Абай жолы роман-эпопеясын мектепте оқытудын инновациялық технологиялары [Технологий образования]
Организация : Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы бойынша білім бөлімінің "Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі" КММ
Должность : Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мүғалімі
Дата : 27.03.2022
Издатель : Индира Т., корреспондент
Номер журнала : 17-2023
Қазақ әдебиетінде Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің алатын орны ерекше. Шығармаларына халықтың ауыз әдебиеті бастау алса, батыс пен шығыстың соны үлгісін қазақы қауымға түсінікті әрі жаңаша бастамамен жол тартты. М.Әуезов - қазақтың төл әдебиетіне мол мұра қалдырып қана қоймай, асыл сөздің зергерлігін кейінгіге дәлелдеп кеткен қас шебер. Ал, «Абай жолы роман -эпопеясы» шоқтығы биік, маңызы бір төбе болатын құнды дүниесі. Жалпы, «Эпопея» сөзі гректің «туғызу, жарату» деген сөзінен шыққан. Жазушы қаламынан туған бұл туындыны жас ұрпаққа оқыту мәселесін:
- Эпопеяның жазылу тарихы
- Романның әлем әдебиетіндегі мағасы
- Абай мен Құнанбайдың типтік образы
- Эпопеяның – тарихта алатын орны
- Романның Абайтану ғылымына қосқан үлесі деп қарастырған дұрыс.
Қазақ әдебиетінің тарихында М.Әуезовтың «Абай жолы » роман-эпопеясында халқының ділі мен тілі, мәдениеті, болмысы, дүниетанымы , дәстүр-салты, әдет-ғұрпының баршасы кеңінен ашылғанын көреміз. Жазушы 1929-1939 жылдар аралығында жеке басы қуғынға ұшыраса да бас кітапты жазуға ден қояды.Оның жазылуына аса жауапкершілікпен дайындалады. Осылайша «Абай шығармаларының» 2 томдық жинағын шығарып, Абай жайлы материалдар жинаумен айналысады. Ақынның өмірін, балалық дәуірін, қоғамдағы орнынын, шығармаларын зерттеп ғылыми ізденіске бет бұрады. Шет ел әдебиетіндегі көптеген шығармаларды оқып, аударып, ғылымға ден қояды. Алғаш жазушы шығарманың бірінші тарауын «Татьянаның қырдағы әні» деген атпен жариялайды. Туынды оқырманның ыстық ықыласына бөленді. Әуезовтің бұдан кейінгі өмірі Абай өмірі мен шығармашылығына арналады.Абайды тануы- жазушының әлем әдебиетіне көтерілуіне салынған даңғыл жол болды. Жазушы «Абай жолы» роман –эпопеясының 1942 жылы алғашқы кітабы, екінші кітабын 1947 жылы, үшіншісін 1952 жылы, соңғысын 1956 жылы жазып шығарды. 1,2/кітабы үшін М.Әуезовқа Мемлекеттік сыйлық берілсе, кейін 4 томдық еңбегі үшін ең жоғарғы сыйлық Лениндік сыйлықпен марапатталады. Ал , туындының маңызы мен мәнін бүгінгі мектеп оқушысына оқыту үшін осы тарихи деректің теориялық мәніне тоқталған жөн деп ойлаймыз. Мектеп оқушысының зердесіне қарапайым қазақ жазушысының туындысының сол кездегі ең таңдаулы шығармалардың бірі болғанын, ол шығарманы әлемдік деңгейде түрлі мемлекеттің оқырманына жол тартқанын білген, түсінген болса қызығушылықпен роман-эпопеяны оқитыны сөзсіз.Тума таланттың шығарманы жазудағы шеберлігін біз оқушының шығармадан алған әсерін талдау арқылы көрсете аламыз. Авотор өз туындысының солақай саясаттың салқынынан өтуі үшін қисынын келістіре отырып кейбір тарихты бұрмалауға тура келгенін түсіндіре кеткен абзал. Ол өз бойындағы барлық тәжірибесін, ақыл-айласын, күш-жігерін роман-эпопея үшін пайдаланды. «Абай жолы» арқылы қазақ халқының тарихи бейнесі жаңарды. Көшіп-қонуды ғана білген қазақ деген жүпыны түсінікте болғандарды қазақ даласындағы Абайы арқылы саналарын жаңартты. Әлем әдебиетіндегі көркемдік –идеялық бағасын орыс жазушысы К.Фединнің «Ұлт туралы толық , тұтас түсінікті жазушының өнері береді. М.Әуезов өзіні «Абайымен» менің қазақ халқы туралы түсінігімді толықтырды., мен енді ғана хош иісті самал ескен даланың жұпар ауасын жұтып, қазақ болып кеткен тәріздімін» деген сөзінен-ақ көре аламыз. «Абай жолы» роман-эпопеясы қазақ ұлтын әлемге танылуына даңғыл жол болды дедік. Әлем мен қазақ арасын жалғастырушы көпір іспеттес. Франция елінің ұлы жазушысы Луи Арагоннның: Мен оның туындыларын туған еліме таныстырушы болуды үлкен аброй санаймын. Эпикалық роман «Абай», менің ойымша, «ХХ ғасырдағы ең үздік шығарма.