Ағылшын тілі сабағында мәтінмен жұмыс істеудің әдіс-тәсілдері [Английский язык]

Автор статьи : Рысжан А.
Организация : Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Astana Polytechnic" жоғары колледжі
Должность : ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Дата : 02.04.2021
Издатель : Рысжан А., Автор
Номер журнала : 02-12-2021

Бүгінде ақпараттық технологиялардың дамуымен оқу материалын ұсыну әдістері түбегейлі өзгерді. Кітап пен баспа мәтіні оқытудың негізгі құралдары болып табылады, алайда заманауи түрде сабақ беруде жаңа тәсілдерді қолдануды талап етеді. Бұл мақалада мәтінмен жұмыс істеудің тиімді әдістері көрсетілген: сабақты қызықты әрі танымдық зерттеуге айналдыру арқылы, сабаққа берілген аз уақыт барысында оқудың жоғары нәтижелілігіне қол жеткізу.

Көптеген мұғалімдер білім алушылардың мәтінмен жұмыс істей алмайтындығына тап болып жатады.

Болуы ықтимал себептер:

Қазіргі жастар ақпараттық ортаның ауқымының кеңдігі салдарынан оқу құралдары және қосымша әдебиеттерді аз пайдаланады.

Оқу құралдарында ауқымды материалдар қамтылған.

Білім беру процесі өз бетінше білім алуға бағытталған.

Мәтінмен жұмыс кез-келген сабақтағы тапсырмалардың бірегейі болып табылады. Білім алушылардан кітаптің қажетті бетін ашып материалдармен танысып, қойылған сұрақтарға жауап беруді талап ету жеткіліксіз. Бұл өз кезегінде қажетті нәтиженің болмауына және сабақта уақытты зая кетіруге әкеліп соғады.

Сабақтың студенттер үшін нәтижелі ғана емес қызықты әрі ынталандырушы болуы үшін оны әртүрлі жолмен жоспарлауға болады. Оқу нәтижелі болу үшін студенттер әр түрлі ақыл - ой операцияларын жүргізе отырып, белсенді ұстанымға ие болуы керек. Мәтінмен жұмыс жасау кезінде әртүрлі мақсаттарға арналған оқу түрлерін ескеру маңызды.

Оқу түрлері:

Көз жүгірте оқу түрі - бұл мәтіннің мазмұны мен мағынасы туралы жалпылама түсінік беретін оқу түрі. Бұл оқу түрінің қорытынды нәтижесі мәтін оқуға тұрарлық па әлде жоқпа деген шешім.

Танымдық оқу түрі - көз жүгірте оқу түрімен салыстырғанда толығырақ. Бұл оқу түрінің мақсаты мәтіннің қосымша ақпаратсыз тек негізгі мағынасын ашумен сипатталады. Нәтижесінде, білім алушылар мәтінде жеткілікті ақпарат бар-жоғын немесе оны қайта оқу қажет екенін және талдау жұмыстарын жүргізу керектігін анықтайды.

Толыққанды (мәтінді толықтай түсініп оқуға үйрету) оқу түрі – мәтінді егжей-тегжейлі оқып түсіну түрі. Бұл оқу түрінің мақсаты мәтінмен тек мұқият танысып қоймай, оның негізгі мағынасын ашу мен зерделеу болып табылады. Аталған оқу түрінің қорытынды нәтижесі мәтіннің барлық деңгейлерін түсінуге, сондай-ақ, мәтінде көрсетілген әртүрлі ақпаратты қабылдауға бағытталған (нақты, тұжырымдамалық және мәтіннен үзінділер).

Жоғарыда баяндалған оқу түрлерінің негізгі мақсаттарына оқудың әрбір түрі үшін жекелей қарастырылған сантүрлі әдістер арқылы қол жеткізіледі.

Көз жүгіртіп оқу түрі үшін пайдаланылатын мәтінмен жұмыс істеу тәсілдері:

Тақырыпшаны талдау және сонымен қатар мәтіннің тақырыбын болжау.

Егер тақырыпшалар мәтінде кездесетін жағдайда оларға талдау жасау. Қосымша тапсырма ретінде мәтіндегі суреттер мен әртүрлі бөлігін белгілеуге болады.

Мәтіннің құрылымымен танысу;

Оқылатын мәтіннің бірінші және соңғы абзацын қарап шығу.

Мәтіннің бөлімдерімен танысу.

Мәтіндерге аннотацияларды қолдану.

