Диспут өткізудің әдіс-тәсілдері [Риторика]
- Әдіс – тәсілдер Жоспары: Не үшін сөйлеу керек?
- Пікірталастар мен талқылауға арналған жаттығулар
- Уақыт шеңбері
- Қар кесегі
- Балалар философиясы
- Кемпірқосақ тобы
- Жұптық әңгіме
- Жұмыс дәптері бос болса, не сабақ «өнімі» болмаса бұл әдетте тапсырма орындалмаған деп саналады. Бұл мектепті бағалау барысындағы есептілік және тексеру үдерісімен қуатталған пікір, сабақ үстіндегі тапсырма немесе оқу сезінерлік болу керек деген ойға жетелейді. Көрсетуге болатын «нәтиже» болуы керек. Көптеген зерттеулер мен жеке тәжірибе көрсетіп отырғандай, түсіну өз бетінше ғана пайда болмайды, ол – анағұрлым тиімдірек жазбаша сөзден немесе бір нәрсе жасау кезінде де орын алады.
Демек оқу, тереңдетілген оқу міндетті түрде материалдық дәлелдермен қосақталып жүру керек деген пікір дұрыс емес болып шықты. Орыс психологы Лев Выготский сөйлеу мен ойлау өзара тығыз байланысты деп жазған. Сөйлеу үдерісі бізге дүниені тану үшін қолданатын ойларымызды айту және тұжырымдамаларды дамыту арқылы білім алуымызға көмектеседі. Қарым-қатынас және түсіну тәжірибе барысында жақсарады. Демек түсінуді дамыту үшін сөйлеу қабілеті өте маңызды. Әрине құр сөйлесудің өзі жеткіліксіз – әңгіме дамытуды қажет ететін пәнге шоғырланған болуы керек. Шоғырланбаған жазу шоғырланбаған нәтижелерге әкеліп соғады, талқылау мен пікірталастар ақиқаты сондай. Бұл жинақта көрсетілген әдіс-тәсілдер оның нысаналы, құрылымдалған (немесе әдейі құрылымдалмаған) және оқушылар мен параметрлерге сәйкес келетін болуы үшін, әңгімеге қолдау және көмек көрсетуге бағытталған. Сонымен қатар мадақтау мен бағалаушы әңгіме ақпарат береді; тыңдау мен сөйлеу сияқты, қарым-қатынас жасау өте маңызды.
- Пікірталастар мен талқылауға арналған жаттығулар
- Уақыт шеңбері жаттығуы
Мақсаты: Идеялар, тәжірибелер және ойлармен бөлісу. Өз-өзіңді және басқаларды түсінуді алға бастыру. Топ сұрақтарын құрастыру. Ұйымдастыру: Барлығы орындықта немесе еденде шеңбер құрып отырады. Сөйлеуші ғана ұстайтын зат бар (мысалы, доп). Жаттығудың сипаттамасы: Мұғалім оқушылар сияқты орындықта немесе еденде отыр. Бұл мына ерекше сынып тапсырмасында мұғалімнің директор емес, үйлестіруші екенін білдіреді. Мұғалім Уақыт шеңберіндегі құрылымдық ережелерінің сақталуына, әр оқушының эмоциясын қорғауға және лайықты тапсырмаларды дайындауға жауапты. Егер оқушылар ережелерді үнемі бұза берсе, мұғалім тапсырманы аяқтауға дайын болуы керек. Уақыт шеңберіндегі ең маңызды ереже – талқылауға барлығы түгелдей қатысулары керек. Бұл бірініші болып өткізілуге тиісті тапсырмалардың бірі. Негізгі үш ережені талқылау керек:
- Тек біреу ғана сөйлеу керек – әңгіме тақырыбы ережелердің сақталуына мүмкіндік туғызуы керек.
- Егер сіз бір тақырып аясында сөйлегіңіз келмесе, «сөзіңізді» басқаға бере аласыз.
