Әдістемелік қоржын
Алимова Акгуль Едиресовна, Математика сабағында критериалды бағалауды қолдану

Мақала авторы: Алимова Акгуль Едиресовна
Жұмыс орны: ММ"Мичурин орта мектебі"
Лауазымы: Математика пәнінің мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 06.11.2017

Математика сабағында критериалды бағалауды қолдану

Қазіргі кезде білім сапасын бағалау жүйесін жаңарту өзекті мәселелердің біріне айналды. Бес балдық бағалау қазіргі заманға сай білім жүйесін қанағаттандырмайды.

Озық технологияларын қолданып, білімді меңгерту әдістері жетілдіргенімен бағалау бұрынғы жүйеде қалды. Сондықтан оқушы танымындағы өзгерістер мен жетістіктерді бағалау сипаты арасында қайшылықтар қалыптасты. Әлеуметтік сұраныстардың өзгеруі  білім сапасын бағалау жүйесін жаңартуды талап етіп отыр.

Осыған байланысты оқушылар арасында өзара түсіністік және ұжымды қарым — қатынасты орнату, оқушылардың өздеріне деген сенімсіздіктерін жою, мүмкіндіктерін арттыруға жол ашу үшін критериалды бағалауды қолдану керек.

Критерийлер-оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, атап айтқанда, оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі.

Критериалдық бағалау – бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжым мен шығарылған, білім процесінің барлық  қатысушыларына алдын ала  белгілі критериялар мен оқушылардың  оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.

Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі:  алдын ала ұсынылған  бағалау шкаласының ұсынылуы, оның  анық айқындылығы, бағаның әділ қойылуы, өзін бағалауға мүмкіндіктердің берілуі. Критерий оқыған  бағдарламаға сай алынады.  Әрбір жетістік балмен және дескриптор арқылы белгіленеді.

Математика сабақтарында критериалды бағалауды қолдану, оқушылардың танымдық қабілеті мен ойлау деңгейін арттыруға көмектеседі. Оларды табысқа жетелейтін жол көрсетеді, өзін және өзгелерді бағалауды үйретеді, оқушыларды сыни ойлауға өз ойын айтуға өзінің білімін көрсетуге мүмкіндік береді. Мұғалімдер сапалы нәтижеге әкелетін критерийлер құрастыру арқылы оқушылардың білім алу барысындағы қателіктері мен олқылықтарын айқындауға, бағдарламаға сәйкес оқушының дайындық деңгейін анықтауға мүмкіндік алады. Оқушы білім алу барысында алған өз бағасының әділдігіне көз жеткізеді. Білімнің меңгерілуі туралы оқушы мен мұғалім мен ата-ана арасында кері байланыс орнайды. Критериалды бағалауда тек оқушының жұмысы бағаланды. Оқушы орындаған жұмысын алдын-ала белгілі үлгімен салыстырды. Оқушы өзінің жұмысын бағалауға  мүмкіндік беретін нақты бағалау алгоритімін біледі. Жіберілген қателермен жұмыс істеп оқушы өзінің даму жетістігін бақылап отырады.

Критериалды бағалау екі түрлі бағалауды  қамтиды: қалыптастырушы бағалау және  жиынтық бағалау.

Қалыптастырушы бағалау:

  • оқу үрдісі кезінде жүргізіледі (шағын өз беттік жұмыс, тест т.б.);
  • оқушыларға өзінің жұмысын түзетуге, үлкен жетістіктерге жетуге көмектеседі;
  • мұғалімге әр оқушының материалды меңгеруі туралы ақпарат жинайды, талдау жүргізіп алдағы жұмысты жоспарлайды, оқу үрдісін сапалы жүргізді.

Жинақтаушы бағалау:

  • тақырыптық немесе бөлімінің оқытуды аяқтау кезінде жүргізілді (бақылау жұмыстары немесе зачеттар).
  • оқушыларға оқылған тақырып бойынша жетістіктерін көрсетуге мүмкіндік береді.
  • мұғалімге оқушылардың жетістігі туралы қорытынды баға қоюға мүмкіндік береді.

