Құрметті ұстаздар қоғамы! Сіздерді Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің бала көңілдеріңіз əр оқушының жандүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шəкірт ұстазымен мақтанады. «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны»… Иə, бұл мектеп мұғалімі — ұстазға арналған теңеулер. Мұндай мадақтауларды жалғастыра берсек, даналық сөздер тізбегі шексіздікке ұласады. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сəттілік тілейміз.

Дорогие наши учителя! Поздравляем вас с днем учителя! Высоко ценим щедрость ваших любящих сердец, ваше терпение и понимание, преданность делу и любовь к нам — своим ученикам! Желаем крепчайшего здоровья, бодрости тела и духа, радости от вашего нелегкого труда и всяческих удач в личной жизни! Пусть вас окружают уважение и любовь, доброжелательность и милосердие, жизнерадостность и наша благодарность!
...

5 0

Кто читал эти книги в школьние годы? Обязательно поставьте лайки.

Сейчас молодеж читает Японские сказки. Может мы подскажем, в каких книгах больше морали?!

Мы запускаем новый проект 100 книг в старшей школе. Начали обратно перечитывать старые книги из школьных годов. Помогите составить список тех книг, которых рекомендуете старшим школьникам. После составления списка мы сделаем приложение в виде мобильной библиотеки.

Комплект из двух книг самого известного романа Драйзера. Основанная на реальных событиях криминально-судебная история. Психологическая драма и одновременно суровая отповедь «американской мечте» стала сюжетной основой нескольких фильмов. Привлекательный мир богатства, роскоши и развлечений — и отчаянная погоня за успехом и преступление как две стороны американской мечты.
...

2 4

В преддверии празднования всемирного дня учителя приглашаем всех педагогов принять участие в языковых олимпиадах "Wonder Words". 5-го октября все победители будут награждены знаками отличия. Подробнее: https://wonder.zti.kz ...

3 0

Познавательная олимпиада для дошкольников и школьников 1-6 классов. Олимпиада проводится в игровой форме и в этой игре используется один из самых лучших дидактических методов обучения. Вопросы викторины составлены лучшими учеными Казахстана, России и Бразилии. ...

2 1

Уважаемые участники образовательных мероприятий и авторы статей. Теперь на наших порталах в разделе результатов участий в открытом доступе не будут отражены данные участников. Документы можно будет проверять только путем ввода регистрационных номеров и сканированием QR. А в журнале "ADISTEME.KZ" из общего доступна будут скрыты сведения об авторах. В списке авторов будут указаные только имена и первые буквы фамилии. Данные будут видны только самим авторам. Также мы временно прекращаем публикацию энциклопедических журналов в онлайн формате. Это делается в целях обеспечения безопасности наших подписчиков. В последнее время стало очень много мошенников.

Также обратите внимание:
- Мы не звоним и не отправляем письма с приглашениями на участие в образовательных мероприятиях.
- Наши операторы никогда не просят смс или другие личные данные.
- Мы не пользуемся приложением ZOOM для организации конкурсов.
- Мы не продаем отличительные знаки.
- Мы не просим переводить взносы на счета физических лиц.
- Наши операторы ведут переписку только через защищенный канал Business WhatsApp и не раздают свои личные номера.
- Мы используем только Instagram, YouTube, WhatsApp и Mail.ru.
- Курсы совершенствования проводим только в своих порталах по темам использования авторских дистанционных образовательных технологий.
...

3 1

Білім саласында ең үздік компьютерлік ойын графикасының дизайнын құрастырғаны үшін Виллиан Цельсо Зарпеллон (Бразилия) "Тәлімгер" медалімен марапатталды. Өз ісінің нағыз маманы болған, шәкірт тәрбиелеген мамандар марапатталады.

За создание лучшего графического дизайна компьютерной игры в сфере образования награжден медалью "Наставник" Виллиан Цельсо Зарпеллон (Бразилия). Данная награда выдается специалистам, которые стали наставниками в своем деле и обучают других.

For the creation of the best graphic design of an educational computer game, Willian Celso Zarpellon (Brazil) was awarded the "Mentor" medal. This award is given to professionals who have become mentors in their field and teach others.
...

7 1

Нәзір Төреқұлов Халықаралық қорының Президенті профессор Сапарбаев А.Ж. тұңғыш дипломат Нәзір атамыздың өсиетін білім беру аясында жандандырып, оны халықаралық деңгейде шыңдата білгені үшін "Қоғам қайраткері" медалімен марапатталды. ...

