Ағылшын тілі сабағында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану тиімділігі [Английский язык]

Автор статьи : Динара А.
Организация : Технолого-экономикалық колледжі
Должность : Ағылшын тілі оқытушысы
Дата : 24.05.2018
Номер журнала : 01-09-2018

Аңдатпа: Қоғамның бүгінгі басты бағыттарының бірі – білім беру үрдісін ақпараттандыру. Білім беру үрдісін ақпараттандыру – қоғамды ақпараттандырудың негізгі шарты. Өйткені, жаңа ақпараттандырылған қоғам жағдайында өмір сүріп жұмыс жасай алатын болашақ ұрпақтың даярлығы жүзеге асады. Ақпараттарға сүйенер болсақ, кез келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, дүниежүзілік қауымдастықтағы рөлі мен салмағы сол елдің техникалық даму деңгейімен анықталады.

Дәйекті сөздер: Ақпараттық- коммуникациялық технология, білім беру, тілдік компетенция

Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологиялармен қамтамасыздандыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі мектептегі білім беру жүйесіне енуде. Елбасымыз Н.Нaзapбaeв “...Адaмзaт үшін ХХІ ғaсыp жaңa тeхнологиялapдың ғaсыpы болмaқ, aл осы жaңa тeхнологиялapды жүзeгe aсыpып, өміpгe eнгізу, игepу жәнe жeтілдіpу - бүгінгі мeктeп мұғaлімдepінің сіздepдің eншілepіңіз”, – деп сенім артуда. Сол сенімнің кілті білікті де, білімді ұстаздар қауымының қолында екенін бір сәтте естен шығармауымыз керек. Ақпараттық – коммуникациялық технологиялар саласындағы алдыңғы қатарлы жетістіктерді пайдаланып, білімнің жаңа деңгейі мен сапасына қол жеткізуге ұмтылу алға қойған мақсаттардың бірі. ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Тәуелсіз Қазақстан да сол ғасырға нық қадам басты. Ел өңірінің барлық саласы компьютерлендіріле бастады. Ендігі кезекте еліміздің ертеңі болар бүгінгі жас ұрпақ компьютердің қыр-сырын терең меңгеруі тиіс. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту білім берудің бір бөлігі. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану айтарлықтай нәтиже беруде. Білім беру жүйесі электрондық байланыс, ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, телеконференция, On-line сабақтар арқылы іске асырылуда. Мұғалім компьютер желісі арқылы әрбір оқушымен тығыз байланыста болғандықтан, оқытуға тиянақты түрде көңіл бөлініп, әрбір баланың жеке деңгейін анықтап, оларға жеке шаралар қолдануға мүмкіндік береді. Жалпы орта білім беру жүйесін ақпараттандыру дегеніміз компьютерлерді қолдану арқылы осы жүйеде ақпараттық жабдықтамаларды барынша тиімді пайдалану.

Мұндағы басты жаңалық компьютер тек оқушы қолындағы құрал ғана емес оған қоса төмендегідей маңызды педагогикалық мәселелерді шеше алады: –оқушының қабілетіне қарай үйрету ісін ұйымдастыру; –сабақтағы жұмыс тәсілдерінің тиімді түрін таңдау; –сабақ жүргізудің ыңғайлы жүйесін жасау.