Қалыптастырушы  бағалау кері байланыс қызметін атқарады. Оқушы өзінің жетістігі мен кемшілігі туралы ақпарат алады. Егер оқушы аралық жұмыстарды жеткілікті түрде жақсы орындамаса, оның қорытынды жұмысқа дейін уақыты бар. Сондықтан аралық жұмыстардағы бағасы қанағаттанарлықсыз болса, оны  оқушы өзіндік тәжірибелерін жетілдіруге берілген ұсыныс ретінде қабылданды. Себебі  тоқсандық бағаны жинақтаушы бағалау негізінде қою ұсынылады. Тоқсан ішінде жиынтық бағалау үшін үш-төрт қорытынды жұмыстар жүргізіледі, оның нәтижесімен тоқсандық баға шығарылады.

Математика пәні бойынша оқушылар жетістігін бағалау үшін төрт критерий алынды. Критерийлердің атауы мен  олардың қысқаша мазмұнының сипаттамасын төмендегідей таблицада ұсынып отырмын.

 

Математика пәні бойынша критерийлердің мазмұны:

 

 

 

Критерийлер

 

Дескрипторлар

А Білу және түсіну Оқушы оқылған материалды білетін және түсінетінін көрсетеді, алған білімдерін стандартты және өзгертілген жағдайларда қолдана біледі
В Қолдану Оқушы қандайда бір есепті математикалық әдістерді қолданып зерттейді, заңдылықтарды анықтайды, математика тілінде олардың өзара байланысын сипаттайды
С Сыни ойлау және зерттеу Оқушы қандайда бір есепті шығару кезінде керекті формулалар, теоремаларды, ақпараттарды талдайды, синтездейді, қолдана алады
Д Коммуникация және рефлексия Оқушы  сәйкесінші ғылыми терминологияны және шартты белгілеулерді қолданып, ақпарат бере алады

 

Критериалды бағалауда міндетті түрде дескрипторлар құрылуы керек. Дескрипторлар оқушының жетістік деңгейінің дәл сипаттамасын және оларға берілетін ұпай санын көрсету керек.  Қалыптастырушы бағалау үшін 11 сыныптың геометрия пәнінен  «Пирамида»  тақырыбы бойынша берілген өзбеттік  жұмыстың бағалау критерилерін ұсынамын:

 

Критерийлер

 

Тапсырма мазмұны

 

Дескрипторлар

 

 

 

А (Білу және түсіну)

 

 

Пирамиданың табан-диагоналі 16 см-ге тең тік төртбұрыш. Пирамиданың әрбір қыры 10 см, пирамиданың биіктігін табыңдар.

Оқушы төменгі критерилердің ешқайсысына қол жеткізбеді 0
Есептің сызбасын дұрыс сызды 1
Биіктікті табуға қажетті белгісіз элементті, көмекші  фигураны  дұрыс анықтады 1
Белгісіз элементті табуға керекті теорема, формулаларды дұрыс тауып қолданды 1
Пирамиданың биіктігін тауып, есептің жауабын дұрыс берді 1
Барлық ұпай саны 4
 

 

 

 

В (Қолдану)

 

 

 

Пирамиданың табан- қабырғасы 12 см-ге тең теңқабырғалы үшбұрыш. Оның әрбір бүйір қыры табан жазықтығымен 450  бұрыш жасайды. Пирамиданың  биіктігін табыңдар.

Оқушы төменгі критерилердің ешқайсысына қол жеткізбеді 0
Есептің сызбасын дұрыс сызды 1
Биіктікті табуға қажетті белгісіз элементті, көмекші  фигураны  дұрыс анықтады 1
Белгісіз элементті табуға керекті теорема, тұжырымдаманы  дұрыс тапты 1
Белгісіз элементті табуға керекті формуланы дұрыс қолданды 1
Пирамиданың биіктігін тауып, есептің жауабын дұрыс берді 1
Барлық ұпай саны 5
 

 

 

 

 

С (Сыни ойлау және зерттеу)

 

 

Үшбұрышты дұрыс пирамиданың табан қабырғасы 4 см, биіктігі 6 см.     Пирамиданың бүйір бетінің ауданын табыңдар.

 

Оқушы төменгі критерилердің ешқайсысына қол жеткізбеді 0
 Есептің сызбасын дұрыс сызды 1
Есепті шығаруда қолданылатын формулаларды дұрыс жазды 1
Белгісіз элементтерді дұрыс анықтап, көмекші  сызбалар сызды 1
 Белгісіз элементті табуға керекті теорема, тұжырымдаманы дұрыс тапты 1
Белгісіз элементті табуға керекті формуланы дұрыс қолданып, оны дұрыс тапты 1
Пирамиданың бүйір бетінің ауданын тауып, жауабын дұрыс берді 1
Барлық ұпай саны

 

6
Д (Коммуникация және рефлексия)  

 

Дұрыс пирамиданың биіктігі мен апофемасы тең болуы мүмкін бе ?

