Атомдық физика курсын оқыту барысында «Case» технологиясын қолдану [Физика]
Организация : әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Должность : магистрант 2-курс
Дата : 04.04.2017
Номер журнала : 01-07-2017
Заман талабына сай білім беру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр. Заманауи қоғамның өзекті мәселелерінің бірі – кәсіби маманды қалыптастырып шығару. Кәсіби маманның алдына қойылатын ең бірінші кезектегі талаптарға – шығармашылық, белсенділік, әлеуметтік жауапкершілік, терең білім, кәсіби сауаттылық жатады. Қазіргі кезде оқыту үдерісін жоспарлаудың, қолданудың және бағалаудың жүйелі әдісі, адамдардың техникалық ресурстарды білімді игеру жолында өзара тиімді әрекет етудің негізі ретінде жаңа технологиялар түрлері көбейе түсуде. Әрбір болашақ мамандықтың игерілу тиімділігін арттыру мақсатында қолданылатын әдістердің бірі – «кейс-стади». Кейс-стади – өз бетінше ойлау қабілетін және шешім қабылдау дағдыларын көрсетуге мүмкіндік беретін мәселелі сипаттағы сұрақтарды топпен талдау [1]. «Case-study» амал-тәсілі немесе оқытудың нақты жағдаяттар әдісі өткен ғасырдың басында Америка Құрама Штаттарының Гарвард университетінің бизнес мектебінде пайда болған. Кейс-стади амал-тәсілі термині алғаш рет американдық ғалым Коплендтің еңбектерінде пайдаланылған. Копленд 1921 жылы оқытудың нақты жағдаяттар жинағын шығарып, кейс-стади амал-тәсілін қолдану жолдарын көрсеткен. Кейс амал-тәсілінде басты назар оқушылардың ұсынылған нақты немесе қиялдық (алдын-ала дайындалған) жағдаяттарды талдауы және осы жағдаятқа өзіндік баға беруі, өзінің ой-пікірін нақты әрі толық айтып беруі т. б. жатады. Шәкірттің жекетұлғалық қабілеттерін жетілдіруге аударылады. Демек, мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда кейс-стади амал-тәсілін қолдану – қазіргі білім беру талабына оқушының сабаққа деген қызығушылығын туғызатын жеке педагогиканың жаңа инновациялық жүйесі. Кейс әдісін қолдану барысында оқытушының іс - әрекеті екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең – кейс (жағдай) таңдап алу және сұрақтар құрауға арналған шығармашылық жұмыс, жағдайларды тақырыпқа сәйкес таңдап алу, мақсат пен міндетті анықтау, жағдайды құрастыру және суреттеу. Екінші кезең – оқытушының аудиториядағы іс - әрекеті. Аудиториядағы кейс әдісін қолдану кезеңі – кейске кіріспе, жағдайдың талдануы (шағын топтарда), пікірталас, қортынды шығару. Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларына мән беріп, оны меңгермегенше сауатты, жан-жақты маман дайындау мүмкін емес [2].
Жұмыстың мақсаты “Атомдық физика” курсын оқытудың орта білім беру мекемелерінде заманауи оқу-әдістемелік кешенін жасау. Атап айтқанда, “Атомдық физика” бойынша бірнеше тақырыптар алып кейс технологиясы бойынша зерттеп, талқылау.
Кейс технологиялардың негізгі ерекшеліктеріне келетін болсақ, ең алдымен, практикалық жағдайларды зерттеу, болған жағдайларды баяндау, оқушылар мәселелермен танысып, оны шешудің жолдарын іздейді. Негізгі мақсаты: оқушылардың бойында жаңа қасиеттер мен іскерліктерді қалыптастыру, әр түрлі проблемаларды талдау және оларды шеше білу қабілетін дамыту, ақпаратпен жұмыс жасауды үйрету болып табылады. Кейс әдісі өз кезегінде мынадай дағдыларды қарастырады: аналитикалық дағдылар – деректердің мәліметтерден айыру шеберлігі, маңызды және маңызды емес ақпараттарды айыра білу, талдау, елестету және оларға қол жеткізу, жіберіп алған ақпаратарды тауып, оларды қалпына келтіру шеберлігі, нақты және логикалық ойлау қабілеті. Бұл әсіресе, ақпарат сапасы төмен болған жағдайда өте маңызды болып келеді. Тәжірибелік дағдылар – кейсте көрсетілген нақты жағдайларымен салыстырғанда мәселенің күрделілігі төмен деңгейі экономикалық теорияларда, әдістер мен принциптерде қолданылатын тәжірибе дағдыларын жүйелеуге мүмкіндік береді. Шығармашылық дағдылар – ережеге сай жалғыз кейспен мәселе шешілмейді. Мұнда, логикалық жолмен шешілмейтін, альтернативті шешу генерациясының шығармашылық дағдылары өте маңызды. Коммуникативті дағдылар – олардың ішінен төмендегілерді атап айтуға болады: дискуссияны жүргізу шеберлігі, қоршаған адамдардың көзін жеткізу. Көрнекі материалдарды және басқа медиа заттарды қолдану – топтарға бірлесу, өз көзқарасын қорғау, қысқа да нұсқа есеп дайындау болып табылады. Әлеуметтік дағдылар – талқылау барысында кейсте нақты әлеуметтік дағдылар қалыптасады: адамдардың өзін-өзі бағалау тәртібі, тыңдай білу, дискуссияны қолдау немесе қарама - қарсы көзқарасты дәлелдеу, яғни, өзін-өзі ұстау және т.б. Өзіндік саралау – пікірталас кезінде келіспеушілік басқалардың және өзінің пікірін жете түсінуге және талдауға септігін тигізеді. Туындаған моральдық және этикалық мәселелер оларды шешудің әлеуметтік дағдыларын қалыптастыруды талап етеді. Кейс әдісін қолдану тек оқытумен ғана шектелмейді, бұл әдіс зерттеу әдісі ретінде де белсенді қолданылады. Сонымен қатар, оқудағы оқу, білім және ізденіс мазмұнын біріктіру арқылы oқытушының кәсіптік құзыреттілігін жоғарылатудың нақты тәсілдерінің бірі. Бұл әдістің тиімділігі, ол басқа оқу әдістерімен оңай байланысуы мүмкін. Оқытуды ұйымдастыру әдістері жүйесіндегі кейс әдісінің маңызды ерекшелігі, оның басқа әр түрлі оқыту әдістерімен тиімді үйлесуі болып табылады. Білім беру үрдісін ұйымдастырудың әр түрлі әдістері кейс - әдіспен сәтті үйлесім табады. Кейс стади әдісі интерактивті әдістің бір түрі ретінде оқушылар үшін өте тиімді әдіс болып саналады. Бұл әдістің көмегімен оқушылар өз беттерінше теорияны меңгере отырып, практикалық дағдыларға да үйренеді, сонымен қатар өз ойын жүзеге асыру мүмкіндігіне де ие болады. Оқушы мәселеге талдау жасау арқылы болашақ маман ретінде қалыптасып, сабақты қызығып оқуға тырысады [3].
Әдебиеттер тізімі:
- Кәсіптік бағыттағы оқытудың заманауи технологиясы ретіндегі кейс-стади. –М., 2005.
- Шахманова Н.Е Ақмола облыстық білім беру желісі, 2013 ж.
- Флиберг Б. Кейс-стадимен байланысты мәселелер. Социс,2005. – №4.