Балалардың логикалық ойлау дағдысын дұрыс қалыптастыру жолдары [Дошкольное образование]

Автор статьи : Жазира Д.
Организация : «Гүлдерай» шағын орталығы
Должность : тәрбиеші
Дата : 29.02.2020
Номер журнала : 01-10-2020

Мектепке дейінгі білім беруде ұсақ моториканы дамыту арқылы балалардың логикалық ойлау дағдысын дұрыс қалыптастыру жолдары. Ұсақ қол қимылдарын дамыту бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып тұр. Баланың қолын жазуға дағдыландыру, дұрыс сөйлеу мәнерін, есті, зейінді және кеңістікті бағдарлауды дамытуға   мүмкіндікті қалай арттырамыз? Бұл сұрақтың шешімін білу үшін өз бетімше зерттеу жұмысымды ұсынып отырмын. “Балалардың қабілеттері мен дарындылығы олардың саусақтарының ұшында. Бейнелеп айтқанда, саусақтардан шығармашылық ойдың қайнар көзін сусындататын аса нәзік жылғалар бастау алады.” деп Василий Александрович Сухомлинский атап өткендей ұсақ қол қимылдарын дамыту деңгейі қолдардың білезіктерімен және саусақтармен ұсақ және дәл қимылдарды орындаған кезде балада үйлесімді іс – әрекеттер дағдыларын дамытудың деңгейі - мектепке дейінгі жастағы баланың жалпы зияткерлік дамуының көрсеткіштерінің бірі. Бұл осылай болады да, өйткені, миды зерттеу, тәнтану тұрғысынан, қолдардың білезіктерін, артикуляциялық аппарат сияқты қарастыру керек екендігін бекітуге мүмкіндік берді. Сондықтан да баланы сөйлеуге үйрету үшін, оны тек артикуляциялық аппаратын ғана жаттықтырып қоймай, сондай ақ қолдарындағы саусақтарының қимыл қозғалысын да немесе ұсақ қол, зейін, ой, оптикалық- кеңістікті бағдарлау үйлестік, қиял, байқампаздық, көру және қимыл – қозғалысты ес тәрізді сананың жоғары қасиеттерімен өзара қимылдарын да дамыту керек. Байқампаздық қабілеттерін арттыру үшін мынадай тапсырмаларды орындатып отырамын. “Артығын тап”, “Не өзгерді?”, “Не байқадың?” , “Ұқастығын тап” т.б тапсырмаларын жүйелі қолдана отырып, логикалық ойлауы мен зияткерлік қабілеттері өсіп келе жатқанын байқадым. Бұл мен үшін үлкен жетістік. Ойната отырып, ойлату ол әр маманның өз шеберлігі деп білемін. Баланың бұдан бұлайғы өмірінде киіну, сурет салу және жазу, сондай ақ көптеген тұрмыстық және оқу іс – әрекеттерін орындау үшін қолдардың білезіктерінің және саусақтарының дәл, үйлесімді қозғалысын пайдалануы қажет екені түсінікті. Яғни, біз ұсақ қол қимылдарын дамытуға баса назар аударуымыз керек. Бас миының сәйкес зоналарының пісіп жетілуі, сондай ақ білезіктердің ұсақ бұлшық еттерінің дамуы негізінен 6-7 жасқа қарай аяқталады. Сондықтан психологтар ұсақ қол қимылдарын дамытуды ең кішкентай жастан бастауға кеңес береді. Осы кеңесті ескере отырып жұмысымды үздіксіз дамытып отырамын. Мектепке дейінгі жастағы балалар үшін ұсақ қол қимылдарын және қолдар қимыл қозғалысының үйлесімділігін дамыту жөніндегі жұмыс мектепке деген дайындықтың маңызды бөлігі болуға тиіс екенін біле отырып, жас ерекшеліктеріне сай білім беру менің тәжірибемде бар. Санамақтар, тақпақтар, әзіл әңгімелерді айта отырып, саусақтарды жаттықтыратын жаттығулар балаға үш есе пайда әкелетініне көзім толықтай көзім жетті. Оған дәлел мына нәтижелерім:

  1. Қолдардың қимыл –қозғалысының бөгелісі жойылды, қолдардың білезіктері жақсы қозғалды, иілді, саусақтар үйлесімді әрекет дағдыларына икемделді;
  2. Сөйлеу, ес, зейін, қиял, кеңістікті бағдарлау, байқампаздық дамыды; мектепке дейінгі жастағы бала жазуды меңгеруге дайындала бастады;
  3. балаларда көркемдік талғам қалыптасты.


