Бәсекеге қабілетті ел болудың бірінші сатысы - үш тұғырлы тіл [Английский язык]

Автор статьи : Асель С.
Организация : М.Әуезов орта мектебі
Должность : ағылшын пәні мұғалімі
Дата : 11.01.2017
Номер журнала : 02-08-2017

Адамның ойын жарыққа шығаратын құрал – тіл. Ал, тіл – адамдар түсінетін құрал болып қана табылмай, сонымен бірге атадан балаға мирас болып келе жатқан өмір тәжірибесін, өнер-білімін жеткізуші құрал. Рухани байлығымыз тіл арқылы жасалады, жеткізіледі. Кез келген халықтың тілі сол халықтың ұлттық ерекшелігін танытатын қойма тәріздес. Сол қойманы ашып, қазынасын танып білу – бізге мұрат. Тәуелсіздік тізгіні қолымызға тиіп, егеменді ел болған алғашқы күндерден бастап-ақ елімізде тіл саясаты. Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың тікелей басшылығымен салиқалы да, сындарлы түрде жүзеге асырылуда. Әрбір адам өз туған халқының, өзі өмір сүретін елдің тілін білу қажеттігі – ертеден келе жатқан қағида. Алайда, жаһандану қалыптасқан осы қағидаға түзетулер енгізуде. Қазіргі кезде халықаралық қатынас тілін білу қажеттігі туындап отыр. Бұл біздің жастарымыз үшін аса қажет. Мемлекет басшысы: “Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Және оған қамқорлық та сондай дәрежеде болады” деп сендірді. Орыс және ағылшын тілдерін оқып үйрену білімнің, ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түсетін, экономикалық мүмкіншіліктерімізді арттыратын бірден-бір тетігі дей келе, жаһандануға бейімделуді, замана көшінен қалмай, осы үш тілдің үйлесіміне қол жеткізу арқылы тілімізді, дінімізді, дәстүрімізді, салт-ғұрпымызды сақтап қала аламыз, — деді. Бірақ «Үш тұғырлы тіл» мәселесін дұрыс түсінбей жүргендер де бар. Алдымен ақты ақ, қараны қара деп, мәселені жеке-жеке бөліп, мемлекеттік тілге ешқандай зиянын тигізбейтінін насихаттау мәселесі жетіспей отыр. Үш тұғырлы тіл, негізінде, қазақ жеріндегі қазақ тілінің соңында қалған орыс пе ағылшын тілін қоса пайдалану болып табылады.   Яғни, орыс тілі мен ағылшын тілі қазақ тілінің көлеңкесінде, ығында жүреді. Президентіміз айтқандай, үш тілдің ішінде қазақ тіліне басымдық беріліп, қалған екі тіл сол ана тілімізге бағынышты күйде болады. Әрине, дамыған өркениетті 50 елдің қатарына қосылу мақсатында жүргізіліп отырған «Үш тұғырлы тіл» саясаты, шын мәнінде, елдің ертеңі үшін керек нәрсе. Мәселен, Қазақстанда заң мамандары, экономика мамандары өте көп және жұмыссыз. Бірақ, көп компаниялар мен кәсіпорындар заңгерлер мен экономистерге зәру. Осы олқылықтарды толтыру мақсатында «Үш тұғырлы тіл» идеологиясы дүниеге келіп отыр. Яғни, елімізге қажетті, үштілді меңгерген, кез келген жерден ақпарат ала алатын, өз ісінің білгірі, бүкіл әлем бойынша коммуникацияға түсіп, жер бетінің кез келген нүктесінде бизнес жасайтын кадрлар ауадай қажет. Аталмыш кадрлар мәселесін «Үш тұғырлы тіл» саясаты оп-оңай шешіп бере алады.Білім мен ғылымның, экономиканың, бизнестің, саясаттың, жалпы бәсекелестіктің қарыштап дамып отырған бүгінгідей жаһандану кезеңінде Елбасы көрегендік танытып, алдымызға үш тілді білу қажеттігін қойып отыр. Әсіресе, өскелең ұрпақтың, жастар алдында бірнеше тіл білу міндеті тұр. Тіл білу – байлық. Әсіресе, өркениетті еліміздің дамуына үлес қосқымыз келсе, көп тілді игерген азаматтарға қарап қуанатынымыз да белгілі. Үш тілді қатар меңгеру бәсекеге қабілетті ел азаматының міндеті. Қазақстанның білікті, білімді әр азаматын ғаламдық ақпараттар мен инновациялық ағынына ілесу ағылшын тілін үйренуге жетелейді. Әр азамат ана тілінің бай қорын игерумен бірге орыс, ағылшын тілдерінің де асыл қазынасынан сусындап, оны іске асыра білгені де жөн.Өзім ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқарғандықтан,әр сабағымда оқушыларға ағылшын тілін меңгерудің маңыздылығын түсіндіріп, жаңа сөздердің үш тілде аудармасын сұрап отырамын.