Химия сабағында АКТ-ны қолданудың маңызы [Химия]

Автор статьи : Ұлжан Ә.
Организация : Ынталы ЖОББМ
Должность : мұғалім
Дата : 30.01.2017
Номер журнала : 02-12-2021
XXI ғасыр — бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуіріне, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениетіне, мұқият қарайтын дәуір. Бүгінгі білім мазмұны оқытушы мен оқушының арасындағы негізгі бастамалардың барлығы оқытушы арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі мектептердегі оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа әдіс-тәсілдерден, технологиялардан құралады. Демек, баланың білімі ерекше болуы, ол білімнің нәтижелі болуы пән мұғалімнен жауапкершілікті талап етеді. Бүгінгі таңда адамзаттың ақпараттық мәдениетінің дамуы білім алуда өте маңызды рөл атқарады, оның себебі ғылыми-техникалқ ақпаратың көлемі екпінді өсуіне байланысты. Ақпараттық технологиялардың барлық жаналықтарын ең бірінші балалар қабылдайды, сондықтан балалардың жоғары танымдық қызығушылығын пайдаланып, олардың жеке тұлға ретінде дамуын қалаптастыру. «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» - деп Елбасымыз атап өткен. Жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны компьютерлік және саралап- деңгейлеп оқыту технологиясын енгізу негізінде:
  • Химия пәнінен электрондық оқулықты қолдану арқылы өткізілген сабақтардағы оқытылған сабақтардың білім сапасына әсерін зерттеу, талдау.
  • Химия пәнінен электрондық оқулықты қолдану арқылы өткізілген сабақтардағы оқытылған сабақтардың білім білім деңгейінің көрсеткіштерін анықтау.
  • Химиядан өткізілген дәстүрі және электронды оқулықты қолданып оқытылған
сабақтардың салыстыруына сараптама. Химия пәнінде АКТ-ны қолданып, мынадай нәтижелерге қол жеткізуге болады:
  • Ақпараттық-коммуникативтік технологияны кеңінен пайдалана отырып, оқушылардың химия пәніне қызығушылығын арттыру;
  • Бүгінгі таңдағы ақпарат ғасырындағы өмірге бейімделген жан-жақты білімді жеке тұлға қалыптастыру;
Осы жағдайларөз шешімін тапқанда әлемдік білім кеңістігіне енудің маңызды шарттардың ең бастысы – оқушы құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі де іске асар еді. Осы тұрғыда алғанда мектепте химиядан қолданбалы курстарды оқытудың маңызы зор деп есептейміз. Өйткені қазір мектептерде барлық жұмысты бірыңғай ұлттық тестілеуге даярлап, жоғары сапа көрсетуді бірінші кезекке қойған кезең екендігі жасырын емес. Ал оқушылар арасында химия пәнін таңдау өте сирек, себебі химияны таңдаушылар үшін ұсынылған мамандық түрі аз. Сондай-ақ, химия қиын пәндер қатарынан болып саналады. Бірақ осындай қайшылықтарға қарамастан химия- жаратылыстану пәндерінің бірі ретінде оқушылардың жан-жақты жарасымды жетілуіне, химиялық сауатты болуына қажетті білім беретін, яғни құзыретті жеке тұлғаны тәрбиелеуге өзіндік үлес қосатын пән.Ақпараттық технология негіздері тұлғаның химия пәнінен алған білім сапасы мен сауаттылығын кеңейтуге жәрдемдеседі, мысалы: интернет сайты арқылы жоғары деңгейдегі көрнекіліктерді пайдалануға болады. Заман ағымына қарай сабақта видео,аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану оқушының дүниетанымын кеңейтеді. Әсіресе, оқулықтағы тарауларды қорытындылау кезінде оқушылар қосымша материалдар жинақтап, білімдерін кеңейтіп, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, қисынды ойлау жүйесін қалыптастырып, шығармашылығын дамытады. Ақпарапттық-технологияларды сабақ үстінде пайдаланудың формалары мынадай болып келеді:
  • Сабақ барысында техниканы қолдану арқылы материалды түсіндіру,оқушыны сөйлету және пікірталас, бекіту, оқушылардың білімін бақылау, жеке жұмыс, талдау, тестілеу, қажет ақпаратты іздестіру;
  • Сабақтан тыс уақытта оқушының дербес, өздігінен қолдануы, яғни үй тапсырмасын орындау, рефераттар даярлау, өзіндік бақылау;
  • Мұғалімнің сабаққа даярлық кезеңінде қолдануы, яғни арнайы материалды іріктеп алу, тапсырмаларды дайындау және т.б. АКТ әдістерін төмендегідей бірнеше бағытта қолданып отыруға болады:
  1. Химиялық үрдістерді сипаттап, талау жасау үшін компьютер немесе басқа да ақпараттық құралдар арқылы көрнекілік ретінде суреттер, диграмма мен бейнероликтерді кеңінен қолдануға болады.
  2. Оқушылардың есту, көру қабілеттерін дамыту үшін табиғаттағы заңдылықтар мен үрдістерді анимация арқылы қолдануға тиімді. Мысалы:химиялық процесстер, химиялық өндірістер және т.б
  3. Мультимедиялық оқулықтар көмегімен күрделілігі жөнінен түрлі деңгейдегі химиялық тапсырмалар мен зертханалық жұмыстарды орындауға болады.
  4. Алған білімдерін тексеріп, бекіту өте тиімді. Қазіргі кезде оқытудың жаңа үрдісіне сай мектепке барлық пәндерден тест әдісі кеңінен қолданылады, тіпті ҰБТ тапсыру үшін де. Әсіресе тарау, тақырыпты қорытып, қайталауда тест тапсырмаларын оқушылар қызыға орындайды.
Әрбір оқушының білім деңгейін талапқа сай көтеру үшін озық әдістемелік технологиялар қажет. Сол жаңа озық әдістемелік технологиялармен қарулаған, заман талабына сай оқытудың жаңа әдістерін, яғни ақпараттық- коммуникациялық технологияларды толық меңгерген педагог қана білім алушының сапалы білім алуына мүмкіндік жасайды. Оқытудың озық технологиясын меңгеру оқытушының кәсіптік шеберлігіне байланысты. Бұл әрбір ұстазды ойландырып, жаңаша жұмыс істеуге, жаңа ізденістерге жетелейді. Осы орайда Жүсіпбек Аймауытов «Сабақ беру үйреншікті жәй ғана емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер», - деп тұжырым жасайды. Сондықтан оқытушы өз пәнінен психологиялық тұрғыдан қарап, әдістемелік шеберлікпен келу керек. Сабақ барысында интерактивті технлогияларды қолдану жұмысын өнімді, нәтижелі, ал оқушылардың білім алу әрекетін мәнді, қызықты пайдалы етеді. Пайдаланған әдебиеттер: Ашық сабақтар сайты Ә.М. Нұрмағанбетова. Ақпараттық-коммуникативтік технологияны оқу үрдісінде пайдалану. Педагогикалық альманах, №3-4, 2010, 64 бет Б. Ибраимова. Ақпарттық технология- нәтижелі білім берудің көзі. Қазақстан мектебі, №11, 2012, 5 бет М. Ж. Жадрина. Жалпы білім берудегі жаңа үрдістер. Открытая школа, №5,2004 ҚР-ның білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.