздегеніне жете алмайды. Сабақтың мазмұнын, құрылысын, дәлдігін, жұмыс жүргізу тәсілін мұқият ойластыру қажет.  Химия қиын пәндер қатарынан болып саналады. Бірақ осындай қайшылықтарға қарамастан химия- жаратылыстану пәндерінің бірі ретінде оқушылардың жан-жақты жарасымды жетілуіне, химиялық сауатты болуына қажетті білім беретін, яғни құзыретті жеке тұлғаны тәрбиелеуге өзіндік үлес қосатын пән. Ақпараттық технология негіздері тұлғаның химия пәнінен алған білім сапасы мен сауаттылығын кеңейтуге жәрдемдеседі, мысалы: интернет сайты арқылы жоғары деңгейдегі көрнекіліктерді пайдалануға болады. Заман ағымына қарай сабақта видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану оқушының дүниетанымын кеңейтеді. Әсіресе, оқулықтағы тарауларды қорытындылау кезінде оқушылар қосымша материалдар жинақтап, білімдерін кеңейтіп, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, қисынды ойлау жүйесін қалыптастырып, шығармашылығын дамытады. Ақпарапттық-технологияларды сабақ үстінде пайдалану арқылы сабақ барысында техниканы қолдану арқылы материалды түсіндіру, оқушыны сөйлету және пікірталас, бекіту, оқушылардың білімін бақылау, жеке жұмыс, талдау, тестілеу, қажет ақпаратты іздестіру; сабақтан тыс уақытта оқушының дербес, өздігінен қолдануы, яғни үй тапсырмасын орындау, рефераттар даярлау, өзіндік бақылау жұмыстары жүзеге асады. Сонымен қатар, АКТ қолдану  химиялық үрдістерді сипаттап, талдау жасау үшін компьютер немесе басқа да ақпараттық құралдар арқылы көрнекілік ретінде суреттер, диграмма мен бейнероликтерді кеңінен қолдану, оқушылардың есту, көру қабілеттерін дамыту үшін табиғаттағы заңдылықтар мен үрдістерді анимация арқылы қолдану тиімді, мысалы: химиялық процесстер, химиялық өндірістер және т.б; мультимедиялық оқулықтар көмегімен күрделілігі жөнінен түрлі деңгейдегі химиялық тапсырмалар мен зертханалық жұмыстарды орындау; алған білімдерін тексеріп, бекіту өте тиімді. Әсіресе тарау, тақырыпты қорытып, қайталауда тест тапсырмаларын оқушылар қызыға орындайды. Ақпараттық- коммуникациялық технология оқушының оқуға мотивициясын арттырады және химия пәнін оқу барысында мынадай мүмкіндіктерге қол жеткізеді. Оқу материалдарының мазмұнын көрнекілікті, түсінікті, қызықты етеді. Мұғалімдердің пайымдауынша интерактивтік бағдарлама олардың жартылай жұмысын атқарады. Мысалы: белгілі бір материалды интерактивтік тақтада орындау арқылы файлдағы белгілермен өзгерістерін сақтап қалуға болады, бұны сабақта болмай қалған оқушыларға қайта түсіндіруге немесе келесі жолы тағы да қолануға болады. Мұғалім оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын меңгеріп, оны пайдалану арқылы өзінің материалдық базасын толықтырып, әрі уақытты үнемдейді. Мультимедиялық технологиялар көбінесе компьютерлік сыныптарда қолданылады. Қазіргі уақытта сабақ материалдарына байланысты көптеген электрондық оқулықтар мен компакт - дискілер бар. Бүгінгі таңда ақпараттық технологияның өмірімізге терең енуіне байланысты жеке пән сабақтарында компьютерлік техниканың мүмкіндіктерін толық пайдаланып, оқушыларға терең де тиянақты білім беруге жағдай жасалды. Компьютерлік графикалық материал презентациялық слайд көмегімен көрсетіледі, яғни сабақта көрнекілікті қолдану деңгейі артады. Оқу материалын беру логикасына көп көңіл аударады, бұл оқушылардың білім деңгейіне оң әсерін тигізеді. Ол оқушылардың интеллектін, логикалық ойлауын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал жасайды.