10 3

My name is Kokon. I'm fighting villains from the Land of the Know-Nothings. Help me win this educational battle and we'll be good friends. I need smart friends. To everyone who helps me, I will send a friend certificate with the results of participation. And we will award the best student with the medal "For Special Achievements in Studying". ...

2 0

Меня зовут Кокон. Я сражаюсь со злодеями из страны Незнайек. Помоги мне выйграть эту образовательную битву и мы станем хорошими друзьями. Мне нужны умные друзья. Всем кто помогает мне я буду отправлять сертификат друга с результатами участия. А самого лучшего отличника мы наградим медалью "За особые успехи в учении". ...

4 2

Ескерту: Мақала сапасы туралы ақпараттарды, сертификат, анықтама және журналға тапсырыс беру батырмаларын мақала авторы немесе журнал тілшісі ғана көре алады.

Жақсы мен жаман

Бастауыш сынып
Жақсы мен жаман

Мақала авторы: Редакция ғана көре алады
Жұмыс орны: Б. Момышұлы атындағы №12 жалпы орта мектебі
Лауазымы: Педагог
Порталға жариялану мерзімі: 01.02.2017
Журнал қорына жариялаған: К.


Тақырыбы: «Жақсы мен жаман».

Мақсаты: өлеңді мәнерлеп оқу,мазмұнын ашу, түсіндіру; өлең жолдары арқылы жақсы мен жаманды ажырата білуін меңгерту, балалардың шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту,жақсы мен жаман туралы өз ойларын ашып айта білуге баулу; жақсы болып өсуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: жақсы баламен, жаман баланың іс-әрекеті туралы суреттер, слайд, жұмыс дәптері.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, тақпақтар, әңгімелеу.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. Сәлемдесу сәті.

Армысың қайырымды Күн!

Армысың қайырымды Аспан ата!

Армысың менің достарым!

Армысың келген қонақтар!

Кіріспе бөлім.

Бейне фильм

 

Сұрақ-жауап:

 

— Жақсы деген немене?

1. Гүл өсірген жақсы.

2. Ағаштарға, гүлдерге су құйған жақсы.

3. Үлкендерге көмектескен жақсы.

 

— Жаман деген немене?

1. Салақ, кір-қожалақ болған жаман.

2. Ағаштың бұтағын сындырған жаман.

3. Кішкентай балаларды жылатқан жаман.

 

Жаңа сабақ:

— Біз бүгін «Жақсы мен жаман» деген төңірегінде жақсы әрекеттер жасау, жақсыдан үйрену, жаманнан жирену адамды айналасын зор қуананышқа бөлеп, бақытқа жетелейтіні туралы айтамыз. Адам бойында жақсы-жаман қасиеттер болады.

— Жақсылық жасау дегеніміз өздерің айтқандай, адамдарға, айналаға, табиғатқа қайырымдылық пен қамқорлық жасауды, көмек көрсетуді білдіреді. Адамдардың бір-біріне деген сыйластығы артады. Сондай-ақ адам бойында жаман теріс, қасиеттерде болады. Ол қандай қасиеттер, одан қалай сақтанамыз, оны бүгінгі «Жақсы мен жаман» деген сабағымыздың барысында білетін боламыз. Осы Өлеңді жазған Қастек Баянбайұлы мен танысамыз.

 

1936 жылы 15 қарашада Алматы облысының Алакөл ауданындағы Талдыбұлақ деген жерде дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетінде білім алған. 1960 жылдан бастап Алакөл аудандық, 1965 жылдан бастап Алматы облыстық газет редакцияларында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып істеген. 1971–1995 жж. «Жазушы» баспасында редакция меңгерушісі, «Жалын» баспасында Бас редактор қызметтерін атқарған.

Балаларға арналған «Арғымақ» атты алғашқы жинағы «Жазушы» баспасынан жарық көрген. Өлеңдері бастауыш сынып оқулықтарына, көмекші құралдарға еніп, кейбіріне әндер жазылған, ертегілері бойынша мультфильмдер түсірілген, орыс, украин, белорус, өзбек, болгар, молдован, түрікмен, әзірбайжан, литван және басқа тілдерге аударылған.

— Қане, балалар, мен сендерге сұрақ қояйын.

— Жақсы деген немене?

Ағаштарға, гүлдерге су құйған жақсы.

Үлкендерге көмектескен жақсы.      

— Дұрыс айтасыңдар.

Ал жаман деген немене?

Салақ, кір-қожалақ болған жаман.

Ағаштың бұтағын сындырған жаман.

Кішкентай балаларды жылатқан жаман.

— Дұрыс айтасыңдар, балалар.

Мәнерлеп оқу (бірге оқу).

