Әлеуметтік педагог және ата-ана [Социальная педагогика]

Автор статьи : Жұмаш И.
Организация : Павлодар облысы Баянауыл ауданы №1Майқайың жалпы орта білім беру мектебі
Должность : Әлеуметтік педагог
Дата : 09.04.2018
Издатель : Алия Х., Автор
Редакционная коллегия: онлайн нұсқада ғана жариялауға рұқсат етілген

Әлеуметтік педагогтың ата-аналармен жұмысына тоқталар болсақ, отбасы – жасөспірімдерді әлеуметтендірудегі өте маңызды институт. Бұл- баланың дамуы мен жеке өмір сүру ортасы. Ол мынадай өлшемдермен анықталады: әлеуметтік –мәдени, әлеуметтік –экономикалық. Осыған орай әлеуметтік педагогтың ата-аналармен жүргізілетін жұмысы аса маңызды болып саналады. Ол отбасындағы жағдайлар туралы толық мәлімет ала отырып, бала тәрбиесіне байланысты ата-аналармен ынтымақтаса, оларға кәсіби педагогикалық көмек көрсетеді. Педагог пен ата-ананың үнемі ынтымақтаса отырып, әр кезеңде атқаратын міндетінің бірі қалыптастыру болып табылады. Әлеуметтік педагог отбасы тәрбиесінің үлгісі, ондағы тәжірибесіне сүйенеді; оны жан-жақты зерттеп, жинақтап таратады; оңды ой-пікірлерді күшейтеді, Сондықтан: 1)тәрбиешілер мен ата-аналардың өзара сенімділік қарым-қатынастары оңды бағытталған, бірігіп ықпал етудің шешуші және алғашқы шарты болып табылады. Ата-аналардың тәрбиеге көзқарасын жандандырып, табысқа жетуге қажеттілік және өз күшіне сенімділік тудыру үшін дұрыс байланыс орнатудың маңызы зор. 2) Әлеуметтік педагогтың неғұрлым маңызды міндетінің бірі ата-аналарды педагогикалық білім дағдыға, оның теориялық және практикалық ықылымдарын меңгеруіне, әсіресе тәрбиені ұйымдастыру шеберлігіне жетілдіру болып табылады. Жұмыла педагогикалық әрекет етудің мұндай нәтижесі ата-аналардың өз баласына ғана емес, сонымен қатар біртұтас сынып оқушыларын тәрбиелеу белсенділігіне әкеледі. Әлеуметтік педагог пен ата-ана әріптестер ретінде бірін-бірі толықтырады. Әлеуметтік педагогтың отбасымен бірлесе әрекет етуін ұйымдастыруы мына мүмкіндіктерді тудырады: Өз балалары мен сынып оқушыларын тәрбиелеуде этнопедагогикалықü потенциалын анықтау мақсатында отбасы мен туысқандарын зерттеу; Өз балалары мен сынып оқушыларын тәрбиелеуге қажетті ата-аналардың адамгершілік, әлеуеттік мүмкіндіктері принципіне қарай отбасыларын топтарға бөлу; Халықтық педагогика дәстүрлері негізінде әлеуметтік педагог пен ата-аналардың бірлесе әрекет ету бағдарламасын жасау;üӨзара тәрбие қызметіндегі ағымдағы және ақырғы нәтижелерді зерттеу;ü Отбасыларды 5 топқа бөлуге болады: 1. Жоғары адамгершілік этномәдени қарым-қатынастағы отбасылар. Салауатты өмір салты, моральдық, атмосфера қалыптасқан, балалар өз қабілеттерін дамытуға толық мүмкіндік алатын отбасылар 2. Ата-аналардың қалыптасқан ережеге сәйкес қарым-қатынаста болуымен сипатталатын отбасылар. Бірақ олар тәрбиенің оңды бағытын қамтамасыз ете алмағандықтан педагогтың көңіл аударуына мәжбүр. 3. Дау жанжалмен өз қарым-қатынастарын реттей алмайтын, балаларына көңіл аудармайтын отбасылар. Мұндай отбасының дау-жанжалы көп уақытқа созылып, баланың азғындығына, мінез ауытқушылығына апарып, отбасын тастап шығуға мәжбүр етеді. Оқу үлгерімі нашар болып, сабақтан қашады. 4. Сырттай сау көрінетін отбасы. Бірақ іштей рухани азғындық жайлаған шынайы адамгершілік құндылықтары жоқ, ұрпақтың сезімталдық қасиеті бұзылған. Бұл отбасыларынан шыққан кейбір жасөспірімдер өз отбасының сыртқы « бейнесін» жақсы көрсете білетіндіктен, мұндай балалармен тәрбие жұмысын жүргізу аса қиындыққа түседі. 