[2] Химия пәнінде дарынды оқушылармен жұмысты да ғаламтор көмегімен тиімді ұйымдастыруға болады. Қорыта келгенде, ақпараттық технологияның тиімділігі – оқушылардың білім олқылықтарына үнемі зерттеу жасап, түзету жұмыстарын жүргізуге пайдасы бар екендігі анықталды. Қазіргі заманның даму қарқыны мұғалімдер шығармашылығын жаңаша, ғылыми-зерттеу бағытында құруды талап етеді. Демек, компьютер оқушылар мен мұғалім жұмысын ұйымдастыруда кең мүмкіндіктерге ие, оқытудың әдістерін кеңінен әрі сапалы қолдануға мүмкіндік береді. Ендеше, ақпараттық технологияны сабақта қолдану оқушының іс-әрекетін, жұмысын түрлендіруге көмектеседі, зейінін белсендіреді, жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндіктерін жоғарылатады деуге болады. Ақпараттық технология арқылы жасалатын тест тапсырмалалары уақытты, шығынды үнемдеуге көмектесе отырып, оқушылардың өз білімін бағалауға үйретеді. Ең бастысы оқушылардың өзіндік білім алуын қамтасыз етіп, әр түрлі білім көздерінен негізгісін бөліп алу, тауып алу дағдыларын дамытады. Әрбір оқушының білім деңгейін талапқа сай көтеру үшін озық әдістемелік технологиялар қажет. Сол жаңа озық әдістемелік технологиялармен қарулаған, заман талабына сай оқытудың жаңа әдістерін, яғни ақпараттық- коммуникациялық технологияларды толық меңгерген педагог қана білім алушының сапалы білім алуына мүмкіндік жасайды. Оқытудың озық технологиясын меңгеру оқытушының кәсіптік шеберлігіне байланысты. Бұл әрбір ұстазды ойландырып, жаңаша жұмыс істеуге, жаңа ізденістерге жетелейді. Осы орайда Жүсіпбек Аймауытов «Сабақ беру үйреншікті жәй ғана емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер», - деп тұжырым жасайды. Сондықтан оқытушы өз пәнінен психологиялық тұрғыдан қарап, әдістемелік шеберлікпен келу керек. Сабақ барысында интерактивті технологияларды қолдану жұмысын өнімді, нәтижелі, ал оқушылардың білім алу әрекетін мәнді, қызықты пайдалы етеді.

Қай заманда болсын өзінің атқаратын қызметіне қарай, жеке қасиеттерінің көптүрлілігіне орай, өзіне міндеттелген талаптарға сай, оқытушы мамандығы басқа мамандықтарға қарағанда ең қиын және ең ізгілікті мамандық болып саналады. Себебі, мұғалімнің негізгі міндеті жер жүзіндегі ең құнды дүние - адамды кемелдендіру болып табылады. Оқушы жүрегінен орын алатын педагог рухани бай, зиялы және шығармашыл тұлға болуы қажет.

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Ә.М. Нұрмағанбетова. Ақпараттық-коммуникативтік технологияны оқу үрдісінде пайдалану. Педагогикалық альманах, №3-4, 2010, 64 бет
  2. Б. Ибраимова. Ақпарттық технология- нәтижелі білім берудің көзі. Қазақстан мектебі, №11, 2012, 5 бет
  3. М. Ж. Жадрина. Жалпы білім берудегі жаңа үрдістер. Открытая школа, №5,2004
  4. Ел Басы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 17.01.14ж// http://www.akorda.kz
  5. Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технология. Оқу құралы. Алматы: Жазушы, 2004. 208 б.