Баланың логикалық қабілетін дамыту жолдары [Математика]

Автор статьи : Ляйла Б.
Организация : №29 А.Герцен атындағы орта мектебі
Должность : Тарбиеші
Дата : 17.01.2017
Редакционная коллегия: онлайн нұсқада ғана жариялауға рұқсат етілген

 Білім беру жүйесінің барлық сатыларының алдында тұрған көкейкесті мәселелердің бірі білім сапасын арттыру,оның әдістемесін жетілдіру,жас ұрпақтың тұлғалық дамуына қолайлы жағдай жасау,логикалық ойлауын дамыту болып табылады.Осыған сәйкес мектепте дейінгі ұйымдар-тәрбиеленушінің адамгершілік,интелектуалдық мәдиенеттілігі мен дамуын қамтамасыз ететін ізгілендірілген,демократияландырған білім сатысы болуы шарт деп есептейміз.Мұнда тәрбие мен білім беру тығыз бірлікте қарастырылып,олардың мазмұны және сапалары бойынша біртұтас кіріктірілген кешенді жүйеде жүргізіледі. Кешенді оқыту туралы Ж.Аймауытов:<<Кешенді оқыту дегеніміз-бұл өмірдегі сан алуан құбылыстарды,нәрселерді бір пікірдің төңірегінде жинап,қосып,түйдектеп,біріктіріп оқыту>>-деп атап көрсеткен.

Шынында сапалы білім,саналы білім тәрбиемен шынайы астасқанда ғана ұлт тілегі орындалып,қоғам өзінің рухани дамуында асыл қасиеттерге қол жеткізбек.Мұндай асқарлы міндеттерді жүзеге асыруда баланың алған білімінің жүйелілігі,оны тәжірбиеде пайдалана білуі,әрі есте сақтауы қамтамасыз етілгенде ғана баланың тұлға ретінде қалыптасуына ықпалы зор.

Осы мақсатты жүзеге асыруда,әсіресе,баланың ойлау қабілетін дамыту маңызды мәселе болып отыр. Бүгінгі күн талабы-баланың ақыл ойын дамыту,ойлау қабілетін жетілдіру,өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру,заман талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу.Сондықтан баланың танымын алғашқы күннен бастап дамытудың,бойында оқыту мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың құралы –ойын әрекеті,яғни,ойын-баланың жетекші әрекеті.Бірақ,ойын тек қана балаларды қызықтырып,уақыт өткізудің құралы болмай,балаға берілетін білім мен тәрбиенің құнды негізі болуы керек.Яғни,оқыту-тәрбиелеу жұмысын бағдарлама талаптарына сәйкес ойын түрінде ұйымдастыра отырып,баланың логикалық ойлау қабілетін арттыруға жағдай жасау негізгі міндет.Бала ойын барысында айнала құбылыс сырын танып,сезінеді,себеп-салдарлық байланысты және тәуелділікті анықтауға тырысады.Айналадағы өмір құбылыстарын,ерекшеліктерін байқай отырып,білуге қызығушылығы туындайды,осы сезім оны талпыныстарға жетелейді.Ойын негізінде ойлай отырып тапсырмаларды өзінше зерттеп,орындау,өзінше шешім жасау өз ойындағысын айту жағдайларына мүмкіндік туғызылса ғана бала еркін ойлы,өзіне сенімді,ерік-жігерлі,дүние танымы кеңейген,сөйлеу тілі жақсы қалыптасқан,болашаққа қызығушылығы оянған дара тұлға ретінде жан-жақты дами алады. Баланың ақыл-ойының дамуы тек белгілі бір білім көлеміне ғана емес,жалпы тәлімдік-тәрбиелік іс-әрекеттерді игерумен бірге ойлау,қиялдау,есте сақтау,елестету т.б қабілеттерінің,танымдық іскерлік,шығармашылық қабілеттерінің дамуын қамтиды.

