Химияның негізгі стехиометриялық заңдары [Химия]
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлім/бөлімшесі:
Бөлім: 10.1B Стехиометрия
Сабақтың тақырыбы: Химияның негізгі стехиометриялық заңдары
Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)10.1.1.1 химияның негізгі стехиометриялық заңдарының тұжырымдамасын, қолдану аясын атау; зат массасының сақталу заңы, көлем қатынастар заңы, Авогадро заңы;
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар: Химияның негізгі стехиометриялық заңдарының тұжырымдамасын, қолдану аясын сипаттайды.
Оқушылардың көпшілігі: Бейорганикалық заттардың кластары арасындағы генетикалық байланысты көрсететін айналымдарды жүзеге асырады.
Кейбір оқушылар: Стехиометриялық заңдарды есептер шығаруда қолданады.
Бағалау критерийі :
- Зат массасының сақталу заңы, көлем қатынастар заңы, Авогадро заңдарының тұжырымдамасын, қолдану аясын атайды.
- Бейорганикалық заттардың кластары арасындағы генетикалық байланысты көрсететін айналымдарды жүзеге асырады.
- Стехиометриялық заңдарды қолдана отырып, есептер шығарады.
Тілдік мақсаттар:
Оқушылар қолданады: Кәсіби ғылыми ұғымдарды сәйкес химиялық терминологияларды қолданып талқылайды, стехиометриялық заңдардың анықтамасын біледі және есептеулер жүргізуде қолданады.
Пәнге қатысты терминдер мен негізгі сөз тіркестері: Авогадро саны, моль, молярлық масса, реагент, өнім, масса, атом саны, индекс, молекула саны, коэффициент эмприкалық формула.
Талқылауға арналған тармақтар:
Салыстырмалы атомдық масса дегеніміз.................. Кез – келген заттың 1 молінде ........................ болады. Оны ........................... саны деп атайды.
Құндылықтарға баулу Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау дағдылары қалыптасады. Бұл құндылыктарға баулу топтық жұмыс, сын тұрғысынан ойлау тапсырмалары аркылы жузеге асырылады.
Пәнаралық байланыс: Математика, физика - атом құрылысы.
Алдыңғы білім 7.3С Салыстырмалы атомдық масса және қарапайым формула. 8.2А Зат мөлшері. 8.2C Стехиометриялық есептеу
Сабақ барысы:
Сабақтың басы
Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылар түгелденеді. Оқушылар бір-біріне сәттілік тілейді.
«Ой қозғау» әдісі
- Атом, молекула, химиялық элемент деген не?
- Реагент дегеніміз не?
- Өнім дегеніміз не?
- Коэффициент қайда қойылады және ол нені білдіреді?
- Мына элементтердің салыстырмалы атомдық массасын есептеңдер. (калий, мырыш, фосфор)
- Химияның қандай стехиометриялық заңдарын білесіңдер?
- 8 сыныпта алған білімді еске түсіру. (learningapps.org сайтында жүзеге асырады).
Кері байланыс. Оқытушы «Мадақтама» әдісі арқылы кері байланыс жүргізеді.
Оқушылар қиындыларды құрастыру арқылы 3 топқа бөлінеді. Қиындыларды құрастырғанда заңдардың атаулары шығады, осылай жаңа сабақтың оқу мақсатын айқындаймыз.
Такырып: Химияның негізгі стехиометриялық заңдары
Мақсаты: 10.1.1.1 химияның негізгі стехиометриялық заңдарының тұжырымдамасын, қолдану аясын атау: зат массасының сақталу заңы, көлем қатынастар заңы, Авогадро заңы; Оқушылар шеңберде мұғаліммен бірге жиналып бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Сабақтың ортасы. 25-30 мин
Топтық жұмыс.
1 тапсырма. «Шабарман» әдісі. Бейнероликті, оқулықты және берілген мәліметті оқып, берілген тапсырманы орындаңыз. (әр топтан бір шабарман шығып өз тобының мәліметін келесі топқа түсіндіреді және сол топта қалып қояды.) Ашқан ғалымдар, қай жылы, анықтамасы, қолдану аясы.
