Ағылшын тілі
Ізмағамбетова Жұлдызай Кенжебайқызы, In all weather

Мақала авторы: Ізмағамбетова Жұлдызай Кенжебайқызы
Жұмыс орны: Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Тоғыз ауылы, «№7ЖОББМ» КММ
Лауазымы: Ағылшын тілі пәні мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 21.06.2018

In all weather

Learning objectives(s) that this lesson is contributing to (link to the Subject programme) 5.R2 – understand with little support specific information and detail in short, simple texts on a limited range of general and curricular topics.

5.S2 – ask simple questions to get information  about a limited range of general topics

Lesson objectives All learners will be able to:

1.read and understand the topical vocabulary

 

Most learners will be able to:

1.ask and answer the questions to get information

 

Some learners will be able to:

1. identify the information and retell the text in short

Assessment criteria -identify details in a text with little support

-make up basic interrogative sentences and get information about the topic

Values links -respect for the nature
Cross-curricular links With geography.
Previous learning Students can name different kinds of weather.
Plan
Planned timings Planned activities (replace the notes below with your planned activities) Resources
Start

5min

 

Greeting. How are you today?

Warm up. “Pass the face”.

Get the group in a circle. Have everyone close their eyes expect the person who wants to pass the “Face”. The passer will tap the shoulder of the person next to her, that person  will open his eyes to receive the face. He will then tap the shoulder of the person next to him and pass the face along. Once you have passed the face you may keep your eyes open to watch it move around the group. At the end the original passer receives the face from the last person in the group and then shows what the original case was.

Divide the students into 3 groups with pieces of pictures.

“Sunny”, “Rainy”, “Cloudy”.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Pictures

Middle

5min.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7min.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3min

 

 

 

 

 

6min

 

 

 

 

 

 

 

8min

I.Presentation.

Pre-reading task.

Presenting topical vocabulary.”Magic eye” (there are some pictures on the board. Teacher  repeats the words two times. Then takes one picture out and repeats, then another one. And so on. When all the pictures took out from the board, students say the words without pictures in the right order .)

First of all listen to me. Now, listen and repeat after me choral, in groups and individually.

Sunbathing

Sandcastle

Freezing cold

Skiing

Floating market

Snack

Prediction. Predict the theme of the lesson  through new words. How do you think, what about our todays theme? Our theme is “In all weather”

II. While reading task.“Jigsaw” reading. Students count from 1 to 3 and sit in different places. Teacher gives them different postcards.

The 1st group.

Sunday 27th December

Hi Molly,

Greetings from Australia! We’re

having a fantastic time here. Today,

it’s hot and sunny and we are at the

beach. I’m sunbathing and my sisters

are making a sandcastle. Dad and

Meruert are windsurfing . Some

people are swimming and others are

playing beach volleyball or sailing

their boats. We all love it here!

See you when we get back. Lena

The 2nd group.

Monday 6th April

Hi Will,

We’re having a wonderful time here at

Shymbulak in the ZailiAlatau Mountains

in Kazakhstan. It’s a beautiful place and

there is snow everywhere! It’s freezing

cold, but the sky is blue and the sun is

shining. Assel and Sanzhar are skiing at

the moment. My lesson is this afternoon,

so I’m having a hot chocolate now. We’re

having lots of fun.

Talk to you soon.

Berik

The 3rd group.

Saturday 11th July

Hi Barney,

Hello from Thailand. The weather’s

strange here but we’re having a

wonderful time! It’s warm and

sunny today, but it’s often cloudy

and rainy. Saule and Nurlan are

visiting the floating market, and

Nurzhan and I are having a snack.

It’s great. This is an amazing

country. We love it.

Take care.

Ruslan

II.While-reading task. “5W questions”. Read the text again and work with your pairs. Ask and answer the questions.

1.Where is Lena?

2.What is Meruert doing?

3.What is Lena doing?

4.Where is Berik?

5.What is the weather like in Shymbulak today?

Complete the sentences using key words.

1.Lena has a ___________ time.

2.Lena is __________and her sisters are making a_______

3.Shymbulak is a _______place and there is _______ everywhere.

4.Berik is having a _____   _________now.

5.The weather in Thailand is _______.

6.Saule and Nurlan are visiting the ________  _______.

III.Post-reading task.Students retell the text which they want.

 

Pictures

 

 

 

 

 

 

 

 

Teacher`s book

Student`s book

 

 

Worksheet

okulyk-edu.kz.http://express.publishing.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Worksheet

 

 

 

Worksheet

 

 

 

 

End

7min

 

5min

Now, “Hot seating”. One student sits at the chair. Other students ask questions according to the theme. Any volunteers? You may ask questions what we have learned during this lesson.

Assessment

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Additional information
Differentiation – how do you plan to give more support? How do you plan to challenge the more able learners? Assessment – how are you planning to check learners’ learning? Health and safety check

 

Differentiation by dialogue (teacher helps students how to do the task if they didn`t understand).

Differentiation by learning outcomes (all students will be able to: most students will be able to: some students will be able to:).

Differentiation by grouping. Students work in groups in “Jigsaw reading”

Differentiation by assessment. After every task I evaluated students with 3 claps, with pictures of weather (sunny, cloudy), in verbal.

 

Evaluate groups by pictures of the weather after each task. Excellent, good, satisfactory.

