Бүгінгі қыз тәрбиесі [Семейная психология]

Автор статьи : Гүлнәз Ә.
Организация : №62 мектеп-лицей
Должность : мұғалім
Дата : 18.01.2017
Редакционная коллегия: онлайн нұсқада ғана жариялауға рұқсат етілген

Біз  білетін ақ кимешекті, ақ жаулықты, бесік тербеткен қайран аналардың бейнесі бүгінде өзгешелеу болып кеткен сияқты.Ұғымымыздағы аналар бейнесінің бұлайша өзгерек сипат алғанына не себеп болды? Нарықтық заман ба? Әлде... Негізінен, нәзік жандылар инабатты,үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білетін, көпшілік қауымға тән сұлулығымен емес, жан сұлулығымен жаға білетін, жібек мінезді, иманда да ибалы болу керек деп ойлаймын. Ал, ондай атқа лайық болу үшін қыздың бітім-болмысы түзу,ізетті, таза, жинақы, әсем болу керек.Он саусағынан өнері тамып тұрғанға не жетсін, дәл солай болмаса да,астың түр-түрін дәмді етіп дайындауға, іс тігуге ұмтылысы,құштарлығы болу керек кой.Азаннан кешке дейін сан түрлі әлеуметтік желілерде отырғанша, осындай пайдалы істермен айналысқанға не жетсін?!

Сонымен қатар, күнделікті үйреншікті дағдыға айналған телехикаяларды көруден әрине, ешкім жалықпайды. Алайда, сериалдарға әуестігімізді шектей білуіміз керек.Әрине, әр нәрсе орнымен. Жөні осы екен деп, әсіресе, келіндердің сериал сараптағаны әбестік көрінеді. Содан-ақ, кейбіреулерінің саналарында еліктеу мен қызығушылық туындап,тіпті, осы бәленің кесірінен ажырасып кеткен жұптар да бар бұл өмірде. Құдайдың өзі кешірсін. Бірақ қайтып келген қыз, некесіз туған бала, шылым тістеп, казинолар мен түнг клубтарды төңіректеген жеңіл жүрісті аруларымыз бен кәмелеттік жасқа толмай қылмыс жасап жүрген жасөспірімдердің бұл қылықтарына осы сериалдардың да әсері мол. Сонда ой-санасы жаңа жетіліп келе жатқан,еліктеуге бейім тұрған мүлдем жас буын жүгенсіз кетсе,обалын телеарнадан сұраймыз ба? Қыз тәрбиесін назардан шығарып алғанымыз жасырын емес. Тәрбие тізгінін босатып алдық.Бұған қыздарымыздың қалай болса солай ашық - шашық киініп, кіндігін көрсетіп жүргені дәлел. Ал, біздің ата-бабамыз балалық дәурені өтісімен кейінгі ұрпағына дұрыс тәрбие беруді қолға алған. Қыз-аз күнгі қонақ. Сондықтан да, күні ертең келін болып түскен жерінде ата-анасына, ауылына сөз келтірмеуін алдын ала ойлаған. Жастардан бір нәрсені талап етуден бұрын, оларға үлкендердің алдымен өздері үйретуі, көрсетуі керек. Ал, бұдан шығатын қорытынды - қыз тәрбиелі болса, ана парастты болса, әже данышпан болады. Өмір осылай жалғасады. Қыз бала -халқымыыздың көркі. Сондықтан да қызды халқымыз аса қадір тұтқан. "Қыздың жолы жіңішке","Қыз - өмірдің қызғалдағы", "Аяғына қарап асын іш, анасына қарап қызын ал" деген ата-бабамыздың асыл сөзі осының айғағы. Қызды қазақ жат жұрттың баласы, қызды үйге қонақ санаған. Яғни, бәріміз солардан өсіп-өнеміз. Жар,ана қарындас, әже. Осыған байланысты қазақ қызғалдақтай құлпырған қырмызыдай қыздарын әлпештеп, мәпелеп, инабатты етіп өсіруді ең бірінші орынға қоя білген. Ендеше, баршамыз да осы тұрғыдан көріне білейік.