Оқушы төменгі критерилердің ешқайсысына қол жеткізбеді 0
Дұрыс пирамиданың биіктігі мен апофемасынын сызбасын дұрыс сызды 1
Екеуінің байланыстыратын көмекші  фигураны  көрсете білді.

 

1
Көмекші  фигураны пайдаланып, биіктік пен  апофеманы  салыстырып, дұрыс ой қорытындысын жасады. 2
Барлық ұпай саны 4
Барлығы:  

19 ұпай

 

Критерий ұпайларын 5 балдық бағаға ауыстыру шкаласы

 

Ұпайлар 0-10 11-13 14-16 17-19
Проценттері 0-54 ℅ 55-71 ℅ 72-8 ℅ 89-100 ℅
Баға «2» «3» «4» «5»

Оқушы осындай аралық жұмыстарды орындай отырып,  өзінің жетістігін бағалайды, қорытынды бақылауға дайындалады. Қортынды бақылауға берілетін тапсырмаларға осындай критерийлер ұсынылады, тек тапсырмаларды күрделендіріп алуға болады. Тоқсан ішінде математика пәні бойынша жиынтық бағалау үшін екі-үш қорытынды жұмыстар  жүргізіп, соның негізінде тоқсанды баға шығару ұсынылады.

 

 

 

 

Адам және қоғам
Алимова Акгуль Едиресовна, Мен үшін дүниедегі асыл әжелердің ішіндегі ең ғажабы- менің әжем!

Мақала авторы: Алимова Акгуль Едиресовна
Жұмыс орны: Қостанай ауданы, Мичурин орта мектебі
Лауазымы: Математика пәні мұғалімі, сынып жетекші
Порталға жариялану мерзімі: 15.03.2017

Мен үшін дүниедегі асыл әжелердің ішіндегі ең ғажабы- менің әжем!

Қазақ отбасындағы әже орны ерекше әрі қадірлі. Әже — отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын- абысындардың бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың, келіндердің тәрбиешісі әрі ақылгөйі  Қазақ қоғамында әдетте жас отау иелерінің тұңғыш баласын әжесі бауырына салады. Бала ата-әженің кенжесі саналып, немерені әжесі тәрбиелеп, бағып-қағады. Әже мен немере арасындағы туыстық байланыс өте нәзік әрі берік. Балажан қазақ үшін ата мен әжеге жас сәби жай ғана ермек емес, тәрбиеленуші ерекше субъект. Тарихта күллі рулы елге ана болып саналған Айпара әже, Домалақ ене, Зере, Айғаным секілді әжелердің бейнесі аңыз-әңгімелерде, әдеби шығармаларда сомдалған.

Алдымен әже тәрбиесі арқылы бала жақсы-жаманды ажыратып, үлкен-кішіні тани бастайды. Мінез-құлық, тіл тәрбиесі қалыптасып, бала үй шаруасына бейім, елгезек тілалғыш, мейірімді болып өседі. Әженің алдын көрген балаға кейінгі  жұрт тәрбиелі бала деп баға береді. Әже тәрбиесі көбіне «олай істеме, былай істе», «бүйтсең жаман, өйтсең жақсы»деген  сипатта, ақылгөйлік мазмұнда болып, әженің мейірімі мен жүрек жылуына бөленіп өседі. Осылайша жас бала қазақы ортадағы моральдық-этикалық нормалармен таныса отырып, адами тұлғаның қалыптасуына ғана емес, дәстүрлі ырым-тыйымдар жүйесінің қағидаттарын біртіндеп бойына сіңіре бастайды.

Менің әжем ең тамаша адам. Оның жасы қазір 76-да. Ол  Затобол селосында тұрады.  Қазір зейнеткер. Көп балалы, ардақты ана, немерелерінің асыл әжесі. Әжем — әкемнің анасы, менің ақылшым.

Менің әжемнің қолынан көп нәрсе келеді.  Әжемнің шашы ұзын, бұрымын өзі жақсы қылып өріп алады. Әжемнің сүйікті тамағы — қазақша ет. Оның иісін бұрқыратып өзі асқанды жақсы көреді. Сүйікті сусыны — қымыз, шұбат, шай.

