Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
8.3С Ерітінділер және ерігіштік |
Мектеп: М.Мәметова атындағы №27 орта мектеп | |||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Кәрібаева Ш.Б. | |||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 8 | Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны: |
|||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Ерітіндідегі заттардың молярлық концентрациясы | |||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол
жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
8.3.4.6 – ерітіндідегі еріген заттың молярлық концентрациясын есептеу | |||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаты | (Сабақтың мақсаты SMART мақсаттарға негізделіп қойылды)
Мольдік концентрацияны есептеудің формуласын біледі, концентрация ұғымына түсінік береді және мольдік концентрацияға байланысты есептеулер жүргізеді. |
|||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | (Бағалау критерилері Блум таксономиясына сәйкес білу, түсіну, қолдану негізінде құрастырылды)
ü Мольдік концентрация формуласын біледі ü Концентрация ұғымын түсінеді ü Мольдік концентрацияға байланысты есептер шығарады
|
|||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
|
Пәнге қатысты лексика және терминология:
Моль – mole Ерітінді – Solution Концентрация – Concentration Көлем – volume Диалогқа /жазылымға қажетті тіркестер: Ерітінді, еріткіштер, еріген зат, еру, ерігіш, ерімейді, қаныққан/қанықпаған, концентрация
|
|||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу | Өмір бойы білім алу, құрмет, ынтымақтастық, ашықтық.
Зайырлы қоғам және жоғары руханият |
|||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | математика, ағылшын тілі | |||||||||||||||||||||||||||
Тақырып бойынша алдыңғы білім
|
8.2А Зат мөлшері
8.2В Стехиометриялық есептеулер |
|||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың
жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы
|
Ұйымдастыру кезеңі
Білім алушыларды зат мөлшерін табуға арналған формулалар жазылған карточкаларды таңдату арқылы 3 топқа бөлемін. Мақсаты: Білім алушыларды топқа бөлу арқылы бір-біріне деген құрмет, ынтымақтастық мен ашықтық құндылықтарына баулу.
Топтарға ат беремін І – топ: «Моль», ІІ – топ: «Масса», ІІІ-топ: «Көлем». – Балалар, енді әрқайсымыз өзіміздің таңдаған формулаларымыздағы шамалардың нені білдіретінін және өлшем бірліктері қандай екенін айтып жіберейікші: «Моль» тобы: n – зат мөлшері, моль. N – бөлшектер саны, NА – авогадро тұрақтысы, 6,02*1023 моль «Масса» тобы: n – зат мөлшері, моль; . m – масса, өлшем бірлігі – г, кг. М – молярлық масса, г/моль «Көлем» тобы: n – зат мөлшері, моль; V – көлем, л,см3, дм3, Vm – қ.ж.көлем, л/моль. Ширату жаттығуы: «Доп лақтыру» әдісі Мақсаты: Ширату жаттығуы оқушылардың жылдам ойлау және есте сақтау дағдыларын арттырады. Мұнда тілдік мақсаттың «Ерітінді, еріткіштер, еріген зат, еру, ерігіш, ерімейді» айтылым-тыңдалым компоненті орындалады. Сипаттамасы: Білім алушыларға доп лақтыру арқылы алдыңғы білімге байланысты сұрақтар қойылады. Білім алушы жауабын айтып қайта лақтырады. Жауап бере алмаса келесі оқушыға лақтырады. 1. Ерітінді дегеніміз не? 2. Еріген зат дегеніміз не? 3. Еріткіш дегеніміз не? 4. Қаныққан ерітінді деген не? 5. Қанықпаған ерітінді деген не? 6. Заттар ерігіштігіне қарай қалай бөлінеді? Дескриптор: · Ерітіндіге анықтама береді · Еріген затқа анықтама береді · Еріткішке анықтама береді · Қаныққан ерітіндіні ажыратады · Қанықпаған ерітіндіні ажыратады · Заттарды ерігіштігіне қарай жіктейді Бағалау критерийлері: · Ерітіндіге анықтама береді · Еріген затқа анықтама береді · Еріткішке анықтама береді · Қаныққан ерітіндіні анықтайды · Қанықпаған ерітіндіні анықтайды · Заттарды ерігіштігіне қарай жіктейді Кері байланыс: Дескрипторларға сүйене отырып мұғалім мен білім алушылар арасында кері байланыс ауызша жүргізіледі. «Тамаша!» «Жарайсың!» «Қосымша оқы!» «Талпын!» Білім алушылардың берген жауаптарын қорытындылай отырып жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаттары ашылады. |
