Діни экстремизмнің қауіптілігі неде? [Религиоведение]

Автор статьи : Айнаш Н.
Организация : Ақтөбе қаласы, Благодар орта мектебі
Должность : Тарих пәні мұғалімі
Дата : 22.05.2016

Сабақ мақсаты: Білімділік: Діни экстремизмнің алдын алу бойынша жастардың діни сауаттылықтарын ашу;Дін мәселесі жөнінде оң пікір қалыптастыру.Сондай – ақ  қазақ қоғамын жайлап бара жатқан түрлі келімсек дүние ағымдар, олармен күресу, сақтану жолдары турасында пікірлесу. Дамытушылық: Діни наным - сенім мен олардың пайда, зияны турасында өмірден нақты мысалдар келтіре отырып түсіндіру. әлемдік діндер мен түрлі ағымдарға байланысты ой - өрісі мен дүниетанымын кеңейту. Тәрбиелік: Елжандылыққа, отансүйгіштікке, ізгілікке, мейірімділікке баули отырып, имандылық тәрбие беру

Өткізілу түрі : Әңгіме, пікірлесу Діни экстремизм аясында төмендегідей сауалдарға байланысты өрбіді.

  1. Дін дегеніміз не?
  2. Дінге деген жастардың көзқарасы қандай?
  3. Әлемдік діндерден секталардың айырмашылығы қандай?
  4. Қазіргі заманда қоғамға қалай ықпал етуде?
  5. Діни экстремизм деген не, оны қалай түсінеміз?
  6. Діни экстемизм салдарынан әлемде нелер болып жатыр?
  7. Хижап, паранжа , қысқа балақты шалбар, сақал қою мәселерін қалай түсінуге болады?

Және де көптеген діни ағымдардың пайда болуына байланысты, қоғамда кері саяси ұғымдардың пайда болуы, адамның сана сезімін улайтын, әлемдік діндердің атын жамылып теріс бағыт беретін діни секталардың экстремалды түрде қаптауы туралы мәселелер

Экстремизм терминін қазақ тіліндегі мағынасын түсіндіріп кететін болсақ: Экстремизм латынның extremus – деген сөзінен шыққан. Ол «ең соңғы, ақырғы, төтенше» деген мағынаны білдіреді. Әрине, экстремизмнің түрлерінің бәрі – терроризм, расизм, этноцид, геноцид – бәрі де күш қолдануға сүйенген. Экстремизмнің бүгінгі таңда кең тараған түрі – терроризм. Terror – латын сөзі – қазақшаға аударғанда қорқыныш, үрей деген мағынаны білдіреді. Террорлық әрекеттің басты мақсаты қоғамда үрей, қорқыныш, әбігер туғызу, елдің тыныштығын бұзу, өзіне көпшіліктің назарын аудару арқылы өздерін үлкен саяси күш ретінде таныту болып табылады. Өмірде радикалды саяси ілімдер, саяси ұғымдар, түсініктер жиі кездеседі. Олар бірте-бірте кең етек алып, күш жинап, нақты практикалық әрекетке ұласады, яғни террорға, ұйымдасқан бандитизмге, қарақшылық қылмыс жасауға барады. Осы бір келеңсіз жағдайлардың кесірінен қаншама бейкүнә жандар қаза табады. Адамның омірі адам үшін ең қымбатты қазына болып саналады, осы қымбат қазынадан айыруға ешкімнің құқығы жоқ! Қазіргі кезеңде әлемде кең етек алып отырған бұл індетті материалдық қана емес, рухани мешеуліктің, адамдар бойындағы гуманистік сезімдердің тұрпайылануының салдары деп ұғынған жөн. Сондықтан да бұл ғасыр қасіретімен күресте осыны басты назарда ұстауымыз керек. Әлемдік діндер - БУДДИЗМ, ХРИСТИАН, ЗОРОАСТРИЗМ, ДАОСИЗМ, ИСЛАМ осы діндердің барлығы әлеуметтік жағдайдан туындаған діндер. Осы әлемдік діндер адамды адамгершілікке және тазалыққа, төзімділікке, білімге, бірлікке шақыратын таза діндер болып табылады.Бірақ осы заманда әлемдік діндердің кейпін танытып, бейнесін салып жүрген көшірме діндер қаптап кетті. Осындай жасанды діндердің салдарынан қоғамда терроризм және діни экстремизм терминдері пайда болды.

Діни экстремизмнің салдарынан адамның санасы уланып теріс жолдарға түсіп жатқан адамдар аз емес.