Саусақ гимнастикасы жаттығуы ең қарапайым тәсіл болып табылады. Ұсақ қол қимылдарын дамытуды осыдан бастаған жөн. «Саусақтар сәлемдеседі» - оң қолдың басбармағының ұшын кезек-кезек сұқ саусаққа, орта саусаққа, аты жоқ саусаққа және шынашаққа тигізесіз. Алдымен оң қолдың саусақтарымен амандасып, сосын бір мезгілде екі қолдың да саусақтарымен амандасуы керек. «Кішкене адам» - қолдың кейін сол қолдың да сұқ саусағымен орта саусағы үстел үстіне жүгіреді. «Кішкентай піл» - орта саусақ алға қарай шығыңқы – тұмсығы, ал сұқ саусақ пен аты жоқ саусақ – аяқтар үстел үстімен жүреді. «Сона» - оң қолдың сұқ саусағын түзетіп, оны айналдыру керек. Сол қолдың сұқ саусағымен және екі қолдың сұқ саусақтарымен бір мерзгілде осы қимылды сона жасау керек. «Ағаштардың тамырлары» - қолдардың білезіктері қосылған, тарбиған саусақтары төменге түсірілген. «Ағаштар» - екі қолдың алақанын өзіңе қаратып, көтеру керек, саусақтарды кеңінен ашу керек. «Көзілдірік» - қолдардың бас бармақ пен сұқ саусақтарынан екі дөңгелек жасап, оларды қосу керек. Ұсақ қол моторикасы термині саусақтар қозғалысы және қолдың буындарын үйлестіру дегенді білдіреді. Ұсақ моториканы дамытудың маңыздылығы неде? Адамның бас миында саусақ қимылына және сөйлеуге жауап беретін орталықтар өте жақын орналасқан. Ұсақ моторикаға әсер ете және оны белсендіре отырып, көрші орналасқан сөйлеуге жауап беретін орталықты да дамыта аламыз. Сенсомоторикалық даму бала дамуының жетекші факторының бірі болып табылады. Оның қоршаған ортамен перцептивті, кинестетикалық, кеңістік белсенді түрде өзара әрекеттесуі қабылдау жүйесін қалыптастырады. В.А.Сухомлинский «Балалардың қабілеттері мен дарындылығының бұлағы – олардың саусақ ұшында. Неғұрлым бала қолының қозғалысында ширақтылық болса, соғұрлым қолының еңбек қаруымен өзара іс-қимылы жіңішкерек болады, бала ақыл-ойының шығармашылық сұрапылдығы көрнекті болады. Ал бала қолында шеберлік көбірек болса, бала ақылды болады...» деп жазған. Қолдың саусақтары мен білезігінің ұсақ моторикасын дамыту мен жетілдіру орталық жүйке жүйесін, барлық психологиялық процестерін, сөйлеуді дамытудың басты ынталандыру болып табылады. Орталық жүйке жүйесінде ақпаратты өндеу кезінде талдау мен синтезі ұшталған моторлық қызметінің саналы таңдауды қамтамасыз етеді. Бала моторлық қызметінің жақсарған кезінде өзін кез келген жағдайда, кез келген ортада жайлы сезінетінін түсінетінін бақыладым. Зерттеу бағытында балалардың тіл дамуы саусақтың қозғалуына байланысты екеніне көзім жетті. Саусақтың қозғалуы, баланың жасына сай болу керек. Ғылыми тұрғыда, балалардың тіл дамуы жіңішке қол арқылы дамиды. Жалпы моториканың және саусақтың қозғалуы жетіспеуі тілдік функциясына байланысты. Баланың қол еңбегі мен тілін арттыру үшін не істеу керек?