Және өз тәжірибемде байқағаным соңғы жылдарда ағылшын тілін үйренгісі келетін мұғалімдер саны да ,оқушылар саны да артып келеді. Және бір қуантатын жағдай қазақ тілінде оқытатын мектептер санының артуы.Осыдан Елбасымыз Н.Ə. Назарбаев 2025 жылға қарай қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін білуге тиіс деген талап қойып отыр. Бұл талаптарды орындауда елімізде шаралар жасалып жатыр. Соның нəтижесінде қазірдің өзінде еліміздегі оқушылардың 60 пайыздан астамы мемлекеттік тілде оқиды. Мемлекеттік тіл барлық мектептерде оқытылады. Осындай шараның қолданылу барысында, біздің ойымызша, елімізде он-он екі жылдан соң жаппай қазақша білетін қазақстандықтардың жаңа ұрпағы қалыптасады деген сенімдеміз. Қазақ тілі – тек қазақ халқының тілі емес, мемлекеттік тіл – ортақ тіліміз. Қазақстанда тұратын, оны Отаным деп қабылдайтын, өзін Қазақстанның патриоты деп есептейтін азаматтардың тілі. Əрине, Қазақстанның болашағы – қазақ тіліндеҮштұғырлы тіл өмірлік қажеттіліктен туындаған идея. Қай заманда болсын, бірнеше тілді меңгерген мемлекеттер мен халықтар өзінің коммуникациялық және интеграциялық қабілетін кеңейтіп отырған. Сондай-ақ, бүгінгі Еуропада да көп тілді меңгерушілік жалпыға ортақ норма болып саналады. Яғни, бүгінгі таңда Қазақстан үшін үштұғырлы тіл – елдің бәсекеге қабілеттілікке ұмтылуда бірінші баспалдағы. Өйткені, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін қазақстандықтар өз елінде де, шетелдерде де бәсекеге қабілетті тұлғаға айналады. «Жеті түрлі ілім-біл, жеті жұрттың тілін біл» деген нақыл сөздің де шығуы тегін емес. Сол сияқты әр пән бойынша, әр сабақта мүмкіндігінше үш тұғырлы тілді қолдансақ, болшақта еліміздің елу елдің қатарына қосылуына үлесімізді тигізетініміз әбден мүмкін.Бірінші сыныптарда ағылшын тілі пәнін енгізу идеясы да жақсы нәтиже береді деп сенемін өйткені қазіргі оқушылардың ақпаратты жылдам қабылдауы,жаңа сөздерді жадында сақтауы өте жоғары дәрежеде.Қазір олар жиі қолданатын гаджет,планшет,нетбук,компьютер сөздері ағылшын тілінен алынған сөздер екенін біледі,түсінеді,ажырата алады. Интерактивті әдіс-тәсіл арқылы шетел тілінде компьютер арқылы әлемдік ақпараттар кеңестігіне шығу, әлемдегі озық технологияларды жаңалықтарды меңгеру, өмір ағымына ілесу. Білім алушыларға ана тілінің негізінде ағылшын тілін үйрету, олардың өз ойын ауызша және жазбаша дұрыс, еркін, келістіре баяндау білуіне дағдыландыру. Кітаптарды өздігінен пайдалана білу сияқты іскерлік дағдыларын қалыптастыру және ғасырлар бойы жаңа рухани мәдениетімен, білімімен қаруландыру және егемен еліміздің ұлттық мәдениетін, салт-дәстүрін шетел тілі арқылы таныту. Тіл арқылы өзге елдің мәдениетін, тарихын білуге болады.Орыс тілін білу – біздің ұлтымыздың тарихи артықшылығы екені баршаға белгілі. Бұл жайлы қазақтың біртуар ақыны ұлы Абай да айтып өткен болатын. Ақын «Орысша оқу керек, хикметте, мал да, өнер де, ғылым да – бəрі орыста зор», «сен оның тілін білсең, көкірек-көзің ашылады» дейді . Дəл осы орыс тілі арқылы қазақстандықтар бірнеше ғасыр бойы қосымша білім алып, ел ішінде де, шет жерлерде де өз дүниетанымдары мен араласатын ортасын кеңейтіп келе жатқанын жоққа шығармауға тиіспіз.Қазір шет елге бара қалсаңыз ағылшын тілін білмесеңіз де оларға орыс тілінде  түсіндіре аласыз.Бұл да халықтың орыс тілін қатар меңгеру керек екендігінің дәлелі. Ақпараттық кеңістігімізде орыс тілі əлі де маңызды рөл атқаратынына ешкім де дау айта алмас. Сондай-ақ, əлемдік алты ресми тілдің қатарына кіретін орыс тілін меңгеруге бəсекеге қабілетті ұлттың кез-келген өкілі ұмтылуы тиіс деген отандық ғалым Н. Кекілбекованың пікірімен келісуге болады. Тіл үйрету туралы жазылған әдістемелік және ғылыми материалдарды зерделей келе, үш тілде оқытудың тиімділігіне тоқталуды жөн деп санап,осы тақырыпта жинақтаған іс-тәжірибемді ортаға салмақпын. Ағылшын мақалдары мен олардың қазақ, орыс тілдеріндегі баламаларын үйрену арқылы сөйлеу