- Қар кесегі жаттығуы
Мақсаты: Келіссөздерді, бірге алаң болу және негіздеуді қолдануға көмектеседі. Ұйымдастыру: Қозғалуға және араласуға ыңғайлы болу үшін үлкен кеңістік қажет. Немесе, оқушылар парталардың айналасына топтар құрып, тиісінше орындықтарды қозғалта алады. Жаттығудың сипаттамасы: Біріншіден, оқушылар жеке жауап берулері керек. Кейін жұп ақылдасып, олардың екі жауабын бір жауап етіп үйлестіреді. Кейін жұптар басқа жұптармен бірігіп, үдерісті қайталайды. Осылайша төрт жауап бір жауап болып біріктіріледі. Мысалы. Бірінші оқушы мінсіз өмір үшін үш зат таңдайды. Кейін жұптар талқылап, 6 жауаптан тек үшеуін таңдайды. Сосын 4 оқушы дәл солай алтыдан 3 затты таңдайды.
- Балалар философиясы жаттығуы
Мақсаты: БФ балаларды (немесе ересектерді) сыни, байыппен, шығармашыл және бірлесіп ойлауға ынталандыруға бағытталған. Бұл мұғалімге қатысушылар сұрақтарды өздері құрастырып және өздері қоятын және «қалай оқу керектігін үйренетін» «сұраныстар қоғамын» құруға көмектеседі. Ұйымдастыру: Орындықтарды шеңбер етіп қойыңыздар, (егер қажет болса) сөйлеушіні білдіретін бір затты алыңыз (мысалы, доп). Бөлме ішінде оқушыларға арналған ынталандыру материалдарын орналастырыңыз. Жаттығудың сипаттамасы: Мұғалім тақырыппен таныстырып, үдерісті түсіндіреді. Оқушыларға ынталандыру материалдарын толығымен қарауға бірнеше минут беру керек. Оқушылар шеңберге оралғанда, жауап беруі тиіс тақырыпқа/пәнге қатысты сұрақтарды ойластыру үшін, оларға бір-екі минут беріледі. Оқушылар пікір алмасып, мәселені талқылап, бір тоқтамға келу үшін дауыс береді. Мұғалім сұрақтарды дұрыс құра отырып, дамытатын сұрақтар қойып немесе әр оқушының қатысуын қамтамасыз ету үшін топпен бірге әрекет ете отырып, үйлестіруші ретінде қатысады.
- Кемпірқосақ тобы жаттығуы
- Мақсаты: Әр оқушы (бастапқы топта) тыңдайды және (Түрлі-түсті топта) сөйлейді. Ұйымдастыру: Топты қимылдауға және талқылауға орын қалдыра отырып, стандартты орналастыру. Жаттығудың сипаттамасы: Оқушыларды талқылау үшін (бұл «бастапқы топ») тақырып бойынша (барлығына бір тақырып немесе әр топқа бөлек тақырып) топтарға бөліп отырғызыңыз. Талқылаудан кейін оқушыларға түстер беріп, тиісінше қайтадан топқа бөледі. Жаңа топтар «бастапқы топ» қатысушыларынан тұрады. Кейін оқушылар жаңа топта не талқылағандарын айту үшін «бастапқы топқа» қайта оралады. Бұл одан әрі талқылауға түрткі болады. Жұптық әңгіме жаттығуы
Мақсаты: Идеяларды құрастырып, белсенді тыңдап, бар ойын талқылауға шоғырландыруға мүмкіндік береді. Жұптарды қолдану оқушыларға сөйлеуге және үлкен топтарда өзін сенімсіз сезінетін оқушыларға көмектесуге мүмкіндік береді. Ұйымдастыру: Талқылау кезінде басқа жұптармен қосылып талқылаудан сақтап қалу үшін жұптар арасында аз да болса ара-қашықтық сақтаған дұрыс әрі тиімді болмақ. Жаттығудың сипаттамасы: Оқушылармен талқылау үшін ынталандыратын немесе арнайы сұрақтар мен тақырыптарды қолданыңыз. Белсенді тыңдап, жауап беруге жетелеңіз. Тақырыпты белгілеу үшін А мен Б атаңыз ( мысалы, А тыңдайды, ал Б сөйлейді, кейін керісінше). Оқушылардан олар жеке жауап алғысы келетін сұрақ қоюды сұраңыз, кейін бұл сұрақ жұпта талқыланады. Әр жұпқа мақсат қойыңыз – мысалы, мынаған жауап беріңдер.