Биология пәнін оқыту үдерісінде зияткерлік технологияларды қолданудың негіздері [Биология]

Автор статьи : Венера А.
Организация : Қызылорда қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
Должность : Биология пәні мұғалімі
Дата : 31.01.2023
Номер журнала : 01-16-2023

Түйінді сөздер: жаңа технологиялар, зерттеушілік дағдылар, өзара ынтымақтастық, цифрлық қоғам.

Ключевые слова: новые технологии, исследовательские навыки, взаимное сотрудничество, цифровое общество.

Keywords: new technologies, research skills, mutual cooperation, digital society.

Аңдатпа Бұл мақалада қазіргі оқытудың заманауи технологиялары арасынан биология сабақтарын оқытуда тиімділігі жоғары болып табылатын түрлерінің негізгі ерекшеліктеріне қысқаша талдау жасалды. Әрбір оқыту технологияның жарқын жақтары мен мүмкіндіктері биология пән мұғалімдері үшін таңдау жасауға өз әсерін тигізері сөзсіз.

Аннотация В данной статье был сделан краткий анализ основных особенностей современных технологий обучения, которые высокоэффективны при проведении уроков биологии. Яркие стороны и возможности каждой технологии обучения, несомненно, повлияют на выбор учителей биологии.

Abstract In this article, a brief analysis of the main features of modern teaching technologies, which are highly effective in teaching biology lessons, was made. The bright sides and possibilities of each teaching technology will undoubtedly influence the choice of biology teachers and motivate learners in the classroom.

Қазіргі қоғамның үздіксіз даму қарқынына ілесе білу арқылы өмір сүру әрбір қоғам мүшесімін дейтін азаматтың басты мақсаты. Қоғам дамуының тетігі білімде болғанымен, оның дұрыс, қауіпсіз орта құруында негізгі рольді алатын тәрбие болмақ. Осылайша білім мен тәрбие өзара тоқайласқан, бір-бірін толықтырылған күйінде берілсе ғана қоғам үшін тиімді. Бүгінгі күні еліміздің білім беру саласы көптеген жаңалықтарымен, елеулі өзгерістерімен, айтарлықтай жетістіктерімен толығуда. Мектептердегі білім беру бағдарламалары озық үлгіде қайта жасақталып қолданысқа енді. Оқу бағдарламаларын білім алушыларға тиімді меңгерту үшін ұстаздардың маңызды құралы – ол оқытудың заманауи технологиялары. Оқыту технологияларының дамуы тарихы әріде жатқанымен, олардың жаңарып, түлеп, өзгеріп немесе өңделіп отыруын заман талап етеді, сондықтан озық ойлы білім алушыны шектеулі технология түрлерімен, санаулы әдіс-тәсілдерді қолдана отырып оқыту олардың қолына тас дәуіріндегі кескіш, шапқыш құралдар беріп жұмыс істеуге көндірумен тең деп ойлаймын. Қазіргі таңда көптеген оқыту технологиялары оқу-тәрбие процесінде жан-жақты қолданылады.

Төмендегі солардың ең көп қолданыста жүрген түрлеріне тоқталып өтсек:

  1. Тірек-сызбамен оқыту технологиясы;
  2. Сын тұрғысынан оқыту технологиясы;
  3. Дамыта оқыту технологиясы;
  4. Проблемалық оқыту технологиясы;
  5. Саралап-деңгейлеп оқыту технологиялары.