Формулалар жазылған карточкалар
Доп
|
||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы
|
ІІ Жаңа сабақ
Бүгінгі сабағымызда қолданатын термин сөздеріміздің ағылшын тіліндегі аудармасына назар аударайық: Моль – mole Ерітінді – Solution Концентрация – Concentration Көлем – volume (Мұнда тілдік мақсаттың оқылым-тыңдалым, оқылым-жазылым компоненттері орындалады) Ерітіндінің масса не көлем бірлігіндегі заттың масса не зат мөлшерін көрсететін шама ерітінді концентрациясы(С) деп аталады. Егер ерітіндідегі еріген заттың мөлшері көп болса , ерітінді концентрлі, ал аз болса- сұйық деп аталады Суреттен қай ыдыста еріген заттың мөлшері артық екенін сұраймын Сұйық ерітінді концентрлі ерітінді екендігін ажыратады. Келесі кезекте молярлық концентрацияға сипаттама беріледі: МОЛЬДІК КОНЦЕНТРАЦИЯ– еріген зат мөлшерінің ерітіндінің көлеміне қатынасы 1 дм3 еріткіште ери алатын зат мөлшерімен анықталады немесе Мұндағы С – мольдік концентрация n – зат мөлшері, моль V – ерітінді көлемі, л Мольдік концентрация моль/л-мен өлшенеді және «М» әрпімен таңбаланады. Концентрацияға байланысты массаны табу: Мыс: Калий гидкросидінің көлемі 1000мл ерітіндісінде 8 г еріген зат болса, осы ерітіндінің молярлық концентрациясы қанша болғаны? Бер: V=1000мл=1л m=8 г (КОН) т/к: С – ? Шешуі: 1.Есепті шығаруға қажетті негізгі формуланы жазамыз: 2. Натрий гидроксидінің молекулалық массасын табамыз: Mr (КOH) = 39+ 16+ 1 = 56 Mr = M M (NaOH) = 56 г / моль 3. Формула бойынша ерітінді концентрациясын табамыз: Жауабы: 0,8 моль/л «Есеп шығарып үйренейік» әдісі Мақсаты: Есеп шығару арқылы білім алушылардың ойлау дағдыларын дамыту, өмір бойы оқу құндылықтарына баулу көзделеді. Сипаттамасы: Тақтаға бір оқушыны шығарып осы есепке ұқсас есеп шығартамын. Бұл кезде білім алушылар өздігінен есеп шығару арқылы концентрация ұғымын түсінеді. Соған байланысты есепті шығара алады. Көлемі 30 мл 10М күкірт қышқылының ерітіндісіне 270 мл суды араластырған кейінгі ерітіндінің молярлық концентрациясы нешеге тең? Бер: V(Н2SО4) =30 мл = 0,030л С = 10М V(су)=270 мл= 0,270 л т/к.: С – ? Шешуі; 1. Есепті шығаруға керекті негізгі формула: 2. Ерітіндінің толық көлемін табамыз: Vер-ді= V(Н2SО4)+ V(су)=30мл + 270мл=300мл=0,3л 3. Күкірт қышқылының зат мөлшерін табамыз: n= С·V= 10 · 0,03л = 0,3 моль 4. Ерітіндінің концентрациясын табамыз: Дескриптор: ü Есептің шартын жазады ü Негізгі формуланы анықтайды, талдайды ü Ерітіндінің көлемін табады ü Күкірт қышқылының зат мөлшерін табады ü Ерітіндінің концентрациясын табады. Кері байланыс: Дескрипторларға сүйене отырып мұғалім мен білім алушылар арасында кері байланыс ауызша жүргізіледі. «Сен жетістіктерге жетудесің!» «Сен ең бастысын жіберіп алдың!» «Бұл жақсы жауап!» «….дұрыс қолданып тұрған жоқсың, маған қара»
«Ой күмбезі» әдісі Бұл әдіс тапсырмаларды сатылай, деңгейлеп орындауға негізделген. Кезеңдері: «Ой желісі», «Ой өрімі», «Ой күмбезі». Мақсаты: Білім алушыларға мольдік концентрацияға байланысты есептерді Брунердің жеңілден күрделіге өту арқылы (спиральді) оқыту әдісі бойынша орындауға негізделіп алынды. Мұнда оқушылардың логикалық ойлау дағдысы мен, өзіндік жұмыс жасауы, жұппен және топпен жұмыс кезінде ынтымақтастық пен ашықтық, құрмет құндылықтарына баулуға негізделеді.