3 claps

Verbal: good job, well done, great…

Descriptors:

— read and understand the text

— ask and answer the questions

-complete the sentences according to the text

— make up questions

Energizer

https://www.youtube.com/watch?v=VtEcBIn8kRo

Reflection

 

Were the lesson objectives/learning objectives realistic?

Did all the learners achieve the lesson objectives/ learning objectives? If not, why?

Did my planned differentiation work well?

Did I stick to timings?

What changes did I make from my plan and why?

 

 

Use the space below to reflect on your lesson. Answer the most relevant questions from the box on the left about your lesson. 

 

My learning  and lesson objectives were realistic. All students achieved the lesson and learning objectives. My planned differentiation worked well. They are differentiation by support, by learning outcomes. And I stuck to timings. I have changed my plan. Because there wasn`t any prediction. After reflection I inserted it.
Summary evaluation

What two things went really well (consider both teaching and learning)?

 

1:Jigsaw reading

 

2: Magic eye

 

What two things would have improved the lesson (consider both teaching and learning)?

 

1: Hot seating

 

2:differentiation

 

What have I learned from this lesson about the class or individuals that will inform my next lesson?

I have learned that if students work in groups it will be better for them. All students have involved to the lesson.

 

Ашық сабақтар
Омарқұлова Айнагүл Тілектесқызы, Атымтай Жомарт

Мақала авторы: Омарқұлова Айнагүл Тілектесқызы
Жұмыс орны: Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, № 7 жалпы орта білім беретін мектебі
Лауазымы: Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 21.05.2018

Атымтай Жомарт

Сабақтың тақырыбы:   Ы.Алтынсарин «Атымтай Жомарт».  Жомарттық пен сараңдық
СЫНЫП:  5 Қатысқан оқушылар  саны:  11 Қатыспаған оқушылар саны: 0
Сабақ негізделген оқу мақсаттары әдеби  шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен  қарама-қарсы  суреттеулерді табу.(5.А/И1)
Сабақ  нәтижесі:

 

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды.  Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау  критерийі Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында  тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Тілдік  құзіреттілік Әдеби шығармалар
Құндылықтарға баулу Зайырлы қоғам мен жоғары руханият. «Атымтай Жомарт» әңгімесінің айтар негізгі түйінді ойы арқылы еңбекке деген құрмет, өмір бойы білім алу құндылықтарына, рухани өрлеуге баулу
Ресурстар Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс-тәсілдер Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, көрнекілік. Рефлексия. «Алты қалпақ» әдісі
Пәнаралық байланыс Музыка, еңбекке баулу
Алдыңғы оқу Ы.Алтынсарин «Атымтай жомарт». Жомарттық – қайырымдылық тамшысы
Сабақтың жоспары
Жоспарланған

уақыт

Мұғалім іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Басталуы

 

1.«Сәлемдесу» сергіту сәті. Білім алушылар орындарынан тұрып, көршісінің аттас саусақтарына кезек-кезек тигізеді, бас бармақтан бастайды:

-Мен саған тілеймін(бас бармағын тигізеді)

-Бақыт(сұқ саусағын тигізеді)

-Денсаулық(ортаңғы)

-Барлығында(атаусыз саусақ)

-Барлық жерде(шынашақ)

-Сәлем!(алақанын бір-біріне тигізеді)

Өткен сабақты пысықтау мақсатында оқушылар бір-біріне сұрақтар қойғызамын

Ы.Алтынсарин «Атымтай жомарт». Жомарттық – қайырымдылық тамшысы

«Ой шақыру» әдісі

Әңгіме қандай шығарма?

(Әңгіме –оқиғаны баяндауға негізделген қара сөзбен жазылған көркем шығарма.)

«Жомарт» сөзін қалай түсінеміз?

Жомарт адамның бойында қандай қасиеттер болу керек деп ойлайсыздар?

1-слайд

Ы.Алтынсарин шығармаларынан  адами қасиеттерді атап кетейік

 

 

 

 2-слайд.

Оқушыларға  бүгінгі сабақ мақсатын таныстырамын.

Мақсаты: әдеби  шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен  қарама-қарсы  суреттеулерді табу

Құндылығы : Зайырлы қоғам мен жоғары руханият. «Атымтай Жомарт» әңгімесінің айтар негізгі түйінді ойы арқылы еңбекке деген құрмет, өмір бойы білім алу құндылықтарына, рухани өрлеуге баулу

Оқушыларын топқа бөлемін.

І топ. Жомарт

ІІ топ. Мейірім

Оқушылар бір-бірімен сәлемдеседі.

 

 

 

Үй тапсырмасын пысықтау мақсатында оқушылар бір-біріне сұрақтар қояды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар Ы.Алтынсарин шығармаларынан  адами қасиеттерді атайды.

 

 

 

Оқушылар сабақтың мақсаты мен құндылығы танысады

 

 

 

 

 

Оқушылар топқа бөлінеді

«Жомарт», «Мейірім» тобы

Сабақтың басы

 

 

 

 

 

Ойлау дағдысының деңгейі: Білу.Түсіну

Бағалау критерийі:

Шығарма мазмұнын түсінеді

Тұжырым жасайды

Тапсырма. «Уақыт тізбегі» әдісі.

«Жомарт» тобына

«Атымтай Жомарт әңгімесінің мазмұнын талдай отырып, оқиғаларды рет-ретімен сызбаға орналастырып жазыңыз.

Дескриптор:

1. Әдеби шығарманың мазмұнын түсінеді.