Бұл шығарма Кеңес әдебиетіндегі туындылардың алды деу аздық етеді, әлемнің басқа елдерінде де тең түсетін шығарма жоқ деуге болады» деген пікірі туындының нақты бағасы болғанын мектеп оқушысына жеткізе білген жөн. Бүгінгі таңдағы жаңартылған білім беру аясында оқушыларға Абай шығармаларын оқыту жолдары кеңінен қарастырылып жүр. «Абай жолын» оқуға дейінгі аралықта оқушы санасында Абай жайлы таным-түсінік бар екені белгілі. Біз «Абай жолы » роман-эпопеясын оқыту технологиясын зерделегенде оқушының назарын шығарманың көркемдік идеясы мен, тарихтағы алар орнына баса назар аудара отырып нәтижеге жетуге болатынын көреміз. Жаңартылға білім беру идеясының өзі- оқушыны ізденімпаздыққа, зерттеуге, қорытынды жасай білуге баулу болып табылады. Жалпы инновациялық технологияны үлкен 3 топқа бөліп қарастыруға болады:
- Оқу –танымдық іс әрекеттің дұрыс ұйымдастыру методикасы
- Оқу –танымдық әрекетті меңгертуде әдіс-тәсілін тиімді пайдалану
- Оқу-танымдық әрекеттің тиімділігін тексеру және өзін-өзі тексеруге арналға әдістер.
Ал мұғалімнің методиканы пайдалануы мен дұрыс таңдауының өлшемін қалай біле аламыз? Ол үшін: "Қолданылатын методика оқу мақсатына сай ма? Оқытудаға бағалау критерийін дұрыс қолдана білдік пе? Сабағымыз оқу мақсатына жете алды ма?", - деген сұрақтар аясында сабақ өлшемін саралай аламыз. М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының мектепте оқыту методикасы жайлы қазақтың ұстазы Қ.Бітібаеваға дейін екшелеп, даралау терең қарастырылмаған.Оны филология ғылымдарының докторы Каратаева А.М-ның еңбектерінде көрсетеді. Ғалым Қ.Бітібаеваның : «Адамзаттың ақыл-ойының ғұлама жазушысы Әуезов шығармашылығын қалай оқыту керек, оны жастардың бойына қалай сіңіру керек, осы мәселе әрбір әдебиетші ұстазды ойландырып келгені рас. Себебі, М.Әуезов шығармашылығын оқыту дегеніміз - үлкен мұхитқа сапар шеккенмен тең деген сөз. Қай кезеңде, қай туындысын алсақ та, Әуезов туындыларының тақырыбы мәңгілік мәселені қозғайды.» дей келе өз еңбегінде Әуезов шығармаларының зерттелуі мен оқытылуын қарастырған ғалымдарды саралап шығады. Өз тарапымыздан біз де шығармалардың оқытудың инновациялық технологияларына тоқталдық. Қ.Бітібаева «Әдебиет пәнін оқытудың тиімді жолдары» атты оқу құралында: «... әдебиет пәні жас жеткіншектерге жай ғана білім беріп қоймайды, ол өмірдің ең қымбаттысы, ең асылы – жақсылық пен ізгіліктің ұрығын себеді. Әдебиет пәнінің әр сабағын – адам бойындағы асқақ арман, берік сенім, әсемдік пен сұлулыққа құштарлық тәрізді ең мөлдір сезімдер мен кісілік қасиеттер туралы сырласу сабағы десек те болады. ...Бұл пән жас қауымды мақсатты өмір сүруге үндейді, оны туған анасын сүюден Отанын сүюге, бүкіл адамзатты сүюге дейін жетелейді. Әдебиет пәнінің алдында тұрған осындай қасиетті мақсат ең алдымен сабақ процесінде, оның әр тақырыбында жүзеге асырылуға тиіс. Сондықтан әр сабақты, яғни әр сабаққа бөлінген 45 минутты тиімді етіп ұйымдастыра білу ісі мұғалімнен ерекше творчестволық жұмысты, ойлы да зерделі еңбекті талап етеді», - дейді [3; 4-5]. Мектепте қазақ әдебиеті сабағында жоғары сынып оқушыларына «Абай жолы» роман-эпопеясын оқытуда алдымен меңгертудің оңай жолын таңдаймыз. Мысалы, 1 –кітап бойынша, алғашқы тарауын қарастырғанда Қ.Бітібаева қолданған дидактикалық материалдарарқылы саралау өте тиімді Бұл дидактикалық материалдар кітаптағы материалдарды жинақтап, топтап оқушыға берген соң , проблемалық сұрақтар қоя отырып, сабақтың нәтижесіне тиімді жетуге болады. Әдебиеттегі негізгі детальды таба отырып, нақтылыққа оқушыны бағыттаған жөн. Бұдан соң жеке образдық талдауға назар саламыз. Құнанбай мен сол дәуір мәселесін түрлі кесте, кластер арқылы көрсетіп,нақты нақыл сөздер оралымымен қорытынды жасаймыз.