Менің әжем қазақ ауыз әдебиетінін көптеген ертегілер, аңыздар біледі. Кішкентай кезімде өзге әжелер сияқты маған да ертегі айтып ұйықтататын. Бізге әрдайым ақыл-кеңесін айтып отырады. Мен әжемді өте жақсы көремін. Асыл әжеме ұзық ғұмыр тілеймін, деп хатымды сізге арнаймын.

Тәрбие сағаты
Алимова Акгуль Едиресовна, Мамандықты таңдау — ертеңді ойлау

Мақала авторы: Алимова Акгуль Едиресовна
Жұмыс орны: Қостанай ауданы, Мичурин орта мектебі
Лауазымы: Математика пәні мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 15.03.2017

Мамандықты таңдау — ертеңді ойлау

Ашық тәрбие сағаты: « Мамандық таңдау – ертеңді ойлау»

Мақсаты:

Білімділік –оқушылардың білім шыңына талпынуда бойларында қандай қасиеттер болу керек, неге бейімделу керектігі жайлы ойларын білу, ой бөлісу;

Дамытушылық –жеке басының сапалық қасиеттерін арттырып, кәсіптік бағдар бере отырып, өзін өзі тану аумағын кеңейту,

Тәрбиелік –оқушыларды терең білім алу жолында үздіксіз еңбектенуде еңбекқорлыққа тәрбиелеу,кәсіптік бағдар беру

Әдіс- тәсілдері: «Миға шабуыл», психологиялық тест, дидактикалық ойындар, тренингтер.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Саламатсыздар ма құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі кешімізге қош келіпсіздер!

Бәріміз де алдымен мынадай «Бұл кім?»« тренингін ойнайық. (Оқушыларға интерактивті тақтада белгілі бір кәсіп иелерінің суреті көрсетіледі, оқушылар сурет арқылы табады .)

— Сіздер қалай ойлайсыздар, жалпы түрде қалай айтуға болады?

— МАМАНДЫҚ

— Дұрыс айтасыңдар. Олай болса кешіміздің тақырыбы

«Мамандық таңдау – ертеңді ойлау».

1.«Миға шабуыл»— ой қозғау: Мамандық дегеніміз не? Әр топ өз ойын айтып, жауап береді:

«Мамандық» сөзіне анықтама беру. Мұғалім толықтырады

Профессия- мамандық дегенді білдіреді.

Мамандық- қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.

  1. «Білеміз бе?»

Мына мамандықтардың қайсысынан хабарымыз бар

І топқа Қазіргі уақытта жойылып кеткен мамандықтар

ІІ топқа ХХ ғасырда пайда болған мамандықтар

ІІІ топқа Соңғы 10 жылдықта пайда болған мамандықтарды

Білетін, естіген, көрген мамандықтарымызды теріп жазамыз және дәлелдейміз

  1. Әр топ осылардың ішінен өздерінің келіспейтін тұжырымдарын таңдап алып, ой-пікірлерін дәлелдейді.

Мамандық бір-ақ рет біржола таңдалады

Мамандық таңдау қалтаның қалың болуына байланысты

Отбасы және достарынның ақылына сүйеніп мамандық таңдауға болады

Қартайғанда да мамандық таңдауға болады

Жақсы білім алу үшін қымбат оқу орнына түсу керек

Ақша болса, мамандық қажет емес

Мамандық таңдауда психологтің көмегі қажет

Мамандық таңдаудағы басты өлшем – қызығу мен қоғамдық сұраныстың сәйкестігі

Таңдайтын мамандығымды қалталы ақшам анықтайды

Мамандық таңдау – күн көріс қамы

4.Оқушылар келіп отырған қонақтарға сауалдарын жолдайды.

Сұрақтар:

1.Мамандық таңдауда ең бастысы не: қабілет пе, дарын ба әлде мамандықтардың қоғамдағы беделі ме?

2.Ауыл экономикасын көтеру үшін, ауылға ең алдымен қандай мамандықтар қажет деп ойлайсыңдар?

3.Белгілі бір кәсіптің иесі болу үшін міндетті түрде жоғары білім алу қажет пе?

4.Әрбір жеке адам бақытты болу үшін, тоқшылықта өмір сүру үшін не істеу керек?

5.Кез келген қоғамда адам өмірде өз орнын табу үшін өз жанына жаққан кәсіпті меңгеріп, белгілі бір мамандық иесі болуы шарт. Ел болашағы бүгінгі өскелең ұрпақтың, яғни біздің қолымызда.

6.Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек?

7.Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі керек?

8.Сіз қандай маман болуды армандадыңыз?

