Алғашқы әскери және технологиялық дайындық бойынша әдістеме [Начальная военная и технологическая подготовка]

Автор статьи : Жумахан К.
Организация : Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы "№5 жалпы орта білім беру мектебі" ММ
Должность : АӘД пәні оқытушы-ұйымдастырушысы
Дата : 01.10.2016
Редакционная коллегия: онлайн нұсқада ғана жариялауға рұқсат етілген

Бастапқы әскери дайындық пен жастарды әскери-патриоттық жағынан тәрбиелеу сапасы көбінесе оқу орындары мен білімді ұйымдастыратын оқу-жаттығу пунктеріндегі оқу-материалдық базасының бар болуы мен жағдайына қатысты. Оқу-материалдық базасына мыналар кіреді:

  1. қамтамасыз ету табеліне сәйкес көрнекі құралдармен және БӘД оқытудың техникалық құралдармен жабдықталған оқу кабинеті;
  2. БӘД, өмір қауіпсіздігі негіздері және азаматтық қорғаныс бойынша арнайы жабдықтарды сақтауға арналған бөлме;
  3. саптық дайындық бойынша сабақ өткізу алаңы;
  4. рота бойынша күндізгі кезекшінің міндеттерін іс жүзінде үйрететін орын;
  5. сақшының міндеттерін үйретуге арналған орын;
  6. тактикалық алаң;
  7. кедергілерден өту жолының кешені;
  8. ату тирі;
  9. әскери және еңбек даңқының бұрышы.

Жастарды әскери-патриоттық жағынан тәрбиелеумен байланысты іс-шараларды өткізу үшін әр оқу орны мен оқу-жаттығу пунктерінде әскери атақ мұражайы немесе бөлмесі болу керек.

  1. Қазақ халық батырлары;
  2. ҰОС жылдарындағы халық қаһармандары;
  3. Ауған соғысы ардагерлері;
  4. Еңбек ардагерлері;
  5. Офицерлер мен әскери оқу орындарындағы мектеп түлектері;
  6. Қайда оқығың келеді? (Әскери оқу орындары) деген тақырыптағы фотосуретті материалдар оқушыларға ой салады.

БӘД КАБИНЕТІ

БӘД кабинеті Бастапқы әскери дайындық бағдарламасы бөлімдерін теориялық және практикалық жағынан оқып-үйренуге, сондай-ақ сабақтан тыс уақытта үйірме жұмыстарын өткізуге және оқушылардың сабаққа (сынақтарға) өз бетінше дайындалуына арналған. БӘД кабинеті жеке болу керек және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 7 наурыздағы №97 Бұйрығындағы "Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларына» сай жабдықталуы тиіс. БӘД кабинеті кең әрі жарық болуы қажет және оқушылық екі орындық үстелдермен, әр оқушыға жеке орындықпен, БӘД оқытушысы-ұйымдастырушысына (әскери жетекшісіне) арналған үстелмен, сынып тақтасымен жабдықталуы керек. Кабинетте мыналар болу керек: стендтер (турникеттер); жергілікті жер нобайы; оқытудың техникалық құралдары; үстел; көрнекі құралдарды көрсетуге арналған қада немесе тіреу; оқу қаруын толық бөлшектеу және жинау кезінде қолдануға арналған үстелге төселетін төсегіш; көрсеткіш және түрлі-түсті борлар жинағы. БӘД кабинетінде оқушы үстелдерін үш қатарға қойған дұрыс, шеткілері қабырғадан 60 см. қашықтықта орналасу керек, себебі әр оқушының тегі аталған кезде «тік тұр» жағдайын қабылдап, жауап беру үшін немесе тәсілді (әрекетті) практикалық түрде көрсету үшін саптық қадаммен тақтаға шығу мүмкіндігі болу керек, сондай-ақ БӘД оқытушы-ұйымдастырушысы (әскери шетекшісі) оқушының Саптық жарғы талабын (саптық тұрысты қабылдау, саптық қадам әрекеті, орнынан, қозғалыстағы бұрылу және тағы басқа тәсілдер) дұрыс орындалуын бақылай алу керек. Бастапқы әскери дайындық сабақтарында оқушылар әскери кабинеттегі үстелде жеке қатарларда бөлімше бойынша орналастырылады. Әр қатардың бірінші үстелінде – бөлімше командирі, одан кейін барлық бөлімше оқушылары отырады. Әскери кабинет оқыту бағдарламасының әр бөліміне рәсімделген стендтермен (турникеттермен) жабдықталып, 1-сүретте көрсетілгендей ретпен орналастырылады.