қабілетім, ұшқыр ойды жүйелі түрде жеткізе білу шеберлігім арта түсті. Мақал-мәтелдерді үш тілде үйрену адамның ой-өрісі мен сөйлеу мәдениетінің көркемдік дәрежесін арттыруға көмектеседі, тілін байытып, ақыл-ой деңгейін кеңейтіп жүйеге түсіреді. Біздер үш тілде мақал-мәтелдерді қызығып, зор ынтамен жаттап үйренеміз. Сол себепті біз қандай тілді оқысақта программалық тілдік материалдармен бірге мақал-мәтелдерді үйренудің білім, тәрбие берерлікте, тіл дамыту үшін тигізер пайдасы мол. Оқушыларды шығармашылық іздненіске дағдыландыру үшін біздер үш тілдегі мақал-мәтелдерді тиімді пайдалану- ымыз қажет. Мақал-мәтелдерді үйрену барысында сабақта «Ғажайып қоржын» ойынын ұйымдастыруға болады. Қоржынға салынған асықтар нөмірленіп, билеттер жасалынады да, қолға іліккен нөмірге билет бойынша жауап қайтарылады. Басқа тілдерден ауысатын сөздердің болатындығын ескеріп, орыстың «корзина» сөзі түбінде қазағымның «қоржын» сөзінен келіп шыққан болуға тиіс деп ұйғарып, қоржын-корзина-basket тізбегімен бұл тақырыпты ағылшынша «Wonderful Basket» деп те аудардым.Ал енді халықтық мерекелерге келсек, мазмұны сәйкес атаулы күндер де баршылық: «Thanksgiving Day», «Veterans’ Day» - Жеңіс күні – День победы, «Independence Day» - Тәуелсіздік күні, «Christmas holiday» - Наурыз мерекесімен сәйкес келеді. Сол сияқты қазақ халқында кісі аттары белгілі бір жағдайларға, табиғат құбылыстарына байланысты: Боранбай, Жолдыбай, Таубай, Отынбай, Сайлаубек, Жаңбырбай, Аязбай, т.б. аталып жататын болса, ағылшындарда ежелден келе жатқан әйгілі есімдер бар: Бұлт – облако – cloud тіркесіне байланысты, Бұлтбай – Сloud – Клавдия сияқты мысалдарды келтіруге болады. Сондай-ақ: диірменші – Миллер – Miller; наубайшы – Бэйкер – Baker; ұста – Смитт- Smith; орманшы – Форестер – Forester; жылға жағасында тұрушы – Брук – Brook т.б. Сыныптағы оқушылар әр ай сайын шамамен 15-20 мақал-мәтелдерді үш тілде үйреніп отыруымыз керек. Сабақ барысында оқушылар ағылшын тілінде мақал-мәтелдердің айтылуын үйренумен қатар, олардың мағынасын қазақ, орыс тілдерімен салыстырамыз. Ағылшынша, орысша,қазақша мақал-мәтелдер бірдей болады. Келтірілген мысалдардан кейін қазақша мен орысша мақалдар, үшеуі де құрлысы мен мағынасы жағынан бірдей, бір-бірінің тура аудармасы болып келетініні белгілі. Кейде 3 тілдегі мақал-мәтелдер бір-бірімен тек алынып отырған тақырып, білдіретін мағынасы жағынан ұқсас болуы мүмкін. Екіншіден, ағылшынша, орысша, қазақша мақалдардың синонимдері болады. Кейде мақалдар өз синонимдерімен тек образдармен ерекшеленеді, кейде мағынасы жағынан үндесіп, ұқсас болады. Мақалдарды бірнеше тілде білу сабақ барысында өзімізге де пайдалы. Қазақстанның тілдер саясатындағы басты бағыт – тілдердің үштұғырлылығы. Бағдарлама қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгертуді көздеп отыр. Көпұлтты мемлекет үшін бұл қалыпты жағдай. Тілдердің бірлік пен үйлесімде өмір сүруі және бір-бірін ығыстырмауы тілдер гармониясын құрып, солай аталып та жүр. Басымдылық мемлекеттік тілге беріліп отырғаны баршаға белгілі. Ағылшын тілін меңгеруге ден қойылуда. Алайда, Қазақстан жерінде тұратын азаматтардың басын біріктіретін тіл ретінде қазақ тілі көш бастауы керек. Келер ұрпақтың мемлекеттік тілде сөйлеуі заман талап етіп отырған жағдай. Қорыта келгенде,мемлекеттік тілді және шет тілдерді үйренуіміз керек. «Білекке сенер заманда-ешкімге есе бермедік. Білімге сенер заманда – қапы қалып жүрмейік » - деп Абылай хан айтып кеткендей, ертеңгі күннің болашағы бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән екенін естен шығармайық. Мынандай шарықтау заманында көп тілді игергенге ешкімнің таласы болмайтыны хақ. Сондықтан қазақ, орыс және шет тілдерінің ішінде көбіне көп қолданылып жүрген ағылшын тілін жетік меңгерген ұрпақ өсіріп, оларға үлгі бола білу-бәсекеге қаблетті елдің берік іргесі мен кемел келешегінің кепілі .