Қазіргі таңда жаңа ақпараттық технологияларды оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру құралы ретінде қолдану өте тиімді. Жаңа ақпараттық технологияларды енгізу және қолдану, интеллектуалды дамыған, ақпараттық ортада жақсы әрекеттене білетін тұлғаны қалыптастыру жолында пайдалы болуы мүмкін коммуникация құралдарының барлығын пайдаланудың белсенді процесі жүріп жатыр. Бұл ретте оқушының шығармашылық қабілетін аша білу үшін жағдай жасау, оның қабілетін дамыту, өзін-өзі жетілдіру және жауапкершілікке тәрбиелеу сөз болады. Білім және біліктілік адам үшін маңызды құндылықтарға айналады. Тіл үйрену барысында жаңа технологияларды қолдана отырып, педагогикалық қалыптасқан жазу, тыңдау, түсіну, сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға әбден болады. Ал енді психологиалық жағына келетін болсақ, қазіргі уақыт ағымындағы оқушылардың әрқайсысының үйлерінде әдетте көптеген ойындары бар компьютерлер, ноутбуктар, видеолар мен телевизор бар болғандықтан, олар қоршаған ортаны осындай тәсілмен қабылдауға үйренген. Жаңа технологиялардың мүмкіндіктері оқушыларға оқу бағдарламаларын оқып тіл үйренуде де сәтті қолданылатынын түсіндіруге мүмкіндік беріп, шығармашылық белсенділікті дамытуға, пәнге деген қызығушылықты арттыруға, тыңдау мен сөйлеу дағдыларын үйренуге ең жақсы жағдайларды жасауға әсер етіп, нәтижесінде сапалы білім алуын қамтамасыз етеді. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ағылшын тілі сабақтарында қолданудың негізгі мақсаттары: тілді үйренуге деген мотивацияларының артуы, тілдік құзіреттіліктің дамыту, ағылшын тіліндегі мәтіндерді түсіне білу, сондай-ақ ақпарат бере білу, тілін үйреніп жатқан елдің әлеуметтік мәдени құрылымы туралы білімнің  толығуы, ағылшын тілін өз бетімен үйренуге даярлық пен қабілеттілікті дамыту. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар таным процесін қызықты және шығармашыл етеді, әрбір оқушы үшін жеке дара жұмыс қабілетін ескеруге мүмкіндік береді. Жаңа технологияларды тәжірибеде қолдану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың жаңа түрін ашады, нәтижесінде жаңа білім ашылады, оқушылардың танымдық белсенділігі дамиды, білімді өз беттерінше толықтырады, ақпараттар ағымында іздеу және бағдарлауға үйренеді. Жаңа технологияларды ағылшын тілі сабақтарында қолдану тәжірибесін талдай отырып, мынандай қорытынды жасауға болады: оқыту сапасы артады, тұлғаның үйлесімді дамуын қамтамасыз етеді, ақпараттық кеңістікте адаспайтын, ақпарат мәдениетін жетік білетін тұлға болып қалыптасуына көмектеседі, тіл тосқауылының кедергілері азаяды. Колледждегі компьютерлік сынып интернет жүйесіне қосылғандықтан  сабақтарымда АКТ кеңінен қолданамын. Сонымен қатар оқушы да интернеттен материал ғана іздеп қоймайды, әлемдік байланыс торабына кіруді де үйренеді, электрондық оқулықтармен жұмыс жасайды. Көптеген сыныптар интербелсенду тақталармен қамтылғандықтан, әр сабақ АКТ қолданумен, яғни білім алушылар үшін қызықты болып қана қоймай, сонымен қатар тәжірибе жасауға да тиімді. Электрондық оқулықтар мен компьютерлік оқу әдістемелік құралдарды өз дәрежесінде қолдана білу  оқушылардың үйренген білімдерін өз беттерінше қолдана білуге, дүниені аз уақытта танып білуге мүмкіндік береді. АКТ-ны ағылшын тілі сабағында қолдана отырып, оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыруға, логикалық ойлау қабілеттерін дамытып интернет желісінен сабаққа қажетті деректерді өз бетімен ізденуіне, техникалық құралдармен жұмыстануға, компьютерлік сауаттылықтарын қалыптастыруға болатыны анық. Сабақтың қызықты да тартымды болуына сабақтың мақсатына жету үшін жоғары дәрежеде пайдалана білген ақпараттық-техникалық құралдардың мүмкіндіктері де оң әсер етеді. Ақпараттық –техникалық