БӘД, ӨҚН ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БОЙЫНША АРНАЙЫ ЖАБДЫҚТАРДЫ САҚТАУҒА АРНАЛҒАН БӨЛМЕ

Бөлме жаттығу қаруын, аз калибрлі винтовка мен оқ-дәрілер сақтауға арналған. Ол оқу орындары, оқу-жаттығу пункттері мен білім беру ұйымдарында жаттығу қаруын, оқ-дәрілерді және аз калибрлі винтовкалар мен олардың патрондарын алу, есеп жүргізу және сақтау жөніндегі Нұсқауға сәйкес қатаң түрде жабдықталады. Оқу қаруларын (аз калибрлі винтовка, АК-74 темір макеті, ауа қысымымен ататын винтовка) сақтау үшін осындай жеке шкаф (пирамида) қойылады, тек онда оқжатар, майлауыш, жабдықтар, сүңгі-пышық пен оқжатар сөмкелеріне арналған орындар (ұя) болмайды. Шкаф (пирамида) оқу орнында, оқу-жаттығу пунктерінде бар жаттығу қаруларымен жабдықталады. Шкаф (пирамида) есігінің ішкі жағында рамкада мүлік тізімдемесі жазылады.

№____ шкафта (пирамидада) сақталатын жаттығу қаруының тізімдемесі

р/с №АтауыМерзімі
2.10.147.11.14 
1АК34 
2МКВ22 
3ПВ44 
4АК оқжатарлары және т.б.34 

  БӘД оқытушы-ұйымдастырушысы (әскери жетекшісі) ______________ (қолы) Оқыту мақсатында, әскери қызметшілердің инженерлік мүлкі мен газтұмылдырықтары қалай сақталатынын көрнекі түрде көрсету үшін шкафта (пирамидада) газтұмылдырық пен кіші жаяу әскер күректеріне арналған орындар жабдықталуы мүмкін. Газтұмылдырық сөмкелеріне жапсырмалар тағылады (50х30мм). Жапсырмаға газтұмылдырық бекітілген оқушының тегі мен газтұмылдырық өлшемі көрсетіледі. Жапсырма сол жаққа, лямканың сөмкемен қосылған жеріне тағылады. Арнайы шкафта оқу миналары (жаяу әскерге және танкіге қарсы) сақталады. Оқу миналары және оқу қаруларында «учвоенснаб» белгісі болуы керек, тек сол белгімен оқу орындарында қолдануға рұқсат етілген.

