Таянып тығыр, тарылмасын жер,
Жігері тасып, дамылдасын – дер .
Шалынбасын – дер, енді тік тұрып,
Бауырдың тауы шағылмасын – дер.
Іңкәр көңілдің емін білетін,
Шабандағанымды тебіндіретін.
Биязы мінез бір қызды көрсе,
Сыртымнан маған теліп жүретін.
Қарқылдып күліп, «әпендім» – дейтін,
Жынына тисем «Әкеңнің» – дейтін.
Жұлдызды белбеу беліме тағып,
Әскерден саған әкелдім дейтін.
Ақылын жаным керек ететін,
Атымды естіп елең ететін.
Есіме салып ескерте беретін,
Інінің жолы бөлек екенін.
Ізгілік жолын таңдасын – дейтін,
Қатерді бұрын аңдасын – дейтін.
Өнерін маған өнеге тұтып,
Жала-жамандыққа бармасын – дейтін.
Алдына барсаң, кісіліктенбейтін.
Шешеміз бәрін түсінікпен – дейтін.
Бітпеген екен бір ісің бала,
Бұл ісің шала, пісіріп кел – дейтін.
Жақсымен тапсын үйлесім – дейтін,
Жаманға жебе түйресін – дейтін.
Ұқтырып, өмір – күрес екенін,
Жауырын жерге тимесін – дейтін.
Жырымды менің жаттаған аға,
Жеңгеме мені мақтаған – аға.
Мейіріңді жылы сағынып жүрмін,
Ауылға ертең аттанам аға.
Аға
Creativity
Аға
Author: Өскенбаев Құрманбек Мұхаметбекұлы
Job: "Әдістеме" журналы
Position: Редактор
Date of publish: 20.02.2022
Publisher: Құрманбек Ө.