2. Шығармадағы оқиғалар тізбегін сызбаға түсіреді.

Кері байланыс: ауызша жүргіземін. Қолданатын сөздер: «Жарайсың!», «Керемет!», «Әлі де ойлан!»

«Мейірім» тобына

Жұптық жұмыс. «Ойлан, зерделе» әдісі

Білім алушы әрекеті: Берілген сөздің мағынасын түсіне отырып, жомарттық пен сараңдық сөзі қатысқан мақал-мәтел тауып, кестені толтырады..

Ойлау дағдысының деңгейі: Қолдану

Бағалау критерийі: Жомарттық пен сараңдық сөзінің мағынасын ашады.

Тапсырма. Жомарттық және сараңдық сөзінің мағынасын анықтап, осы сөздер қатысқан мақал-мәтел тауып, кестені толтырыңыз.

Сөз Мағынасы Мақал-мәтел
Жомарт

тық

Сараңдық

Дескриптор:

1 «Жомарттық» сөзінің мағынасын ашады.

2. «Сараңдық» сөзінің мағынасын ашады.

3. Мақал-мәтелді тауып жазады.

4. Кестені толтырады.

Кері байланыс: ауызша жүргіземін. Қолданатын мадақтау сөздері: «Дәл таптыңыз!», «Орынды айтылған!», «Жарайсың!»

 

 

 

 

«Атымтай Жомарт әңгімесінің мазмұнын талдай отырып, оқиғаларды рет-ретімен сызбаға орналастырып жазады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жомарттық және сараңдық сөзінің мағынасын анықтап, осы сөздер қатысқан мақал-мәтел тауып, кестені толтырады

 

Ортасы

 

 

 

 

 

 

Ойлау дағдысының деңгейі: Талдау

Бағалау критерийі: Әдеби шығармадағы Атымтай Жомарттың екі пікірін салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді, жомарттық пен сараңдықты мәтіннен табады.

Тапсырма. Әдеби шығармадағы Атымтай Жомарттың айтқан пікірлерін оқи отырып, өзіндік жеке пікірлеріңді дәлел келтіре отырып, тұжырым жасаңдар. Жұмыстың рөлдік ойын арқылы көрсетіп, қорытындылаңыз.

І топ. Жомарт тобы

Рөлдік ойын көрсетеді.

Дескриптор:

1 . Шығармадағы Атымтай Жомарттың екі пікірін салыстырады,

2. Рөлдік ойынды көрсетеді.

Кері байланыс: ауызша жүргіземін. Қолданатын мадақтау сөздер: «Тамаша!», «Жарайсың!», «Құнды пікір!», «Жақсы!»

Ойлау дағдысының деңгейі: Жинақтау

Бағалау критерийі: Әдеби шығармадағы Атымтай Жомарттың екі пікірін салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді, жомарттық пен сараңдықты мәтіннен табады.

II топ. «Мейірім» тобы

Тапсырма: Жомарт адам мен сараң адамның бейнесін салыстырыңыз. Ұқсастығы мен айырмашылығын тауып, «Веен диаграммасына» салыңыз.

Дескриптор:

1 . Жомарт адам мен сараң адамның бейнесін салыстырады,

2. Адам бойындағы жақсы-жаман қасиеттерді ажыратады.

3. Ұқсастығы мен айырмашылығын табады.

4Диаграмманы толтырады.

Кері байланыс: «Өте жақсы жазылған», «Дұрыс таптың!», «Орынды айттың!», «Интерактивті тақтада орындағын жұмысыңыз үздік болды!», «Шебер орындадыңыз!»

 

Оқушылар әдеби шығармадағы Атымтай Жомарттың айтқан пікірлерін оқи отырып, өзіндік жеке пікірлеріңді дәлел келтіре отырып, тұжырым жасайды.

 

 

 

Оқушылар жомарт адам мен сараң адамның бейнесін салыстырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұқсастығы мен айырмашылығын тауып, «Веен диаграммасына» салады.

 

Сергіту сәті

 

«Айгөлек» биі Видеожазба арқылы сергіту сәтін жасайды.
Аяқталуы

Сабақты соңы

 

Ойлау дағдысының деңгейі: Бағалау

Бағалау критерийі: Кейіпкерді шынайы өмірмен салыстырып,бағалайды.

Тапсырма:

1.Жомарттық әлемді өзгерте ме?

2.Қазіргі қоғамда Атымтай Жомарт кездесе ме?

 3.Кейіпкердің орнында болсаң, сен не істер едің? «Егер мен бай болсам….» ойды жалғастырып айтыңыз.

Дескриптор:

1 . Сыни тұрғыдан ойланып, шығарманың құндылығын анықтайды.

2. Өмірден мысал келтіріп,өз ойын дәлелдейді.

Кері байланыс: ауызша жүргіземін. Қолданатын мадақтау сөздері: «Ұтымды жауап», «Өте жақсы!», «Құнды пікір айттыңыз»»

 

Оқушылар кейіпкерді шынайы өмірмен байланыстырады.

 

 

 

 

Бағалау

 

 

Кері байланыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қалыптастырушы бағалау.

