Әлеуметтік жұмыста инновациялық технологияларды қолданудың маңыздылы туралы [Социология]
Әлеуметтік жұмыстарды ұйымдастыруда және жүзеге асыруда инновациялық технологияларды қолдану оқу процесін сапалы түрлендіруге, жаңашыл жобаларды енгізуге, оны тиімді басқаруға негіз болып, әрбір білім мекемесінде өзіндік даму жолын табуға, әрбір мұғалімге өзінің әдістемелік жүйесін құруға септігін тигізеді. Сондықтан қазіргі кезеңде оқытудың инновациялық технологияларын әлеуметтік жұмыстарды ұйымдастыруда қолдану – қоғам талабы.
Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Инновацияларды классификациялау нәтижесінде біз әлеуметтік инновацияларды көбірек қолданамыз. Әлеуметтікжұмыстарды ұйымдастыруда инновациялық технологияларды қолдану – бұл оқыту мен тәрбие беру, сабақ беру мен оқу, оқу-тәрбиелік процесті ұйымдастыру әдістемесі саласындағы инновация. Жаңа нәтижеге бағытталған білім – инновациялық білім. Құзыреттілік білім беру жағдайында қоғамның мәдени, әлеуметтік, экономикалық сұранысты қанағаттандыратын, әлемдік бәсекеге төтеп бере алатын, теориялық білімін кез келген жағдайда өз іс-тәжірибесінде пайдалана алатын білім.
Инновациялық білім беру – іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, оқытушының кәсіптік шеберлігін арттыруға басқа жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған. Мұндай технологияларды қолдану – біріншіден, оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, екіншіден, оқушы ұтады, себебі оның тақырып бойынша танымы кеңейеді. Осылайша білім берудің қалыптасқан әдістемесіне оқытудың жаңа технологиясы тұрғысынан өзгерістер енгізілсе, білім сапасы да арта түспек. К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды болары сөзсіз деген пікірмен толықтай келісуге болады.
Мұғалімнің айтқанын өзіне қайталаудан гөрі, студенттерді іздендіре отырып, ой-пікірін тайсалмай айтуға ұмтылдыру баланың ойлау қабілетін дамытады. Яғни жаңа технология қарыштап дамып жатқан қоғамда инновациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі мол. Оқу-тәрбие үрдісінде қолданып, айтарлықтай нәтиже беріп жүрген жаңа педагогикалық технологиялар: білім берудің ізгілендіру технологиясы,тірек белгілері арқылы оқыту технологиясы, сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы, кәсіби бағдар беру технологиясы, сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы, интерактивті оқыту технологиясы, модульдік оқыту технологиясы т.б.