құралды қолданып өткізген әр сабақ оқушылар ынтасы мен қызығушылығын арттыруда орны бөлек. Жаңа тақырыпқа қатысты материалдарды аудио-визуалды қабылдау мен көрсетілім білім алушылардың алған ақпаратты сақтауының 20-30% -на ғана әсер етсе де, оқушылар өздеріне берілген тапсырмаларды талқылау, тәжірибе барысында бір-біріне үйрету, және үйрену барысында жақсы нәтижеге жете алды. Білім алушылардың дүниетанымын, ой-өрісін кеңейту, өмірге деген көзқарасын жан-жақты дамытып, шығармашылық қабілетіне жол ашуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану– заман талабы. Cабақтарымызда білім алушылардың қызығушылығын ояту, ынтасын арттыруда бұл құралдарды пайдаланып жүрміз. Өз сабақтарымда электрондық оқулықпен жұмыс, бейнефильмдер көрсету, грамматикалық жаттығулар орындату, әр- түрлі деңгейіндегі тапсырмаларды орындату кезінде, мәтіннің дұрыс оқылуы арқылы оқушылардың естерінде ұзақ сақтау дағдыларын жетілдірумен қатар, үйге тапсырма берген уақытта көбіне нақты интернет сайттарына сілтеме беріп отырамын. Оқушыларға Интернет желісін қолданып, ашылған тізім ішінен Википедия сайтын таңдап ол туралы тағы да қысқаша мәлімет беремін. Бұл жердегі менің мақсатым оқушыларға интернет желісін өзімізді қызықтыратын қосымша ақпарат іздеуде дұрыс пайдалану. Әрине қазіргі оқушылар кітапханаға барғаннан гөрі интернетпен жұмыстануға көбірек қызығушылық танытады, заман талабына сай жеткілікті дәрежеде сандық сауаты бар, өмір жағдайларының барлық аспектілерінде жаңа технологиялардың бар мүмкіндіктерін пайдаланып, оны өмірлік қажеттіліктеріне қарай пайдаланатын ұрпақ тәрбиелеуде АКТ таптырмайтын тәсіл болып қала бермек. Интернетпен жұмыс жасағанда білім алушылар белсенді болады, яғни білім алушы не айтады деп күтіп отырмай, өздері ізденеді, зерттейді, таңдайды, шешеді, жасайды, жұмыстанады. Білім алушы өзіне қажетті ақпаратты таңдап алып, өз бетінше ойланып, шешім қабылдауға дағдыланады. Өз бетінше ізденіп, дұрыс ақпаратты алып, оны өңдеуге үйренеді, компьютерлік сауаттылығы қалыптасады. Қазіргі ақпараттық заманда білім алушыларды таңғалдыру мүмкін емес. Сондықтан, осы кезеңге дейін АКТ-ны қолдану дегенде слайд, презентацияларды қолдану керекпіз деген ұғым қалыптасқан болса, қазір АКТ-ның көптеген мүмкіндіктерін сабақтарда жүзеге асыра отырып, олардың пәнге қызығушылықтарын және нақты білімдерін көрсетпесе де, оған жетуде мол мүмкіндік беретіндігіне мұғалім ретінде көзім жетті. Бұрын оқушылардың ұялы телефондарын сабақта тыныштықты бұзады деп қолдануға тыйым салған болсам, ендігі көзқарасым өзгерді. Оны ақпаратты іздеу құралы ретінде сабақта пайдаланып, оқушы пікірімен бөлісу арқылы бірлесіп жұмыс жасауға болатынына көзім жетті. Әр сабағымда ұялы телефондарын, ноутбукті пайдаланып, берілген тапсырманы орындауға кіріседі. Олар телефонды тек байланыс құралы емес, сабаққа да пайдалануға болатынына көздері жетті. Себебі, кітапта жоқ ақпараттарды, электрондық құралдардың көмегі арқылы компьютерде өңдеу, интернет желісінен бейне (видео) арқылы көрсету, оны көшіру мұғалімнің жұмысын да, оқушының қабылдауын да жеңілдетеді деп ойлаймын. Мен өз сабақтарымда АКТ-ның мүмкіндіктерін тиімді қолданып, оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыруға тырыстым. Сабақта қолданылатын ақпараттық технологияның бірі– интерактивті тақта. Интерактивті тақтаның сабақ үдерісінде оң нәтижеге жету үшін тигізетін әсері ерекшеКомпьютерлік және ақпараттық технологиялар заман талабы. Бұл жұмыстың басты мақсаты компьютер желісін және мультимедиялық - электрондық құралдарды шет тілі сабағында тиімді қолдану, нақтылап айтқанда ағылшын тілі сабағында презентацияларды және мультимедиялық - электрондық құралдарды мектеп қабырғасында және білім беру процесінде терең қолдану.