Оқушыларды өзін-өзі бағалау ағашына бағалатамын

Кері байланыс «Алты қалпақ»
Ақ қалпақ — сабақта не білдің?
Жасыл — Неге қол жеткіздің?
— Не білгің келеді?
Қызыл қалпақ — Бүгінгі сабақ сенде қандай эмоция туғызды?
Қара қалпақ — Сабақта қандай қиындыққа кездестің?
Көк қалпақ — Не істеуге болады? Идеяларың бар ма?
Сары — Бүгінгі кейіпкердің қайсысы ұнады, несімен ұнады?

«Аяқталмаған сөйлем» әдісі

Оқушы әрекеті: Оқушы өздеріне жақын сөйлемді таңдайды. Айтылған ойды жалғастырады. Оқушы «Мұғалімге жеделхат» тақтасына оқушылар стикер жапсырады.

-Бүгінгі сабақта мен … түсіндім, … білдім, … көзімді жеткіздім.

-Мен өзімді … мақтар едім.

-Маған ерекше ұнағаны …

— Сабақтан соң маған … келді.

— Бүгін маған .. … … сәті түсті.

— Қызықты болғаны ….

— ….. қиындық тудырды.

— Менің түсінгенім …

-Енді мен …. аламын.

Білім алушылар өз – өзіне есеп беріп, қажеттілігін,өзіндік көзқарасын қалыптастыру үшін және де өз – өзіне баға бере алу үшін«Аяқталмаған сөйлем» әдісін тиімді қолданамын.»

Оқушылар өзін-өзі бағалау ағашына бағалайды.

 

 

«Алты қалпақ» әдісі б/ша кері байланыс жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар  өздеріне жақын сөйлемді таңдайды. Айтылған ойды жалғастырады.

 

Оқушылар  «Мұғалімге жеделхат» тақтасына стикер жапсырады

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша ақпарат
Саралау – Саралап оқытуды ұйымдастыруда тұлғааралық жеке қабілеттерін ескере отырып құруды басты назарда ұстанамын. Себебі әдебиет сабағында қолданатын саралау тапсырмалары — білім алушының жеке тұлғасының дамып, қалыптасуын көздейтін бірден-бір таптырмас дидактикалық үдеріс. Білім алушының тұлғалық қасиеттері мен қабілеттерін әдебиет пәнін оқыту арқылы шешу мақсатымен сабақта «Уақыт тізбегі», «Ойлау дағдысының деңгейі»,«Веен диаграммасы» ,«Алты қалпақ»,«Мұғалімге жеделхат»,«Рөлдік ойын» әдістерін ұтымды қолданамын. Бұл әдісті қолдану барысында білім алушыларға мынадай саралау тапсырмаларын ұсынамын: топтық жұмыс барысында қабілетіне қарай постер қорғау, рөлдік ойын көрсету,пікірталас жүргізу; қызығушылығына қарай: мәтін мазмұнына сурет салу, мәтін бойынша қиын сұрақтар құрастыру, әдеби шығарма, оның авторы туралы зерттеу, әңгімені әдеби тілге жақын етіп баяндау, шығармадағы көтерілген мәселені қазіргі заманмен байланыстыру.. Білім алушылар өздерінің қызығушылығына орай және жеке қабілеттерін дамыта отырып, шығарма мазмұнына анализ жасай алады, анықтайды, салыстырады, тілдік мақсатты көздей отырып мәтіндегі сөздер мен тіркес сөздердің мәнін аша алады, әдеби шығарманың құндылығын ұғынып, өзіндік бағасын береді, шығармада көтерілген мәселені шынайы өмірмен байланыстырып,құнды пікір айта алады. Ең бастысы білім алушы мұғалім ұйымдастырған саралау тапсырмаларын қызығушылықпен орындай отырып, мұғалім тарапынан жеке тұлға ретінде қалыптасуына қолдау таба алады. Бағалау — Білім алушының білімін бағамдау мақсатында бірнеше әдіс-тәсілдерді қолданамын. Білім алушының өтілетін тақырып бойынша не білетінін еске түсіріп, ой жүгіртіп, әрі оқушының білімін бағдарлаймын. Сабақ басында «Ой шақыру» әдісін ұтымды қолданамын. Сабақ бастамас бұрын білім алушының назарын шоғырландыру үшін бұл әдіс тиімді болады. «Уақыт тізбегі» әдісі білім алушыда жазылым дағдысы қалыптасуын жүзеге асырып, графикалық органайзерді пайдаланып, яғни кестені толтырады. Кері байланысты ауызша жүргіземін. Қолданатын мадақтау сөздері: «Жарайсың!», «Керемет!», «Әлі де ойлан!»

Смайлик арқылы бағалау жүзеге асады.

 

Тілдік мақсатты жүзеге асыру мақсатында  тақырыпқа қатысты сөз тіркестері мен сөздердің мәнін ашу және мәтіндегі детальді бөліктеріне назар аудара отырып, білім алушының жазылым дағдысын қалыптастырамын

.Кері байланысты ауызша жүргіземін. Қолданатын мадақтау сөздері: «Дәл таптыңыз!», «Орынды айтылған!», «Жарайсың!» «Бас бармақ»әдісі арқылы бағалау жүреді.

Басбармақ жоғарыға қарай – өте жақсы. Басбармақ көлденең – жақсы. Басбармақ төмен қарай-

Орташа.

