Жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастыруда өзін-өзі тану пәнінің рөлі [Самопознание]
Тұлға мәдениетінің негізі оның жалпыадамзаттық құндылықтарының негізінде көрінеді. «Құндылық» термині болмыстың белгілі құбылыстарының адами, әлеуметтік және мәдени мән-мағынасын білдіру үшін қолданылады. Адам өмірінің өзегі-құндылықтар, ал басқа мақсаттар оған жеткізетін баспалдақтар ғана. Осы қағидаға сүйенсек, қоғамның жаңару кезіндегі жаңаша көзқарастардың бірі - құндылық бағдар.
Құндылықтарды зерттейтін ғылым «аксиология» деп аталады. Аксиология (грек, axios — құңды, logos — ілім) — құндылықтардың табиғаты, олардың әлеуметтік орны және құндылық әлемінің құрылымы туралы философиялық ілім. Құндылықтар өмірге, еңбекке, шығармашылыққа, адам өмірінің мәніне баға беруден тұрады. Құндылықтар қоғам үшін ең маңызды деген әдет-ғұрыптар мен нормалар қызметін өзіне бағындырады және реттейді. Адам өзін қоршаған заттық және рухани әлемді құндылықтар арқылы бағалайды. Құндылықтар — қасиеттер. Олар бізге бала кезден,ана сүтімен бірге, ана тілі арқылы өз тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрптары мен салт-дәстүрлерін игеру нәтижесінде орнығады. Құндылықтар әр адам үшін әрт түрлі болады. Реттілігіне қарай, маңыздылығына қарай өзгеріп отырады. Жалпыадамзаттық құндылықтар - уақытқа бағынбайтын, өзгермейтін, бүкіл адамзат үшін маңызы зор мәңгілік құндылықтар. Жалпыадамзаттық құндылықтар адам бойында тумысынан болады. Әр адамда рух бар. Рух болмаса, дене жоқ. Рух дегеніміз жалпыадамзаттық құндылықтардың жиынтығы. Негізгі бес жалпыадамзаттық құндылықтарды атап айтар болсақ: ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау.
Оқыту үрдісіне жалпыадамзаттық құндылықтарды енгізу арқылы адамның рухани өсуіне жағдай жасаймыз.Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар білімнің негізгі өзегі болып табылады. Жалпыадамзаттық құндылықтарды адамның бойынан жарыққа шығару ізгілікке апарады, яғни, мінезін өзгертуге болады. Адамдар осы өмірден қуаныш пен қанағат аламыз деп ойлайды, алайда бұл қуаныш олардың өздерінде жасырынып жатқан өлшеусіз қуаныштың кішкентай ғана сәулесі, яғни уақытша екенін, сезіне бермейді. Адам ақиқатты танып, сүйіспеншілікпен дұрыс әрекет еткенде оның жан дүниесінде ішкі тыныштықтың хош иісті гүлі шешек атады. Яғни, шынайы жан тыныштығы жүректің нұрымен келеді. Адам баласы ақыл мен жүрек қосылғанда ғана эмоцияға берілмей, өз сезімін бағындыра алады. Сөйтіп саналы түрде жақсы мен жаманды ажырата алатын деңгейге жетеді. Сосын ар- ұжданына сүйеніп, шабытпен, интуиция арқылы ең жоғарғы, рухани деңгейге жете алады. «Өзін-өзі тану» бағдарламасының негізгі мақсаты да осы.
Бүгінгі таңдағы жас ұрпаққа беріліп жатқан тәрбиенің түрлерін алып қарайтын болсақ, ақыл- ой тәрбиесін математика сабағы, дене тәрбиесін дене шынықтыру сабағы дамытатын болса, патриоттық тәрбиені тарих сабағында, эстетикалық тәрбие музыка сабағында беріледі. Ал адамгершілік тәрбиесі тек сынып сағатымен шектеліп қалды. Аптасына бір рет болатын сынып сағатында шешімін таппай жүрген түйінді мәселелердің көп екенін ескерсек, тәрбие бағытына уақыттың қалмайтыны да белгілі. Ал, түсінген кісіге жас ұрпақ тәрбиесі үшін, жалпыадамзат үшін «Өзін –өзі тану» пәнінің алатын орны ерекше. Рухани құндылықтар қоғам талабына сай өзгерістерге ұшырап жаңа нарықтық қоғам салты пайда болды. Бұл жағдайлар адамдардың арасында ізгілік, әділдік, өзара көмек, төзімділік сияқты қарым-қатынастар орнатуына ықпал ететін құндылықтар мен әр жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндіктерінің ашылуы мен оларды жүзеге асыруға түрткі болатын құндылықтарды зерттеу қажеттіліктерін туғызды. Қоғамның осындай қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білімі жобасының авторы, еліміздің Бірінші Ханымы Сара Алпысқызы тұңғыш рет мемлекеттік деңгейдегі өскелең ұрпақты жалпыадамзаттық құндылықтарға үйрету мәселесін көтерді. Жоба авторы «Өзін-өзі тану» білім бағдарламасының мәнін ешкімге еліктемей, өзіндік тұлғасын сақтап қалу; өз мүмкіндіктерін, дарынын дамыта білу; міндетті түрде «жақсы» мен «жаманды» ажырата білу; өзінің ниетіне, сөзіне және іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарау; өзімен және қоршаған ортамен жарасымды өмір сүру; адамдарға әрқашан қолынан келгенше көмектесу; өзінің ішкі «Менін» жоғалтпай, ар-ұжданымен өмір сүру; қоғамның игілігі үшін еңбек ету, үнемі кемелденіп отыру деп түсінеді. Мұның барлығы – үйлесімді дамыған адамның негізгі өмірлік ұстанымдары, яғни «Өзін-өзі тану» білім бағдарламасы болып табылады.