Деректерге сүйенер болсақ нағыз экстремистік топтардың тауқыметін батыс елдері көруде. Соңғы жылдары АБД, Еуропа елдерінде саңырау құлақша қаптап кеткен христиан фундаменталист ұйымдары мен түрлі-түрлі секталар салдарынан мыңдаған адамдар аянышты хәлде қаза тапты. Мәселен, АБД-нің Калифорния (штатт) Сан Диего қаласында «Ұлық бұлақ» деп аталған сектаның 39 мүшесі, 1997 жылы 26 наурыз күні өздерін улап өлтірген. 1978 жылдың 18 қарашасында Оңтүстік Америкадағы Гуяна мемлекетінің Джеймстаун (Jamestown) қаласында «Халықтың храмы» деген сектаның 912 мүшесі циан газымен өз-өзін өлтірген. Францияның Сен Пиер қаласындағы «Күн храмы» сектасының 16 мүшесі 1995 жылы 23 желтоқсан күні өз-өздерін өртеп өлген. Осы сектаның Швейцарияның екі қаласындағы мансұбтары (мүшелері) 1994 жылы 5 қазан күні өздерін өртеп өлді. Күн храмы сектасының Канададағы белсенділері де тыныш тұрған жоқ: шығыс аймақтағы Морин төбесі деп аталатын мекендегі 5 адам 1994 жылы 4 қазан күні, ал, Сен Касмирдегі 5 адам болса 1997 жылы 23 наурыз күні өздерін атып не өртеп өлтірген. Американың Техас штатындағы Вако қалашығындағы «Давидиан» сектасына мүше 80 адамы 1993 жылы 19 сәуір өздерін өртеп өлтіргені әлем жұртшылығының әлі де есінде. Филипиндегі рұһбан (монах) Дату Мангайаның сектасының акциясында 1985 жылы 19 қыркүйек күні 60 адам өзін улы газбен өлтірген. Жуықта, Орталық Африкадағы бір мемлекетте католик шіркеуінің бірнеше мың мүшесі бірге жан қию рәсімін жасағаны есімізде. Мұның бәрі де адастырушылардың ісі, бейкүнә адамдарды жалған уағыздармен алдаушылық.

Жалпы алғанда осындай қауіпті секталардан сақ болуымыз, кесірлі ағымдардың қиянаттығынан сақтануымыз керек.

                       Діни ұйымдарға еліктемеуді ескерту шаралары

1.Көшеде,қоғамдық орындарда бөгде адамдармен сөйлесуден бас тартыңыз.

2.Көшеде,қоғамдық орындарда және т.б жерлерде діни әдебиетпен танысуды ұсынса,оны алмауға тырысыңыз.Алған жағдайда ата-анаңызға,топ жетекшіңізге,психологке,

оқытушыларға көрсетіңіз.

3.Егер бөтен адамдар лекция тыңдауға,семинарға қатысуға таныс емес жерлерге шақыратын болса,барудан бас тартыңыз,мекен-жайыңыз,телефондарыңыз,жақын адамдарыңыз жайлы ақпарат бермеңіз

4.Егер сізді адамдардың рухани өмірі,дін қызықтыратын болса,онда сізге көмектесетін ата-анаңыз,оқытушыларыңыз.Олар сіздерге арнайы әдебиеттер ұсынып,топ сағаттарын өткізіп,әңгіме жүргізеді.

5.Егер сіз діншіл адам болсаңыз,онда ата-анаңыздың ұсынған дінін қолдаңыз.

Қорытындылау:      Соңғы пікір

«…Қазақ та адам баласы ғой,көбі ақылсыздығынан азбайды,ақылдының сөзін ұғып алар жүректе жігер,қайрат,байлаулықтың жоқтығынан азады.Жаманшылыққа бір ілігіп кеткен соң,бойын жиып алып кетерлік қайрат қазақта кем болады»

                                                                        Абайдың он төртінші сөзі

«Жаудан да,даудан да қорықпаған қазақ едім,енді қорқынышым көбейіп жүр.Балаларын бесікке бөлемеген,бесігі жоқ елден қорқам.Екінші,немересіне ертегі айтып беретін әженің азаюынан қорқам. Үшінші,дәмін,дәстүрін сыйламайтын балалар өсіп келе жатыр.Мен солардан қорқамын»

                                          Бауыржан Момышұлы

«Діни экстремизмді алатын болсақ,ол адамдар арасына ірткі салуға,өшпенділік отын тұтатуға,қантөгістер ұйымдастыруға жол ашады.Пиғылы бөтен,қазақтың болмысына жат ағымдарға қазір тосқауыл қоймасақ,онда ертең бірлігімізге сызат түседі.

Егер елімізде нағыз таза мұсылман, Құранның жолымен жүретін халық көп болса елде береке, бірлік тыныштық болады»                                                                Н.Ә.Назарбаев