5. Қалыптаспаған (жағдайы нашар) отбасылар, дау-жанжалды, бейморальді мінез-құлықта, сотқарлық, қатыгездік орын алған. Баланы қорғау үшін әлеуметтік педагогтың мұндай отбасына үнемі көңіл аударып отыруы, қоғамдық ықпал көрсетуді немесе белсенді араласуы қажет. Қоғамымыздың ілгері дамуының өзі ғылым мен білімге тікелей байланысты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай «Болашақта еңбек етіп өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, оларды Ата - ана баланы қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан жүктелген міндет өте ауыр», - деген болатын. «Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті»,- дейді Мағжан Жұмабаев. Сонда сол халықтың қаны мен жанын, рухын бойына сіңіреді. Еліміз егемендігін алып, тәуелсіздік туы биікке көтерілген қазіргі кезеңде бүгінгі ұрпақтың қоғамымыздағы жаңару процесін жүзеге асырудағы жүргізген жұмысы ұшан теңіз. Отанымыздың, қоғамымыздың келешектегі шын жанашыры да, арқа сүйері де осынау жас ұрпақ арасынан шықпақ. Демек, оларды лайықты ізбасар етіп дайындау, тәрбиелеп шығару үшін білім ордаларындағы білім, тәрбие жұмыстарын күшейтіп, ұлттық ұлағаттыққа баулып өсіру міндетті. Отбасы - ол да бір шағын мемлекет. Әр мемлекеттің өзіне тән өндірісі, өнім бөлісі, сыртқы және ішкі саясаты, басқару тәртібі, міндет - қызмет бөлінісі, кіріс - шығыс бюджеті, қасиеттеп, қастерлеп ұстанатын рәміздері т. б. болмыс - тіршілік жақтары болады. Адамдардың жақсы өмір сүруі отбасы құрамындағыларға байланысты. Сондықтан отбасы құрылымына зор маңыз беріліп, мәнін қорғаған, отбасының ар - намысын сақтауға, сырын шашпауға, мүшелерінің бір - біріне адал, қамқор болуына тәрбиелеген. Бала тәрбиесіндегі алғашқы ұстаз — ата - ана. Біздің мектепте ата-аналармен жұмыс жасау үшін төмендегідей жұмыстар жоспарланады: 1.    Оқу жылының басында ата- аналар комитетінің жоспары құрылады: бұл жоспарда жыл бойы өткізілетін 4 отырыс толық жоспарланып жазылады. ( Ата-аналарды оқу бағдарламасымен таныстыру; мектепте өткізілетін мерекелік іс-шаралар мен акциялар; әлеуметтік жағдайы төмен отбаслармен жұмыс; сынып сағаттарына ата-аналар комитетін тарту; рейдтер ұйымдастыру; мектептегі ашық есік күні т.б.) 2.    Мектептің ата-аналармен жұмысының жоспары құрылады: ( отбасы тәрбиесіне арналған ата-аналар жиналыстары; ата-аналар конференциясы; қамқоршысыз қалған балалар мен олардың қамқоршыларына арналған «Жүректен-жүреккке»атты кездесу кеші;түрлі отбасылық сайыстар мен тәрбие сағаттары, т.б.) 3.    Ата-аналармен әлеуметтік серіктестік жоспары құрылады: (ата-аналар , оның ішінде «Зерде» әжелер, «Қамқор әке» әкелер және аналар клубының іс-шаралары жоспарланады.) 4.    Оқу жылына арналған ата- аналармен өткізілетін жалпы мектептік ата-аналар конференциясы мен сыныптық ата-аналар жиналысының тақырыптары белгіленеді.(Мысалы: «Отбасы-тәрбие бастауы», «Құқықтық сауаттылық- балалар өмірінің қауіпсіздігі, қоршаған ортаның тиімді және тиімсіз әсерлері», «Үштік одақ – ата-ана, мұғалім, отбасы» т.б. 5.    Құқықтық тәрбие бойынша кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында түрлі кездесулер: оның ішінде оқушылармен қатар ата-аналардың да ішкі істер бөлімінің өкілдерімен кездесуін ұйымдастыру, кешкілік уақытта, мерекелер мен каникул кездеріндегі бірлескен рейдтер, оқушылар комитеті және ата-аналар комитеті бірлескен құқық бұзушылықтың алдын-алу отырыстары өткізіледі. Ата-аналармен бірлескен осындай жұмыстардың арқасында мектепте оқитын 700-ден аса оқушының ішінде құқық бұзушылар есебінде тұрған оқушылар жоқ.