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

Әдеби шығармадағы кейіпкердің пікірі арқылы, оқушыларға сұрақтарды талдату арқылы еңбекке деген құрметті қалыптастырамын, еңбекке баулу пәнімен байланыстырамын. Шығармадағы кейіпкер пікірін талдау арқылы еңбекке деген құрметке баулимын. Шығармадағы жомарттық пен сараңдықты салыстыру арқылы анализ жасай отырып, адамгершілік,ізгі құндылықтарға ынталандырып, өзін-өзі тану пәнімен байланысты шебер қолданамын.Кейіпкер бойындағы ізгі қасиеттерді саралай отырып, оқушының өн бойына топтастырдым. Өзін-өзі тәрбиелеуге жетелеймін. «Қос диаграмма» әдісін қолдану арқылы білім алушыларға графикалық органайзерлерді интерактивті тақтада орындатамын, білім алушының АКТ-ны қолдану шеберлігін арттырамын.

«Сәлемдесу» сергіту сәтінде саусақтарын түйістіріп жаттығу жасау арқылы денсаулығын нығайтады,әрі жаттығу жасау барысында қауіпсіздік ережесін басты назарға қоямын

· · ·
Рефлексия

5-сыныптың қазақ әдебиеті пәнінен «Ы.Алтынсариннің «Атымтай Жомарт» әңгімесі. Жомарттық пен сараңдық» тақырыбына ықшамсабақты жоспарлағанда «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша жаңартылған білім мазмұны курсынан алған біліміме сүйеніп құрамын. Ең алдымен «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарын білім алушының бойына сіңіре отырып, пән бойынша функционалдық сауаттылығын арттыруды көздеймін.

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша жаңартылған оқу бағдарламасының мақсаты оқушыларды шығармашылық ойлауға бағыттау, өз ойын еркін жеткізуіне және жаза білуіне қолдау көрсету, дәлелдер келтіру, салыстыру және талдау, бағалау дағдыларын қалыптастыру. Қазақ әдебиеті ой-өрісі дамыған, әдеби тіл мен әдеби формалар арқылы өз ойын еркін жеткізе алатын, күрделі мәселелерді шеше алатын өмірге бейім тұлғаны тәрбиелейді. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идясының құндылықтарын жас ұрпақ бойына сіңіруде «Қазақ әдебиеті» пәнінің рөлі зор.

«Аяқталмаған сөйлем» әдістерін ашық сабағыма енгізіп, ұтымды қолдандым. Ашық сабақты жоспарлауда тренер мен әріптестермен кері байланыстың көмегі мол болды.

Физика
Борибаева Жанат Алдонгаровна, Түзусызықты бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыстар

Мақала авторы: Борибаева Жанат Алдонгаровна
Жұмыс орны: Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, № 7 жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Лауазымы: Физика пәнінің мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 24.02.2018

Түзусызықты бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыстар

Физика
Сынып: 7
Мұғалім: Борибаева Жанат Алдонгаровна

Сабақ тақырыбы: Түзусызықты бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыстар
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 7.2.1.3- түзусызықты бірқалыпты қозғалыс пен бірқалыпсыз қозғалысты ажырата білу
Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар үшін:
— Түзу сызықты бірқалыпты қозғалыс пен бірқалыпсыз қозғалыс ұғымдарына сипаттама береді.
Көпшілік оқушылар үшін:
— Түзу сызықты бірқалыпты қозғалыс пен бірқалыпсыз қозғалысты ажыратады.
Кейбір оқушылар үшін:
— Өмірдегі қозғалыстарға өз бетінше мысалдар келтіре отырып, тәжірибе жасайды.
Бағалау критерийі -Түзу сызықты бірқалыпты қозғалыс пен бірқалыпсыз қозғалыстың ұғымын түсінеді.
— Түзу сызықты бірқалыпты қозғалыс пен бірқалыпсыз қозғалысты ажырата алады.
— Өмірдегі қозғалыстарға мысалдар келтіре отырып, тәжірибие жасай алады.
Тілдік мақсаттар Бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыстарға ауызша тұжырымдама жасай отырып, сипаттайды.
Терминдер:»Қозғалыс», «бірқалыпты қозғалыс»,»бірқалыпсыз қозғалыс»
Құндылыққа баулу Қозғалыстың түрлерін біле отырып жол қозғалысын ұйымдастыруда қауіпсіздікті сақтауға баулу.

Пәнаралық байланыс Математика-математикалық амалдарды қолдана отырып есептеулер жүрзізеді.
Әдебиет-өз бетімен анықтама жасай отырып, сөздік қорын молайтады.
Информатика – электронды оқулық арқылы қозғалысты бағдарлайды.
Алдыңғы білім Санақ жүйесі, механикалық қозғалыстың салыстырмалылығы, траектория, жол, орын ауыстыру
Сабақтың барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин Шаттық шеңбері
Әр түрлі траектория арқылы допты лақтырып оқушылар бір- біріне тілек айтады.