Белгілі психолог Л.С.Выготский:<<Қандай да бір оқыту үшін тиімді,яғни тым өте бір қолайлы мерзімдер болады.Олардан жоғары,не төмен талапта ауытқу мерзімдері баланың ақыл-ойының даму барысында қолайсыз әсерін тигізеді>> деген.Мектепке дейінгі балалардың жасы мен психофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып,оқыту,тәрбиелеу жұмыстарында түрлі әдіс-тәсілдердің тиімді жолдарын қолданып,ойын түрінде ұйымдастыру нәтижелі болмақ.Ал,осы талаптағы жұмысты іске асыру әр тәрбиешінің шығармашылық ізденістері мен шеберлігін қажет етеді.Мектеп жасына дейінгі балаларға жақын,олардың танымдық,білімдік,іскерлік әрекеттеріндегі жетекші әрекет-ойын болғандықтан,ойын түрінде ойландыра отырып оқыту,тәрбиелеудің тиімді жолдарын айқындау-бүгінгі күндегі өзекті мәселенің бірі-деп біліп,баланың логикалық ойлау қабілеттерін арттыру негізінде балаларды жан-жақты дамытудың тиімді жолдарын қарастыруда алдымызға біздің №29 Александр Герцен атындағы орта мектебі ұжымы төмендегідей мақсат,міндеттер қойдық. Мақсаты:Мектепке дейінгі кезеңдегі балаға алғашқы білім беру,тәрбиелеу жұмыстары барысында түрлі әдіс-тәсілдері ойын түрінде үйлестіре қолдану,оқыту мен ойын түрінде үйлестіре қолдану,оқыту мен тәрбиелеу мазмұнын жаңарту арқылы баланың логикалық ойлау қабілетін арттыру.Аталған мақсатты жүзеге асырудағы міндеттер: -танымдық, білімділік,іскерлік қасиеттері жан жақты дамыған еркін ойлы, тілі жетік, ерікті-жігерлі, өзіне сенімді балдырғанды келесі білім сатысына-мектепке дайындау; -баланың логикалық ойлау қабілетін дамыту, бағытында тәжірбиеде жүргізілген жұмыстар: оқыту мен тәрбиелеу жұмысын баланың жас ерекшелігі мен өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып мектепке дайындау,мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің бағдарламасы мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандартты талаптары негіздерінде ұйымдарын; -балалардың бір орынында ұзақ уақыт отырып қалмауын, жалығып кетпеуін ескеріп сабақтарды ойын түрінде ұйымдастыру (қимылды әуенді ойын жаттығулар, қимылды қозғалыс барысындағы тапсырмалар, шағын топтар жұмысы, тапсырмаларды алма кезек ауыстырып орындату, эстафеталық ойын барысындағы тапсырмалар т.б); -логикалық ойлау қабілеттеріне арналған тапсырмаларды (жұмбақ, суреттер, ситуациялық тапсырмалар, тесттік тапсырмалар, ертегі негізіндегі тапсырмалар, т.б түрлендіре қолдану; -балалардың өздерінің талаптануы, өзіндік қалауы еркіндігіне жағдай жасап іс-әрекеттерді орындау, бастаған жұмысты аяқтау іскерліктеріне, өз ойларын еркін жеткізуге бейімдеу; -көмекті қажет ететін балалармен жеке жұмыс түрлерін жүргізу; -психологиялық ойындар, жаттығулар қолданулар арқылы балаларға жан-жақты жағдай жасау, жағымды микро ахуал туғызу; -ата аналарды сабақтарға, күн тәртібі бойынша жүргізлетін тәрбиелік шараларға, тестік байқауларға, ойын сауықтарға, т.с.с басқа шараларға тек бақылаушы ретінде ғана емес, білімділік танымдык жұмыстарда үлес қоса отырып, балаларына білікті көмек көрсете алатындай жағдайда қатыстыру; -балаларды мектепке педогогикалық және психологиялық тұрғыдан дайындау мақсатында бастауыш сынып ұcтаздарымен қарым қатынаста болу.

Ойымызды қортынындылай келе, баланың логикалық ойлауын дамыту бағытындағы жұмыстар жүйеленеді және оны ұйымдастырудың тиімді жолдары әдіс тәсілдері айқындалады, деп ой түйіндейміз. Балалардың ойлау қабілеттері артып, олардың сөйлеу тілі жақсарады; іскерлік дағдылары қалыптасып,баланың ашылуына себебін тигізеді.Жалпы алғанда өзіндік құндылық қасиеттері дамып, жалпы дамушылығы, баланың мектепке дайындығы қамтамасыз етіледі.Оның нәтижесі ата-аналардың мектеп өміріне қатыса отырып қызығушылықтары белсенділіктері арытады тәрбиелік жұмыстар жағдайынан хабардар болып бағдарламалық талаптар негізінде өз балаларының мүмкіндіктерін біледі, педагогикалық жұмыстар жайында түсініп талаптарға сәйкес жүйеленген бағытта көмек көрсете алатындай жағдайға келді. Жүргізілген жұмыс негізінде қолданған дидактикалық материалдардың жинақталғанын тәрбиешілердің өзіндік іс-тәжірбиесі молайып, педагогикалық жай-күйі, қарым- қатынас тәсілі, балалардың өзін еркін сезінуі, әлеуметтік қорғалуы, дамытушы ортаның жақсы жабдықталуы мен қолайлы болуы да өзіндік үлес қосады. Баланың өзін қоршаған ортаға бейімделуі, білім білік дағдыларын меңгеруі, жеке тұлға ретінде дамуы,Отанын, елін, жерін сүйе білу, үлкендермен, құрбыластарымен қарым қатынас мәдениеттілігі де баланың ойлау қабілетін дамытуға ықпал етері сөзсіз.