Ал, адамның жүрегіне нұр құятын, риясыз сүйіспеншілікпен рухани бастауға жетелейтін, ол – ұстаз. Мектебімізде өзін-өзі тану пәні бойынша 5 мұғалім сабақ береді. Басытауыш сынып бойынша 2 мұғалім береді. Олар Жарылқаған Жания және Сүгірбаева Бейбіткүл. Жоғарғы сынып бойынша 3 мұғалім береді. Олар Утепбаева Айнұр, Оспанова Гүлнар және Жанибек Раушан. Жалпыадамзаттық құндылықтарды оқыту барысында Жарылқаған Жания апай 3- сыныпқа «Батылдылық пен өжеттілік», Сүгірбаева Бейбіткүл 2- сыныпқа « Еңбек бәрін жеңбек», Утепбаева Айнұр 9- сыныпқа «Адами қарым-қатынас жасау ізгіліктері» Оспанова Гүлнар 8 – сыныпқа «Атамекен – алтын бесік» және Жанибек Раушан 7- сыныпқа «Мөлдір бұлақ – жасыл құрақ» тақырыптарында ашық сабақтар өткізді. Және 7- 10 сынып аралығындағы оқушылармен бірге «Мейірімге толы жүрегім» атты қайырымдылық шарасы өткізілді. Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күніне орай Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы атты онкүндік өткізілді. Осы онкүндік аясында І мектепшілік өзін-өзі тану пәнінен «Өзін-өзі тану еліне саяхат» атты олимиада және Мергенбаева Күлаш апайдың ұйымдастырылуымен «Алтын жүрек» атты өзін-өзі тану мұғалімдері форумы өткізілді. Өзін – өзі тану пәнінен 7- сынып оқушысы Әбдіғани Жансая облыстың кезеңде ІІ орын, республикадан ІІІ орын иеленді. Мұғалімдердің шығамаршылық жұмыстары мен ашық сабақтары «өзін-өзә тану» журналы мен мұғалімдерге арналған интернет сайттарында жарияланды.
Рухани- адамгершілік білімнің негізі болып табылатын «Өзін- өзі тану» жобасының авторы С. А. Назарбаева «Өмір әдебі» деген кітабында: «Рухани кәусар бұлаққа барар жол іздеу әр адамның міндеттерінің міндеті екендігіне сенімдімін» дей келе, оған тек жалпыадамзаттық құндылықтарды оқыту арқылы ғана жетуге болатынын атап көрсетті.
Адамның қоршаған ортаны біліп, өзінің ішкі жан-дүниесіне үңіліп, өзін-өзі басқару негізінде рухани-адамгершілік әлеуетті көтеру болып табылады. «Өзін-өзі тану» пәні арқылы жан-жақты дамыған, рухани-адамгершілігі мол, бір-біріне сүйіспеншілікпен, құрметпен қарайтын, өмір сүруге деген құштарлығы жоғары жеке тұлға тәрбиелей аламыз. «Өзін-өзі тану» бағдарламасының авторы Сара Алпысқызы Назарбаева: « Өзін-өзі тану» пәні адамның өзін-өзі тануына, өзінің ең жақсы қасиеттерін анықтауға, өз ар-ұжданын сақтап, әрқашанда АДАМ деген атқа лайық болуына ықпал етеді деп атап айтқан болатын. Бұл оймен мен де толықтай келісемін. Және бүгінгі таңда жас ұрпақты рухани адамгершілік білімнің нәрімен сусындатып, әр баланың, әр адамның жүрегіне ізгілік нұрын құйып, тәрбие саласында қызмет етіп жүргеніме өзімді бақытты сезінемін. Тұлғаның үйлесімді дамуының нәтижесінде бүгінгі күнді ғана емес, болашағын сәулелі күйде елестетіп, алға ұмтылатын, арманшыл, қиялы асқақ, рухы биік азамат тәрбиелеуге болады. «Өзін- өзі тану әлемінде» әр баланы керемет рухани күш иесі деп қарап, демеу жасасақ, қуаттандырсақ, жүрегі нұрға толы, жан -жағына шуағын шашып тұрған мейірімді, адамгершілігі мол, өз елін, өз жерін, өз тілін, өз отбасын сүйетін, еңбекқор, адал адам тәрбиелейтініміз сөзсіз.