АТЫС ТИРІ

Тир – аз калибрлі винтовкадан және ауа қысымымен ататын винтовкадан нысананы атуға арналған арнайы жабдықталған құрылыс немесе жер учаскесі. Оның алдыңғы жағы оқ қағармен және толқынмен, ал бүйірлері оқтың тирдан тыс жерге ұшып кетуіне кедергі келтіретін валдар немесе қабырғалармен жабдықталады. Тирлер ашық, жартылай жабық және жабық болуы мүмкін. Атыс тирін салған және пайдаланған уақытта атыс өткізу кезінде қауіпсіздік шаралары жөніндегі негізгі талаптарды басшылыққа алу қажет. Атыс тирі қоршаған ортаға толық қауіпсіздікті қамтамасыз ететіндей және адамдар мен жан-жануарлардың атыс аймығында кіріп кету мүмкіндігін болдырмайтындай салыну керек. Бұл шарттарға арнайы жоспарлау, қорғаныс қабырғаларын, күнқағарлар, оқ қағарлар мен атыс аралығын тосып алуларды орнату арқылы қол жеткізуге болады. Атыс тирінде атыс жүргізетін аймақ пен атуды дайындайтын орын болу керек. Атуды жүргізу аймағында бастапқы жағдай мен атуды бастау шебі жақсы көрінетін сызықтармен және тиісті жазбалары бар нұсқаулармен белгіленеді. Атуды бастау шебінде атқыштарға арналған төсемдер мен атуға, тіреліп жатуға арналған тіреулер (кұм немесе үгінді салынған қапшықтар) болу керек. Үй-жайда атқыштарды дайындау үшін жаттығу орындарын жабдықтаған дұрыс, онда оқушылар ату дайындығында өз білімдері мен практикалық дағдыларын жетілдіре алады, ол үшін қалқандар ілінеді, оған: аз калибрлі винтовкалардан жаттығулар орындау шарттары, ату кезіндегі қауіпсіздік ережелері, Калашников автоматымен бастапқы жаттығуды орындау шарттары жапсырылады.

САПТЫҚ ДАЙЫНДЫҚ БОЙЫНША САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН АЛАҢ

Саптық дайындық бойынша оқушылармен өткізілетін барлық сабақтар арнайы жабдықталған алаңдарда жүргізіледі. Ол оқу ғимараты, оқу-жаттығу пункті аймағы шеңберінде жабдықталады, тегіс және асфальт немесе бетон жабыны болуы керек, оған ақ сырмен нақты белгілер түсіріледі. Алаң периметрі бойынша 80 см жүргізілген шаршы сызықтар саптық адымды дұрыстауға арналған және оның жалпақтығына сәйкес болады. Алаң периметрі бойынша салынған шеңберлер оқушылардың саптық тұрысты дұрыстауына және орынында тұрғандағы бұрылыстарға арналған. Шеңберді төртке бөлу БӘД оқытушы-ұйымдастырушысына (әскери жетекшісіне) орнында тұрғандағы бұрылыстан соң аяқты дұрыс қоюды бақылауға мүмкіндік береді, аяқ басы фронт сызығы бойынша өкше еніне қарай түзелуі керек. 3,2х3,2м үлкен шаршылар қозғалыстағы бұрылыстарды реттеуге арналған. 48м немесе 60 қадам саптық дайындық бойынша сабаққа арналған алаң периметрі БӘД оқытушы-ұйымдастырушысына (әскери жетекшісіне) оқушылардың саптық адымдағы қозғалыс жылдамдығын бақылауға мүмкіндік береді (ҚР Қарулы Күштерінің Саптық жарғысының талаптарына сәйкес қозғалыс жылдамдығы минутына 110-120 адым, ал адымның шамасы 70-80см). Көрнекілік үшін алаң периметрі бойынша 70х150см көлемінде қалқандар орнатылады, онда негізгі саптық тәсілдер бейнеленеді: қарумен және қарусыз саптық тұрыс, орнындағы және қозғалыстағы бұрылу, саптық адыммен қозғалу, орнынан және қозғалыстағы әскери сәлемдесу. Сабаққа арналған алаң оқушылардың бір сыныбымен (тобымен) сабақ өткізуге есептеу керек. 2-сурет.

САҚШЫ МІНДЕТТЕРІН ПРАКТИКАЛЫҚ ЖАҒЫНАН ОҚЫП-ҮЙРЕНУГЕ АРНАЛҒАН ОРЫН

Орын қарауыл мен сақшының күзет орнында туындаған түрлі жағдайдағы практикалық әрекетін игеру үшін оқу орнының, кәсіпорынның ауласында жабдықталады және оған келесі элементтер (оқу орындары) кіреді:

