Алғашқы әскери дайындық пәнінде жаңа технологиялық әдістерді қолдану жолдары [Начальная военная и технологическая подготовка]

Автор статьи : Аумағанбетов .
Организация : Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Ынталы ЖОББ мектебі
Должность : АӘД пәні мұғалімі
Дата : 02.02.2017
Издатель : Аумағанбетов А., Автор
Редакционная коллегия: онлайн нұсқада ғана жариялауға рұқсат етілген

Қазіргі кезеңдегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Тіпті бір қатар дамыған елдерде бұл идея ұлттық қағидаға айналған. Ал Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігінің рейтінгісін анықтауға кірісіп, оның теориялық тұжырымдамалары жасалып жатыр. Дамыған елдердің тәжірибесіне сүйенсек, барлық ұлттық экономиканың өсуі мен дамуы білім және ғылым жүйелерінің жаңаруымен тікелей байланыстылығын байқаймыз.

Оқыту процесі – екіжақты процесс, оның бір жағында оқытушы, ал екінші жағында оқушы бар. Сонда бұл процесс оқу бағдарламасына, әдістемелік нұсқаулар мен жарлықтарға және тағы басқаларға сүйене-тін басқарушы бөлік- оқытушыдан және басқарылатын бөлік- оқушыдан тұрады. Қазір мұның бірін обьект,екіншісін субьект деп те айтып жүрміз. Оқытудың осы екі бөлігінің арасында тығыз екіжақты байланыс орнатылғанда ғана процесс өнімді нәтиже бермек.

Оқытудағы тура байланыс деп, жаңа материалды түсіндіру, тәрбиелік әсер ету, әдістемелік нұсқаулар беру /қайталаңыз,жазып алыңыз,назар аударыңыз т.с.с/ түсініледі. Мұнда оқушы мұғалімнің ықпал етуімен және өзінің ізденіп жұмыс істеуі арқылы жаңа білім мен білікті, дағдыны игереді.

Оқытушыға оқытудың жаңа да тиімді тәсілдерін игеріп,оны қолдана білуі үшін оқушылардың өтілген материалды меңгеру нәтижесі туралы кері байланыс сигналдары түсуі қажет. Оқушының ауызша жауабы, бақылау жұмысын не практикалық тапсырма-ларды орындауы және т.басқалар кері байланыстың мысалдары болып табылады.

Сабақ үстінде оқушының жаңа ұғымды меңгеруін ауызша айтқызу арқылы тексеріп, бақылау сабақтың көп уақытын алатындығы анық нәрсе.Оқушымен кері байланысты көбінесе осы әдіске құру олардың аз ғана бөлігін белсенді оқу процесіне тартып, ал қалған көпшілік бөлігінің оқу материалын үйренуіне ықпал етудің барынша азаюына, сөйтіп олардың білім алуға қызығушылығының төмендеуіне әсер етіп жүрген жағдайлар.

Осы және бұдан басқа да толып жатқан психо-педагогикалық себептерге байланыс-ты мұғалімге оқушы білімін, білігін анықтауда жаңа технологиялық әдістерді қолдану қазіргі уақыт талабына айналып отыр.

Жаңа технологиялық әдістер, ол сол кезеңде өмірге енген техникалық құралдар мен жабдықтарды, түрлі көрнекіліктерді пайдалануға негізделген тәсілдер жиынтығы.

Қазіргі уақытта оқушылар білімінің бірыңғай стандарттарға сәйкес болуы талабына жету, оқытудың педагогикалық тың әдістерінсіз жүзеге асуы екіталай.

Бұл ретте шетелдік және ресейлік айтулы педагогтардың еңбектері мен тәжірибеле-рін өзіміздің ұлттық ұстанымдарымызға сай келетіндей түрде саралап пайдаланғанымыз жөн.

Сонымен соңғы кездегі технологиялық әдістерге: электрондық оқулықтарды пайдал-ану, қашықтан басқарылатын дистанциялық оқыту жүйесін енгізу, оқушылардың білім-дерінің сапасын бірыңғай ұлттық тест тапсырмалары бойынша тексеру, оқытудың соңғы үлгідегі аудио-видео техникалары мен құралдарын қолдану т.с.с. жатады.

Тестік дидактикалық материалдарды пайдалану арқылы мұғалім мынадай нәтижелерге жетуді межелейді:

  1. Оқушылардың өтілген тақырыпты қалай меңгергендігін анықтау;
  2. Олардың тақырыптың қай бөліктеріне қиналатындықтарын білу;
  3. Оқушыларды оқып үйренуге, оларды өздігінше ойланып, іздену қабілетін оятуға талпындыру;
  4. Оқушылардың іскерлігін арттырып, дүниені тануға ұкыптылығын дамыту;
  5. Тесті құрастыру ауыр болғанмен, оқушы білімін тексерудің тездігі арқасында мұғалім еңбегін жеңілдету.


Міне осы мақсаттарды және тест жоспарын негізге ала отырып тестің тақырыбына орай сұрақтарды құрастырады, олардың нақты санын анықтайды. Мұнда тестке ұсынылған сұрақ, тұжырымның мағынасы екіұшты болмай сыналушылардың әрқайсысына түсінікті болуы керек.

Тест қорытындысын 10,11 – сыныптар бойынша жеке – жеке арнайы дәптерге тіркеп отырған дұрыс. Сол бойынша қай оқушының қай тақырыпты қалай үлгіруін есепке алып, оларға көмектесудің не оны жетілдірудің жолдары қарастырылады.

Ақпараттану ғылымы өмірден оза дамып бара жатқан осы уақытта сабақ процесін жүргізуде, оның ең негізгі кезеңі – оқушының білім деңгейін анықтауда жаңа технологиялық құрал – компьютерді пайдаланудың орны ерекше.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. http://u-s.kz/publ/1835-alashy-skeri-dayyndy-pnnde-zhaa-tehnologiyaly-dsterd-oldanu-zholdary.html
  2. Интернет көздері
  3. Алғашқы әскери дайындық пәні әдістемелік нұсқаулығы