Пазл құрастыру арқылы ІІІ топқа бөлінеді
Ұшақ тобы
Поезд тобы
Автобус тобы

«Он сұрақ» әдісі арқылы үй тапсырмасын пысықтау
1. Қозғалыс
2. Траектория
3. Орын ауыстыру
4. Материялық нүкте

Сабақтың ортасы
30 мин «Кинометафра» әдісі
Сынып оқушыларына видео ролик (бейне материал) бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыс туралы көрсете отырып не байқадаңыздар олардағы ортақ қасиеті не? Айырмашылығы не?
ВЕНН диаграммасы
Сол арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбы ашылады
«Суреттер сөйлейді» әдісі
Тапсырма 1. Сурет бойынша қай автомобиль қозғалысы бірқалыпты, қайсысының қозғалысы бірқалыпсыз екенін анықтаңыз

Тапсырма талқыланып болған соң тақтадан дұрыс жауап көрсетіліп, топтар өзін-өзі бағалайды
Электронды оқулық
7 класс

«Кім жылдам» әдісі
Тапсырма 2. Суреттерге қарап отырып, қозғалыстың түрін ажыратыңдар?
Суреттегі қозғалыстарды сипаттаңдар.
Суреттерді кестеге орналастырыңдар

Бағалау критерийі Дискрептор
Бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалысты ажыратады — суреттерге қарап қозғалыстың түрлерін ажыратады;
— қозғалыстарды сипаттайды;
— кестеге сәйкес қозғалыстарды орналастырады.
Бірқалыпты қозғалыс Бірқалыпсыз қозғалыс

3. Тапсырма: «Қызықты »тәжірибе
Оқушылар pasko құралдары және қолдан жасалған зертханалық құралдар арқылы бірқалыпты , бірқалыпсыз қозғалыстарды бақылау үшін тәжірибе жасайды.

І топ pasko құралдарымен тәжірибе жасау
ІІ топ pasko құралдарымен тәжірибе жасау
ІІІ топ қолдан жасалған зертханалық құралдар арқылы осы тәжірибені жасайды

Екі жұлдыз, бір тілек арқылы бағалау

Сабақтың соңы
5 мин Кері байланыс:
«Активатор-1,2,3» стратегиясы
● Тәжірибеде қолдануға болатын 3 идея
● Сіз көбірек білгіңіз келетін 2 идея
● Сіз қойғыңыз келетін 1 сұрақ

Үйге тапсырма
Күнделікті өмірде кездесетін бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыстарға мысалдар келтіре отырып, тәжірибе жасап келу.
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдану көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
Оқушыларға қолдау көрсету мақсатында
1-тапсырманы орындау үшін
Автомобилдердің қозғалысы бейнеленген суретті ұсынамын. Қабілетті оқушылар басқа топтардың жауабын толықтырады.

Оқушыларға
2-тапсырманы орындату үшін әр түрлі қозғалыстардағы суреттерді басшылыққа алуды ұсынамын. Кейбір оқушылар бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстарды анықтаудың қадамдарын талдайды.

Оқушыларға 3-тапсырмны орындату үшін pasko құралдары және қолдан жасалған зертханалық құралдар арқылы бірқалыпты , бірқалыпсыз қозғалыстарды тәжірибе арқылы бақылауды ұсынамын. Сұрақ жауап арқылы, суреттермен жұмыс, тәжірибе жасау.
Екі жұлдыз, бір тілек арқылы бағалау. Топтар өзін- өзі бағалайды.
Бағалау парақтары
Сабақ барысында қолдау, қолпаштау көрсету жетістік критерийлері арқылы бағалау. Интерактивті тақтаны сабақ барысында қолдану уақытын 10 минуттан асырмау
Көз жаттығуларын орындау
Кабинетті желдету
Кабинетте приборлармен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік ережесін сақтау (су қолмен жұмыс жасамау) жарықты қажет емес кезінде өшіру

Тарих
Ақботаева Жамал Оразалықызы, Қаңлылар туралы деректер

Мақала авторы: Ақботаева Жамал Оразалықызы
Жұмыс орны: Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, № 7 жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Лауазымы: Тарих пәнінің мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 12.02.2018

Қаңлылар туралы деректер

Қазақстан тарихы 6 сынып

Тақырыбы: Қаңлылар  туралы деректер

Мақсаты: Қытай және иран жазбаларындағы қаңлылар туралы деректерді топтық жұмыстар  арқылы түсіну.

  • Сыни олау дағдыларын жетілдіру,
  • Саралай және талдай алуын жүйелеу,
  • Өзін және өзгені бағалауды үйрену,
  • Акт тиімді пайдалану

Күтілетін нәтиже:

  • Сыни олау дағдылары жетіледі,
  • Саралай және талдай алады,
  • Өзін және өзгені бағалауды үйренеді,

—     Акт тиімді пайдалана алады.

I .Ұйымдастыру кезеңі

  1. Қызығушылықты ояту

1.Психологиялық тренинг. «Алғысым шексіз» әр оқушыға бірінші амандасып, алғыс білдіруін сұрау

2.«Көңіл-күй тақтасы» бүгінгі көңіл- күйлерін белгілеу

3.Топтастыру:

“Тарихи деректер” Археология, этнография, антропология деп жазылған қағаздар көмегімен бөлінеді

  1. Не? Қайда? Қашан?

Мұғалім дерек оқиды оқушылар оның не екенін,қайда, қашан табылғанын айтуы қажет

1.Бұл қорғанның диаметрі 60 метр,биіктігі 6 метр,топырақ уйіндісі көп қабаттан тұрады,жерленген  адамға  салтанатты  киім кигізілген.Оң жағына ,бел тұсына ағаш қыны бар семсер қойған,беліндегі белдікке ағаш қынды қанжар — ақинақ  ілінген .Қабірдің ішінен көп алтын түймешелер табылды, жалпы саны 4000 -нан астам.