Жеке жұмыс: «Ой желісі» кезеңі Мақсаты: Білім алушыға «Ой желісі» кезеңін орындату арқылы оның іштей уәжін оятып, ойлау дағдыларын қалыптастыру. А: Көлемі 100 мл ерітіндіде 0,98 г күкірт қышқылы бар. Ерітіндідегі күкірт қышқылының молярлық концентрациясын анықтаңдар. Дескриптор: – Есептің шартын жазады – Негізгі формуланы жазады – Ерітіндінің молярлығын есептейді. Кері байланыс: Дескрипторларға сүйене отырып мұғалім мен білім алушылар арасында кері байланыс жазбаша түрде жүргізіледі. «Тамаша!» – Өте жақсы «Негізі сен дұрыс жауап беріп отырсың, алайда ол жеткіліксіз. Келесі жолы өз жауаптарыңа мұқият қара және барлық мәліметтерді қолданғаныңа көз жеткіз» – Жақсы «Нақтылық жетпейді, сен мұны бұдан жақсы жасай аласың» – Орташа «Бұл мен күткен жауап емес!» – төмен Бағалау критерийлері: ü Есептің шартын дұрыс жазады ü Есептеуге қажет негізгі формуланы дұрыс табады ü Күкірт қышқылының молярлық массасын есептейді ü Ерітіндінің молярлық концентрациясын есептейді ü Шамалардың өлшем бірліктерін дұрыс жазады Қ.Б.: Мұғалім мен білім алушы арасындағы бағалау. смайликтер арқылы бағалау. Дұрыс болса – Жауап толық емес болса – Дұрыс емес болса –
«Жұппен жұмыс» «Ой өрісі» кезеңі Мақсаты: Білім алушылар арасында ынтымақтастық құндылығын дамытып, логикалық ойлау дағдысын қалыптасады. Формуланы түрлендіру кезінде математикалық заңдылықтарға сүйенеді В: Концентрациясы 2.00 M болатын құрамында 6.00 моль LiF бар ерітіндінің көлемін есептеңіз. Бағалау критерийлері: ü Есептің шартын дұрыс жазады ü Есептеуге қажет негізгі формуланы дұрыс табады ü Формуланы дұрыс түрлендіреді ü Шамалардың өлшем бірліктерін дұрыс жазады ü Ерітіндінің көлемін есептейді Дескриптор: – Есептің шартын жазады – Негізгі формуланы жазады – Негізгі формуланы түрлендіреді – Ерітіндінің көлемін есептейді. Кері байланыс: Дескрипторларға сүйене отырып мұғалім мен білім алушылар арасында кері байланыс ауызша жүргізіледі. «Сен жетістіктерге жетудесің!» «Сен ең бастысын жіберіп алдың!» «Бұл жақсы жауап!» Қ.Б.: «Бағдаршам» әдісі бойынша өзін-өзі бағалайды. – бәрін дұрыс орындады
– Қателіктері бар
– Дұрыс емес
Топпен жұмыс: «Ой күмбезі» кезеңі Мақсаты: Білім алушылардың пікірлері мен ой түйіндерді жинақтап, салыстыру, дәйектеу, дәлелдеу, өзге ұқсайтын (ұқсамайтын) заңдылықтармен салыстыру, ой көркемдігі мен құрылымдық сипатын ашуға, ізденіске бағдар беруді көздейді; С: Көлемі 5.00 x 102 см3 концентрациясы 5.0M ерітінді дайындау үшін қанша грамм CaCl2 қажет болатынын есептеңіз. Бағалау критерийлері: ü Есептің шартын дұрыс жазады ü Есептеуге қажет негізгі формуланы дұрыс табады ü Берілген көлемді см3-тен дм3-ке айналдырады ü Кальций хлоридінің молярлық массасын табады ü Ерітіндінің массасын есептейді ü Шамалардың өлшем бірліктерін дұрыс жазады Дескриптор: – Есептің шартын жазады – Негізгі формуланы жазады – Көлемнің өлшем бірлігін дм3-ке түрлендіреді – Кальций хлоридінің молярлық массасын табады – Ерітіндінің массасын есептейді. Кері байланыс: Дескрипторларға сүйене отырып мұғалім білім алушыларға топ бойынша «Кері байланыс бутерброды» бойынша жүргізіледі. Кері байланыс «бутерброды» дегеніміз бұл: 1) бірінші жағымды түсініктеме беріп, кейін құрылымды сын айтып, соңынан тағы да жағымды пікір білдіру;
