Әдіс-тәсілді тиімді қолдану [Основы начального образования]

Автор статьи : Бахиткуль О.
Организация : Қостанай облысы,Қостанай ауданы.Мичурин орта мектебі
Должность : Бастауыш сынып мұғалімі
Дата : 10.11.2017
Редакционная коллегия: онлайн нұсқада ғана жариялауға рұқсат етілген

«Оқушының жетістігі- мұғалімнің жетістігі, ал мұғалімнің жетістігі жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдануында». «Ұстаздық-ұлы іс» деп кемеңгер жазушымыз М.Әуезов айтқандай, бұған лайық болу- үлкен абырой, басты борышым деп есептеймін. Мұғалім-мамандық болса, ұстаздық қасиет, табиғат дарытқан құдірет екен. Бойыңа қуат, жүрегіңе жарық жігер беріп өрге сүйрейтін де, жаныңа азық, өміріңе өзек боп төрге сүйрейтін де осы ұстаздық қасиет. Қазағымның, елім мен жерімнің және ана тілімнің мерейін өсіретін ұстаздық ұлағатты істе адал болу-абыройлы іс. Бастауыш сынып мұғалімі болу мен үшін үлкен мақтан әрі бақыт. Осы бастауышта мұғалім болып істеп келе жатқаныма 23 жыл. Шәкірттеріңді көргенде өз еңбегіңе деген ризашылық пен ерекше қанағат сезімді байқайсың. Одан әрі құштарлана, ынталана аса бір махаббатпен, сезіммен алға ұмтыласың. Басқаға керек болу үшін жаралудың өзінде үлкен мән мен мағына жатқанын айқын аңғарасың. Жаңа бір үміт, мақсат пен міндетті жалау етіп, тағы да соны бағындырғың келіп тұрады. Өзіңнің тірнектеп жинаған тәжірибеңді, үйрете жүріп үйренген тағылым-пәрменіңді, білім-білігіңді үлкен істермен ұштастырғың келіп кетеді. Өзіңе деген ынта-ықылас, сенім артып, жауапкершілікпен іс тапсырса асқан құлшыныспен еңбегіңді еселей түсуге ұмтыласың. Азды-көпті еңбегің бағаланып жатса, қолыңнан іс келеді деп сенетін әріптес табылып, шын ниетімен қамқорлық жасап, жұмыс істеуге жағдай жасаса, кәсіби шеберлігің мен ұстаздық қызметіңе ерекше назар аударса, кім-кімге де болсын соны серпіліс әкеледі. Адам баласының өзінің ұзақ тарихында жасаған рухани, мәдени қазынасы, қымбатқа түскен, тәжірибесі соның ішінде көргенділік деп аталатын адамгершілік тәлімгерлік тағылымдары ұрпақтан - ұрпаққа осы ұстаздық үрдіс арқылы беріліп, жалғасын табады. Қазіргі оқыту үйретудің мазмұны да, сипаты да соған, орай амал - тәсілдері де күрделене түсті. Жаңа XXI ғасырға сай өзгеше қабілет - қасиетке ие ұрпақ қалыптасып келеді. Осыған орай ұстаздықтың мәні жаңа сипаттарға ие болуда. Демек, ұстаздың білім мен өнердің жеке қиын саласына үйретуге өте мұқият бағыт ұстауы, білім-біліктің тармақтылығын жете үйретуді талап етуде. Осындай күрделі де қиын жауапкершілікті арқалаған мұғалім, біздер, өз пәніне қатысты үнемі білімін жетілдірумен, сабақ өткізу шеберлігін таңдаумен бірге педагогикалық-психологиялық өрісін өсіріп отыруға міндетті деп білемін. Өзімнің тәжірибеме сүйене отырып, жаңашыл ұстаз болмысын сомдар болсам, біріншіден, мұғалім-үздіксіз ізденуші. Кез-келген тосын сұраққа жауап беріп, кез-келген жағдаяттан шыға алатын білімдар жан. Сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық модульдерді пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді, және оқушылармен қарым - қатынасты нығайту. Оқушылар іс- әрекетін сыни бағалау арқылы өз бойында төмендегідей дағдыларды қалыптастырады. Қиындықты мойындап, оларды шешудің тиімді әдістерін іздеуге үйренеді, тиісті ақпаратты жинақтауға , сұрыптауға дағдыланады , нақты және түсінікті сипаттама беуге үйренеді, тақырыпты жақсы қабылдап дәлелдемелерді, бағалау үшін нәжижелерді өз бетінше түсінеді. Оң жағдайларда бағдарламаның жетілуі оқытудың орындылығын, мақсатқа сайлылығын дәлелдеп, ұстаздың нәтижелерге жетуіне мүмкіндік береді. Оқушылардың жиырма бірінші ғасыр талаптарына сәйкес келу үшін талап етілетін өзгерістерді енгізуді жобалау болып табылады. Ғылыми педагогиканың негізін салушы ұстаз Ыбырай Алтынсарин мұғалімнің қоғам алдындағы рөлін нақтылай айта келіп, «салып жатқан үйдің жақсы болуы, оның іргесінің берік және мықты қалануына байланысты болатыны сияқты, біздің қолға алып отырған ісімізді де, қазақ мектептерінің бар келешегі көбінесе істің қазіргі басталуына байланысты. Сондықтан да мен қазір жақсы оқытушыны дүниедегі заттың бәрінен де артық көремін,»- деген пікірі бүгінгі күні өз мемлекетінің ірге тасын қалап жатқан қазақ халқының, мұғалімге қоятын талабы ретінде естілді. Мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталаған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, ол үнемі оқушылармен қарым-қатынаста болып, білсем , үйренсем деген бала тағдырына басшылық етуді мойынына алған адам . Мұғалім алдынан бір - біріне ұқсамайтын, әр қайсысының өзіндік ерекшелігі бар мыңдаған шәкірттер өтеді. Бірақ, олардың барлығын бір жүйеге бағындырып қарататын – ұстаздың «тактикасы» . Ұстаздың үздік қасиетінің . Яғни , шын мәніндегі үлкен абырой- беделінің тәрбиелік күші шәкірттерінің, соларды мойындай отырып, сол әсерге міндеттеусіз, өз ерік -қалауымен берілуінде, еліктеуінде. Өнегелі ұстаз- өнерлі шәкірт. Шәкірт жеңісі - ұстаз жемісі. . Ұлы жазушы әрі ғұлама ғалым М.Әуезовтің: « Ел болам десең, бесігіңді түзе!»-деген өте терең мәнді нақылы бар. Ол еліңнің ертеңі жас ұрпағыңды жақсылап өсір дегені. Оған қоса «бесік» сөзі тәрбиең ұлттық мәйекті болсын дегенге меңзеп тұр. Осы міндеттің көп салмағы, ұстаздар, біздерге түсетіні аян. Ұлы данышпан Әл-Фараби: «Ұстаздар - құдды жұрт айтатын, тамшысымен тас тесетін су сияқты » -деген. Осы сөзден - ақ ұстаздық жолдың, ұстаздың міндеттің жүгі ауыр екені айдан анық. Ендеше «ел келешегі-ұстаз қолында»- деген лепті тұжырымды баса айта отырып, өнімді шығармашылықты өрістету жолында өркениет шыңына ілгері, басу мақсатында шебер ұстаздарымыздың саны жыл санап, арта берсін деген тілегімді білдіремін.