Есік обасы/ Алтын киімді адам/ Алматының шығысы,Іле Алатауының баурайы.   1969ж

  1. Бұл обада екі адам жерленген, оның бірі 40-50 шамасындағы ер адам, екіншісі 50-60 жастағы әйел.Жанынан 13 қола жебе , жебе салатын қорамсақтың жұрнағы табылды.Сонымен қатар бүркіттің,қабылан,қабан,балық ,құс бейнелі әшекей бұйымдары қойылған.

                           Шілікті қорғаны. Шығыс Қазақстан ,Зайсан ауданы. 1960ж  С.Черников

3.Бұл обада бір ғана  ер адам жерленген.Ішінде барыстың,арқардың,бұғының ,аю,қасырдың бейнелері  көзінің, тұмсығының, тұяғының орнына көк ақық тастан  көздер орнатылған.Өкінішке орай оба ертеде тоналған.Бұл жәдігерді қазір біз Екінші Алтын адамға жатқызамыз.

Шілікті алтын адамы.Шығыс Қазақстаннан.Әбдеш Төлеубаев

4.Бұл кезеңде мәйіттерді астау табыттарға жерлеген.Онда 45 жастағы ер адам мен одан егделеу әйел жерленген.Мәйіттер айрықша сән-салтанатпен киіндіріліп қойылған.Обадан 13 жирен жылқы табылған.Бұл аттардың біреуінің басында таутекенің ағаштан жасалған мүйіздерімен әшекейленген тері бетперде болған.

                                Берел қорымы. Шығыс Қазақстан Қатонқарағай ауданы. 1998-1999 ж З.Самашев

 

III .Мағынаны тану

  1. Сөзжұмбақ : «Қаңлы»
  2. Ерте темір дәуірінде Қазақстанды мекендеген тайпалық бірлестік. Сақтар
  3. Жүз жыл нені құрайды? Ғасыр

3.Үйсіндердің астанасы? Қызыл Аңғар.

4.Орталық Қазақстанның ерте темір дәуірі  мәдениеті. Тасмола

  1. Солтүстік Қазақстанның ерте темір ескерткіштері.

Ұлыбай

 

2.Топтық жұмыс

“Топтық таныстырылым”

Тақырыпты топта оқып, түсіну.

1 топ-  2 топ Қаңлылар туралы қытай деректері

3 топ- Қаңлылар туралы иран деректері

 

  1. Жұптық жұмыс

“Сәйкестендіру”

1. «Тарих жазбалары» 1-….. 1. Қаңлы елінен алтын,күміс,хош иісті майлар,кілемдер,қымбат аң терілері шығады.
2. «Цянь Ханьшу» 2-…. 2.Көшпелілердің өмірі мен тұрмысы баяндалған.
3. «Жу патшасының тарихы» 3-…. 3.Қаңлы мемлекетінің пайда болу уақыты,шекарасытуралы айтылған.
4.Қытай елшілері 4-…. 4.»Вэсаканың ержүрек ұлдары ең биік,бәрінен жоғары тұрған Канха қамалының алдында құрбандық берді»
5. Авеста 5-….. 5.»Қаңлы  » сөзі «қарулы жақсы,жайсаң ұлықтар»
6. Махабхарата 6-…. 6.Қаңлы ханының сарайында заң жарғылары бар.Жазу қаңлыларда болған.

 

3.Математикалық  сынақхат

Қаңлылар б.з.б.____ б.з _____ ғасырлар аралығында өмір сүрген. Ғалымдар қаңлыларды ________________ Қытайға қарсы тұрған ғұндарға көмектескенін анықтап отыр.Қытай деректері бойынша , қаңлы тайпалары одағының ________түтіні немесе шамамен __________ адамы болған.Олар __________  дейін жауынгер шығара алған.

 

IV . Ой толғаныс

Бес жолды өлең         Қаңлылар туралы бес жолды өлең әдісін пайдаланып  өлең шығару.

V .Сабақты қортыныдылау

Сергіту сәті: “Қаражорға” дене  қимылдарын жасау арқылы сергіту

VI .Үй тапсырмасы

Параграфты оқу, семантикалық кесте құрау

VII .Рефлексия

“Бағдаршам” .Жасыл түс — сабакты түсіндім,сары түс- маған  көмек қажет,қызыл түс- ештеңе түсінбедім

Ашық сабақтар
Турманова Нургул Есеналиевна, Векторлық графика, векторлық графиканы өңдеу бойынша программасының интерфейсі

Мақала авторы: Турманова Нургул Есеналиевна
Жұмыс орны: Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, №7 орта мектебі
Лауазымы: Информатика пәнінің мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 29.01.2017

Векторлық графика, векторлық графиканы өңдеу бойынша программасының интерфейсі

Сыныбы: 7

Пәні: информатика

Сабақтың тақырыбы: Векторлық графика, векторлық графиканы өңдеу бойынша программасының интерфейсі.

Білімділік:  оқушыларға векторлық графика, векторлық графиканы өңдеу бойынша  программа интерфейсі, векторлық бейнелердің параметрлері, векторлық бейнелермен жалпы жұмыс жасау тәсілдерін таныстыру.

Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін, логикасын одан әрі  дамыту.

Тәрбиелік: Сурет салуда ұқыптылыққа, өз бетінше еңбектенуге   тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ -жауап

Сабақтың көрнекілігі: компьютер , слайд, интерактивті тақта,  үлестірме қағазы

Сабақ барысы

I.Ұйымдастыру

Сынып оқушыларын түгендеп, назарларын сабаққа аудару. Шаттық шеңбері

Оқушылар

                                                           II.Үй тапсырмасын тексеру

1-тапсырма

 Кестені толтыр.