Қ.Б.:Топ бойынша бағалау «Қимылдар» әдісі арқылы – барлығы дұрыс
– қателіктері бар – есеп дұрыс орындалмады
|
Кесте
Дәптермен жұмыс
презентация
Презентация Оқулық
презентация
Оқулықпен жұмыс, смайликтер, слайд
Карточкалар, бағдаршам, слайд
Карточкалар, плакат, маркер, слайд
|
||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы | Қорытынды: «Бір минут» әдісі
Мақсаты: Білім алушылардың тақырып бойынша бір минут ішінде тоқтаусыз, қайталаусыз, және қатесіз сөйлеуі арқылы академиялық тілде сөйлеу дағдылары қалыптасады. Мұнда білім алушылардың ойлау дағдылары мен шапшаңдық қабілеттері артады. Сипаттамасы: Әр білім алушы бүгінгі тақырыпта қолданылған бір термин сөз немесе сөз тіркестерін атап шығады. Дескриптор: · Тақырыпқа байланысты термин сөз бен сөз тіркесін атайды Бағалау критерийлері: ü Тақырыпқа байланысты термин сөз бен сөз тіркесін атайды ü Уақытты тиімді пайдаланады Кері байланыс: Мұғалім мен білім алушы арасында дискрипторға сүйене отырып, ауызша түрде жүргізіледі. Мысалы: «тамаша», «Жарайсың!», «Қосымша оқы!», «Талпын!»
Кері байланыс: «Бес саусақ» әдісі Бас бармақ – өзімді қалай сезіндім? Балаң үйрек – басқаларға көмегім тиді ме? Ортан терек – бүгінгі көңіл күйім қандай болды? Шылдыр шүмек – бүгінгі сабақ ұнады ма? Кішкентай бөбек – бүгін не үйрендім?
|
Үлестірме қағаздар
|
||||||||||||||||||||||||||
Саралау – білім алушыға қалай көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілеті жоғары білім алушыларға қандай тапсырмалар бересіз? | Бағалау – білім алушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||||||||
Білім алушыларды топқа бөлу арқылы қабілеттері әртүрлі білім алушыларды бір топқа отырғызу кезінде саралаудың жіктеу тәсілі орындалады.
«Доп лақтыру» әдісін қолдану кезінде білім алушыларға сұрақтар қою арқылы саралаудың диалог тәсілі жүргізіледі. «Есеп шығарып үйренейік» әдісінде тапсырма және бағалау тәсілі жүргізіледі. «Ой қазығы» кезеңінде саралаудың тапсырма, қарқын, бағалау тәсілдері жүргізіледі. «Ой желісі» кезеңінде саралаудың тапсырма, бағалау тәсілдері жүзеге асады «Ой күмбезі» кезеңінде саралаудың тапсырма, қарқын, бағалау тәсілдерді жүзеге асады. |
Формативті бағалау
Өзін-өзі бағалау:«Бағдаршам» Өзара бағалау:«Қимылдар» Мұғалім мен білім алушы арасындағы бағалау: «Смайликтер» |
Партада отыру ережесін сақтау.
Әр сабақтан кейін бөлмені желдету . |
||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Білім алушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
|
. | |||||||||||||||||||||||||||
|
||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген білім алушылардың жетістік /қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
|
Заттың молярлық концентрациясы
Химия
Заттың молярлық концентрациясы
Мақала авторы: Кәрібаева Шолпан Бодаубекқызы
Жұмыс орны: М.Мәметова атындағы № 27 орта мектеп
Лауазымы: Мұғалім
Порталға жариялану мерзімі: 20.04.2019
Журнал қорына жариялаған: К.