Танымдық оқу түрі үшін пайдаланылатын мәтінмен жұмыс істеу тәсілдері:

Білім алушылар мәтінді абзац бойынша оқиды. Әрбір абзацтың бірінші және соңғы сөйлемдеріндегі зат есімдерге назар аудару маңызды.

Маңызды ақпаратты белгілеу. Мәтінді оқу барысында маңыздысын анықтауға болады.

Оқушылардың өздері қабылдаған графикалық белгілерді орналастыру: (?) - маған түсініксіз немесе (!) - бұл қызықты.

Толыққанды (мәтінді толықтай түсініп оқуға үйрету) оқу түрі үшін пайдаланылатын мәтінмен жұмыс істеу тәсілдері:

  • оқылатын мәтіннің мағыналық бөліктерін белгілеу;
  • оқылған бөлігіне сүйене отырып, мәтіннің келесі бөліктерінің мазмұны мен мағынасын болжау;
  • оқу барысында мәтіннің өзекті сөздерін белгілеу;
  • мәтіннің мағыналық бөліктерін олардың баламаларымен алмастыру;
  • мәтіндегі сондай-ақ, мәтіннен үзінділердегі негізгі ақпаратты анықтау;
  • мәтіннің белгілі бір функционалды стильге жататындығын анықтау;
  • мәтінді оқу барысындағы және оны оқып болғаннан кейін де проблемалық сипаттағы сұрақтарды құрастыру;
  • оқушылардың пікірін құрастыру;
  • мәтіннің құрылымын, сондай-ақ, оның жеке бөліктерімен өзара байланысын анықтауға көмектесетін жоспар немесе графикалық диаграмма құру, оқушылар мұндай тапсырманы жақсы көреді;
  • оқу негізінде жаңа мәтіндер құру арқылы мәтінді қайта өңдеу;
  • түсініктеме жазу бұл толыққанды оқу түрі үшін мәтінмен жұмыс жасаудың қорытынды сатысы болып табылады.

Ағылшын тілі сабағында мәтін оқудың спецификалық дағдыларын үйретуге бағытталған тәсілдер

Шет тіліндегі кез-келген мәтін бойынша жұмыс үш кезеңнен тұрады:

  • мәтіналды;
  • негізгі мәтін;
  • мәтіннен кейінгі.

Мәтіналды жұмыс кезеңі – сұрақтар қою арқылы мәтінді алдын - ала болжау, негізгі мәтінде кездесетін жаңа сөздермен таныстыру, мағынасын түсіндіру.

Негізгі мәтін кезеңі – мәтіндегі өзекті ақпаратты анықтау мен талдау. Өмірмен байланыстыру немесе өздерінің кәсіби мамандықтарымен байланыстыру.

Мәтіннен кейінгі жұмыс кезеңі – негізгі тақырыптан бөлек, мәтіннің үзінділеріндегі ақпаратты анықтау, талдау. Мәтін ішіндегі бөлінген әрбір абзацтарға тақырып қою, кілт сөздермен салыстыру, мәтіндегі жаңа сөздерді пайдаланып өз көзқарастарын, ойын ауызша білдіру.

Мәтінмен жұмыс нәтижелі болуы үшін:

  • мұқият түрде сабақтың алгоритмін құру, оның барысын толықтай ойластыру.
  • білім алушылардың алдына нақты міндеттер қою.
  • білім алушылардың дайындық деңгейіне және олардың оқу құлшынысына назар аудару қажет.

Мәтінмен жұмыс істеудің аталған әдістері негізгі әдістер болып табылады бірақ қосымша басқада әдістер бар. Оларды қолдану көбінесе мұғалімнің тәжірбиесіне және оның жұмысқа деген ынта - жігері мен сабақта берілген тапсырмаларды тиімді шешу жолдарына деген ізденісіне байланысты. Белгілі бір әдістерді таңдау, білім алушылардың дайындық деңгейіне және олардың оқуға деген құлшынысына да байланысты.

«Білім кітапта. Тек кітап қана алға жылжуды, адамдық шыңына шығуды үйретеді. Қазіргі таңда балалардың көбісі компьютерде отырады. Сондықтан, болашақта кітап оқығандар компьютерде отырғандарды басқарады».

Нұрсұлтан Әбішұлының сөзімен келешек жастарды кітап оқуға, терең білім алып, ұшқыр ойларының шыңына жетуге шақырамын.