Қайыр күтпе баладан

Өз мысығын сабаған

Кім алдаса анасын,

Оған қалай нанарсың.

«екі» болса алғаны,

бала ұятқа қалғаны.

Ойнап жүріп жыласа,

орынды емес бұл аса.

Келсе сөзі анайы,

мақтамас бұл баланы,

Жала жапқан басқаға,

барып тұрған масқара.

Добын қимас ойнауға,

ұят сараң болғанда

Кім мақтанса көбірек,

жасайды мінез жөні жоқ.

Ерінсе қол жуғанға,

нассын дейміз мұндайда.

Мұнша уақыт санарлық,

бар екен ғой жамандық.

Бәрі жақсы баланың,

беске оқиды сабағын.

Айналайын баладан,

көгершінді аяған.

Адал болса досына,

азаматың осында.

Ойнатса кім інісін,

мақұлдаймыз мұнысын.

Әділ болсаң ойында,

Жақсы мінез оның да.

Күтсе бала әжесін,

Жақсы дейміз дәл осың.

Өскен бала ауылда,

Ойнар аттың жалында.

Өзі түйме қадаса,

Мұндай бала тамаша.

Уәдесін сақтаған,

Баланы жұрт мақтаған.

Болады әрі санауға,

Жақсылық көп қалайда.

— Өлең не жайлы айтылған (сұрақ, жауап)?

— Өлеңде қандай жағымсыз қылықтар бейнеленген?

 

Жағымды, жағысыз әрекеттерді топтастыру.

— Осы өлеңде жазылған жаман-жақсы қасиеттерді кім тауып береді?

 Топпен жұмыс.

1-ші топ осы көрсетілген сурет бойынша жақсы қасиеттер туралы әңгімелейді.

2-ші топ жаман қасиеттер туралы әңімелейді.

3- ші топ Құпия хаттар сыры мен жағдаяттар

4- ші топ Құпия хаттар сыры мен жағдаяттар

— Балалар, жақсы мен дос болып, жақсыдан үйреніп, ал жамандықтан аулақ жүрейік.

Мұғалім сөзі: Адам баласының бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады екен. Адам болатын бала-барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден. ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек.

Ассоциация құру.

Мұғалім сұрақ қою арқылы ассоциация құрады.

Өмірдегі жақсы-жаман қасиеттерді айтады.

Жақсы:

1 – адалдық;

2 – мейірімділік;

3 – қамқорлық;

4 – көмек;

5 – қайырымдылық.

Жаман:

1 – мақтаншақ;

2 – өтірікші;

3 – әдепсіз;

4 – сараң;

5 – еріншек.

— Жақсы бала осы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуларың керек.

Жалғасын тап ойыны:

Мақалдың басын айтып соңын балалар айтады.

— Балалар бүгін біз жақсы, жаман туралы әгімелестік. Сендер жақсыдан үйреніп, жаманнан жирену үшін ата-бабаларымыз көптеген мақал-мәтелдер айтқан. Мақалдың жалғасын балалар айтады.

Жақсыдан үйрен – _______________ (жаманнан жирен).

Жаман — шайқап сөйлер – ______________  (жақсы байқап сөйлер).

Жамандықты — ұмыт – _______________ (жақсылыққа ұмтыл).

Әдепті бала — арлы бала – ________________ (әдепсіз бала сорлы бала). Мұғалім: Мақалды жақсы біледі екенсіңдер.

«Ойнайық та, ойлайық» (керісінше жазылған нақты жауабын балалар айтады).

— Үлкендердің алдынан кесіп өтуге болады – балалардың  жауабы.

— Құстарды атуға болады – балалардың  жауабы.

— Сабақтан кешігуге болады – балалардың  жауабы.

— Есікті керуге болады – балалардың  жауабы.

— Үйге жүгіріп кіруге болады – балалардың  жауабы.

«Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды».

Балалар сөзі (бірге айтады).

Жақсылықтан үйреніп, боламыз біз жақсы адам.

Жамандықтан жиреніп, үлгі аламыз жақсыдан.

Мұғалім: Жарқыраған күндей мейірімді, жан шуақты, көңілдерің ақ, адамға тек жақсылық жасай білетін   адамгершілігі мол азамат болыңдар. Алдағы уақыттан бастап жаман әдет пен қылықтардан тазарып, жаны таза, көңілі ақ, рухани сезімдерге бай адам болыңдар.

Үй жұмысы: Өлеңді оқу.

Қорытынды:

Жақынды, досты аяла

Қанатың сонда талмайды.

Барыңды жұрттан аяма.

Жақсылық жасау арқылы.