І топ. Зат массасының сақталу заңы-
ІІ топ. Көлем қатынастар заңы
ІІІ топ. Авогадро заңы
Дескриптор
- Химияның негізгі стехиометриялық заңдардың қай жылы, кім ашқанын жазады.
- Химияның негізгі стехиометриялық заңдарын тұжырымдайды.
- Стехиометриялық заңдардың анықтамаларын, қолдану аясын түсіндіреді.
Жұптық жұмыс.
2 тапсырма. «Атау» әдісі
Берілген атауларды үш тілде жазыңыз.
(кестені толтырғаннан кейін бір-бірімен кестені алмастырады.)
Қазақша Орысша Ағылшынша
- Cтехиометрия Cтехиометрия Stoichiometry
- Зат массасының сақталу заңы Закон сохранения массы Mass conservation law
- Көлем қатынастар заңы Закон постоянства состава веществ The law of constancy of the composition
- Авогадро заңы Закон Авогадро Avogadro Law
- Моль Моль Mole
- Зат мөлшері Количество вещества Amount of substance
- Молекула саны Количество молекул Number of molecules
Дескриптор
- Берілген атауларды қазақша, орысша, ағылшын тілінде жазады.
ҚБ: «Келісемін-V, келіспеймін-Х» әдісі жұптар бірін-бірі бағалау.
Саралау: ресурс, диалог және қолдау, топтастыру
Жеке жұмыс.
2 тапсырма. «Кім шапшаң» әдісі
Мына айналымдарды жүзеге асыр.
- Na→Na2О→ Na OH→ Na 2SO4
- Ca→ CaO→ Ca(OH)2→ CaCl2→ Ca(NO)3
- C→CO→CO2→H2CO3→CaCl2
- N→ N 2О5→ HNО 3→ Cu(NО3)2
Дескриптор
- Металдар арасындағы айналымды жүзеге асырады;
- Бейметалдар арасындағы айналымды жүзеге асырады;
ҚБ. «Плюс+ минус -» әдісі арқылы өзін –өзі бағалайды
Саралау: ресурс, қарқын, тапсырма
Топтық жұмыс. «Қате жіберме?» әдісі
Берілген есептерді шығарады.
І топ.
- 6 л сутек қ.ж. қанша молекуладан тұрады?
- Калийдің бір атомының массасын анықтаңдар.
- Көлемі 2 л бутенді жағуға қажетті оттектің көлемін табыңдар.
ІІ топ.
- 6 л оттек қ.ж. қанша молекуладан тұрады?
- Күкірт қышқылының бір молекуласының массасын анқтаңдар.
- Аммиак, көмірқышқыл газы, метан газдардың ауа бойынша салыстырмалы тығыздықтарын есептеңдер.
ІІІ топ.
- 6л азот қ.ж. қанша молекуладан тұрады?
- Азот қышқылының бір молекуласының массасын анқтаңдар.
- Ауамен салыстырғанда тығыздығы 1,52 болатын газдың 50 литрінің (қ.ж.) массасын есептеңдер.
Дескриптор
- Есептің берілгенін жазады;
- Формула бойынша заттың көлемін, массасын, салыстырмалы тығыздықты табады;
ҚБ: «Жұлдызша» әдісі арқылы мұғалім бағалайды
Саралау: диалог және қолдау, топтастыру, қарқын
Қорытынды: «Миллион кімге бұйырады?» ойыны
Сабақтың соңы 8-10 мин
Рефлексия: «Сұрақ конверті» әдісі
Мұғалімнің конверт сыртына жазған сұрағына (Жаңа тақырыптың қай тұсы саған түсініксіз болып қалды?) оқушылар жеке өз жауаптарын қағазға жазып, конвертке салады. Мұғалім сабақтан соң жазуларды қарап шығып қорытынды жасайды.
Сабақта қолданылған ресурстар:
- https://learningapps.org/watch?v=p9tm2xm6n21
- https://learningapps.org/watch?v=p684twy9521
- https://learningapps.org/watch?v=pj99tk92k21
- Үлестірме карточкала
- Д.И.Менделеевтің периодтық кестесі.
- Формулалар жиынтығы.
- Авогадро саны – бір моль заттағы бөлшектер саны; NA = 6,02∙1023 моль–1.