Ағылшын тілі сабағында компьютерді, мультимедиялық және электрондық оқулықтарды және интерактивті тақтаны пайдаланғанда:

  1. лексиканы оқып үйретеді;
  2. сөйлеу ырғағын;
  3. диалог, монолог және рөлдік ойындарды;
  4. хат жазуға үйретеді;
  5. грамматикалық құрылымдарды түсіндіріп, оқушылардың есінде сақтауға көмектеседі.


Қазіргі кезде ағылшын тілімен компьютер, телекоммуникациялық құралдарды меңгеруді уақыттың өзі талап етеді, тіпті кейінгі жылдары олардың рөлі зорая түсуде. Жаңа ақпараттық құралдарды ағылшын тілі сабағында қолданғанда күтілетін    нәтижелер:

  1. үлгерімі төмен оқушыларға көмектеседі;
  2. оқушыларың сабаққа деген қызығушылығын арттырады;
  3. сабақта пайдаланылатын көрнекіліктердің санын арттырады;
  4. оқушылардың шығармашылығын арттырады;
  5. оқушыларды жеке жұмыс істеуге үйретеді;
  6. грамматикалық құрылымдарды оңай түсінуге көмектеседі;
  7. оқушылардың есте сақтау, есту, көру, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамытады;
  8. пікірталас, талдау, анализ жасау мүмкіндіктерін арттырады;


АКТ-ны ағылшын тілі сабақтарында қолдана отырып, оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыруға, логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, интернет желісінен сабаққа қажетті деректерді өз бетімен ізденуіне, техникалық құралдармен жұмыстануға, компьютерлік сауаттылықтарын қалыптастыруға болады. Жас ұрпақты оқытуда осы айтылған инновациялық технологияны пайдалану – сапалы білімнің кепілі, шығармашылық жетістіктің негізгі көзі және мұғалімнің кәсіби өсуінің тура жолы. Қорыта келе айтарым, бұл - ақпараттық -коммуникациялық технология Мұғалім үшін педагогикалық технологияны игеруі; сабақ уақытын тиімді қолдану, білімнің тереңдігі, жиелік қауымдастыққа, әлемдік ақпараттық кеңістікке шығу. Ал, оқушы нәтижесінде пәнге деген қызығушылықтары артады, оқушының өз бетінше ізденіп шығармашылық белсенділіктері дамыды, білім, білік, дағды деңгейі қалыптасады, сабақта уақыт үнемделді, оқушылар интерактивті тақтамен жұмыс жасауды үйренеді, АББҚ оқушыларды шапшаңдыққа, тез ойлана білуге үйретеді, ағылшын тілін үйренуде тіл тосқауылының кедергілері азайды, АКТ-сын қолданғанда оқушыларға ұсынысым: сабақта АКТ құралдарының қатарын түрлендіріп отыру, бастысы АКТ құралдарын оқушылардың өздеріне пайдалануға мүмкіндік   беру, интернет жүйесін тек білім алу мақсатында қолдануға жетелеу керек. Қорыта айтқанда, білім алушыларды шығармашылыққа, өз бетімен іс-әрекет етуге бағытталған тапсырмалар саны көбейгенде ғана, өз пікірін айта алатын, оны дәлелдей білетін, өмірге деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, үнемі ізденіс үстінде болатын, қоғам дамуына үлес қоса алатын, ізденімпаз, өзіндік шығармашылық жұмыспен айналыса алатын жан-жақты жетілген жас ұрпақ өкілдерін дайындай аламыз. Әлемнің озық елдері арасында Қазақстанның білімді жастарының орны ерекше болып шарықтай берсін. 

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Білім беру жүйесін 2010-2015 жылдарға дейін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасы.
  2. Г. Исаева, Шет тілі сабағында инновациялық технологияларды қолданудың кейбір ерекшеліктері. «Жаңа тұрпатты мұғалім дайындаудың өзекті мәселелері» атты республикалық ғылыми конференцияның материалдары. Мектептегі шет тілі, 2011ж. №3 60б.
  3. «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауы.
  4. А.Иманбаева, Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру ділгірлігі. Қазақстан мектебі, №2, 2000ж. 45б.
  5. М. Мақсұтқанова, Интерактивті тақта. Оқыту-тәрбиелеу технологиясы, 2010ж. 32б.
  6. Г.Ә.Мусаева, Ақпараттық технологияны оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру құралы ретінде қолдану. Мектептегі технология, 2010ж. №5 32б.
  7. Г.Т.Жаримбетова, Интерактивті тақтада жұмыс жасау мүмкіндіктері. Мектептегі технология, 2008ж. №9 34б.
  8. Мұғалімге арналған нұсқаулық.III (негізгі) деңгей.
  9. Н.Ә.Назарбаев. «Болашақтың іргесін бірге қалайық» Қазақстан халқына Жолдауы. //Егемен Қазақстан, 29.01.2011 ж
  10. Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» Заңы. Астана, Ақорда, 2007