  1. шарбақпен (ағаш немесе басқа) қоршалған, қорғалатын нысан (қабырға, қосалқы үй-жайдың кіре берісі пайдаланыла алады);
  2. автоматтан түрегеп тұрып атуға арналған оқпана (құрлықтағы әскерлердің Ұрыс жарғысы талаптарына сәйкес жабдықталады), оқпана қабырғаларының мықтылығы үшін ішкі жағынан кірпіштер қаланады, цемент ерітіндісі құйылады немесе тақтайлармен қапталады, сәтсіз оқиғаларды болдырмау үшін оқпана қақпақпен тығыз жабылу керек, ол сабақ кезінде алынып тасталады. Бұл жаттығу орнында сақшының әуе дабылы, күзет орнына шабуыл жасау және т.б. кездегі әрекетте жаттықтырылады;
  3. қаруды оқтау және оғын алуға арналған орын (оқ қағу макетімен жабдықталады, ол бағаналарға жерден 30см биіктікте орнатылады);
  4. күзет орнына келетін немесе күзет орнынан кететін қарауыл ауысымын сапқа тұрғызуға арналған орын (алаң). Бұл орында қарауылдар қаруды оқтап және оғын алуға жаттығады;
  5. өрт сөндіру құралдары: өрт сөндіргіш, құмы бар жәшік, суы бар бөшке, шелек және құралдар (күректер, балталар, ломдар) – тікелей қорғалатын нысандарда болу керек. Қорғалатын нысан қасында күзет орнында өрттің туындауын елестетуге арналған орын жабдықталады (кесілген металл бөшке немесе металл жәшік пайдаланылады);
  6. күзет орны киіміне арналған бекеттік қалқанша. Бекеттік қалқаншада қарсы байланысы бар дабылдандыру орнатылады, ол қарауыл бастығын, оның көмекшісін немесе таратушыны тез арада шақыруды қамтамасыз етеді;
  7. қорғалатын нысан тіреуіші сыртында «тыйым салынған аймақ» сызығы белгіленеді, ол үшін «Тыйым салу аймағы шеқарасы» деген жазуы бар тақтайша орнатылады. Осы оқу орнында сақшының бөгде адамның (бұзушының) бекетке немесе тыйым салынған аймаққа жақындаған кезіндегі, бекетке (тыйым салынған аймақ шекарасынан өтіп кету), қорғалатын нысан (пост) аймағына өтіп кету кезіндегі және сақшыға немесе ол күзететін нысанаға шын мәнінде шабуыл жасаған кездегі әрекеті жаттықтырылады. Осы мақсатта нысана орнатылады: №8 (бойлық фигура) – тыйым салынған аймақ сызығы сыртында (тыйым салынған аймаққа жақындаған адам); №6 (кеуделік фигура) – тыйым салынған аймақта (тыйым салынған аймақ шекарасынан өтіп кеткен бұзушы);
  8. №8 (бойлық фигура) – күзетілетін нысан аймағында (постқа өтіп кеткен бұзушы) 3-сурет.

ТӘУЛІКТІК КЕЗЕКШІ МІНДЕТТЕРІН ПРКТИКАЛЫҚ ЖАҒЫНАН ОҚЫП-ҮЙРЕНУГЕ АРНАЛҒАН ОРЫН

Орын БӘД кабинетінің шыға берісінде немесе әскери кабинетке жақын ыңғайлы басқа орында жабдықталады. Жабдықталған орында мыналар болады:

  1. құжаттамасы бар тақтайша (ҚР Қарулы Күштерінің ішкі қызмет Жарғысына сәйкес рәсімделеді);
  2. тумбочка, онда кезекшілікті қабылдау және тапсыру, қару мен оқ-дәріні беру, аурулар мен сейілге шығатындар туралы кітап макеті болу керек;
  3. телефон аппараты (макет);
  4. өрт сөндіру құралдары (өрт сөндіргіш) – тәулік кезекшіге жақын жерде болады;
  5. рота бойынша кезекшінің қол таңғышы (ұзындығы 30-40см және жалпақтығы 10см қызыл матадан жасалады, таңғыш шеттері бүгіп тігіледі және жеңіне таңғышты бекіту үшін таспа тігіледі, таңғышқа «рота бойынша кезекші» деген жазу ақ сырмен жазылады немесе ақ матадан тігіледі (таңғыштың орнына кеуде белгісін жасатуға болады);
  6. тәулік кезекшінің жабдық-тұрманы (сүңгі-пышақ макеті және пышақтар автомат сүңгі пышағы көлемі бойынша ағаштан, пластмассадан жасалады).