Қазақстан Республикасының «білім туралы» заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген, бұл білім мекемелерінің мұғалімдеріне өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық процестерді кезкелген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда елімізде орта мектептердегі пәндерді оқыту спиральды жағдайда жүргізілетін болғандықтан, бір тарауды немесе тақырыпты әр сыныпқа жоғарылаған сайын тереңдете меңгеруге тура келеді. Биология сабақтарында оқушылар назарын көбірек түрлі-түсті суреттерге, бейнематериалдарға аудара отырып оқыту тиімді болып табылады. Осыған орай оқытудағы инновациялық технологияларды қолдану мұғалімнің еңнегізгі әрекеті. Жоғарыда таңдап алынған оқыту технологияларының тиімді жақтыран қысқаша тоқталып өтелік. Биология сабақтарын тірек-сызбалар арқылы оқытудың басымдығы мынада жатыр:

  1. Биологиялық ұғымдар мен тұжырымдар, терминдердің көптігі және олардың негізінен мәтіндер арқылы берілуі бірізділікті, жинақтылықты талап етеді. Сол себепті қарапайым мәтіндерді оқу арқылы жалығу тумас үшін, тірек-сызбаларды пайдалану есте сақтауға жақсы әсер етеді.
  2. Тірек-сызбаларды пайдалану уақытты тиімді пайдаланудың кепілі.
  3. Тірек-сызбалар әзірлеу мұғалімнің шығармашылық қабілетін арттырады.


Сын тұрғысынан оқыту технологиясының биология сабақтарын оқытуда қолданылуының басты артықшылығы-тұлғаға бағдарланғандығында. Бұл технологияны көбінесе биология сабақтарын бастауыш сыныптарда дүниетану, жаратылыстану пәндері арқылы бастайтын оқушылар үшін қолданған тиміді. Сын тұрғысынан оқыту барысында оқушының ойын қалыптастыру, басқаларға деген сыни көзқарасының қалыптасуы орын алады. Әрбір оқушы өз ойын еркін ортаға салады, басқалармен салыстырады. Аталған сапалы жетістіктерге қол жеткізу үшін СТО технологиясында кеңінен қолданылатын әдістері (Эссе жазу, пирамида, RAFT, бес жолды өлең, синквейн, семантикалық карта т.б) таптырмас құралдар іспеттес. Оған қоса бұл стратегиялар төменгі сыныптарда оқитын оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келеді. Биологияда дамыта отырып оқыту– күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субьект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады.

Дамыта отырып оқыту барысында қол жеткізілетін нәтижелерге мыналарды жатқызамыз:

  1. Әрбір сабақтың тақырыпқа сай мақсаты нақтыланып, мұғалім мен оқушы арасында өзара ымыраластық көзқарастың пайда болуы;
  2. Сабақ тақырыбын меңгеру барысында кездескен қиындықтар мен мәселелерді шешу жолдарын білу;
  3. Өз іс әрекеті мен жауаптарына баға бере алу өлшей білу секілді құндылықтардың қалыптасуы.


Проблемалық оқытудың негізі ерекшелігі – оқушының білетіні мен білмейтінінің арасында қайшылықтар пайда болады жəне проблемалары міндетті шешуге дайын тəсіл болмағандықтан, проблемалық ситуация пайда болады, осыған орай оқушының ізденушілік əрекетімен ынтасы күшейе түседі. Биология сабақтарын деңгейлеп саралап оқыту технологиясы мұғалім оқушылардың өз мүмкіндіктерін барынша қолдана отырып, ойлау қабілеттерін арттыруға, зерттеушілік дағдыларын дамытуға жол ашады. Деңгейлік оқытудың бір артықшылығы- мұғалімнің қабілеттілігі әр түрлі оқушылармен жұмыс жасауда негізгі әрекет екендігі. Сабақтың қай кезеңі болмасын мұғалім оқушылық, алгоритмдік, эвристикалық деңгейдегі оқушылармен жан-жақты жұмыс жасау мүмкіндігіне ие болады.


Әдебиеттер мен сілтемелер:

  1. Махмутов М. И. Мектепте проблемалық оқытуды ұйымдастыру. – Алматы: Мектеп, 1981.
  2. https://martebe.kz/syni-t-r-ysynan-o-ytu-tehnologijasyny-tiimdiligi-t-l-a-a-ba-darlanuynda/
  3. https://articlekz.com/kk/article/32992
  4. https://www.tarbie.kz/24148 )