9.Адам өзің белгілі бір мамандыққақашан, қалай дайындауы керек?

10.Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыздар?

11.Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?

5.Бір-бірімізді жақсы тани аламыз ба?

Барлық қатысушылар ақ қағазды алып одан ұшақ жасап, сол ұшаққа бір бірлеріне деген тілектерін, армандарын жазып бір бұрышқа қарай ұшырады. Әр топтан бір оқушыдан шығып, кімнің жазғанын табады.

6.«Мамандықты тап» (Қызығушылықты ояту)

«Мамандықты тап» жұмбақтар шешейік.

  1. Сергіту сәті«Мен кіммін»қатысушылар төмендегі сөйлемдер бойынша өздеріне тұсаукесер дайындайды:

Мен         …           кезде жолбарысқа айналамын.

Мен самал желге ұқсаймын, себебі           …

Мен кейде        …          өзімді құмырсқадай сезінемін.

  1. 7. «Жағдаяттық сұрақтар».
    Сен өзіңе ұнаған мамандықты таңдадың, бірақ ол мамандыққа ата-анаң қарсы. Сен ол кезде не істер едің?
    2. Ата-анаң саған бір мамандықты таңдап берді, бірақ ол мамандық саған ұнамады. сен ата-анаңның шешіміне қарсы боласың ба?
  2. — Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз, ойландыратын жағдай болды ма? Болса не істер едіңіз?
  3. 8. «Ең жақсы мамандық» ойыны.Әрбір командадағылар қатысушыларға мынадай сұрақ береді, Қатысушыларға келесі мамандық мінездемелері ұсынылады:
    Ең ақшасы көп мамандық

Ең жасыл мамандық
Ең тәтті мамандық
Ең жауапты мамандық

Ең салмақты мамандық

Ең қарым-қатынасы күшті мамандық

Мамандық таңдау – болашағыңды айқындау
Мамандық таңдау дегеніміз – яғни болашағыңды айқындау. Біз алдымызға белгілі бір мақсат қоя білуіміз керек. Сол мақсатқа жету үшін бірталай міндеттер орындауымыз керек. Сонда ғана сенің болашағың айқын.

Әр оқушы өздерінің таңдаған мамандықтары туралы слаид жасап, қорғайды.

9.Осы жөнінде оқушылар пікірін тыңдайық. — Сендердің алдарыңа қойған мақсаттарың бар ма?
Осы мақсатқа жету үшін сен не істемек ойларың бар?

Осы кештен не алдыңыз?

Мамандықты дұрыс таңдауда қандай қателер жіберілуі мүмкін?

Мамандық таңдаудағы салғырттық пен немқұрайдылық кешірілмейтін іс. Адамның өз болашағына деген жауапкерсіздік. Мамандық таңдау – болашағыңды айқындаудың өлшемі. Демек, одан қателесуге болмайды. Сол үшін де үш ойланып, төрт толғанғанның артықтығы жоқ. Өз болашағыңды өзің белгілейтін ең маңызды кезеңде тұрғаныңды ұмытпауға тиіссің.

10.Мамандық таңдау – адам өміріндегі ең жауапты кезең. Талапкер үшін мамандық таңдаудың жеті басты қадамын ұсынамыз13. Рефлексия. «Тілектер ағашы » Гүл құмырасында ағаш отырғызылған.

Сабағымыздың түйіні ретінде, рефлексия жасап, алдарыңыздағы алма, жапырақ стикеріне сабақтан алған әсерлеріңізді, тілектеріңізді жазып, «тілектер ағашына »ілеміз.

Бүгінгі кештен алған әсерлерің.

Болашақтағы жоспарларың

Алға қойған мақсаттарың, бір- бірлеріңе тілектеріңіз.

11.Кері байланыс.Сауалнама

Мұғалімнің қорытынды сөзі: Рахмет, сендердің айтқан ой пікірлеріңе қарай, бүгінгі сабағымыз өте маңызды болды деп есептеймін.

«Жарқын болашақтың кепілі- жаныңа жақын кәсіп таңдау» демектей, қазіргі қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі қоғамда өмір сүруге икемді, жеке басының, пайдасына қарай өзін өзі толық жүзеге асыруға дайын және бәсекеге қабілетті тұлға болуды талап етеді. Сондықтан да қазіргі кезден бастап,өз- өздеріңді, бір- бірлеріңді танып, өз қабілеттерің мен икемділіктеріңді дамытыңдар. Соған сәйкес болашақ мамандықтарыңды таңдаңдар.
Абыройлы, ақ ниет — адамдыққа сенемін!- дегендей ел сеніміне кіретін құрметті мамандық иесі боламын десеңіздер білім алуға барлық күш жігерлеріңді жұмсап, егеменді еліміздің ертеңі — болашақ маман иелері болуларыңызға шын жүректен тілектеспін.