Ұсақ моториканы дамыту үшін гимнастика. Қолды тік қою, саусақтарды тығыз бүгу және баяу жұдырыққа түю. Кезекпенен орындау.Алақанды төмен қаратып қолды үстелге қою және кезекпенен саусақтарды бүгү. Кезекпен орындау. Қолды тік қою және бас бармақты кішкентай бөбекке, ортан теректі балал үйрекке қосу. Кезекпенен орындау. Саусақтарды жұдырыққа түю және қолды әр жаққа айналдыру. Кезекпен орындау және бірге Саусақтарды бүгіп, жазу.Саусақтарды бір-бірінен алшақтату және қосу. Кезекпен орындау және бірге. Қолды алақанмен жоғары қою, саусақтарды кезекпен көтеру. Осы жаттығуды кері орындауға болады.

Сергіту сәті. Ойын. «Шатастыру Балалар әр суретте үлгіге ұқсас бейнені тауып оны ұқыпты түрде айналдырып белгілеу керек. Қарындашты парақтан ажыратпауы тиіс.

  1. графикалық моториканы дамыту
  2. трафаретпен сурет салу
  3. түр сызықпен түрлеу
  4. суретті аяқтау (симметрия принципі бойынша)
  5. лабиринттер
  6. дидактикалық ойындар
  7. М. Монтессори әдісі
  8. Кіші заттармен ойнау
  9. пазл, мозаика қолдану


Саусақ ойындарының нәтижесінде: 

  1. Баланың сөйлеу тілі жетіледі;
  2. Қимыл қозғалысы артады;
  3. Икемділігі артады;
  4. Логикалық ойлауы дамиды;
  5. Танымдық деңгейі артады;


«Жаңбыр дыбысы» ойыны: Жаңбырдың дыбысы сияқты етіп аяқтан қолға қарай тарсылдатып, жаңбырдың дыбысын шығару.

Мысалы: сытыр-сытыр, тың-тың, дүрсіл-дүрсіл, шықыр-шықыр, қырт-қырт, тысыр-тысыр т.б. «Түрлі-түсті» моншақтармен жұмыс Нұсқау: Балаларға құтыдағы түрлі-түсті моншақтарды түске бөлеміз, пішініне қарай топтастыру тапсырылады. Түймелермен жұмыс Нұсқау: Әр түрлі формадағы түймелерді пайдалана отырып отбасының суретін бейнелеу тапсырылады.  «Орындық» жаттығуыоң алақанымызды ашамыз, сол қолымыздың жұдырығын жұмамыз, енді екі қолымызды түйістіреміз.Осы жаттығуды сол қолымызбен қайталаймыз.

  1. «Қайық» жаттығуы екі қолымыздың саусақтарының ұшын бір-бірімен түйістіреміз, алақанымыздың арасын ашамыз.
  2.  «Мысық» жаттығуы алақанымызды ашамыз, бас бармақ, шылдыр шүмек саусақтарын түйістіру арқылы жаттығуды орындаймыз.
  3.  «Тышқан» жаттығуы Алақанымызды ашамыз, бас бармақ, шылдыр-шүмек саусақтарын түйістіріп арқылы жаттығуды орындаймыз


Барлық жаттығулар 3 топқа бөлінеді: 1-топ Қолдың білектеріне арналған жаттығулар: еліктеу қабілетін дамытады; бұлшық еттерді жиыруға бірнеше уақытқа дейін сақтау білігін дамытады. бір қозғалыстан екінші қозғалысқа ауысуға үйретеді.

2-топ Саусақтарға арналған шартты статикалық жаттығулар: Бұрын алынған дағдыларды жоғары деңгейде жүзеге асырады және неғұрлым нақты қозғалысты талап етеді.

3-топ Саусақтарға арналған динамикалық жаттығулар; қозғалыстың нақты координациясын дамытады; қол саусақтарын бүгуге және жазуға үйретеді; бас бармақты басқа саусақтарға қарама-қарсы қоюға үйретеді.