«ÄDISTEME» педагогикалық журналы

2015 жылдың 1 маусымынан бастап шығарылады. Зияткерлік технологиялар институты (www.zti.kz) білім беру орталықтарына әдістемелік құрал ретінде таратылады. Журналдың баспалық нұсқасына мақалалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қабылданады. Франция астанасы Парижде орналасқан Халықаралық сериалық басылымдарды тіркеу орталығында қағаз (ISSN 2708-4280) және электронды (ISSN 2708-4299) басылым ретінде тіркелген.

Журналға жарияланатын әр мақалаға Идентификациялық нөмір (Identification Number, ары қарай — ID) беріледі және ID нөмірі бойынша ашық басылымда болады. 2022 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап, Қазақстан Республикасы бойынша жүргізілетін конференциялық баяндамалардың материалдары арнайы нөмірге ID парақшалары бойынша жарияланады. Әр мақала парақтарында QR-код арқылы тексеру мүмкіндігі қарастырылған.

Журналға мақала жариялаудың негізгі тәртібі:

Бірінші, https://adisteme.kz журналы сайтына тіркеліп, жеке кабинет арқылы мақала жарияланады. Мақаланы жариялаған кезде, мақала редакцияға жіберіледі. Редакция тексергеннен кейін журналдың ғаламтордарғы ақпараттық қорына (ары қарай — портал) шығарылады.

Екінші, мақала журнал порталына жарияланған кезде «Менің мақалаларым» мәзірі арқылы мақаланы көруге болады. Мақала орналасқан парақтың жоғарғы жағында анықтама мен сертификат алу батырмалары және басқа да қызметтерге тапсырыс беруге арналған батырмалар болады. Қызмет ақылары минималдық есептік көрсеткішпен белгіленеді (ары қарай — МЕК). Яғни, әр жыл сайын мемлекет шешіміне қарай өсіп немесе төмендеп отыруы мүмкін.

Журналдың порталына мақала жариялау тегін. Ал, қабылданғаны туралы анықтама мен сертификат электрондық нұсқалары — 1 МЕК. Журнал цифрлық және қағаз нұсқада шығарылады. Ресми портал, журналдың цифрлық нұсқасы болып табылады. Журналдың қағаз нұсқасы 5 МЕК. Сертификат қағаз нұсқасы 2 МЕК. Журналдың қағаз нұсқасының онлайн түрі https://library.zti.kz ақпараттық қорында орналасқан кітапханаға қағаз тираж аяқталған кезде жарияланатып тұрады. Бұлай жасаудың негізгі себебі, электрондық түрі алдын-ала таратылып кетсе журналдың қағаз тиражы өтпей қалады. Сондықтан барлық электронды нұсқасаларды қағаз тираж аяқталған кезде ғана жарыққа шығарады.

Егер, https://kzu.kz порталы арқылы конференцияға қатыссаңыз, баяндама журналдың арнайы нөміріне жарияланады. Бұл жағдайда 2 күн ішінде баяндама қаралып, журналдың арнайы нөмірі шығарылады.

Журнал порталына жарияланған мақалалар бойынша плагиат анықталып жатқан уақытта, мақала парағына «ПЛАГИАТ» мөрі басылады. Плагиат мақалалар: https://adisteme.kz/tag/plagiat

ЖУРНАЛ АҚПАРАТТЫҚ ҚОРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІМЕН БЕРІЛГЕН ТІРКЕУ № 381-Е 21.02.2015 ЖЫЛҒЫ КУӘЛІГІНІҢ НЕГІЗІНДЕ «TIRKEU» және «MAMAN» ҚАШЫҚТЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕЛЕРІ АРҚЫЛЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ. АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ КУӘЛІКТЕРІ:

  • «TIRKEU» ақпараттық жүйесі, 2016 жылдың 10 қарашасында берілген № 2348 авторлық құқық куәлігі;
  • «MAMAN» ақпараттық жүйесі, 2018 жылдың 15 ақпанында берілген № 0465 авторлық құқық куәлігі.