Негізгі мазмұны | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | Көрнекіліктер |
ұйымдастыру | 1 Сұрақтар қою | Сұрақтарға жауап беру | Түрлі кеспе қағаздары |
Сабақ барысы: Құнанбай мен сол дәуір мәселесі, жас Абай бейнесі, аналар образы | Құнанбай,Сүйінбай, Қаратай образдары, Абайдың балғын бейнесі, аналардың үлгілік бейнесі жайлы түрлі тапсырмалар ұсыну | Әр кейіпкер іс-әрекетіне сай тапсырмаларды орындау, сыни пікір білдіру | Салыстырмалы кесте, иллюстрация |
Абайдың ақындығы, гуманизмі, күрескерлігі, өнер шашуы, ойшылдығын шығарманың өн бойынан іздей отырып, зерттеуге, шығармашылық дамуға оқушыны баулитынымыз хақ.Әрбір тақырыпты түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы пікірталас, диалог, сұхбат, монолог, түрлі жазба жұмыстарын сан-алуан түрде пайдаланып білім мазмұнын аша түсуге болады.Ал топтық жұмысты тиімді әдістермен ұйымдастыру, әдебиеттегі ең үлкен жетістікке апарар әдістің бірегейлігін көрсетеді. «Абай жолы» роман-эпопеясын оқытудың түрлі әдіс –тәсілдер арқылы жоспарлы сабақтың мақсатына жету –әр әдебеиет пәнінің мұғалімінің құзіретінде. Қазақтың Қанипасы :«Ұстаздар қауымы Әуезов тағлымын оқу мен тәрбие беруде тиімді пайдалануы, қажетке айналдырудың көзін тауып, қонымды жолын ізденуі керек. М.Әуезов шығармашылығын оқытудың тиімді жолдарын іздеу бүгінгі оқыту үрдісінің талап деңгейінен туындайды», - дейді [2; 6]. Мәтінді оқытудың түрін төменгі сыныптарда бірізді қолдана білсек- жоғарғы буында төселіп алады. Оқушыны көркем әдебиетті сүйіп оқуға баулып олардың оқырмандық қабілетін ашуға жетелейміз. «Абай жолы» роман-эпопеясын кейіпкерлер жүйесін сұрыптап, топтарға бөліп, жинақтап, талдау үлгісінде беру өз тиімділігін көрсетеді. Қорыта келе, М.Әуезовтың «Абай жолы » роман-эпопеясы құнарлы қуатымен, көркемдік дамуымен ұлттық әдебитіміздің дамуындағы ерекше туынды. Абай бейнесін халық мұратымен астастыра суреттеген нақышын, жас жеткіншек бойына 45 минутта оқыту әрине мүмін емес. Әр сабақтың мақсатына жетіп, нәтижеге бағытталған оқуды түрлі инновациялық әдістер арқылы дамыту ұстаз шеберлігінің еншісінде болары хақ.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:Эпопеяны оқытудағы Қ.Бітібаеваның ең сәтті де қонымды әдісі - проблемалық оқыту.
- Картаева А. М «Қ.Бітібаеваның М.Әуезов шығармаларын оқыту технологиясы
- Бітібаева Қ. Әдебиет пәнін оқытудың тиімді жолдары. – Алматы: Рауан, 1990. – 200 б.
- Бітібаева Қ. М.Әуезов туындыларын мектепте оқыту. – Алматы: Мектеп, 2002. – 120 б.
- Мырзахметұлы М. Абайтанудың бірегей зерттеушісі. // Әуезов