Осы жаттығу орнында ротаға тікелей бастықтар келген кездегі, дабыл немесе өрт болған жағдайда, телефон бойынша баяндалғанда, басқа ротаның әскери қызметкерлері келгенде, бос ауысымның практикалық әрекеттері тәуліктік кезекшісін рота бойынша кезекшіге шақырғанда, қару мен рота мүлкін сақтауды қамтамасыз ету (рота орналасуынан шығару) кезіндегі тәуліктік кезекшінің практикалық әрекеттері жаттықтырылады. 4-суретБІРЫҢҒАЙ КЕДЕРГІЛЕР ЖОЛАҒЫ

Кедергілер жолағының жалпы ұзындығы 100м құрайды. Кедергілер жолағының элементтеріне мыналар кіреді:

  1. жолақтың басталу сызығы;
  2. ұзындығы 20м тез жүгіруге арналған учаске;
  3. ор (ені үсті бойынша 2; 2,5 және 3м, тереңдігі 1м), басталу сызығынан 20м қашықтықта орналасады;
  4. лабиринт (ұзындығы 6м, ені 2м, биіктігі 1,1м) (өтпе саны-10, өтпе жалпақтығы-0,5м);
  5. көлбеу тақтайшасы бар шарбақ (биіктігі 2м, қалыңдығы 0,25м, ұзындығы 3,2м, ені 0,25-0,3м);
  6. биіктігі 2м, үш бөліктен тұратын (0,2х0,2м тік бұрышты бөренелер) қирату көпірі: біріншісінің ұзындығы 2м, екіншісі-3,8м: 1350 бұрылысы бар (басынан бастап бұрылысқа дейінгі ұзындығы -1м), үшіншісі -3,8м. 1350 бұрылысы бар (басынан бастап бұрылысқа дейінгі ұзындығы-2,8м); бөренелердің кесіндісі аралығындағы бұзылған жер- 1м, бөренелердің екіншісі және үшіншісі бұзылған жерлерінің басы мен кедергі соңында – үш баспалдағы бар бұзылған тік сатылар;
  7. ені 2м қиратқыш саты (баспалдақ биіктігі -0,8; 1,2; 1,5 және 1,8м, аралықтары – 1,2м, биік баспалдақта – ұзындығы 2,3м төрт баспалдағы бар еңкіш саты);
  8. биіктігі 1,1м ені 2,6м және қалыңдығы 0,4м екі ойығы бар қабырға (төменгісінің көлемі 1х0,4м жер деңгейімен орналасқан, жоғарғысының көлемі 0,5х0,6м – жерден 0,35м биіктікте) және оған жапсарлас 1х2,6м алаңқайы бар;
  9. құдық және қатынасу жолы (құдық тереңдігі – 1,5м, үсті бойынша қима алаңы – 1х1м; құдықтың артқы қабырғасында – көлемі 1х0,5м пана, ол құдықты қайта жабылған қатынасу жолын қосады, оның тереңдігі 1,5м, ұзындығы 8м, бір бұрылысы бар; құдықтан орға дейінгі аралық тігінен 6м);
  10. тереңдігі 1,5м ор;
  11. ені 2м жарыс жолы. 5- сурет.

Сурет 1. БӘД кабинеті және қабырғаларға ілуге тиісті стендтер (турникеттер) нұсқасымен. Сурет-2. Саптық алаңы 3-сурет. Сақшының міндеттерін практикалық жағынан оқып-үйренуге арналған орын (көлемдері см-мен берілген).  4-сурет. Тәуліктік кезекшінің міндеттерін практикалық жағынан оқып-үйренуге арналған орын. 5-сурет. Бірыңғай кедергілер жолағы.