 

Мичурин орта мектебінің математика пәні мұғалімі және 9 «Ә»сынып жетекшісі: Алимова Акгуль Едиресовна

 

 

 

Адам және қоғам
Алимова Акгуль Едиресовна, Ардақты да, Аяулы анам!!!

Мақала авторы: Алимова Акгуль Едиресовна
Жұмыс орны: Қостанай ауданы, Мичурин орта мектебі
Лауазымы: Адам және қоғам
Порталға жариялану мерзімі: 15.03.2017

Ардақты да, Аяулы анам!!!

Жан- Ана. Бар болғаны 3 әріптен құралған. Бірақ мағынасы – теңіздің терең тұңғиығындай, қол жетпес көк аспандай, қажеттілігі адамға ауаның қажеттілігіндей маңызды, дүниедегі ең, ең ,ең қымбат сөз. Бұл сөз иесі бар әлемдегі ең ардақты, ең аяулы, ең сүйкімді, ең сүйікті ЖАН. «Анасы бар адамдар, ешқашан қартаймайды». Расында да, анамыз бар кезде біз өзімізді әлі де сәбидей, сәби болмаса да, қорғаны бар, ұясы бар балапандай, шатыры бар керегедей, аспаны бар жұлдыздай, құнары бар топырақтай, ағашы бар жапырақтай, көктемі бар самал желдей, жазы бар жайнаған гүлдей, күзі бар жаңбырдай, қысы бар қардай, қысқасы, жаны бар адамдай сезінеміз. Сыйлаймыз, құрметтейміз, еркелейміз. Біздің еркелігімізді көтеретін бұл жалғанда «Жан Анадан» басқа жан бар ма? Жоқ!!! Сәби кезден осы кезге дейін, тіптен 40-50 жасқа келгендерінше еркелеп жүргендер де бар емес пе?…  Бес саусақ бірдей емес. «Анаңды Меккеге үш арқалап апарсаң да, қарызын өтей алмайсың», деген сөз бар емес пе? Шынында да, қанша талпынсақ та, күнде қарызын өтеуге ниет қылып, жақсы істер істесек те, ананың біз үшін істеген жақсылығын, қарызын өтей алмаймыз. Анам- аты Мәриям Әбдіғалиқызы. Анамыз зейнеткерлікке шыққанша, акушер-гинеколог болып жұмыс істеген. Қаншама өмірге кішкентай бөбектерді дүниеге әкелді, бәрінің кіндік шешесі атанған. Өзі болса, көп балалы алтын алқа иегері.9 ай, 9 күн еш жерге тастамай, отырса да, тұрса да көтеріп жүріп, сүліктей жабысқан шарананы дүниеге алып келудің өзі неге тұрады?  «Қолда барда алтынның қадірі жоқ» демекші, анасы бар жандар бар алтынды, байлықты қадірлемей, айрылып қалғанда ғана қадірін біледі. Өмірімізде өрт шыққанда, су болатын — АНА, басымыздан күн өткенде, көлеңке болатын — АНА, қараңғы түнде жарық беріп, ай болатын — АНА, ашу атты асау тайға мінгенде, сабыр болатын — АНА. Біздегі бар байлық, бар асылымыз, бар сәніміз, мәніміз аяулы да ардақты «ЖАН АНА». Ананың жанында өткізген әрбір секундты күндей, минуттарды айдай, сағаттарды жылдай көріп, анамыз бар болғанына Аллаһқа шүкіршілік айтып, Ана атты Адам баласын құрметтеп өтейік. Бұл біздің парызымыз деп білейік! «Мама, сізге мың да бір рахмет! Мен сізді сондай жақсы көремін!»,- деп, хатымды аяқтағым келеді.

 

Мичурин орта мектебінің мұғалімі: Алимова А.Е.

Математика
Алимова Акгуль Едиресовна, Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру

Мақала авторы: Алимова Акгуль Едиресовна
Жұмыс орны: "Мичурин орта мектебі"ММ
Лауазымы: Математика мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 06.12.2016

Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру

Читать далее Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру