Жердің құрылысы, негізгі ұғымдар

География
Жердің құрылысы, негізгі ұғымдар

Мақала авторы: Айнаева Назым Мусабековна
Жұмыс орны: Жамбыл облысы Меркі ауданы №39 Т.Қожакеев атындағы орта мектеп гимназиясы
Лауазымы: География пәнінің мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 09.05.2017


Тақырыбы: Жердің құрылысы, негізгі ұғымдар.

Білімділік: Оқушыларға жердің сыртқы және ішкі құрылысы туралы жалпы түсінік бере отырып, жер қабықтары туралы негізгі ұғымдар мен заңдылықтарды меңгерту арқылы білім беру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Болжамдап отырған нәтиже:Жердің құрылысы, Жер қабықтарымен танысқан тұлға
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, картамен жұмыс, кітаппен жұмыс, жеке жұмыс,

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, Интерактивті тақта, Дүниежүзінің физикалық картасы,оқулық, кескін карта т.б.
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
1.Сәлемдесу
2.Балаларды түгендеу.
3.Балалардың назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
А) Cұрақ- жауап арқылы
 1. Глобус дегеніміз не?
 2. Карта дегенімізне?
 3. Нөлдік меридиан деген не?
 4. Параллельдердің ұзындығы қанша?
 5. Экватордан солтүстік полюске дейінгі ендік қалай аталады?
 6. Глобустағы және географиялық картадағы градус торы деген не?
 7. Экватордың ұзындығы неше км?
 8. Географиялық координаталар дегеніміз не? Координатаны қалай анықтаймыз?
 9. Меридиан дегеніміз не және бастапқы меридианды көрсет?
 10. Географиялық ендік пен бойлыққа сипатта бер?

Б) Географиялық диктант
1. ……солтүстік және оңтүстік полюстер арқылы жүргізілген шеңберлер.
2. Экваторға параллель немесе меридианға кесе көлденең жүргізілген сызықтар…..
3. …..Жердің дәл үлгісі
4. Жер бетіндегі нүктенің экватордан градуспен алынған қашықтығы….. деп аталады.
5. ….. жер бетіндегі нүктенің бастапқы меридианнан градуспен көрсетілген қашықтығы.
6. Масштабына қарай карталар ….. топқа бөлінеді.
7. 1: 100 000-ға дейінгі карталар…. болып саналады.
8. Жер бетінің пішіні карталарда…….. арқылы кескінделеді.
9. Ұсақ масштабты карталарға……. жатады.
10. Географиялық бойлық……. дейін есептеледі.

Жауабы:

1. Меридиандар
2. Параллельдер
3. Глобус
4. Географиялық ендік
5. Географиялық бойлық
6. Үш
7. Ірі масштабты
8. Қабатты бояулар мен горизонталдар
9. 1:100 000 000 ұсақтары
10. 00-1800-қа

ІІІ Жаңа сабақ:
а) Жердің сыртқы құрылысы:
Атмосфера қабығы, биосфера қабығы, гидросфера қабығы, литосфера қабығы.

1. Ауа-жер шарын қалың қабат ретінде ең сыртынан қоршап тұрады. Оны – атмосфера деп атайды. «Атмосфера”-грекше «атмос”-су, «сфера”-шар. Ауа жерді үздіксіз, біртұтас қабық түрінде қоршап жатыр.
Атмосфера құрамы — оттегі-21%, азот-78%, көмірқышқыл газы-0,03%

2. Жер бетін біртұтас жауып жататын-су қабығы. Оны –гидросфера, яғни, жердің су қабығы деп атайды. «Гидросфера”-грекше «гидро”-су, «сфера”-шар деген мағынаны білдіреді. Жер бетінің жалпы көлемі 2/3-сі судың үлесіне тиеді. Гидросфера құрамы: өзендер, көлдер, мұхиттар, батпақ, мұздық, теңіздер, жер асты сулары.

3. Жерде тіршілік ететін микроскоптық бактериялардан бастап, адамға дейінгі түрлі организмдер жердің айырықша қабығы-биосфераға жатады. «Биосфера”-грекше”био”-тіршілік,”сфера”-шар деген мағынаны білдіреді. Биосфера қабығы атмосфера мен гидросфера сияқты оқшау қабық құрамайды.

4. Жер қыртысы мен мантияның жоғары кристалдық тау жыныстарынан тұратын қабатты – литосфера деп атайды. «Литосфера” – латынша «литос” – тас, «сфера” – шар деген мағынаны білдіреді.
б) Жердің ішкі құрылысы: жер қыртысы, ядро, мантия.
Жердің ішкі құрылысымен видеоролик арқылы танысайык.

в) Жұмыс дәптерлерімен жұмыс: Кітаптағы кестені толтыру.
Анықтама Жер қыртысы Мантия Ядро
1. Қалыңдығы
2. Температурасы
3. Заттардың күйі
4. Қозғалысы

IV. Сабақты бекіту сұрақтары:
а) Тақырыпқа байланысты жұмбақ шешкізу.

1. Бір зат бар дүниеде құшағы кең,
Ұшқан құс, жүгірген аң бәріне тең.
Адамзат жан-жануар арасында Мәңгілік өсіп-өніп өмір сүрген.
Бұл не? (Жер)

2. Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Бірақ тыныш тұрмайды.
Сақтамасақ егерде,
Барша тірлік қурайды.
Бұл не? (Су)

3.Бар ма, жоқ па оны білмейсің,
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.
Бұл не? (Ауа)

4.Кристалдық тау жыныстарынан құралған,
Жер қыртысы аталған,
Мантияның қорғанышы.
Бұл не? (Литосфера қабығы)

5.Жер өзегі атанған
ең орталық бөлігі
Бұл не? (Ядро)

IV. Қорытынды:

V. Үйге тапсырма:
1. §18. Жердің құрылысы, негізгі ұғымдар.
2. Жер қабықтары туралы қосымша материалдар жинақтау.

VI. Бағалау:

Конкурстар мен олимпиадалар - https://talimger.kz

Республикалық қашықтық олимпиадалар — http://clever.zti.kz

Республикалық конкурстар, курстар, конференциялар мен олимпиадалар — https://ukz.kz

Конкурстар, конференциялар және олимпиадалар — https://tarim.kz

Халықаралық семинарлар, олимпиадалар мен конкурстар — https://mriks.ru

Халықаралық педагогтар ассоциациясы - https://iae.su

Атаулы ертегілер - https://hansunqar.kz