Журнал айдарлары:

Адам және қоғам, алғашқы әскери және технологиялық дайындық, арнайы педагогика, ашық сабақтар, ағылшын тілі, ақпараттық жүйелер, білікті басшы, білім берудің негіздері, байқау, бастауыш сынып, биология, валеология, география, дінтану, дене тәрбиесі, ертегі, жаңа қазақ алфавиті, журналистика, информатика, кітапхана, көрініс, математика, медицина, мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі, мектеп тарихы, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, мәңгілік ел, орыс тілі және әдебиеті, педагогика, психология, робототехника, рухани жаңғыру, сурет және сызу, тарих, тест жинағы, технология, тренинг, туризм, туған жер, тәрбие сағаты, физика, филология, химия, цифрлық қазақстан, шығармашылық бұрышы, шәкірт жетістіктері, экология, экономика, эссе, этикет, ғалым, қазақ тілі және әдебиеті, қашықтықтан білім беру, қоғамдық пәндер, қызықты мәліметтер, құқық негіздері, үйден оқыту, үштілдік білім беру, ұстаз туралы жыр, әдістемелік қоржын, әдебиет, әліппе, әлеуметтік педагогика, ән-күй, өзін-өзі тану, өнегелі жанұя, өнегелі ұстаз.

Мақала авторлары мен журнал тілшілері ауыспалы құрамының тізімі журналдың ресми сайтында жарияланған. 

  • Мақала авторы — «ADISTEME.KZ» журналына (ары қарай — Журнал) тіркеліп, жеке кабинеті арқылы мақала жариялаған педагог. Журнал порталында орналасқан ережелер мен бейне сабақтарды меңгеріп, өз мақаласына сертификат алған және мақала жариялаудың әдіс-тәсілдерін игерген барлық мақала авторларына тәжірибеден өткендіктері туралы анықтама беру мүмкіндігі қарастырылған. Тәжірибеден өткен мақала авторлары журнал тілшісі статусына үміткер бола алады. Анықтама жарнасы 1 минималды есептік көрсеткішті құрайды.
  • Журнал тілшісі — журнал жеке кабинеті арқылы өзінің және басқа авторлармен жазылған мақалаларды жариялай алатын педагог. Журнал тілшісі статусы мақала авторы ретінде тәжірибеден өткен және білім саласына қатысты 10-нан астам мақала жариялаған тұлғаларға беріледі. Журнал порталында орналасқан ережелер мен бейне сабақтарды меңгеріп, өз мақаласына сертификат алған және мақала жариялаудың әдіс-тәсілдерін игерген барлық журнал тілшілеріне тәжірибеден өткендіктері туралы анықтама беру мүмкіндігі қарастырылған.

Журнал кітапханасы: https://library.zti.kz

Арнайы шығарылым туралы ақпарат:

  • Арнайы басылым жасау ұсынысы білім беру саласына қатысты мекемелерден ғана қабылданады.
  • Барлық мақалалар журналдың ресми порталына жарияланады.
  • Журнал мамандарымен мақалалар редакциялану кезінде стилистикалық, орфографиялық және т.б. өзгерістерге ұшырауы мүмкін. Педагогикалық этикет талаптарына сәйкес келмейтін мәтіндер баспаға жіберілмейді.
  • Әр мақала авторы электронды түрде сертификат пен анықтама ала алады.
  • Мұқабаға 1 педагог жарияланып, арнай нөмір шығарылады. (ISSN 2708-4280)
  • 20-23 мақала журналға енеді.
  • HTML нұсқасы журнал порталына салынады. (ISSN 2708-4299)
  • PDF нұсқасы беріледі. Көбейтуге болады. (ISSN 2708-4280)
  • 25 дана журнал почтамен жіберіледі.
  • Журнал білім мекемесінің немесе тапсырыс беруші адресіне жеткізіледі.