Растрлық  графика  
Векторлық  графика  
Фрактал  графика  

2-Тапсырма

Тест.

  1. Растрлық кескіндермен жұмыс істейтін программаны көрсетіңдер:
  2. Corel draw
  3. Paint
  4. Choascope
  5. Inkscape
  6. Растрлық кескіндер қандай пішімді файлда сақталады?
  7. Bmp
  8. Pdf
  9. Svg (Inkscape)
  10. Cdr (corel Draw)

3.Қандай пішімде сығымдау қолданылады?

  1. Jpg
  2. Pdf
  3. Svg (Inkscape)
  4. Cdr (corel Draw)

4.Графикалық файлдың пішімі – ол…

  1. Файлдың кеңейтілуі
  2. Графикалық мәліметтерді сыртқы тасымалдаушыда көрсету мен орналастыру әдісі
  3. Мәтінді мәліметтерді сыртқы тасымалдаушыда көрсету мен орналастыру әдісі
  4. Мәліметтерді сығымдайтын алгоритмді көрсету
  5. Анимациялық кескіндерді сақтау мүмкіндігі бар графикалық пішімді таңдаңдар:
  6. Gif
  7. Jpeg
  8. Eps (Encapsulated PostScript)
  9. Cdr (Tagged Image File Format)
  • Жаңа сабақ

Inkscape-тегін таратылатын, ашық коды бар векторлық графиканы өңдеу редакторы. Inkscape басқа тегін графикалық редакторлар сияқты, баяу жұымс істейді. Себебі ол компьютер ресурстарынан талап етіледі. Дегенмен осы редакторда сайттың батырмасынан бастап, баннерлерге, визиткадан кітаптың суреттеріне дейінгі әртүрлі кескіндерді жасауға болады. Программаны қосу әдіеттегі тәсілдер арқылы жүзеге асырылады. Жұмыс үстеліндегі жарлықты басу немесе операциялық жүйенің басты мәзірі арқылы.

Inkscape программасы 9 терезеден тұрады.

Элементтердің көрінуі Түр мәзірін баптау арқылы  іске асырылады

Құралдар параметрлері:

  • Батырманы шертсек басқа бұйрықтарды тізім ретінде ашып көрсетеді.
  • Құралдар панелі
  • Таңбалау элементтері: сызғыш, тор, бағыттауыштар
  • Жұмыс аймағы-кенеп
  • Бұйрықтар панел
  • Жабысу параметрлерінің панелі
  • Түстер үлгілері-бояу палитрасы
  • Қалып-күй жолы

Құралдар панелінен қандай құралдар таңдағандарыға байланысты, контекстік құралдар параметрлері панелінің батырмалары да өзгереді. Құралдың қызметін оған тінтуірдің меңзерін апару арқылы білуге болады. Перне қызметі құрал атауының жанында бейнеленеді.

Тор мен бағыттауыштар дәл жайғастыруды орындауға арналған.   Кескіннің бояу палитрасы мен оның баптауларын өзгертуге болады.  Түсті баптау үшін құйма бояу мен  жиектеу сұхбаты да қолданылады. Ол нысан –құйма бояу мен жиектеу бұйрығымен орындалады.

Оқушылармен жұмыс

1-тапсырма

  1. Inkscape графикалық редакторын іске қосыңдар.
  2. Көк контуры бар жасыл тікбұрішті салыңдар:
  • Тікбұрыш құралын таңдаңдар
  • Тінтуірдің оң батырмасынг басып, бояу палитрасында жасыл құю түсін таңдаңдар.
  • Еркін тікбұрышты кенепте созыңдар

2-тапсырма

Inkscape редакторында файлдардың стандартты пішімін Inkscape SVG  Дұрыс/бұрыс
Нысандарды дәл жайғастыру үшін Түр мәзірі қолданылады Дұрыс/бұрыс
Түсті баптау үшін Нысан-құйма бұйрығы орындалады Дұрыс/бұрыс
Редактор терезесі 6 терезеден тұрады Дұрыс/бұрыс
Inkscape-тегін таратылатын, ашық коды бар растрлық графика Дұрыс/бұрыс

3-тапсырма

  1. Компьютерлік графикада графикалық ақпарат екі әр түрлі жолмен неше беріледі? (2)
  2. Растрлық  графикада  кескіндердің  базалық  элементі? (Нүкте)
  3. Векторлық  графикада? (сызық)
  4. Растрлық редакторларға арналған программалар?

(Adobe  Photoshop, Сorel  PhotoPaint, Paint.)

  1. Векторлық редакторларға арналған программалар?

(Word мәтіндік  редакторына  құрамдас графикалық  редакторды, CorelIDRAW,  Adobe IUustrator, т/б)

Сергіту сәті

IY.Сабақты бекіту

Шатасқан әріптер. Графикаға байланысты сөздерді табу

В П Л Ь А Д Ж
 Е И Е Ч К Н Т
К К С О Р Е Ү
 Т А П Т Е Г С
О Й Н Н Н Т А
Р А Т Ы О Ф Л
Р С О Й Т О У
Б Т Р Ф О Р М

Пиксел, графика, вектор, ойын, формула, рентген, точка, түс

  1. Үйге тапсырма.
  • 20. Векторлық графика, векторлық графиканы өңдеу бойынша программасының интерфейсі. Тест орындау